Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет56/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Образ жасау жолдары 
Қазақ ауыз әдебиетінің поэзия түрінде адам образын 
жасаудың алғашқы үлгісін салған батырлар жыры деуге 
болады. Ел қорғау жолында ерлік көрсеткен, аңдыған 
жауға қарсы аттанған батырлардың образын жасау үшін 
жыршы-ақындар бірнеше әдістер қолданады. Ең алдымен 
батырларды халық ұғымында аса күшті көрінетін 
жаратылыс құбылыстарына салыстырады. Батырдың 
жаумен кездескен жерін суреттегенде «қабағынан қар 
жауып, кірпігіне мұз қатып, жауар күндей күркіреп» деп 
бейнелейді, ерте кездегі мифтік ұғымдарға, фантастикаға 
апарады. Немесе, батырды «жолбарыстай жүректі, 
арыстандай айбатты» деп көрсетеді. Батырдың сырт 
тұлғасын, алып күшін осындай теңеулер арқылы суреттей 
отырып, оның образын жасайды. 


Мұнымен қатар, жыршы ақындар батыр образын 
оның (батырдың) өз сөзімен жасайды. Батырлардың 
монолог түрінде айтатын сөздері арқылы оның бірсыпыра 
ерлік істері суреттеледі. Бұған Қобыландының, Тарғынның 
айтатын монолог сөздерін мысалға алуға болады. Монолог 
түрінде кейде бір адамның өмір тарихы, ерлік істері 
баяндалатын кездері болады. Ақжүністің монологынан 
Қарт Қожақтың (бес жасынан бастап алпыс бес жасқа 
дейінгі) өмірі баяндалады және оның батырлық образы 
жасалады.
Кейде жыршы ақындар батыр образын оның 
(батырдың) ағайын-туыстарының, жора-жолдастарының 
сөзі арқылы суреттеп отырады. Тоқтарбай, Аналық, 
Құртқалардың жоқтау сөзімен Қобыландының батырлық 
образы берілген болады. Қаражанның сөзі арқылы 
Алпамыстың батырлық тұлғасы суреттеледі. 
Жыршы ақындардың адам образын жасауда ерте 
кезден бері қарай колданған негізгі әдіс-амалдары осы 
сияқты деуге болады. Мұнымен қатар, олар образдарды 
күшейту үшін, «түймедейді түйедей» етіп, немесе 
«жансызға жан бітіргендей» етіп суреттеу үшін, әр түрлі 
портреттер жасау үшін өлеңдегі әсірелеу, шендестіру, 
кейіптеу, 
бейнелеулерді 
де 
молынан 
пайдаланып 
отыратындығы байқалады (Бұл жөнінде жеке жырларға 
берілген талдауларды қараңыз.) Осылардың бәрін жыршы-
ақындар образдың сыртқы келбетін, ерлік істерін, алыс-
тартыс күрестерін сипаттау үшін алған болады.
Ал батырлар жырында адамның ішкі ой дүниесі, 
психологиясы, қуанышы мен қайғысы, көңіл-күйі, 
көзқарасы т.б. толығынан ашылмайтындығы байқалады. 
Дегенмен, батырлар жырының бұл жайларды аз да болса 
суреттеп кететіндігі болады. Онда жыршылар адамның 
психологиясына байланысты моменттерді табиғаттағы 
әртүрлі құбылыстармен немесе жануарларда болатын 


мінездермен байланыстырады
123
. Мәселен: Тарғынның 
мертіккендегі 
күйзелісі, 
психологиясы 
тікелей 
суреттелмей, оны түрлі пернелеу арқылы білдіреді. «Айды, 
күнді бұлт қоршайды, күн жауарға ұқсайды, көлде қулар 
шулайды, көк тұйғын түйілгенге ұқсайды» деген секілді 
параллель жасалынып барып, адамның көңіл-күйін 
бейнелейді. Осындай параллель арқылы Тарғынның халі 
айтылады.
Халық әдебиеті мен жазба поэзияда образ жасау 
жолдары жайында В.Г.Белинский былай деген еді: 
«Көркем поэзия (жазба поэзия М.Ғ.) әрқашан да нақтылы 
халық поэзиясынан жоғары сатыда тұрады. Соңғысы 
халықтың сәбилік дәуіріндегі былдырлаған тәтті тілі, 
қараңғыда қарманған түйсік, бұлдыр сезім дүниесінің 
көлеңкесі ғана; халық поэзиясы айтайын деген ойын дәл 
етіп берерлік сөздер таба алмай, болжалдап айту әдісіне, 
пернелеу, бейнелеуге әрдайым иек сүйеп отырады; ал 
көркем поэзия бұл – ер жеткен сананың үзілді-кесілді сөзі, 
түрі мен мазмұны тең түскен нақтылы шындық болмыстың 
көлеңкесі. Көркем поэзия айтайын деген ойын әр кезде де 
дәл, жарқын, идеясымен тең түсерлік айқын образдармен 
айтып, береді»
124
.
Демек, халық поэзиясы барлық жағынан шыңдалып 
жетілген образ жасауда көркем (жазба) әдебиеттен кем 
жатады. Әрине, бұл халық поэзиясының айыбы емес, ол 
халық поэзиясының қай дәрежеде болғанын және 
образдарды қалай жасағандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет