Мектеп туралы анықтама Сыныптар саны – жиынтықтар



бет12/43
Дата22.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492809
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Жоба енгізу мақсаты: 1 ай ішінде 3 Ә, 9 А және 9Б сыныптарда «ойын мен геймификация арқылы оқыту» трендін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын қалыптастыру.
Осы мақсатқа жетуді көздеген міндеттер:
- ойын және геймификация туралы материалдар жинақтау, зерделеу;
- тренингтер, коучингтер, семинар, талқылау сағаты, дөңгелек үстел, консилиум өткізу.
-тізбектелген сабақтар өткізу, бақылау;
-деректер жинау, талдау, қорытындылау.
Кіріс сауалнамасы алынып, қазіргі таңдағы мектептегі беріліп жатқан білімнің тиімділігін анықтадық. Осы сауалнама қорытындысы бойынша ұжымның басым бөлігі мектебімізде беріліп жатқан білімге қанағаттанасыз ба? сұрағына барлық мұғалімдердің 98 пайызы «иә» деп, жауап берсе, қалған 2пайызы жауап беруге қиналды. «Білім беруде қай жағына көбірек көңіл бөлу керек деп, ойлайсыз?» сұрақтарына ұжымның пікірі әр түрлі болды: жан-жақты даму деген нұсқаға сауалнамашылардың жартысы жауап беріп, 20% оқушылардың сұраныстарына, келесі 20% оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ал қалған 10% оқу мақсатына көңіл бөлу керек деп санады. Сабақтарда кері байланыс туралы сұраққа ұжымның басым бөлігі кері байланысты бағалауға айналдыра алатыны, ал 20% осы сұраққа жауап беруге қиналды. «Өзгеріс енгізу керек пе, командада жұмыс жасауға дайынсыз ба?» деген сұрақтарға бүкіл ұжым оң жауап берді. Сабақ беру барысында зерттеуді, түсіндіруді, дамытуды және бағалауды ұжымның 90% оң жауап беріп, ал қалғаны жауап беруге қиналды. Біз таңдаған трендпен ұжымның барлығы жұмыс жасауға әзір болып шықты.

Өзгеріс жасау керектігін түсіндіру мақсатында басқаларға өзгерістің неліктен қажет екенін және мүмкін болатын өзгерістер туралы ой қозғау үшін жүйенің ағымдағы мәселелері туралы ашық пікірталасқа мүмкіндік беру арқылы әріптестеріміздің пікірін алдық. Бүгінгі күні мектепке қажетті бағыттар жан-жақты қаралып, курс барысында мектеп командасының таңдаған «Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» тренді таңдалынды. Ерекше пікірлер барысында: қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында «Рөлдік ойындар», ағылшын тілі сабақтарында «Сюжеттік ойындар», география сабақтарында «Деңгейлік ойындар», онлайн ойын интернет платформалар: Duolingo /www.duolingo.com/, Classcraft /www.classcraft.com/, Quizizz, Wordwall және т.б. туралы құнды да өзекті ойлар айтылғаннан кейін, біз ұсынып отырған білім алушы ұйымға айналу үшін қажеттіліктіліктің ерекшелігі айтылды. Мектеп ұжымына деректер негізінде команда құру жоспары таныстырылып, алған ақпараттары негізінде ойлануға уақыт берілді. Нәтижесінде команда құрамындағы мұғалімдер келесі рөлдерге бөлінді: «Төраға», «Рәсімдеуші», «Идеяларды шығарушы», «Сыншы», «Орындаушы», «Команда тірегі», «Ресурстарды зерттеуші», «Аяқтаушы». Таңдау геймификацияға түскеннен кейін өзгерістерді басқарудың 2-қадамына сәйкес: Қалыптан тыс ерекше шешімдер қабылдауға қабілетті жаңашылдар командасын қалыптастыру мақсатында 17 сәуір көшбасшы топтың ұйымдастыруымен мұғалімдердің қалауына қарай екінші отырыс өтті. Талқылау барысында мұғалімдер арасында топ пен команда жұмысы, командаға құндылықтар таңдау, шығармашылық 3 «Ә» (гимназиялық сынып), 9 «А» (гимназиялық сынып), 9 «Б» (қалыпты сынып) сыныптары таңдалды, топтар құзіреттілігімен толық танысып, командаға мүше 20 мұғалімнің арасындағы рөлдер бөлінді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет