Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қимылдар (алға қырындап жүру, секіру).
Еденге салынған тақтай бойымен тапсырманы орындай жүру — тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру. Тура бағытта фитбол домалату.
Мақсаты: Алға қарай жеңіл ырғақты секірумен қырындап жүруді орындауға үйрету. Тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру; өзінің іс-әрекетін басқа балалардың іс-әрекетімен үйлестіре білуді бекіту. Фитболды қолдың екпінді қимылдарымен итеріп домалатуға жаттықтыру.
Ойын: «Қасқырларды ұстау»
Ептілік, төзімділік, іс-әрекетті үйлестіру.
|
1
|
54
|
Негізгі қимылдар:
30см биіктіктен төменге секіру.
Музыкалық-ырғақты қимылдар (алдыға қарай қырындап жүру, бір қалыпты отыру). 20 см көтерілген сатының тақтайшалары үстінен аттап жүру.
Мақсаты: Орындық бетінен екпінмен итерілуді және секіруде жартылай бүгілген аяқпен ақырын жерге түсуді үйрету. Бір аяғын алдыға қарай шығарып және екінші аяқтың басын ішке қарай бұрмай, оның жанына қойып, содан кейін ақырындап отыру мен қырындап жүруді кезектестіріп жүруді орындай білуді бекіту. Көтерілген сатының көлденең тақтайшаларынан тізесін жоғары көтеріп және денесін тік ұстауды сақтап аттауға жаттықтыру.
Ойын: «Асық кімде». Ұсақ заттармен әрекет жасау.
|
1
|
55
|
Негізгі қимылдар:
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру (ұсақ доптар)
30 см биіктіктен төменге секіру.
Мақсаты: Бастапқы қалпын дұрыс қабылдауды, допты алдыға-жоғары- алысқа қолдарын түзу ұстап екпінмен лақтыруды үйрету. Басын және денесін тік ұстап, алдыға қарап, орындықтан секіргеннен кейін тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту.
Ойын: «Құстар мен мысықтар». Координация, кеңістікте бағдарлау.
|
1
|
56
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |