4.МЕЙІРКЕШ ПЕДАГОГИКАСЫ
"Педагогика" деп - бұл адамды танып білуде, адамның күрделі рухани әлеміне үнемі еніп отыруды айтады (В. Сухомлинский).
Мейіркеш білімнің реформалануы кезеңінде - мейіркеш қызыметінің кеңеюі де байқалып отыр.Біздің қоғамның әр түрлі саласыңдағы болып жатқан өзгерістер мейіркештік қызметтің стратегиясын анықтап отырады.Мейіркештердің өз міндеттерін кәсіби тұрғыдан қаншалықты білімді орындап отырса,емдеу мекемелеріндегі мейіркештік процесстің және мейіркештік көмектің тиімділігі соншалықты болады. Мейіркештік үрдіс болашақтағы мейіркеш қызметіңдегі тікелей қарым-қатынастарды құрып отырады.Осындай қатынастың түрі мейіркештік іс әрекеттерінің бірі -пациенттерді және оның туыстарын оқыту болып табылады.Егер мейркештің кәсіби квалификациясын пациент және оның туыстары анық көре алмаса, оңда мұңдай мейіркештердін, өнегелі бейнесін қандай дәрежеде екеніне көз жеткізу қиын болмайды. Мейіркештердің өсиетті-өнегелі тұраксыздығы, этикалық және деонтологиялық ережелердің мінез құлқында болмауы оның таңдап алған мамандығына сай келмейтінін айта кету керек.Мейіркеш педагог және тәрбиелеуші рөлін атқара отырып мейіркештік істің айырылмас бөлігі болып саналатын - медициналық этика, деонтология және мейіркештік философия,қарым-қатынас жасаудағы мәденитті үнемі ескеруі қажет. Пациенттерді және оның туыстарын оқыту - мейіркеш күтімінің элементі боп саналады.
4.1.Пациентті оқыту өрісі
Пациент денсаулығығының төмеңдегенінің салдарынан кейбір іс-әрекеттерді орыңдай алмайды,сол қабілеттіліктерін дамыту үшін мейіркеш кәсіби тұрғыда әсер ете алатындай адамды (пациенті) оқыту өрісіңде білімдар болуы керек.
1.Танымдық - пациенттердің қоршаған ортадан алған білімін, әсерін
талдап және жинақтауына дағдылануына бағытталған өріс
2.Эмоционалдық - жеке тұлғаның мынадай: әсерлі, аяушылық,
қайырымдылық, қатыгездік және т.б. эмоционалдық қасиеттерінен тәуелді
болатын көңіл күйін сипаттайтын өріс.
Пациентті бақылау кезінде мейіркеш оның сыртқы өзгерістерін байқайды: . Кекті — қатынас жасау қажеттілігінің, эмоционалдық өрісінің бұзылулары, психикалық аурулар, мінездегі және тәрбиесіңдегі ақаулар. Қорыққан-қорқыныш сезіміне, психикалық жағдайларына (фобия, невроз және т.б.), темпераментіне (меланхол), күмәніділікке, тұрақсыздыққа нұсқайды.
Енжарлық- темпераменттігі бойынша "флегматик" болып саналады, өрісінің патологиялық өзгерістер (селсоқтық),жігерінің патологиясының (абулия немесе гипобулия) өзгеруі мүмкін,сонымен қатар мінез-құлқының жекелік ерекшеліктері болуы мүмкін.
Сасқалақтық- жеке басының ерекшелігіне, қорқыныш сезіміне (алдағы тексерістің мәнін, ем алу жоспарын, ауруының болжамын білмеу және т.б.) нұскайды; Өз-өзінің орын таппауы-психомоторлы қозуымен дәлелденеді, алдағы жасалынатын тексерістерден, операциядан, манипулуяциялардан және т.б. қорку, ауруының батып ауруы, эмоционалдық шок;
Аффектегі жағдай - эмоционалдық өрісінің қысқа мерзімге қозуы;
Салмақты — тұрақты эмоционалдық жағдайының, мінез-кұлқының ережесі болып табылады;
Үрейленген белгісі - қолын уқалау, дауысындағы эмоционалдық жағдайының және мінезінің ерекшелігінің тұрақсыздықтың байқалуы алдағы манипуляциялар мен тексерулерден қоркуына нұсқайды.
Психомоторлық өрісі-мінезінің, сезімінің, қозғалысының өзгерісінің
дамуының өзгеруін сипаттайды, жеке тұлғаның жалпы психомоторлық
дамуынан, жүйке-психикалық ауруларына тәуелді болады.
Әлеуметтік - психологиялық өрісі - пациентің азаматтық жағын, оның жекелік және қызыметтік ерекшеліктерін, яғни қабілеттілігін, ой- өрісін, өз-өзіне баға беруін, бағытын, еңбекке қабілеттілігін, окып-үйренуіне деген қатынасын бейнелейді. Пациентті оқыту пациенттің немесе оның жанұя мүшелерінің келесі педагогикалық жағдайларда орындайтын қызыметіне байланысты қалыптасады:сырттан қабылдаған ақпараттарды енжар қабылдауынан және үғынуынан. Бұл жағдайда оқыту негізіне дайын ақпараттарды келесі хабарлау, түсіндіру, керсету және пациенттің кейбір іс- әрекеттеріне талап ету әдістері жатады. Ақпаратты қолдану және белсенді түрдегі өзіндік іздену, бұл жағдайда пациент әсердің салдарынан қалыптасып жатқан өз мақсаттары мен назарын субъект ретіңде қарастырады. Бағытты іздену және ақпараттарды қолдану арқылы сырттай ұйымдастырылған іс-әрекеттер. Үшінші жағдайдағы оқытудың негізінде мейіркештік проблемаларды қою, қойылған мақсаттарды пациентпен және оның жанұя мүшелерімен бірлесіп талқылау, бірлесіп жоспарлау, нәтижелерді бағалау, қателіктерді талқылау әдістері бойынша жүзеге асырылатын процесстерді басқарып отыру жатады. Пациенттің, денсаулығын қалпын келтірудегі дағдысы мен ептілігін қалыптастыру мейіркештің практикалық іс-әрекеттеріне бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |