Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет68/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Өлең түрі. Тілі 
Жырдың Біржан, Марабай, Мергенбай, Нұрпейіс 
айтатын варианттары басынан аяғына дейін өлеңнің жыр 
түрін сақтай отырып (тек Біржанның жырында аздаған 
қара сөз кездеседі), батырдың туысынан бастап 
қартайғанға дейін жасаған ерлік істерін суреттейді. Олар 
өлеңнің буын саны бір қалыпты келуіне көп көңіл бөледі, 
екпін мен ырғаққа айрықша мән береді. Бұл үшеуін 


бірлікте сақтауды өлеңдегі жыр түрінің негізгі шарты етіп 
алады.
Жыршы-ақындар қайсысы болса да әр алуан алыс-
тартыс айқастары, жекпе-жек күрестерді, шабуыл 
жорықтарды, шұғылынан жасалған қимыл-әрекеттерді 
өлеңнің әрі оралымды, әрі ұшқыр түрі жыр арқылы 
суреттейді. Тыңдаушының көз алдына елестейтіндей әдемі 
картиналар жасайды. Қобыландының жау батырларымен 
соғысы немесе Тайбурылдың шабысы қандай шапшаң 
болса, оларды сондай етіп елестететін жыр да шапшаң 
болуға керек. Сонда ғана батырлар жыры әсерлі болады. 
Мысалы, Қобыландыға Қараман келіп, Қазанға қарсы бірге 
аттануын сұрайды. «Бұл сапарға барар-бармасымды үйдегі 
Құртқам біледі», – деген Қобыландыға Қараман тіл 
тигізеді. Бұған қатты ашуланған Қобыланды ыза болып 
аулына шаба жөнеледі. Осы бір ашуды жыр: 
Сөз сүйектен өткен соң 
Қобыландыдай батырдың 
Тері тамып иектен, 
Түгі шығып білектен
Жаны тулап жүректен, 
Тобылғы атқа ер салды. 
Ақ алмасты қолға алды, 
Қамшы басып сауырға, 
Екпіні ұсап дауылға, 
Тобығы меңді торы атпен 
Қобыланды шапты ауылға
160
, –
деп суреттейді. Егер осы эпизодтағы халді қара сөзбен 
немесе он бір буынды өлеңмен айтса, ол жыр секілді әсер 
бермеген де болар еді. Өлеңнің жыр түріне негізгі өлшеуіш 
буын, ырғақ, екпін
161
деген пікірді «Қобыланды батыр» 
160
Біржан мен Мергенбайдан. 
161
Х.Жұмалиев, жоғарыда аталған кітабынан қараңыз. 


жыры да анықтай түседі. Әрине, бұдан жырда өлең 
ұйқасымы болмайды, оған мән берілмейді деген ұғым 
тумайды. Ұйқасымсыз жыр болмайды, ол кейде ерікті, 
кейде шұбыртпалы түрінде келеді. Бірақ өлең ұйқасымы 
әрбір шумақта үнемі қатарынан келе беруі шарт емес. 
Мұндай жағдайда өлең ұйқасымының орнын басатын, 
оның қызметін атқаратын ырғақ пен екпін, буын болады. 
Желі толған жылқымды, 
Жасанған жауға тапсырдым. 
Қотан толған қойымды 
Аш бөріге тапсырдым. 
Азу тісі балғадай, 
Жас бөріге тапсырдым
162
, –
дегенде, өлеңнің жыр түріне тән буын, ырғақ, екпінмен 
қатар, кезектесіп келген ұйқасым да бар. Бірақ батырлар 
жырында мұндай бірлестік үнемі кездесе бермейді. 
«Қобыланды батыр» қазақ ауыз әдебиетіндегі көркем 
жырдың бірі дегенде, ең алдымен, оның тіл байлығын еске 
аламыз. Жыршы-ақындар халықтың тіл байлығын, сөздік 
корын молынан пайдалана отырып, әдемі картиналар, 
портреттер жасайды, жыр оқиғасын әсерлі етіп баяндайды. 
Батырдың 
ерлік 
күресін, 
жекпе-жек 
ұрыстарын 
суреттегенде адамға әсер ететін асқақты сөздерді 
қолданады немесе «Әйт, жануар, шу, деді» дегенде, аттың 
жүрісін суреттеу үшін ұшқыр, қанатты сөздерді алады. 
Тайбурылмен құйындатып бара жатқан Қобыланды емес, 
жырды тыңдаушының өзі сияқты әсер қалдырады. Жыр 
тілінің байлығы неше түрлі әдемі теңеулер, метафоралар 
жасауымен, дыбыс қайталауларымен де көрініп отырады.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, 
«Қобыланды батыр» жырын халықтық сипаты мол, 
ертеден келе жатқан көркем жырдың бірі деп бағалаймыз. 
162
Біржан мен Мергенбайдан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет