Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет57/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Батырлар жырының мәні 
123
Хажым Жұмалиев, Қазақ өлең құрылысы, тілі жөніндегі 
Абайдың жаңалықтары, «Майдан» журналы, №2, 1944ж 
124
В.Г.Белинскмй, собр. Соч. В 3-х томах, том 2, 1948 г. 
см. «Общее значение слова литература». 


Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-
тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша 
ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған 
жырлардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны үлкен. 
Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап 
келуінің, сүйе жырлап сүйсіне тыңдауының өзі-ақ 
дәлелдей түседі. Алғашқы үлгілері есте қалмаған сонау 
ерте заманда туған батырлар жыры, бертін келе өзінің 
даму процесінде шыңдалып, жетілу үстінде болған. Ол 
халықтың әр кезде жасаған ерлік істерін жырлау негізінде 
өсіп ұлғайған. Әрбір тарихи кезенде, халыққа төнген қауіп-
қатер кезінде асқан ерлік жасап ел-жұртына қорған болған 
батырлардың қаһармандық істері халықтың әдебиетінен де 
орын алған. М.Горькийдің: «Ауыз әдебиеті тарихқа өзінше 
ілесіп отырады», – дейтіні осыдан. Әрине, батырлар жыры 
тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған 
емес. Ол жеке образдар арқылы бүкіл халықтың батырлық 
тұлғасын, ерлік ісін, сарқылмас күш-қуатын елестетеді
соларды бейнелеп көрсетеді. Батырлар жырының басты 
мәні де осыған байланысты.
Халық өткен кезде батырлар жырын жастарды ел-
отанды сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін 
құралдың 
бірі 
есебінде 
пайдаланған. 
Жырдағы 
батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, 
өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік 
мәні болған. 
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің советтік 
заманымызда да халықтық мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени 
мұраны қадірлей білетін совет халқы бұл жырлардың ең 
таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын 
пайдалануда. Бұған батырлар жырының ең таңдаулы 
үлгілерінің жинақ болып бірнеше рет басылуы, ғылми 
еңбектер жазылуы, оқу орындарында оқытылуы, театр 
сахналарында және киноларда көрсетілуі дәлел. Сондай-ақ, 


патриоттық ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін 
батырлар жырын совет халқы аса жоғары бағалайды
ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы үлгілері деп 
таниды.
*** 
Қазақ халқының ертеден келе жатқан батырлық 
жырлары жайындағы азын-аулақ жалпы шолуларымызды 
осымен 
аяқтап, 
енді 
сол 
шығармалардың 
өзіне 
ойыспақпыз. Бұл ретте қазақ халқының көптеген батырлар 
жырынан мысалға алатынымыз: «Қобыланды батыр», «Ер 
Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс» жырлары. Алдын ала 
ескерте кетелік, біз бұл жырларды жекелеп талдағанда: 
біріншіден, басқа жырларға қарағанда аталған төрт 
жырдың халықтық сипаты молырақ болуын; екіншіден, 
олардың қазақ еліне ертеден тарап, көпшілікке таныс 
екендігін еске алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет