Оқу процесінің сапасы. ... білім беру мекемесінің білім беру сапасын басқару жүйесінің соңғы нәтижесі қарастырылады. Мектептегі білім беру мониторингісі негізіне мына көрсеткіштер жүйесі алынады: оқушылардың тәрбие деңгейі, оқушылардың біліктілік деңгейі, мектеп түлегінің білімді жалғастыруға дайындық деңгейі, бала денсаулығының сақталу деңгейі, білім беру стандартты орындау деңгейі, оқушының қоғам өміріне бейімделу деңгейі, т.б.
Тапсырма №1. Білім сапасына әсер ететін факторларды атаңыздар.
Тапсырма№2. Білім беру сапасына әсер ететін факторларды атаңыздар.
Сонымен мұғалімдердің ойы бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған
мектептің бірінші міндеті: оқу әрекетін ұйымдастыру, гуманистік ортаны, қарым- қатынас ортасын қалыптастырып бекіту, материалдық базаны нығайту.
мектептің екінші міндеті: бағдарламаға түзету енгізу, білім мазмұнын жетілдіру, ұстаздарды басқару мен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру.
мектептің үшінші міндеті: кадрлардың білімін жетілдіруге, олардың кәсіби деңгейінің өсуіне, мұғалімнің ұстаздық қызметін ынталандыруға бағытталған.
Сұралған мұғалімдердің 50% егер оқыту технологиясы әртүрлі танымдық деңгей мүмкіндігі негізінде оқушы дамуының психологиялық заңдылығына сай құрылса білім беруде жоғары нәтижеге жетуге болады деп жауап берген.
Сауалнама кезінде мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру мақсатындағы мектепішілік семинардың тақырыбы анықталды.
V кезең. Топтағы жұмыс.
Әр топ тапсырма алады. Сонымен қатар қосымша теориалық материал, ватман, маркер,т.б. беріледі.
Теоретиктер:Сабақта кіші жастағы балалар мен жоғары сынып оқушыларына технологияны қолданудың айырмашылығы бар ма?
Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.
Практиктер: Технологиялардың ролі қандай?
А) жаңа материалды меңгергенде,
Б) білімді бекіткенде,
В) сабақтаң басқа кезеңдерінде.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.
Оптимистер: Оқу әрекетіне жаңа технологиялардың қандай оң әсері бар?
А) Оқушыны оқу әрекетіне ынталандыруда,
Б) Өзара қатынасты қалыптастыруда,
В) Оқу процесінің нәтижесіне.
Мектеп тәжірибесінен мысал келтіріңіз.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.
Пессимистер: Оқу әрекетіне жаңа технологияларды пайдаланудың қандай теріс әсерін, не теріс зардабын байқадыңыз?
Мектеп тәжірибесінен мысал келтіріңіз.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |