Мектеп туралы анықтама Сыныптар саны – жиынтықтар


Оқушыларға сауалнама жүргізу



бет14/43
Дата22.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492809
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Оқушыларға сауалнама жүргізу. Жобаны енгізу барысында оқушыларда өзгерістерді байқау мақсатында кіріс-шығыс сауалнама өткіздік. Сауалнаманың нәтижелерін талдап келесі шешімдерге келдік: ойын мен геймификация арқылы оқыту әдістері арқылы оқушыларда оқу үрдісіне қызығушылықтары өсті. «Саған мектепке келген ұнай ма?» деген сұрақ бойынша оң динамика байқалды. Екінші, үшінші және төртінші сұрақтардың қорытындысы бойынша АКТ, рөлдік және сюжеттік ойындар арқылы сабақтар оқушылар үшін қызық формада өтетінін анықтадық. Осы сауалнама арқылы мұғалімдердің сабақтағы әрекеттерінде де өзгерістерді байқадық: сабақтардың өткізу формаларының, қосымша материалдардың қолданылуының және бағалаудың мөлшері ұлғайды.

Білім сапасы. Білім сапаларының мониторингін жүргізу үшін біз зерттелетін сыныптардың III тоқсанның бөлім бойынша және IV тоқсанның тоқсандық бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін алдық. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 Б сыныбында 9% оң динамика байқалды.

Мектеп жоспарына сәйкес 9 Б сыныбында Lesson Study зерттеуі С деңгейлі оқушылардағы өзгерістер байқалды.

Lesson Study бойынша C деңгейлі оқушылардың білім сапалары
Пәндік дағдылар. III тоқсанның бөлім бойынша және IV тоқсанның тоқсандық бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінен тілдік пәндерінде оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәнінен пәндік дағдыларының да оң динамикасы байқалды: тыңдау – 12%, сөйлеу – 4%, оқу – 7%, жазу – 14%.

Lesson Study бойынша А, В, С деңгейлі оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттер. С деңгейлі оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттер: қазақ тілі сабақтарында ынталары орташа оқушылардың (Жунусов Нурислям, Какенова Балжан, Кайргельдинов Арлан, Қанафия Санжар, Қабидолла Бағұстар) сабаққа деген қызығушылықтары, сабақтағы белсенділіктері, сын тұрғысынан ойлау қабілеттері өсті.


Ұжымдағы өзгерістер.
Ұжымдағы өзгерістерді анықтау мақсатында қайта сауалнама өткіздік. «Білім берудегі қай жағына көбірек көңіл бөлуді қалайсыз?» сұрағы бойынша өзгеріс: ұжымның 60% оқу мақсаттарына көңіл бөлу керек екен деп жауап берді: ұжымның оқу мақсаттарына ерекше көңіл бөлу керектігі туралы тұжырым қалыптасты.

«Мектебімізде беріліп жатқан білімге қанағаттанасыз ба?» деген сұрақ бойынша кіріс сауалнамада 98% жауап берсе, шығыс сауалнамада 90% оқу мақсаттарына көңіл бөлу керек екен деп жауап берді.

Қорытындылай келсек, жоба енгізуде орыс тілі мен әдебиеті сабағы бойынша білім сапасының өсуі, ағылшын тілі пәнінен пәндік дағдылардың, ынтасы төмен оқушыларда сабаққа деген қызығушылықтардың өсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет