Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет63/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Қараман 
«Қобыланды батыр» жырының Марабай, Біржан, 
Мергенбай айтатын варианттарындағы негізгі образдың 
бірі – Қараман. (Басқа варианттарда ол айтылмайды.) 
Қараман – жағымсыз бейнеде алынған образ. Оның 
жырға қосылуы Қобыландының батырлық даңқын көтеру 
үшін, ел қорғаған ер қайсы, қарабастың қамын ойлаған ез 
қайсы екенін көрсету үшін, нағыз батыр мен қорқақты 
айыру үшін алынған деуге болады. 
Рас, Қараман өзін-өзі «батырмын» деп есептейді. Ол 
қызылбастарға қарсы аттанбақшы болып қалың қол да 
жинайды. Бірақ жау қарасын көрмей жатып табаны 
тайғанай береді, қасында көп әскері бола тұра, жаумен 
соғысудан қорқа бастайды. Сондықтан да ол көмек сұрап 
Қобыландыға келеді. Мұны халық жыры Қараманның 
батырлық іске жарай алмайтындығы, қорқақтығы деп 
көрсетеді және нағыз батыр болса қас жауға қарсы шабар 
еді, кісіден көмек сұрамас еді деген ойды білдіреді. 
Қобыландының бірге еріп бармайтындығын білген 
Қараман батырсынып майданға аттанады. Жау қарасын 
көрген кезде: «Кімде-кім жау қамалын бұзса, соны 
қолбасы етем», – дейді, жекпе-жек ұрысқа кіруден қорқып, 
бас сауғалап отырып қалады. Мұнымен де жыр 
Қараманның қоян жүрек қорқақтығын көрсетеді. 
Кейіннен Қараман Қобыландымен бірлесіп, бірнеше 
ұрысқа да қатысады. Алайда, ол бірде-бір ұрыста ерлік 
жасай алмай, қосақ арасында жүреді. Бір сәтте Қараман 
Көбіктіге қарсы барып, оған найза да салады, ерлік іс 
бастағандай болады. Бірақ онысынан еш нәрсе шықпайды, 
жеңіліп қалады. Қараман Көбіктінің өзі түгіл, оның 
өлігінен де зәресі ұшады. Мәселен, Қобыланды батыр 
Көбіктімен жекпе-жек соғысады да, оны жеңеді. Көбіктінің 
денесі екі бөлінеді де, бөксесі ат үстінде кетеді. Көбіктінің 
тұлпары бөксені алып жылқыға қарай тарта жөнеледі. Сол 


кезде жылқы ішінде жүрген Қараман қатты сасады, зәресі 
ұшады: 
Қараманның жылқыда, 
Құлағын дүбір шалады, 
Арт жағына қарады, 
Көрді жалғыз қараны. 
«Көбікті мұнда келед» деп, 
«Сазамды менің беред» деп, 
Жылқыдан қаша жөнелді
155
, –
деп, жыр оның қорқақтығын мысқылға айналдырады.
Жаңағы келген Көбіктінің өзі емес, оның бөксесі 
екендігін көргенде: 
Ат үстінен бөксені, 
Тартып енді қарады, 
Бұған бөксе болмады, 
Қараман сөйтіп сорлады, (Сонда) –
дейді жыр. Бұл арада жыршылар Қараман турасындағы 
мысқылын үдетіп жібереді, мазақ етеді. 
Қараман – қорқақ адам. Ол өз қарабасының аман 
саулығын көздейді. Бұл ретте ол жауына жалынып, 
кешірім сұрауға дейін барады. Мәселен, Көбіктінің қолына 
түсіп қалып, зынданда жатқан кезінде бұлардың қасына 
Қарлыға келеді де: «Тұтқыннан босатсам, не дер едіңдер», 
– дейді. Сонда Қараман: 
Менің өзім нашармын, 
Түтікпен ауыз ашармын, 
Бұл бейнеттен құтқарсаң, 
Болайын сізден тасаттық. 
Қарлыға, босат қолымды 
Бұл шаһардан қашамын, (Сонда) – 
дейді. Ал Қобыланды Көбіктіден өш алмай кетпейтіндігін 
білдіреді. Осы арада жыршылар Қобыланды мен 
155
Біржан мен Мергенбайдың жырынан. 


Қараманды тағы да салыстырып өтеді. Сонда Қараманның 
жасық екенін, ал Қобыландының қайтпас қайсар, халықты 
қорғау жолында қандай қиыншылыққа болса да көнетін, 
жауынан алысып босанбай, жай біреудің көмектесуі 
арқылы босанып кетуді өзіне ар көретін батыр екендігін 
аңғартады. 
Өз басының пайдасын ойлайтын және қысылған 
жерде жолдасын жауға тастап кетуден тайынбайтын, 
кеудесінде намыс оты жоқ қорқақ Қараман барлық істі 
«өзім ғана тындырдым» деп жүреді, Қобыландыны есіне де 
алмайды. Көбіктіні жеңіп, барлық олжа өз қолына 
түскенде, Қараман үлкен той жасайды. Бірақ оған 
Қобыландыны шақырмай, айдалада қалдырып та кетеді. 
Мұнысымен де ол жолдастық қасиеті, адамгершілігі жоқ 
адам екенін көрсетеді. 
Жыршы-ақындар 
Қараманның 
қорқақтығын, 
жолдастық қасиеті, адамгершілігі жоқтығын суреттеумен 
қатар, оның мансапқор екендігін де көрсетеді. Бұл ретте ол 
көзі тойса да көңілі тоймаған, көңілі тойсада да көзі 
тоймаған адам бейнесінде алынады. Қазаннан түскен көп 
олжаға көзі тоймаған Қараман Көбіктінің еліне бару 
жайын айтады. Ондағы мақсаты Қобыландының күшін 
пайдаланып, тағы да көп олжа түсіру болады. Мұнымен де 
тұрмай, ол үнемі сауға сұрап жүреді. Бірде Қобыландыдан 
Қарлығаны, екіншісінде Қарлығадан Қаныкей мен 
Тыныкейді сауғаға алады. Осы тұста халық жыры 
Қарлығаның сөзімен: 
Көлге біткен жекенсің, 
Бүршігі жоқ тікенсің. 
Артық асқан бағаң жоқ, 
Құдайдан сұрар шамаң жоқ, 
Өзіңе біткен мал-жанды
Сауғадан жиған екенсің, (Сонда) –
деп шенеп өтеді.


Қараманның қасиетсіз адам екендігін Қобыланды да 
біледі. Бірақ оған өкпе, наз айтпайды. Оның себебі: 
Қараманның құрдастығын ескергендіктен; екіншіден
мұндай адам ашу-өкпе, наз айтуға тұрмайды деп 
түсінгендіктен секілді. Солай болса да:
Неше батыр болсаң да, 
Үйде қалған Құртқаның 
Сатса алмаймын өзіне, 
Өзі түгіл алмаймын 
Сағынғанда бір ауыз 
«Қалқамжан» деген сөзіне, (Сонда) –
дейді Қобыланды Қараманға.
Сөйтіп, халық жыры Қараман образын жағымсыз 
бейнеде суреттей отырып, оның істерін мінеп, мысқылдап 
мазақ етеді. Мұндай адамдарды жыршылар үлгі ету үшін 
емес, одан жұртты жирендіру үшін жырға қосқан деуге 
болады.
Құртқа 
Халықтың батырлар жырында суреттелетін әйелдер 
көбінесе батырдың сүйікті жар-жолдасы, сенімді серігі, 
ақылшы досы ретінде алынады. Халық әйелдер жөніндегі 
әділетті, турашыл көзқарасын ауыз әдебиетіне енгізгенде, 
ақылды, білгір, дана адамдар әйелдер арасынан да 
шығатындығын көрсетеді. Мұндай әйелдерді ерлермен 
қатар қойып жырына қосады, олардың жағымды образын 
жасайды. Осы негізде жасалған көркем образдың бірі – 
Құртқа.
Халық жырында Қобыланды қандай ардақты болса, 
Құртқа да сондай. Егер халық жыры Қобыландыны ел 
қорғаған, халқына қамқор болған батыр деп көрсетсе, 
Құртқаны ақылды, білгір, дана адам деп жырлайды. 
Құртқаның аса ақылды, білгір адам екендігі оның 
Қобыландыға жасаған қамқорлық істерімен суреттеледі. 


Бұл ретте халықтың Қобыландыға айтар ақылы да, 
көрсетер көмегі мен қамқорлығы да осы Құртқа арқылы 
берілген деуге болады. Құртқаның осындай ақылды, білгір 
адам екендігі Қобыландыға керекті тұлпарды қару-
жарақты даярлап беруінен басталады. Мұны ол батырдың 
даңқын көтеру үшін емес, ел қамын ойлағандықтан 
жасайды. 
Осыдан былайғы әңгімелерде Құртқа бейнесі жырда 
айқындала береді. Ол қысылған жерде жол табатын, 
ақылға салып іс қылатын, жағдайды шолып болашақты 
болжайтын білгір адам бейнесінде жырға қосылады. 
Қараман келіп Қобыландыны Қазанға қарсы 
аттануын өтінеді. Қобыландының: «Бұл сапарға барар-
бармасымды үйдегі Құртқам біледі», – деген сөзін 
естігенде, Қараман оған тіл тигізеді. Қараманның бұл 
сөзіне қатты ызаланған Қобыланды, Құртқаның басын 
алмақ болып аулына шаба жөнеледі. Осы бір қысылшаң 
шақта, Құртқа: «Ақылмен ойлап, жол табады», – батырдың 
алдынан бүкіл қару-жарағын және Тайбурылды алып 
шығады. Сөйтіп батырдың ашуын тарқатады. 
Қазанға қарсы аттанбақ болып тұрған Қобыландыға 
Құртқа ақыл айтады, Қараманның қандай адам екендігін 
сипаттап береді және осы сапардан қашан ораларын, ел-
жұртының қандай күйге ұшыраған кезінде қайтып келерін 
болжайды. Кейіннен Құртқаның болжаулары шын болып 
шығады. Әрине, Құртқаның бұл айтқандары аруаққа, 
балгерлікке сүйенгендіктен туған емес. Ол сол кездің 
шындығына негізделген болады. Ол заманда ел мен елдің 
арасында әр түрлі айқасулар, бірін-бірі аңду, торулар көп 
болған. Елдің батыры шетке шыға қалса-ақ, оны аңдып 
жүрген жаулары пайдаланып шабуыл жасаған, шауып 
әкеткен. Ондай жау Қобыландыда көп болған. Құртқа 
болжау айқанда, осыны еске алады. Қараман жайын 
айтқанда, оның батыр емес екендігін Құртқа бірден-ақ 


таниды. Қасында қырық мың әскері бар адамның көмек 
сұрауы қорқақтықтың белгісі деп біледі және ондайлар өз 
қарабасының қамын ойлайтындығын түсінеді. Мұның 
бәрін халық жыры Құртқаның ақылды, білгірлігін көрсету 
үшін келтіреді.
Құртқа қандай күйге ұшыраса да, Қобыландыны 
есінен шығармайтын адал жар бейнесінде суреттеледі. Ел-
жұртын Алшағыр шауып алып байлауға түскен кезде де, 
Құртқа ақылмен іс істейді. Қобыландының келетініне 
сенеді де, бір кезде Тайбурыл байланған алтын қазықты 
және күлге көміп азық тастап кетеді; жолшыбай тұлпардың 
жемін шашып отырады. Бұларға Қобыланды кез болады 
да, ел-жұртын қандай жаудың қалай қарай алып кеткенін 
біледі. Құртқаның білгірлікпен істеген осы бір ісінің 
кейіннен Қобыландының ел-жұртын жау қолынан босатып 
алуына көп көмегі тиеді. Алшағырдың қолына түсіп, 
қамауда жатқан күнінде де Құртқа Қобыландыдан күдер 
үзбейді, қайта сағынышы арта береді. Қобыланды келіп, 
Алшағырдың қорғанын қалай алу жайын қарастырып 
тұрған шақта оның алдынан Құртқа шығады, ол ақыл-
айласымен Алшағырды алдап түсірген болады және 
Қобыландыға қорғанды қалай бұзудың жолын айтады. 
Сөйтіп ол бұл жерде де батырға көп жәрдем жасайды.
Құртқа Қобыландының достары мен дұшпандарының 
алдында абыройы түспеуін де қатты ойлайды. Алшағырдан 
ел-жұртын босатуға келген кезінде, алдынан шыққан 
Құртқаға Қобыланды сағыныш сезімін білдіреді. Батырдың 
мұнысы аңғалдық екенін білген Құртқа: «Әуелі жау 
қолынан ел-жұртыңды босатып ал, олай етпей тұрып
менімен болып кетсең – досқа күлкі, дұшпанға таба 
боларсың, елін босатпай жатып, әйелімен кетті деген сөзге 
қаларсың», – деп ақыл айтады. Жұрт алдында батырдың 
өсек сөзге ілікпеуін, абыройы түспеуін қарастырады. 


Тағы бір мысал: Мұрын жыраудың жырында 
Алшағыр хан той жасап Қобыландыны қонаққа шақырады, 
тойда ат жарысы болатындығын хабарлайды. Тойға барар 
алдында Құртқа Қобыландыға мынадай ақыл береді: 
«Алшағыр хан сені сынамақ, ретін тапса, сені бала деп 
мазақ етпек. Сен өзіңді ханнан кем ұстама, алдыңнан қыз-
келіншек, бозбалалар шықса, оларға қарама, хан ордасына 
тура тарт та, төріне отыр. Ал шабысы болса, бәйгіге 
қосатын тұлпарыңа өзің мінбе, басқа бір баланы мінгіз», – 
дейді. 
Жыршы-ақындар Құртқаның ақылын, даналығын, 
білгірлік істерін аса жоғары бағалайды, оны жастарға үлгі 
етеді. Құртқаның істеріне сүйсінген халық Қобыландының 
сөзімен «ақылы артық Құртқажан, хан болуға лайықты» 
деп көрсетеді. Бұдан халықтың халыққа қорған болған 
ерлермен қатар ақылды, дана әйелдерді де ардақтағаны 
көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет