Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет60/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Жырдың зерттелуі 
Октябрь революциясына дейін де, оннан кейін де 
«Қобыланды батыр» жайында үлкенді-кішілі біраз 
еңбектер жазылды. Бұл жыр жөнінде В.В.Радловтан басқа, 
134
Тіл және әдебиет институтының қолжазба фондысы. 


алғаш рет орыс ғалымдарынан профессор П.А.Фалев
135
және Туземец деген кісі
136
пікір айтып, жырдың ауыз 
әдебиетінен ерекше орын алатынын көрсеткен. Бірақ олар 
бұл жырды әр жағынан алып толық зерттеген емес. 
«Қобыланды батыр» басқа жырларға қарағанда, 
советтік дәуірде біраз зерттелді. «Қобыланды батыр» 
жөнінде бірсыпыра еңбектер жазған Мұхтар Әуезов 
болды
137
. Сәкен Сейфуллин де
138
елеулі құнды пікірлер 
айтты. Одан кейін бұл жырды Сәбит Мұқанов
139
, академик 
А.С.Орлов
140
Б.Кенжебаев
141

Х.Жұмалиев
142

Е.Ысмайылов
143
қарастырды. Бұлар «Қобыланды батыр» 
жайын газет-журналдық мақала немесе оқу құралдары 
көлемінде зерттеді. Олар өздерінің еңбектерінде көбінесе 
жырдың әдебиеттік жағын қарастырып келді; жырдың 
әдебиеттік маңызын, көркемдік ерекшеліктерін талдады. 
135
Записки Вост. отд. Русского археологического 
общества, том 24, вып.3-4, 1916г. 
136
«Туркестанские ведомости» №№ 34,35,38,42 за 1899г. 
«Женщины по Киргизской былине «Кобыланды». 
137
«Таң» журналы, №1, 1925 жыл, Семей; журнал 
«Литература и искусство Казахстана», №8-9, 1939г., Алма-
Ата; журнал «Литературный критик», 1939г. и №1, 1940г., 
Москва. 
138
Қазақ әдебиеті, Алматы, 1932ж. 
139
«Батырлар» 1939 ж., Алматы; «Қазақ әдебиеті» (орта 
мектептің 8 класына арналған оқу құралы және 
хрестоматия), 1938, 1939, 1940, 1944 ж.ж. 
140
«Казахский героический эпос», Москва, 1945г. 
141
«Әдебиет және искусство» журналы, №12, 1940ж.
142
«Әдебиет теориясы» 1938 ж., Алматы; «Қазақ әдебиеті», 
8-класқа арналған оқу құралы, 1941ж. Қазақ эпосы мен 
әдебиет тарихының мәселелері, 1958 ж. 
143
«Ақындар», Алматы, 1956 ж. 


Сонымен қатар, жырдағы әңгімелер қай кезде, қандай 
дәуірге байланысты туды деген мәселеге айрықша көңіл 
аударды. Бұл мәселе жөнінде алғаш рет пікір айтқан 
М.Әуезов болды. Ол: «Қобыланды батыр» жыры XVI 
ғасырда туды, оған осы күнгі татар республикасының 
астанасы Қазан қаласын орыс патшасы Иван Грозныйдың 
1552 жылы өзіне бағындырып алуы себеп болды, – деп 
көрсетті. Бұған жырда Қазан қаласының аталуын дәлел 
етті.
Кейіннен Мұхтардың бұл пікірін қазақ әдебиетінің 
тарихын зерттеуші С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин
144
және 
Х.Жұмалиев те қостап шықты.
«Қобыланды батыр» жырының қандай тарихи 
жағдайға байланысты туғандығы жайында көп уақыт 
айтылып келген пікір осындай болады. Алайда бұл 
пікірдің 
теріс 
екендігін 
М.Әуезов, 
С.Мұқанов, 
Х.Жұмалиевтің өздері және соңғы кезде жүргізілген 
зерттеулер анықтап берді. Ең алдымен, Қобыланды 
жайындағы жырды Қазан қаласын Иван Грозныйдың 
алуымен байланысты туды деушілік және бұған жырда 
Қазан қаласының аталатындығын ғана дәлел етушілік 
тарихи шындыққа жатпайтындығы ашылды.
Батырлар жырында кездесіп отыратын жер-су, қала 
аттарына қарап белгілі бір тарихи дәуірді үнемі белгілей 
беруге болмайды. Мұндай жер-су, қала аттары батырлар 
жырының 
қандай 
әлеуметтік-тарихи 
жағдайларға 
байланысты туғандығын көрсетерлік ғылыми дәлел 
болмайтындығы және ондай әдіс әдеби мұраларды 
тексерудің әрқашан да ғылыми дұрыс жолы еместігі мәлім.
Халық әдебиетін ғылыми зерттеу тарихында бірнеше 
әдістер болды. Соның бірі өткен ғасырдың аяқ кезінде 
144
С. Мұқанов пен Қ.Бекқожин, Әдебиет хрестоматиясы 
(орта мектептің 8-класына арналған). Алматы, 1939 жыл. 


шықты да, тарих мектебі деп аталды. Бұл мектептің негізін 
салушы орыс ғалымы В.Ф.Миллер
145
халық әдебиетін, 
әсіресе батырлар жырын, зерттегенде сол әңгіме-жырларда 
кездесетін жер-су, қала аттарына сүйенді, оларды Миллер 
тарихи дәлел етіп алды. Осыларға қарап ол жырдың шығу 
себебін, тарихи дәуірін белгілеуге тырысты, тіпті батырлар 
жыры белгілі бір халықтың тарихын әлеуметтік өмірін 
сипаттайтын тарихи документ деп таныды.
Шынында, батырлар жыры халықтың тарихын, 
әлеуметтік өмірін сипаттайтын тарихи документ бола 
алмайды. Рас батырлар жырының (жалпы көркем 
әдебиеттің) әңгімелері өмір шындығынан алынады, бұл 
шындықты жыршылар топшылап жырлайды, әдебиеттік 
образдар жасайды. Сол образдар арқылы өмір шындығын 
елестетуге тырысады. Мұнымен қатар жыршы-ақындар 
кей кезде тарихи фактілердің орнын ауыстырып та 
жібереді. Ерте кезде болған оқиғаны соңғы заманға алып 
келушілік немесе соңғы кездің фактісін өткенде болған 
етіп көрсетушілік батырлар жырында кездесе береді. 
Мәселен, 
қазақта 
«Қозы 
Көрпеш-Баян 
сұлуды» 
жырлаушының бірі – Жанақ ақын. Жырдың әңгімесі ескі 
кезден алынған. Ал, Жанақ бұл жырды айтқанда, жырдың 
оқиғасы тарихи шындықтан алынғандығын куәландыру 
үшін өзі (Жанақ) жүрген жерлерінің аттарын (Аягөз, 
Таңсық т.б.) жырға қосады. Жырдың әңгімесін бергі 
заманға алып келеді. 
Бұл мысал батырлар жырында анахронизм көп 
кездесетіндігін көрсетеді. Сондықтан да батырлар 
жырында кездесетін жер-су, қала аттарына сүйеніп 
халықтың әлеуметтік өмірін, тарихын белгілеуге үнемі 
бола бермейді. Және жырдағы әңгімелер тарихи 
145
(В.Ф.Миллер, 
«Очерки 
русской 
народной 
словестности», 1897г.) 


документтермен әрқашан да қабысып отырмайды. 
Батырлар жыры ең мықтағанда халықтың тархында болған 
белгілі бір елеулі кезеңді, мәңгі оқиғаны хикая-әңгіме 
көлемінде ғана елестетуі мүмкін. Бірақ мұны біз тарихтың 
документі деп қарамай, сол тарихи фактілердің әдебиеттегі 
сәулесі деп қарауға тиіспіз.
Жырдың 
әңгімесі 
қандай 
тарихи 
фактіге 
негізделгенін және жырға қай кездің әлеуметтік өмірі, 
тарихи шындығы бейнеленетінін қалай білуге болады? Бұл 
сұраудың жауабын ең алдымен жырдың мазмұнынан іздеу 
керек. Қай жырды алсаңыз да онда жағымды батырлардың 
кімдерге қарсы күрескендігі, елін кімдерден қорғап 
қалғандығы әңгімеленеді. Сол кездегі әдет-ғұрып, салт-
сана, халықтың дүниеге көзқарасы қандай болғандығынан 
да азды-көпті мәлімет береді. Осыларды тарихи 
фактілермен салыстыра қарасақ, жаңағы жыр қай кездегі 
тарихи шындықтың сәулесі екендігін, жырдың шығуы не 
нәрсеге байланысты болғандығын айқындауға мүмкіндік 
туады. 
«Қобыланды батыр» жырының барлық варианттарын 
мазмұнына қарай зерттегенде және оларда айтылатын 
әңгімелерді тарихи деректермен салыстырғанда, бұл 
жырдың оқиғалары қыпшақтар мен қызылбастардың 
(қызылбастардың кім екендігін жоғарыда айтқанбыз) 
арасындағы көп заманға созылған қарым-қатынастарды
қызылбастардың 
қыпшақтарға 
көрсеткен 
қорлық-
зорлығын, жауыздық әрекеттерін суреттеу негізінде 
туғандығы байқалады. Жыр әңгімелерінің негізгі желісі 
осындай ерлік күрестерді бейнелеуге құрылады. Жырдың 
барлық 
варианттарында 
Қобыландының 
соғысатын 
жаулары қызылбастар (тек бір вариантында қалмақтар) 
болып келеді. Жырда қызылбастардың басқыншылық, 
жаулық шабуылдарына қарсы қыпшақ батырларының 
жүргізген ерлік істері сипатталады. Бұған қарап, біз 


жырдың тууына себеп болған – қыпшақтар мен 
қызылбастар арасындағы қарым-қатынастар, жыр мұны 
көркем суреттеу арқылы елестеткен дей аламыз.
Бұл пікірімізді «Қобыланды батыр» жырының 
барлық 
варианттары 
қостай 
түседі. 
Мәселен, 
Мергенбайдың жырында Қобыландыға қарсы күресетін 
қызылбас елінің мықты батыры Қазан болып суреттеледі. 
Ол жөнінде жырда: 
Қызылбастың елінен, 
Қазан деген ер шықты. 
Жан білмеген шер шықты, 
Ноғайлының көп елін. 
Олжалап шауып жаншыпты.
Бағынбаған адамын
Қырып-жойып таусыпты,
Жерін, малын олжалап
Қатарынан асыпты,
Ноғайлы елі қашыпты.
146
– 
делінеді. Біржан Толымбаев айтқан жырда Қобыланды 
батыр Қазан қаласына келгенде: 
Сол уақытта алдынан, 
Қара қасқа ат мінген,
Құйрық жалын шарт түйген, 
Алдына дабыл өңгерген, 
Артына сауыт бөктерген, 
Аламанға дем берген, 
Азды-көпті тең көрген, 
Қызыл бөркі қалпиған,
Қайратымен мал жиған,
Мен сондай деп дандиған,
Найзасын ұстау жеріне 
Қолына жұмсақ болсын деп 
146
Тіл және әдебиет институтының қолжазба фондысынан. 


Топтап барқыт ораған. 
Қысқа күнде қырық шапқан, 
Тері тонды теріс артқан, 
Қазақ десе оқ атқан, 
Қабағына қар қатқан, 
Кірпігіне мұз қатқан. 
Он екі күнде бір жатқан, 
О да айтулы ер еді, 
Қызылбастың белі еді, 
Құдайдан дұшпан сұраған, 
Жау көрмесе жылаған, 
Шын қаһарына келгенде 
Жауған қардай бораған. 
Алдынан шықты ер Қазан
147
,- 
делінеді. 
Бұл келтірілген үзінділерде аталған Қазан ер 
қызылбастардың ханы Ғазан (Қазан) болуы мүмкін. Ғазан 
ханның жауынгер, ұрыншақ, көрші елдерге шабуыл жасап 
оларды өзіне бағындырып алуды мақсат еткен адам 
екендігі тарихи документтерде толық айтылады
148
. Тарихи 
бұл фактіге жырдағы Қазанның ұрыншақтық әрекеттері, 
көрші елдердің «жерін, малын олжалап» алуы және 
олардың «бағынбаған адамын қырып-жойып» жіберуі, 
«қазақ десе оқ атуы» сай келеді. Демек, жырдағы Қазан 
ерді Ғазан ханның прототипі және ол арқылы бүкіл 
қызылбастардың жаулық әрекеті топшыланып берілген 
деуге болады.
Тарихи 
фактілердің 
айтуына 
қарағанда, 
қызылбастардың қысымына қарсы әр жердегі қыпшақ 
рулары бас қосып майданға аттанғандығы мәлім. Бұл 
147
Біржан Толымбайұлы, «Қарақыпшақ Қобыланды 
батыр», 1914ж., Орынбор. 
148
История Грузии, ч. І, 1946г. 


тарихи фактінің ізі «Қобыланды батыр» жырынан да 
көрінеді. Мәселен, Қараман батыр Қобыландыға келіп: 
«Қызылбастың Қазан батыр бастаған қалың әскері елімізді 
шапқалы келе жатыр. Олардың алдын ториық елге 
жібермейік, қарсы аттанайық. Соған сенің де бірге 
жүруіңді сұрап келдім», – дейді (Біржан мен 
Мергенбайдың жырынан). Бұдан кейін Қобыланды батыр 
әр рудан құралған қыпшақ-қият жасақтарын бастап, 
басқыншы жауға қарсы аттанады. Қыпшақ жасақтарының 
әр рудан құралғандығын жырда кездесетін ру аттарынан да 
аңғаруға болады. Мысалы, Қобыланды батыр қара қыпшақ 
руынан шығады. Былайша қарағанда, «Қарақыпшақ» деген 
сөз эпитет (Ер Тарғын, Ер Көкше т.б.) секілді. Бірақ, 
«Қарақыпшақ» эпитет қана емес, ол қыпшақтың бір 
руының аты. Қазақ шежіресінің айтуынша, қыпшақта: 
Сары, Торы, Қара, Қоңыр, Ұзын, Көлденең, Қият т.б. деген 
рулар болған. Олардың әрқайсысы әр жерде мекен етіп 
жүрген. Ал ел шетіне басқыншы жау келгенде әр жердегі 
қыпшақ рулары бас қосып күш біріктіреді. Қыпшақтың бір 
руын Қараман бастап келеді. Жырдың бұл әңгімелері 
басқыншы жауға қарсы күресте қыпшақ рулары күш 
біріктіріп аттанған деген тарихи фактінің елесі секілді. 
Қобыланды батыр жайындағы жырдың оқиғасы 
қызылбастар мен қыпшақтар арасындағы тарихи шындық 
негізінде туды деген пікірді дінге байланысты әңгімелер де 
дәлелдейді. Осы аталған дәуірде қазақ халқы бірнеше дінде 
болып келген. Халықтың сенімі, нанымы шамандық (көп 
тәңірге табынушылық) болған. Ал қазақ арасына ислам 
діні Ш.Уәлихановтың айтуынша, XIV ғасырда ғана ене 
бастаған
149
. Ислам дінінің тарай бастауы жөнінде академик 
В.В.Бартольд былай дейді: 
149
Ш.Ш.Уәлиханов, Сочинения, 1904г., стр. 109. 


«Сырдария бойында, Хорезммен көршілес отыратын 
қыпшақтар XII ғасырдың аяғына дейін мұсылман емес еді, 
жалпы алғанда, монғолдардың басқыншылық жорығына 
дейін 
ислам 
түріктердің 
көпшілігінің 
діні 
емес 
болатын»
150

Демек, XIV ғасырға дейін ислам діні көпшілік 
қолданған дін болмаған. Мұны «Қобыланды батыр» 
жырының әңгімесінен де байқауға болады. Жырда ислам 
дінінің әсерінен де ескі шамандық ұғымдар (молаға түнеу, 
отқа май құю т.б.) басым жатады. 
«Қобыланды батыр» жырының XVI ғасырда 
тумағандығына тағы бір мысал келтірелік. XIV ғасырдың 
орта кезінде құралған Алтын Орданы және оның дәуірін 
елестететін бірнеше әңгіме-жырлар бар. Сол әңгіме-
жырларда «ертеде Қобыланды деген қарт батыр болыпты». 
Немесе Алтын Орда тұсында «Қобыланды өте қарт адам 
еді» делінеді. Бұған қарағанда, Қобыланды жайындағы 
аңыз-әңгіме, жырлардың шығуы Алтын Орда кезінен 
бұрын болған. 
Жоғарыда 
келтірілген 
фактілерге 
қарағанда, 
«Қобыланды батыр» жырының алғашқы әңгімелері 
қыпшақтар мен қызылбастардың арасындағы қарым-
қатынастары суреттеу негізінде туған. Олай болса, бұл 
жырдың тууына Иван Грозныйдың 1552 жылы Қазан 
қаласын алуының қатысы жоқ дейміз. 
Осы айтылғандарға байланысты, Қобыланды батыр 
тарихта болған адам ба, әлде әдебиеттік образ ба деген 
сұраудың да жауабын бере кетелік. 
«Қобыланды батыр» жыры туралы пікір айтушылар 
Қобыландыны тарихта болған адам деседі. Оған дәлел етіп 
«Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген 
150
Бартольд В.В.- «История турецко-монгольских 
народов», Ташкент, 1928г., стр. 15. 


аңыз-әңгімені келтіреді және Електен 40 шақырым жерде 
Қобландының моласы, Орынбордан Маңғыстауға қарай 
баратын жолда Қобыланды деп аталатын бекеттің 
барлығын айтады. Осының бәріне сүйене отырып, олар 
Қобыланды батырды тарихта болған адам етіп шығарады. 
Ел арасында «Қарақыпшақ Қобландыда нең бар еді, 
құлыным» дейтін өлең бары рас. Бұл өлеңнің шығу себебін 
ел аңызы былай деп айтады. Әбілхайыр ханның (XY 
ғасыр) тұсында арғын руынан шыққан Жәнібек пен Керей 
дейтін адамдардың туысы бір биді қыпшақтар өлтіреді. 
Оны өлтіруші Қобыланды батыр екен дейді. Арғындар құн 
даулайды, бірақ Әбілхайыр Қобыландыдан батып құн алып 
бере алмайды. Сонда жаңағы өлген адамның әкесі баласын 
жоқтап айтыпты-мыс: 
«Қарақыпшақ Қобыландыда 
Нең бар еді, құлыным… 
Сексен асып, тоқсанға таянғанда, 
Тұрмастай боп үзілді ме жұлыным. 
Қарақыпшақ Қобыландыда 
Нең бар еді, құлыным…»
151

Бұл аңыздың қаншалықты шындыққа дәл келетін 
және осында аталған Қобыландының Әбілхайыр ханның 
тұсында болған-болмағанын анықтарлық дерек жоқ. Тек 
аңыз-әңгіме ғана сақталған. Ал бұл аңыз-әңгіме 
Қобыланды батырдың тарихи адам екендігін толығынан 
дәлелдейтін дерек болмасқа керек. 
Екінші, Елек маңында Қобыландының моласы дейтін 
моланың, Орынбордан Маңғыстауға қарай баратын жолда 
Қобыланды деп аталатын бекеттің бар екендігі рас. Бірақ, 
бұл ескерткіштер «Қобыланды батыр» жырындағы 
Қобыландыға арналып салынған ба, жоқ па? Мұны 
дәлелдейтін тарихи дерек әзірге жоқ. Сондықтан оларды 
151
Х. Жұмалиев, Қазақ әдебиеті, 1949, 57-бет. 


Қобыландыға арнап салынған ескерткіштер деп айту қиын. 
Олай деуімізге бір себеп XII-XIY ғасырда майданда өлген 
адамға соғыс кездерінде мола салу болмаған. Батыр 
соғыста өлсе, оның денесі сол жерде қала берген. Бұл 
жайды «Қобыланды батыр» жырынан да (Есмұрат ақын 
айтуындағысынан) байқауға болады. Мәселен, бір соғыста 
Қобыландының жас жолдасы Ер Сайын өледі, оның денесі 
көмусіз далада қалады. Екінші бір мысал, Ер Көкше бір 
соғыста қаза болады. Кейіннен Ер Қосай (Ер Көкшенің 
баласы) іздеп келіп, көп өліктің ішінен әкесінің денесін 
тауып алады. Ер Қосай әкесінің сүйегін көмбей, далаға 
тастайды да, «әкемді өлтірген жауды іздеп табам» деп кете 
береді. 
Бұған қарағанда, ерте заманда майданда жауынгер 
жаумен соғысып өлген адамның денесін көмбей, далаға 
тастап кету салт болғанға ұқсайды. Оның үстіне соғыс 
кезінде, әскер аттан түспей үнемі шабуылда жүрген 
жағдайда майданда өлген адамға үлкен ескерткіш орнату, 
бекеттер жасау мүмкін де емес. Марко Полоның айтуына 
қарағанда, монғол әскерлері күн-түн жорық жасағанда ат 
үстінде жүріп тамақтанған, шөлдесе, ат жалынан қан 
сорып сусындайтын болған. Осындай қызу жорық, шабуыл 
кезінде, соғыс үстінде өлген адамдарға ескерткіш орнату, 
үлкен молалар салу бола бермеген. Сондай-ақ, жоғарыда 
Қобыландының атымен байланысты ескерткіштер де 
бертін кезде соғылуы мүмкін. Бірақ, оларды қарақыпшақ 
Қобыланды батырдыкі дейтін аңыздар болмаса, тарихи 
дерек әзірге кездеспейді. Бәлкім, ол ескерткіштер 
қарақыпшақ Қобыланды батырдыкі болмауы да мүмкін. 
Олай деу себебіміз XVIII ғасырда Кіші жүзде Қобыланды 
деген батыр болған. Оны халық бала Қобыланды деп 
атаған. Жоғарыда аталған ескерткіштер осы соңғы 
Қобыландынікі болуы да мүмкін. Бірақ, бұл жөнінде де 
аңыз-әңгімелер болмаса, тарихи дерек әзірге жоқ.


Мұның бәрі Қобыланды батырдың тарихта болған 
екендігін анықтайтын деректер жоқ екендігін, тек 
халықтың аңыз-әңгімелері барлығын көрсетеді. Сондықтан 
да, біз Қобыланды батырды тарихи адам деуден гөрі, 
әдебиеттік образ деп қараймыз. Басқыншы жау 
қызылбастарға қарсы күрескен, одан ел-жұртын қорғап 
қалған қыпшақ батырларының ерлік істері Қобыланды 
образы арқылы жинақталып берілген деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет