Мектеп туралы анықтама Сыныптар саны – жиынтықтар


Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы



бет16/43
Дата22.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492809
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы.
2022-2023 оқу жылы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- оқушыны білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі бастауыш оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары-баланың білім игеру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру сол арқылы таным әрекетін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Бастауыш сынып білім алушыларын оқуға бейімдеу жағдайында фунционалды дамыған тұлға қалыптастыру».
Мақсаты:
· Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
· Шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
· Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу.
· Үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру.
· Мұғалімдердің оқытудың цифрлық түрін қолдану үлесін арттыру.
-Мектептің инновациялық жоба жұмысын қолға алу.
Міндеттері:
· жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың зерттеу-ізденушілік бағытындағы жұмыстарын дамыту;
· пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру; 
· мұғалімдердің шығармашылық кезеңдер жоспары бойынша жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз іс-тәжірибесін өзіндік жұмыстары(авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер) арқылы жинақтап, қорытындылауын қолға алу.
· мұғалімдердің шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыстарын жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бағытында жүргізіп, жаңа форматтағы тапсырмалар жинағын дайындауға көңіл қою.
· күнделікті білім беру үрдісінде әлеуметтік желілерді, бұлтты сервистерді, QR-кодтау технологиясын тиімді қолдану;
· күнделікті тәжірибеде Quizizz, Kahoot, Quzle, Padlet, Plikers интерактивті білім беру қосымшаларын қолданатын мұғалімдер үлесін арттыру.
· бірлестікте инновациялық жобалармен жұмысты енгізуді қолға алу.
· жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
· оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;
· дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде 20 мұғалім жұмыс істейді. Барлығы да жоғары білімді ұстаздар. Оның ішінде 2 магистр, 8 педагог –зерттеуші, 3 педагог – сарапшы, 1 педагог – модератор ұстаздарымыз бар. Осы оқу жылында оқушылар да, ұстаздар да барлық іс - шараларға белсене қатысты. «Оқуға кұштар мектеп» Республикалық балалар оқулары байқауының Құрмет грамотасы иегері 3 А сынып оқушысы- Сахаба Хамза (Махамбетова Б.К.) Апсамат Бекарыс 3 Ә- Айтжанова А.Ж. 4Г сынып оқушысы Ахат Аяла – Жомартова Н.Ж, Сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз.
Республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына 77 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Белсенді қатысқан сыныптар 1 «Ә»-Аманжолова Г.Ж 2 А- Ергалиева Б.С 2Ә-Нуралин Р.Б. Сонымен қатар оқушыларымыз Халықаралық «Кенгуру» сайысына қатысып, көптеген оқушылар дипломдармен марапатталды. Облыстық «Алтын сақа» Құрманбай Ернұр 3- орын, Бусурманов Санжар (Махамбетова Б.К.Сырнай Б). Қабыш Байназар «Бастау» математикалық турнир ІІІ дәрежелі диплом (Ергалиева Б.С.).
1-сыныптар арасында «Балалар жылына арналған «Әліппе атасы» қалалық байқауы «Көркем сөз» қалалық сайыста 1 А - Балтаев Ерхан(Абраева Д.Б) 1 Б сынып оқушылары: Тасболатова Раяна, Малатай Алихан (Дюсенбаева А.С.)  жүлделі орындарға ие болды. Қалалық «Абай оқулары» байқауы бойынша барлық номинациялардан жүлдегерлер болды. Жетекшілері: Аманжолова Г.Ж. Нуралин Р.Б Айтжанова А.Ж. Сыныптан тыс ұйымдастырылған шаралар бойынша Республикалық «Жұлдызды бала» өнер-байқауы. Бас жұлде Жетекшісі: Уразкенова С.К. Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне байланысты өткізілген мектепшілік іс шараға да бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты. 1-2 сыныптар өлең айтудан челленджге , 3-4 сынып оқушылары сурет салудан сайысқа қатысып, барлық жұмыстар әлеуметтік желіге жарияланды.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығы 13-25 қаңтар аралығында болып өтті. Тақырыбы: «Бастауыш-білім бұлағы».
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әр пәннен ауызша, жазбаша ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыру және шығармашылыққа баулу . Бастауыштан барлық пәндер басталатынын ескере отырып, әр пәнге жеке тақырыппен жеке күндерді жоспарладық.Ұтымды ұйымдастырылған шараларға тоқталсам, «Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз» тақырыбында көркем жазу байқауы болып өтті. Байқауға 1-4 сынып оқушыларынан 45 оқушы қатысты. Бастауыш сынып оқушылар бір кабинетке жиналып отырды. Байқауды ҰКТ тәрбиешісі Уразкенова С.Қ. жүргізді. Мектепішілік балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин оқуларына арнап, мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Мұғалімдер:Айтжанова А.Ж. Сырнай Б. «Өнерлінің қолы алтын » тақырыбында өнерлі оқушылардың қолынан жасалған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Қағаздан бүктеу арқылы оригами бұйымдар, тоқыма заттар, табиғи материалдан жасалған түрлі қызықты мүсіндер қойылды. 1Ә,Б 2Ә,Б,В сыныптары белсенді қатысты. «Логика әлемі» бойынша «Басқатырғыштар әлемі» интеллектуалды ойынын 2 -3 сыныптар арасында Ергалиева Б.С өткізді. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулуды жоспарлады. Оқушылар белсенділік танытты. 3 Б, 2А,Ә сыныптары жеңіске жетті. 1-4 сыныптар арасында «Жол тәртібін сақтайық,Аман –есен болайық!» тақырыбында С.К.Уразкенованың ұйымдастыруымен мектептің акт залында өтті. Сахна тақырып бойынша жабдықталып, безендендірілді. Апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұстаздарымыздың ғылыми-әдістемелік қызмет қорытындысына келетін болсақ, өздерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу мақсатында жұмыстарын әр түрлі форумдар мен семинарлар мен баспа беттерінде ұсынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет