Жырды айтушылар
«Қобыланды батыр» жырын айтқан жыршы ақынның
бірі Марабай екендігі белгілі болса да, оның өмірбаяны
көпшілікке таныс емес еді. Соңғы жылдары Қазақ ССР
Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты Батыс
Қазақстан облысына бірнеше рет экспедиция шығарып, ел
арасынан
көптеген
материалдар
жинады.
Сол
материалдардың
ішінде
Марабайдың
өмірбаянын
баяндайтын мәліметтер де бар екен. Ол мәліметтер
Марабай жөнінде мынадай дерек береді.
Марабай Құлбайұлы 1841 жылдар шамасында
бұрынғы Қарашығанақ болысына қарасты Көбен көлі
деген жерде туған (Бұл жер қазір Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданының «Жаңа қоныс» колхозы деп аталады.)
Әкесі Құлбай да, Марабайдың өзі де кедей шаруа болған.
Марабай 18-19 жасында-ақ асқан домбырашы болады.
Ауыл арасында өлең айтып жүреді және өлеңді өзі де
шығарады. Сол кезде ол атақты ақындардың қасына еріп,
олардың жырын тыңдайды, сөз өнерін үйренеді. Кейіннен
Марабайдың өзі де ақындар айтысына араласады. Сүгір,
Көкі, Қарабура Жұмырбай, Базар, Шернияз секілді,
ақындармен айтысқа түседі. Олармен айтысы сақталмаған.
Қарабура Жұмырбайға:
Әкем аты Құлыбай,
Өз атымды сұрасам,
Оралдан озған Марабай,
Сөз айтпаймын кісіге
Жан-жағыма қарамай .
130
–
деген сөзі сақталған. Марабайдың өзіне ұстаз еткен ақыны
Шернияз деседі. Бірақ бұл екі ақынның қарым-қатынасын
көрсететін мәліметтер жоқтың қасы. Шернияз (1816-1881)
елуге келгенде, Марабай жиырма бестегі жігіт екен деседі.
Марабай елу жеті жасында (1898 жылы шамасында)
қайтыс болған. Оның моласы жоғарыда айтылған «Жаңа
қоныс» қолхозында. Марабайдың: Есжан, Досқай, Құлқай,
Ізбас, Итемген деген бес ұлы болыпты. Марабайдың
немере-шөберелері Батыс Қазақстан облысының Теректі,
Шыңғырлау аудандарында тұратын көрінеді. Ізбастың
баласы Салық Шыңғырлау ауданының Тіксай ауыл
советінде председатель болып істеген. Тоғайбай деген
немересі «Жаңа қоныста» колхозшы көрінеді.
Марабайдың ақындық атағы батырлар жырын
айтумен шыққан. Ол көптеген батырлық жырлар
шығарған. Соның ішінде күрделісі және хатқа түскені –
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырлары. Марабай
өзінің жырларын осы күнгі Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Қостанай облыстарының көп жерлеріне барып, ел аралап
жүріп айтқан. Кейде, жырларын сол кездегі шонжарлардың
өтінішімен де айтатын болған. Бұл жағдай оның идеялық-
творчестволық бағытына әсер еткен (ол жөнінде кейінірек
тоқталамыз). Бір кездерде ол Ыбырай Алтынсаринның
шақыруы бойынша, Балғожаның ауылына келіп, айлап
жатып көптеген жырлар айтқан екен
131
.
Марабайдың «Қобыланды батыры» 1922 жылы
Ташкент қаласында басылды, одан кейін 1932, 1939
жылдары Алматы қаласында «Батырлар жыры» деген
жинақтарда шықты.
130
Тіл және әдебиет институтының қолжазба фондысынан.
131
Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет
институтының қолжазба фондысы.
«Қобыланды батыр» жырын толық жырлаған
ақынның бірі – Мергенбай жырау. Ол Қостанай, Ақтөбе
жақтарын көп аралап жыр айтқан адам. Бірақ, Мергенбай
жөнінде толық материалдар әзірге қолымызға түспеді.
Мергенбайдың айтуындағы «Қобыланды батыр» жыры
Қобыландының туғанынан бастап, қартайғанға дейінгі
өмірін қамтиды. Бұл жырды Ақтөбе қаласында тұрушы
Шапай Қалмағамбетов деген кісі Тіл және әдебиет
институтына әкеп тапсырған
132
, және ол институтқа 1955-
56 жылдары Мергенбай жырының жалғасын (онда
Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбайдың
ерліктері айтылады) әкеп береді.
«Қобыланды батыр» жырын толық жырлаған
ақынның бірі – Біржан Толымбайұлы. Ол бұрынғы
Қостанай уезінің Қарабалық болысының адамы. (Бірақ
Біржан туралы да біздің қолымызда материал жоқ.)
«Қобыланды батыр» жырын Біржаннан Махмұт-Сұлтан
Тұяқбаев деген кісі жазып алып, 1914 жылы бастырып
шығарған.
«Қобыланды батырды» жырлаған ақынның бірі–
Мұрын Сеңгірбайұлы. Мұрын Сеңгірбайұлы 1860 жылы
туған. Туып өскен жері кіші жүз ішінде Адай елі, Жар
деген рудан тараған, әкесі Сеңгірбай кедей болған, өмірі
ұсталықпен өтсе керек. Мұрын 18 жасқа келгенде Адай
ішіндегі Нұрым ақынның қасына еріп, одан ноғайлының
қырық батыры жырын үйренген. Сол кездерінде руы беріш
Мұрат ақыннан да батырлар жырын үйренген, онан
кейінірек Адай ішіндегі Қашаған ақынмен бірге жүріп жыр
айтқан, қырық жасына дейін ел аралап жыр айтумен
болған. Ол бір шеті Бұхар, бір жағы Хиуа, Мейрам елі
жақтарын да аралаған, Астрахань жағына да барып жыр
айтып жүрген. Сол ел аралап жүрген уағында елдің сүйіп
132
Тіл және әдебиет институтының қолжазба фондысы.
айтқызатын жырларының бірі «Қобыланды батыр» болған.
Октябрь революциясынан бергі жерде де Мұрын жырау
көп жыр айтқан және қазақ әдебиетінің ертедегі
үлгілерінің көбін жаттап сақтаған. Мұрын жыраудың
айтуынан, 1942 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының
Тіл және әдебиет институты «Қырымның қырық батыры»
жырын жазып алды. Мұның ішінде: Қобыланды, Ер Тегіс,
Ер Көгіс, Телағыс, Қосай, Көкше батыр, Алау батыр тағы
басқалары бар
133
. Мұрын жырау Гурьев облысының
Маңғыстау ауданында 1955 жылы қайтыс болған.
«Қобыланды батырды» жырлаған ақынның бірі –
Нұрпейіс Байғанин. Ол 1860 жылы бұрынғы Орал
губерниясы, Темір уезі, Қалмаққырған болысында (қазіргі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы) кедей шаруаның
семьясында туып өскен. Нұрпейіс жастайынан өлең, әнге
құмар болады, он жасында ақын қатарына қосылады. Оның
үлгі алған ақындары: Абыл, Шернияз, Махамбет, Нұрым,
Қашаған, Ақтан, Қазақбай т.б. Ел арасында өлең-жыр
айтып, өмір шындығын, кедей шаруалардың аянышты
тұрмысын суреттейді, байлардың, болыстардың елге
істеген қиянатын әшкерелейді.
Нұрпейіс – күрделі сюжетке құрылған эпикалық
жырлар шығарған ақын. Оның ішінде ірілері: «Қобыланды
батыр», «Құбығұл», «Төрехан», «Ақкенже», «Нарқыз»,
«Комиссар Пожарский», «Ақын», «Ер туралы жыр»,
«Жиырма бес» т.б. Нұрпейістің еңбегі тек советтік дәуірде
жоғары бағаланды. Оған үкіметіміз 1939 жылы
«Искусствоға еңбегі сіңген қайраткер» атағын берді.
«Құрмет белгісі» орденімен наградталды. Ақынның
шығармалары жеке кітап болып бірнеше рет басылды.
133
Мұрын Сеңгірбайұлы, «Қырымның қырық батыры»,
Қазақ ССР Ғылым академиясы, Тіл және әдебиет
институтының қолжазба фондысы.
Н.Байғанин ұзақ ауырып, 1945 жылдың апрель айында
қайтыс болды.
«Қобыланды батырды» жырлаған ақынның бірі –
Айса Байтабынов. Айса Байтабынов 1875 жылы қазіргі
Ақтөбе облысындағы Қобда ауданында, Өтешсай аулында
туған. Ақынның әкесі Байтабын өмір бойы Сейсенбі
Тасбаев деген байдың жылқысын бағып, 63 жасында ауыр
тұрмыстың зардабынан қайтыс болады. Әкесі өлгеннен
кейін, жас Айса семья басы болып қалады. Жас інілерінің
тұрмыста оған мардымды жәрдемі болмайды. Сондықтан
Айса 1910 жылға дейін Сейсенбі байдың жылқысын
бағады. Бұл уақыттардың ішінде інілері өседі. Айса 1918
жылдан 1922 жылға дейін партизан отрядтарында болып,
ақтардың қалдықтарына қарсы, Қобда, Елек, Ойыл
өзендерінің бойында Дутов әскеріне қарсы, күрестерге
қатысады.
1922 жылы Айса партия мүшелігіне өтеді. Сол
жылдардан бастап, қазақ ауылдарын советтендіру
жұмысына белсене қатысады. 1922 жылдан 1931 жылға
дейін ауылдық советтің председателі болып қызмет
атқарады. 1929-30 жылдарда бай-құлақтарды тап ретінде
жою, конфискациялау және жаңадан ұйымдасқан
колхоздарды нығайту үшін де көп еңбектер сіңіреді. 1931
жылдан 1935 жылға дейін Айса өзінің туған жеріндегі
шаруалардан ұйымдастырылған «Өтешсай» колхозында
председатель болып жұмыс істейді. Қазір Айса сол
«Өтешсай» колхозында тұрады.
Айсаның
ақындыққа
бейімділігі
18
жастан,
Сейсенбінің жылқысын бағып жүрген кезде-ақ байқала
бастайды. Сол күндердің өзінде жас Айса халықтың асыл
қазынасын жатқа білетін жыршыларға көп құлақ тігеді,
жұмыстан қолы бос уақыттарында, ауылдағы ойын-
сауықтарға қатынасады. Ол әрі домбырашы, әнші болады,
оған ән-күй сүйгіш жастар еліктейді. Сол уақыттардың
өзінде Айса өлеңдер (көпшілігі арнау) шығарып жүреді,
осымен қатар халық жырларын айтады.
Айса атақты Бітеген ақынға барып, одан көп жыр
үйренеді. Содан бастап жыр айту соңына түседі, халық
поэзиясының үлгілері «Қобыланды», «Хан Әділ»,
«Құбығұл», «Телағыс». «Ауаз», «Көрұғлы», «Алпамыс»,
«Қыз Жібек» тағы басқаларын жырлайды. Онымен қатар
өзінің шығармаларын да айтып жүреді.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін Айсаның жыры
жаңадан нәр алады. Сол советтік өмірді жырына қосады.
Халыққа коллективтенген шаруашылықтың пайдасын,
бесжылдықтардың табыстарын жыр етеді.
1941 жылы неміс-фашист басқыншыларының біздің
Отанымызға қапыда бас салуы Совет халқымен бірге қарт
Айсаны да ызаландырып, атқа мінгізеді. Қолына
домбырасын алып, жалынды, өткір жырымен ақын
халықты жауға қарсы майданға аттануға, ерлікке, қажымас
еңбекке
шақырады.
Совет
үкіметі
тұсындағы
халқымыздың табыстарын жыр етеді.
Соғыстан кейін Айса халық шаруашылығын
өркендетудің жырын жырлайды. Ол Совет Одағы
батырларының Ұлы Отан соғысы майданында жасаған
ерліктерін суреттейтін «Қазақ қызы Әлия», «Батыр
Абдолла Жанұзақов» деген көлемді жырлар шығарды.
Айса өзінің «Қобыланды батыр» жырын Қазақ ССР
Ғылым академиясына 1943 жылы әкеп тапсырды. Бұл жыр
әлі баспаға шыққан жоқ
134
.
Достарыңызбен бөлісу: |