«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет45/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Негізгі қимылдар:
Допты кеудесінен қос қолымен жіптен асырып лақтыру (жіпке дейінгі арақашықтық 2 м). 20 см биіктіктен төменге секіру.
Мақсаты: Тұрып, 2 м арақашықтықтан допты қолды көтергендегі биіктікте тартылған жіптен асырып лақтыру. Орындықтан секіргеннен кейін, басты және денені тік ұстап, алдыға қарап, тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту.
Ойын: «Тұлпар» Ептілік, төзімділік түрлі қарқында және бағытта жүгіру.

1

51

Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қырындап өрмелеу (2 көлденең салма бойынша).
Кеудеден қос қолымен допты тордың үстінен лақтыру (торға дейінгі арақашықтық 2 м)
Мақсаты: Көлденең бағытта қолдарын бір көлденең салмадан екінші көлденең салманы ұстап және оң жаққа қырындап жүріп гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне өтуді үйрету. Допты қолды көтергендегі биіктікте тартылған тордан асыра екпінмен лақтыру, 2 м арақашықтықта тұрып, допты алдыға-жоғары бағыттай білуді бекіту.
Ойын: «Белбеу»
Ойын ережесін орындау

1

52

Негізгі қимылдар:
Еденге салынған тақтай бойымен тапсырманы орындай жүру — тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру. Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қырындап өрмелеу (3 көлденең салма бойынша).
20 см биіктіктен төменге секіру.
Мақсаты: Тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүруге, нық тепе-теңдікті сақтауға үйрету.
Көлденең бағытта қолдарын бір көлденең салмадан екінші көлденең салманы ұстап және оң жаққа қырындап жүріп гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне өте білуді бекіту. 20 см биіктікте төменге секіруге жаттықтыру.
Ойын: «Соқыртеке». Жүгірудің бағытын ауыстыру.

1

53



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет