Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Ғылыми - әдістемелік семинарлардың түрлері



бет27/61
Дата26.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#468782
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Мектептегі дістемелік ж мысты мазм ны мен оны жоспарлау

Ғылыми - әдістемелік семинарлардың түрлері

  1. Бір рет өткізілетін проблемалық семинарлар

Бір рет өткізілетін проблемалық семинарлар төмендегі проблемаларға арналуы мүмкін:

    • Нақты проблема бойынша жинақталған жұмыс тәжірибесімен алмасу;

    • Педагогикалық ұжымның біріңғай әдістемелік проблема бойынша жұмыс нәтижесін талқылау;

    • Жаңашыл педагогикалық идеяны талқылау (мұндай семинардан кейін міндетті түрде мұғалімдердің өз әріптестерінің, озық педагогикалық тәжірибені авторы не оны қолдаушының еңбектерін өздігінен оқу жұмысы жүруі керек);

    • Білім беру мекемелерінің әдістемелік – нұсқау материалдарымен танысып, талқылау;

    • Жаңашыл педагогтар және ғылым өкілдермен шығармашылық кездесу.

  1. Әдіснамалық семинарлар

Әдіснамалық семинардың мақсаты инновациялық ізденіс бойынша қызметті іс жүзіне асыруда педагогикалық ұжым мүшелерінің жан-жақты және терең дайындығының болуы. Сондықтан эксперименттік – тәжірибе жұмысының ғылыми-теориялық негізін, оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологияларын меңгеруге, мұғалімдерді танымдық әрекетке ынталандыру үшін материалдық, ұйымдастырушылық, тиімді педагогикалық жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер, ғалым-педагогтармен қарым-қатынасты нығайтуға негізгі көңілді аудару керек.
Әдіснамалық семинар жұмысын ұйымдастырып, өткізуге білім беру басқармасының, педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының бас мамандарын, психологиялық-педагогикалық ғылымның өкілдерін шақыруға болады.
Әдіснамалық семинарды ұйымдастырушылар оның жұмысын болашаққа жоспарлайды (бір жылға, не зерттеу жұмысына байланысты болса 3-5 жылға).
Әдіснамалық семинарды ұйымдастырып, өткізудің талаптары

    • көпшіліктің қызығушылығын тудырған, анықталған проблема бойынша мұғалімдердің білім беру қажеттілігіне диагностика;

    • өзекті проблеманың алынуы және оның нақты тұжырымы;

    • білім беру мекеменің даму тұжырымдамасы мен зерттейтін проблеманың теңбе-теңдігі /адекваттылығы/;

    • талқылауға проблема аспектілерінің мазмұнын таңдау;

    • семинар жұмысын дайындауға шығармашылық топ құру;

    • мұғалімдердің өздігінен оқуға ұсынылатын ғылыми-әдістемелік материал мен нормативтік-құқықтық әдебиеттер таңдау;

    • семинарға қатысатын және баяндама жасайтын адамдарды анықтау;

    • қатысушылар талқылайтын тапсырманы дайындау;

    • баяндамашы хабарламасының негізгі бөлімдерін иллюстрация-лайтын материалдар дайындау (видео, аудио материалдар, т.б.);

    • семинардың соңғы материалдарын дайындау (баяндама тезисі, автореферат, ұсыныстар, т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет