Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет66/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Тайбурыл 
Ел қорғау ісінде батырға жолдас болған тұлпарларды 
әр халық өзінің батырлық жырына екі жүйеде қосқаны 
байқалады. Біріншісі, батырдың жаратылысы, туысы 
қандай ерекше болса, оның тұлпары да сондай болып 
келеді. Кейде ол тұлпарлар да батырмен бір күнде туған 
болады. Бұған жырда мифтік, діни мән беріледі. Мәселен, 
қырғыз халқының батыры Манас дүниеге келген күні оның 
тұлпары Аққұла туады. Кейіннен ел қорғау жөнінде ол 
Манасқа көп еңбек сіңіреді. Екіншісі, тұлпарды не 
батырдың өзі іздеп тауып алады немесе оларды батырдың 
жақын жолдастары, ағайын-туыстары дайындап береді. 
Мәселен, Илья Муромецтің мінуіне керекті атты, 
батырдың қару-жарағын оның әкесі, Добрыняның мінуіне 
керекті атты әке-шешесі тауып берген болады. 
Әр халық батырлар жырында батыр мінетін 
тұлпарларды осы секілді екі жүйеде қосады да, бұған 
айрықша мән береді. Мұндай тұлпарлар батырды әр түрлі 
қиын жағдайдан құтқарып әкетуші күш немесе тар жол, 
тайғақ кешулерде, қауіп-қатер туған кездерде батырға 
ақыл беретін білгір етіп суреттейді. Сондықтан да халық 
жырында батырға жолдас болған тұлпарларға «Байшұбар», 
«Көкше тұлпар», «Желаяқ», «Бозқасқа», «Тарлан», 
«Қарақасқа» деген секілді аттар қойылады, батырдың 
жауынгер жолдасы, ағайын-туысы есебінде жырланады. 
Батырға жауынгер жолдас есебінде жырға қосылған 
тұлпардың бірі – Тайбурыл. Жырда Тайбурылдың ел 
қорғаудағы қызметі, Қобыландыға жауынгер серік болуы 
бірден айтылмайды. Жыршылар Қобыландының образын 
оның ана құрсағында жатқан кезінен бастаса, Тайбурыл да 
сондай. Оның болашақта батырға жолдас болатын тұлпар 
екендігі кер биенің ішінде жатқан кезінде-ақ белгілі 
болады. Кейіннен Құртқа секілді дананың күтімінде өскен 


Тайбурыл Қобыландыға жауынгер жолдас болады. 
Батырмен бірге ел қорғауға шығады, халық қиялы 
Қобыланды мен Тайбурылды бір-бірін түсініскен 
жолдастай, аға мен інідей сипаттайды. Тайбурылдың басқа 
тұлпарлардан артық бір қасиеті адам тілін білетіндігінде, 
айтқанды түсінетіндігінде. Қырық күншілік Қазанға бір 
күнде 
жеткізуді 
өтінген 
Қобыландыға 
Тайбурыл 
«жеткізем» деп уәде етеді. 
Қобыланды түсінде Алшағырдың келіп, елін шауып 
кеткенін біледі де, қатты қапаланады. Бұл жайды 
Тайбурыл да сезіп қайғыланады, ыза кернегендіктен аяғы 
да ақсайды. Қобыланды өз елінің жұртына келеді де, елін 
жау қай жаққа әкеткенін таба алмай тұрады. Сонда ол 
жолды Тайбурыл тауып береді. Осы секілді әңгімелерді 
ақындар жырына қоса отырып, Тайбурылда адамның ой-
мінезін, тілін, адам сырын түсінетін ерекше қасиет бар деп 
көрсетеді. Сондықтан да жыршы-ақындар: 
Жазығы мал демесең: 
Тайбурылдың ақылы 
Адамзаттан артық-ты, –
деп ардақтайды.
Тайбурылдың екінші бір қасиеті – жүйріктігінде. 
Батырлар жырында кездесетін тұлпарлардың бәрі де 
жүйрік. Бірақ, Тайбурылдың жүйріктігі олардың бәрінен 
асып жатады. Тайбурылдың жүйріктігі шапқан сайын үдей 
түседі, қызған сайын дами береді, Қобыланды «Әйт, 
жануар, шу» дегенде: 
Аршындап Бурыл гуледі, 
Табаны жерге тимеді,
Тау мен тасты өрледі. 
Тіктеп тиген тұяғы 
Көлденең жатқан көк тасты
Саз балшықтай иледі. 
Сеңгір,Сеңгір таулардан 


Секіріп бурыл жөнелді. 
158
– 
десе, түс кезінде Тайбурылдың жүрісі одан сайын үдеп 
кетеді.
Аттың жолы қазылды, 
Бес жүз құлаш жазылды. 
Омырау тері көпірді, 
Бурыл көкке секірді. 
Арандай аузын ашады, 
Аяғын топ-топ басады, 
Бір төбенің тозаңын 
Бір төбеге қосады.
159

Қажу, шаршауды білмеген Тайбурыл кешке қарай 
жүрісті бұрынғысынан да дамытып жібереді. Сары 
садақтың оғындай зымырайды, жұлдыздай ағады:
Кешке таман Тайбурыл 
Жын қаққанға ұқсайды, 
Құлан менен бұланды, 
Киік пенен қоянды 
Ұзатпай алдын тосады. 
Көкқұтан мен Қарабай 
Көтеріліп ұшқанша 
Белінен кесе басады –
Көркемдік жағынан алғанда, өлеңнің әсірелеу түрінде 
жырланған «Тайбурылдың шабысы», – бұл қазақтағы 
батырлар жырының аса сұлу, өте шебер суреттелген асқар 
шыңы деуге болады. Мұнымен қатар, «Тайбурылдың 
шабысында» халықтың ой-арманы, қиялы да жатқаны 
байқалады. Одан сеңгір, сеңгір таулардан бір-ақ қарғып 
өтетін, алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір 
күнде жететін көлік болуды аңсаған халық қиялы көрінеді. 
Ерте кезде Тайбурылдай алысты бір-ақ аттайтын 
158
Біржан мен Мергенбайдан. 
159
Біржанның айтуынша. 


тұлпарлар болмаса да, сондай көлік болуын халықтың 
арман еткендігі аңғарылады.
Екінші, «Тайбурылдың шабысынан» басқыншы 
жауға қарсы құйындатып бара жатқан халық қаһары да, 
халықтың жауға деген ызасы мен кегі де көрінетін секілді. 
Халық намысын ту қылып көтерген Қобыланды басқыншы 
жаумен дереу кездесуді, оны талқандап жеңуді арман 
етеді. Ол: «Еліңе жау келе жатыр», – дегенде немесе 
«Еліңді жау шауып кетті», – деген хабарды естігенде 
қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатады, тұла бойын 
ашулы кек пен ыза кернейді. Оны сол жауға дереу 
жеткізетін де Тайбурыл болмақ. Ендеше, халқы үшін кек 
алуға аттанған батырдың тасқындаған күші, найзағайдай 
жарқылдаған қаһары, ызасы мен намысы «Тайбурылдың 
шабысы» арқылы да берілгендігі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет