Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Ғылыми – тәжірибелік конференция



бет29/61
Дата26.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#468782
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Мектептегі дістемелік ж мысты мазм ны мен оны жоспарлау

Ғылымитәжірибелік конференция

Ғылыми - тәжірибелік конференция - педагогикалық ұжымның эксперименттік –тәжірибе жұмысының нәтижесін, біріңғай әдістемелік проблемамен жұмыстың қорытындысын шығару формасы, сондықтан ол дәстүрлі оқу жылының соңында өткізіледі.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: тәжірибе жұмысын жүйелеу және жинақтау (озық іс тәжірибенің қалыптасуы).
Ғылыми - тәжірибелік конференцияны өткізу құрылымы:

  • пленарлық бөлім - әкімшілік, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелерінің істелген жұмыс нәтижесін бағалауы туралы сөз сөйлеуі, жаңашыл – мұғалімдердің және оқушылардың, оқушылардың ғылыми қоғам мүшелерінің іс- тәжірибесі туралы хабарламалары;

  • пленарлық бөлім - эксперименттік – тәжірибе жұмыс нәтижесін көрсету (сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы видеожазбадан үзінділер, слайдтар, диаграммалар, диапозотивтер, ашық сабақтар мен кеңестер, материалдардың әдістемелік көрмасі);

  • нақты жаңашыл–мұғалімдер қызметі, ұсынысты дайындау, әдістемелік

шағын журнал жобасын дайындау, жаңа оқу жылында эксперименттік–тәжірибе жұмысының бағыты мен мазмұнына түзету енгізуді талқылау туралы шығармашылық топ (ынталы, проблеманы-зерттеу) жұмысының хабарламасы.

  • Ғылыми – тәжірибелік конференцияны өткізу құрылымына әдістемелік жұмыстың мынадай формасы енуі мүмкін: әдістемелік

шағын журнал, әдістемелік көрме, мұғалімнің шығармашылық есебі.



  1. Әдістемелік шағын журнал /бюллетень/

Әдістемелік шағын журнал – эксперименттік-тәжірибе жұмыс пен әдістемелік проблеманы меңгеру барысында педагогикалық ұжымда жинақталған жұмысты озық педагогикалық тәжірибе формасы түрінде ұсыну.
Мақсат – озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, оны тәжірибелік ұсыныс түрінде тарату.
Міндет: - мұғалімдердің құнды педагогикалық бастамасын, педагогикалық ұжым тәжірибесін алқалы түрде сипаттау;

  • бұл тәжірибені практикада қолдануға ұсыну;

  • ұсынылған әдістемені қолданғанда басыңқы–жақсы нәтижесі туралы диагностикалық-талдау материалын жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет