Мектеп туралы анықтама Сыныптар саны – жиынтықтар


ӘДІСТЕМЕЛІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС



бет11/43
Дата22.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492809
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
ӘДІСТЕМЕЛІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру-қазіргі жағдайда оқыту мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етудің маңызды ресурсы».
Мақсаты: Білім берудің жаңа стандарттарын іске асыру жағдайында педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Міндеттері:

  1. Мұғалімдердің үздіксіз білім беру жүйесін ұйымдастыру арқылы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.

  2. Мұғалімдердің мазмұны, білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру тетіктері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқытудың белсенділік тәсілдерін енгізу, оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау мәселелеріндегі кәсіби құзыреттілігін арттыру.

  3. Педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және тарату бойынша педагогтердің қызметін ынталандыру.

  4. Білім беру процесіне оқытудың интерактивті нысандарын белсенді енгізуге жәрдемдесу.

  5. Педагогикалық тәжірибені тарату бойынша педагогикалық қауымдастықтар құруға бастама жасау.

Білім берудегі жаңа трендтерді енгізу бойынша жұмыс.
Осы оқу жылында мектептегі болған ұйымдастырушылық өзгерістер біздің ұйымның мектептің даму жоспарына, «Білім беруді бейіндеу жағдайында білім беру мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз ету» атты әдістемелік тақырыбына сәйкес іс-шаралар өзгерістерді қамтыды. Бұл кең ауқымды жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мектеп ұжымы әр түрлі өзгерістерге қалыптасқан ұжым болғанымен, адами факторлар барлық кезеңде де орын алып отырады. Соның ішінде елеулі өзгеріс - мектеп бағытының өзгеруі. Бұл өзгеріс мәдениетінің мектеп ұжымында дамығанын көрсетті, себебі, мектеп мұғалімдерінің 82% тұрақты мамандарды құрайды.
Практиканың алғашқы күндері мектеп ұжымының назарына «Білім берудегі жаңа трендтер» және «Білім алушы ұйым» ерекшеліктерімен таныстырылымды ұсындық. Мектеп ұжымымен жұмыс жасау барысында өзгерістерді басқаруды жоспарлау және жүзеге асыру үшін Джон Коттердің өзгерістерді басқарудың 8 қадамдық моделін басшылыққа алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет