Осы ретпен басталған «жар-жар» айтысы, бұдан әрі
қарай созыла береді. Сонда жігіт ұзатылғалы отырған
қыздың әке-шешесін, туған-туысын, аға-інісін, апа-
сіңлісін, құрбы-құрдасын, жеңгелерін өлеңге қосып тізіп
шығады. Бұл аталған адамдардың
орнын қыздың барғалы
отырған қайын жұртындағы ағайын-туыстар басатынын
айтады, шешең орнына қайын енең бар, інің орнына қайын
інің бар деп дәлелдейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз кезекпен
жауап қайырып, олардың бір де бірі өз туыстарындай
еместігіне мұңаяды, жылап жыр етеді, көңіліндегі қайғы-
қасіретін шертеді; туып-өскен жер, ағайын-туыс, еркін
жүрген кезін айтып қоштасады.
Айтысқа түскен құдалар тобы да қыздың көңілін
аулай бірқатар сөздер айтады.
Жат жерге кеттім деп
жылама, қатарыңнан қалмайсың, құрбы-құрдастарыңнан
кем болмайсың дей отырып, болашақ өмірінің қызықты
болатындығын, жар сүйіп, бала көтеретіндігін айтып
жұбатады. Қыз көңілін әзіл-оспақпен көтеруге тырысады.
Бұл айтылған жұбату сөздердің бәріне жауап ретінде,
ұзатылғалы отырған қыз жиналған көпшілікке өзінің
аянышты халін, көңіліндегі қайғы-қасіретін шағып зар
етеді. Буыны бекіп, бұғанасы қатпағандығын, жастық,
қызық дәуренінен айрылғанын,
малға сатылып, еріксіз
күйеуге кетіп бара жатқанын білдіреді. Мәселен:
Әке менен шешенің мейірі қатты,
Өз баласын қызығып малға сатты.
Байлап беріп жат елге танымаған,
Жетім балаға ұқсатып жаутаңдатты. –
Немесе:
Уылжыған ақша бет, қуарсайшы,
Мөлдіреген екі көз, суалсайшы.
Бір жаманға қор болып кеткеніңше,
Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы
53
, -
дейтін өлеңдерден өткендегі қазақ қыздарының ауыр
қайғысы, ащы зары естіледі. Сүйгеніне бара алмай, теңіне
қосыла алмай, арманда кеткен, мал орнына сатылған
қыздар «жар-жар» өлеңі
арқылы да қатымыр заманның
әділетсіз әдет-заңына қарсылық білдіріп, оған қарғыс
айтады. Бұл секілді халық өлеңдері өткен кезде үстемдік
еткен таптың, ақсақалдық-рушылдық қауым қолданған
әдет-ғұрып заңның жағымсыз кескінін әшкерелейді, оған
халықтың жиіркенішті көзқарасын суреттейді. Осы
тұрғыдан қарағанда «жар-жар» өлеңдері әлеуметтік мәні
бар мәселелерді көтерген, әсіресе, әйелдердің хал-жайын,
ерлермен тең праволы болмағандығын айқын көрсеткен
деуге болады.
«Жар-жар» өлеңдері тек ұзатылған қыздың тойында
ғана айтылып қойған жоқ, сонымен бірге ол жастардың бас
қосқан ойын-сауық
кештерінде де қолданылған
54
және
өзінің әні де болған. Мұндай жағдайда бас қосқан жастар,
«жар-жардың» өлең-әнін, әзіл-оспағын көңіл көтеру,
махаббат сырын шерту, ойнап-күлісу үшін пайдаланған.
«Жар-жар» өлеңдерінің мәні мұнымен ғана бітпейді.
Оның басты ерекшелігінің бірі – қазақтың ауыз
әдебиетінде «Айтыс» түрінің шығуына негіз салуында (бұл
жөнінде «Айтыс» бөлімін қараңыз). Екіншіден, жар-жар
айтуда театрлық элементтер бар. Ерте кезде қазақтың
театры болған жоқ. Бірақ оның элементтері болды. Соның
бірі осы «жар-жар». Оның жиналған көпшіліктің алдында
айтыс түрінде шығуы, өлең, ән, домбыра араласуы, жұртты
53
С.Сейфуллин, сол кітабы,62- бет.
54
С.Мұқанов, Айтыс. Жинақ, 1941ж, Алматы.
қызықтыруы жағынан алғанда, «жар-жардың» орындалуы
ерте кездегі қазақтар үшін театр
сахнасы есебінде болған
55
.
Жар-жардың өлең құрылысы жеті-сегіз буынды жыр,
кейде, он бір буынды қара өлең негізінде келеді. Мұнда
жұртқа белгілі, қалыптасқан ұйқастар, трафаретке
айналған, көпшіліктің жаттап алып бірден-бірге таратып
айтуына ыңғайлы сөздер көп ұшырасады. Өлеңі әзіл-оспақ,
жеңіл қалжың түрінде де айтылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: