Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет70/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Ер Тарғын 
Ерте кезде көк сауытты киініп, көк сүңгіні ұстаған, 
өзінің ел-жұртын басқыншы жаудан қорғау үшін қол 
жинап ерлік күреске бастаған, жау қарасын көріп 
үрейленбеген, қайта атой салып оған қарсы шапқан, жекпе-
жек ұрысқа түсіп жұрт алдында жауын жеңген адамды 
халық батыр деп таныған. Халықтың: «Батыр – батыр 
емес, батырларды бастаған батыр», – деуі осыдан. Ал, 
қалың қолды бастамаған, бірақ жасақ арасынан шығып 
жеке ерлік көрсеткен адамды халық ер деп таныған. Батыр 
мен ер деген ұғымның бір біріне мағынасы жақын болса 
да, оған халық осындай айырма жасаған. (Бертін келе 
«Батыр» деген сөз көбінесе ел қорғау, әскери-соғыс 
істеріне байланысты қолданылған). 
Жырдағы Тарғын қалың қол бастаған батыр болып 
көрінбейді. Ол жеке ұрыстарда айрықша ерлік жасаған, 
166
Қазақ ССР тарихы, 1-том, 1957 ж. Және Е.Бекмаханов, 
Батырлардың әлеуметтік жайы туралы, «Қазақ ССР Ғылым 
академиясының хабаршысы», №8, 1948 ж. 


сонысы үшін ер атанған адам. Сондықтан да халық жыры 
оны ел қорғау жолында, жеке ұрыстарда жауын жеңіп 
көзге түскен ер деп ардақтайды. Тарғын образы жырда осы 
тұрғыдан бейнеленеді.
Тарғын – бір рудың ғана емес, бүкіл ноғайлы 
жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған елдің алыстығы 
жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып көрінеді
167
. Оны 
барлық ноғайлы халқы ардақтап, өзіне қамқор тұтады. Бұл 
жайды Тарғын да сезеді, түсінеді. Ноғайлының жауы 
Тарғынның да жауы деп қарайды. Сондықтан да ол 
басқыншы жаулардан ноғайлы жұртының елдігін қорғауды 
және сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет етуді, 
қастық жасамауды мақсат етеді. Тарғынның Ақшахан 
әскерлеріне еріп, торғауыттарды жеңуде ерлік көрсетуі 
осы мақсаттан туған болады.
Тарғынның ел қамын ойлаған батыр екендігі оның 
Ақшаханға берген жауабынан да көрінеді. «Сен, кешегі 
қамалды бұзған, жауды қырған қайратыңды тынышыңды 
алған жұртыңа көрсетпедің бе?», – деп сұраған Ақшаханға: 
«Тек өз жұртымды жылатуды шариғат қоспайды», – деп 
Тарғын жауап қайырады. Бұл жауаптың үлкен мәні бар. 
Тарғын қанша мықты болғанымен, ол өз еліне күш 
көрсетуден бас тартады, оған азаматтық ар-ұяты бармайды. 
Елінде ханның жақсы көретін бір биін өлтірген Тарғын 
мұның арты неге апарып соғарын жақсы түсінеді, ол үшін 
ханның жазалайтынын, бұл жазаға өзінің көнбейтіндігін 
біледі; хан мен екеуінің арасында жанжал бастала қалған 
күнде, оның ақыры тағы да қан төгіске әкеп тірейтіндігін 
және бұдан халыққа көп зиян тиетіндігін аңғарады. 
Сондықтан да ол ноғайлының бір елінен шығып, 
екіншісіне келеді. Бұл жерді де Тарғын өз еліндей туыс 
167
Х.Жұмалиев, Қазақ әдебиетінің тарихы 1-ші том, 1960 
ж. және Х.Жұмалиев, Қазақ әдебиеті (оқулық), 1949 ж. 


санап, оған қызмет етуге кіріседі, торғауыттарды 
талқандап жеңіп береді. 
Тарғынның халық қамын ойлауын, сол жолда ерлік 
істер жасауын жыр осылай бастайды да, кейіннен оны 
дамытып әкетеді. Бұдан былайғы жерде жыр оқиғасы 
Тарғынның ерліктерін суреттеуге құрылады; жырдағы 
әңгімелердің негізгі арқауы Тарғын болады. Жырда 
айтылатын барлық әңгімелерге басты кейіпкерді тікелей 
қатыстыра отырып, жыр желісін бұзбай, бір оқиғадан 
екіншісін тудыра, Тарғынның ерлік істері баяндалады. Осы 
негізде оның ерлік образы жасалады. 
Басқа жырларда басты кейіпкерлер жайы бірден 
айтылатын болса, олардың ерлік іске аттанулары бала 
кезінен-ақ басталған болса, бұл жағдай «Ер Тарғын» 
жырында жоқ. Жырдың сюжет құру, образ жасауындағы 
негізгі ерекшеліктің бірі де осында. Жыршы ақын 
Тарғынның кім екендігін бірден айтып салмайды. 
Тыңдаушысын қызықтыру үшін және кейіннен Тарғынға 
байланысты жоқ жайды суреттеуден бастайды. Қалың қол 
алып, торғауыт еліне аттанған Ақшахан, оның жеңілуі, 
қолдың қаша бастауы – басты кейіпкер Тарғынды жыр 
әңгімесіне енгізудің дайындығы секілді болады. Бұрын 
жұрт білмеген және қалың қолдың бірі болып жүрген Ер 
Тарғын, ту жығылып әскер қаша бастаған кезінде жарқ 
етіп шыға келеді. Жау әскерлерін жалғыз өзі жапыра жеңіп 
шығады. Бұдан Ақшаханның қалың қолы секілді, жырды 
тыңдаушы да көп көңіл аударады. Жыршы ақын Ер Тарғын 
образының алғашқы үлгілерін осылай бастайды. Кейіннен 
бұл үлгі үлкен шеберлікпен күрделі образға айналады. 
Мұны ол батырдың әр кезеңдегі ерлік істерін суреттеу 
арқылы сипаттайды. 
Жанында жолдастары жоқ Тарғын, Ақшаханның 
қызы Ақжүністі алып қашады. Жалғыз өзінің осындай іс 
жасауын жыр ерлік деп біледі, соған сүйсінеді. Соңынан 


қуып келген Қарт Қожаққа Ақжүністі қалдырып 
кетушілігін де халық жыры Тарғынның ерлігі, «ағаны 
сыйлағандығы» деп көрсетеді. 
Ақжүністі алып қашуымен Ақшаханның еліне 
сыйыса алмайтынын білген Тарғын енді Еділ бойындағы 
ноғайлыға жол тартады, оны да өзіне туыс санап келеді. 
Сондықтан да ол бұл елдің де жоғын жоқтасады, Шаған 
бойындағы қалмақтардан кек қайыруға аттанады. 
Аттанбадым олжа үшін, 
Аттанғаным кәпірге 
Ата-бабам ежелден 
Ескі кегі бар үшін
168
, –
дейді Тарғын. Жыр бұл арада қалмақ басқыншыларының 
ноғайлы атанған елдің жер-су, қонысын бір кезде 
зорлықпен тартып алғанын еске түсіреді. Ата мекен 
қонысынан, жер-суынан айрылып қалу ноғайлы жұртына 
қатты батады, кетпес кекке айналады. Міне сол жерлерді 
қайтару үшін Тарғын аттанады. Бұл жолда ол көптеген 
ерлік істер жасап, ел намысын қорғап қалады. Мұны халық 
жыры Тарғынның ел үшін туған ер екендігін көрсету үшін 
жырға қосады. 
Тарғынның батырлық бейнесі, халық үшін жасаған 
ерлік істерімен алынады да, жырдың өң бойына суреттеліп 
отырады. Торғауыттармен шайқасуы, Шаған бойындағы 
қалмақ басқыншыларымен алысы, олардың бәрін жеңуі 
Тарғынның ерлік даңқын көтере түседі. Оны бүкіл 
ноғайлы елі өз батырына санап жүреді, одан ерлік іс 
күтеді, халықты жауға бермейтін, қорған болатын батыр ұл 
деп біледі. Сондықтан да халық жыры Тарғынның нағыз 
батыр екенін көрсету үшін қалмақтардың ең мықты 
қолбасшысы болған Домбауылмен кездестіреді. Оған 
168
Қазақ эпосы, 1958 ж., 382-бет. 


қарсы Тарғын өзі аттанбайды, пәле бастап ноғайлы еліне 
қанды жорық жасаушы Домбауыл болады. 
Қалың әскеріне, өзінің батырлық күшіне сенген 
Домбауыл ноғайлы еліне шабуыл жасап, соғыс ашады, елді 
ауыр күйге ұшыратады. Осы кезде басқыншылардан 
ноғайлы елін қорғау үшін Домбауылға қарсы Тарғын 
шығады. Бір-біріне кездесіп қалған екі батыр ең алдымен 
сөз арқылы арбасып, күш сынасады. Жау батыры 
Домбауыл:
Алайын десем оңайсың, 
Атайын десем толғайсың, –
деп күш көрсетеді, менмендік жасап, тәкаппарлана түседі. 
Тарғынның соғыспай беріле қоюын талап етеді. Бірақ 
жаудың қоқан-лоққысынан Тарғын қорықпайды, соғыспай 
беріспейтіндігін ескертеді де, Домбауылды жекпе-жек 
ұрысқа шақырады. 
Домбауыл мен Тарғын он бір күн бойына алысады. 
Ақырында Домбауылды Тарғын жеңіп шығады, ерлігін 
асырады. Сонан кейін жаудың тап берген қалың қолымен 
соғысып, оны да жеңеді. Бұл жерде халық жыры жау 
адамдарын, оның батырларын аса күшті етіп суреттеу 
арқылы Тарғынның батырлық образын ұлғайта түседі. Жау 
батырлары қанша мықты және көп болса да Тарғыннан 
жеңіліп қалады. Өйткені олар әділетсіздік іс бастады, 
шапқыншылық жасады, сондықтан да ондайлардың жолы 
болмақ емес деп халық жыры қорытынды жасайды. Ал 
Тарғынның жалғыз барып мыңдаған жауын жеңуін халық 
жыры оның әділ іс үшін күрескендігінде, қашан да болсын 
әділ іс жеңеді деп топшылайды. Жыр Тарғын арқылы 
әділдікті сүйгіш, бұл қиын жолда қандай жағдайда болса 
да, ерлік жасау қолынан келетін халықты, оның сарқылмас 
күшін бейнелейді. Жырдың жағымды бас кейіпкері 
арқылы халық күші жинақталып беріледі.


Сөйтіп, халық жырында басқыншы жауларға қарсы 
ұрыс майдандарында ерлік жасаған Тарғынның батырлық 
бейнесі жасалады. Тарғын – халқын сүйген, оған қызмет 
еткен, елдің жауларымен алысып өткен, халық намысын 
қорғаған айбынды батыр. Тарғын бейнесінің халықтығы 
да, күштілігі де осында. 
Жырда Тарғынның бейнесі тек ел қорғау жолында 
жасаған ерлік істерін суреттеу арқылы ғана жасалып 
қоймайды. Оның батырлық тұлғасы, ерлік ісі, алып күші 
Тарғынның өз сөзімен де, бөгде адамдардың (мәселен, 
Сыпыра жыраудың) сипаттауымен де беріліп отырады. 
Тарғынның қандай батыр екендігі, оның мертігіп айдалада 
жатқан жерде айтқан зарынан да көрінеді. Домбауылдың 
қолымен кездескен жерінде: 
Алты қырлы ақ мылтық
Ата алмаса маған серт! 
Қозы жауырын қу жебе . 
Тарта алмасам маған серт!.
Тауға салсам тас тескен, 
Кеудеге салсам бас кескен. 
Алты аршын ақ болат 
Қынаптан алып суырып, 
Шаба алмасам маған серт!. 
Жау ішінде жұлынып, 
Толғамасам маған серт!
169
– 
деп айтатын серттесу сөздерінен Тарғынның күшті батыр 
екендігі елестейді. 
Дегенмен Тарғын образының әлсіз, осал жағы да жоқ 
емес. Мұнысы, оның Ханзадамен ымыраға келуінен 
көрінеді. Өзіне талай рет опасыздық жасаған, алдап соққан 
Ханзадаға Тарғын ашу-өкпе айтудан асып кете алмайды. 
«Атаңа нәлет ақсүйек», – деп, – «домалатып басыңды 
169
сонда 399-400 бет. 


алармын», – деп отырса да, Ханзадаға қарсы күш көрсетіп 
ұрыс шығармайды, ескі әдет-ғұрыптың шырмауында 
қалып қояды. Солай бола тұрса да, Тарғын образы елдің ел 
қорғау жөніндегі арман-мүддесін, халықтың қандай 
батырды ардақтайтындығын көрсететін жағымды бейненің 
бірі болмақ.
Ақжүніс 
Батырдың сүйікті жары, сенімді серігі, ақылшы досы 
ретінде жырға қосылған жағымды образдың бірі – 
Ақжүніс.
Бет ажарын қарасаң, 
Арпа, бидай, ақ ұндай. 
Жазғы түскен сағымдай. 
Қасы жайдай керілген, 
Ет ажарын қарасаң. 
Кірпік оқтай тізілген, 
Қабығынан айырған 
Бел бұралып бүгілген
170
, –
деп жыр салған беттен Ақжүністің портретін жасайды. Өз 
тұсында одан сұлу, одан ақылды қыз болмағандығын айта 
келіп, халық жыры оны Тарғынмен кездестіреді. 
Тарғынның ерлік істерін, адамгершілігін, халық қамын 
ойлаушы батыр екендігін бірден бағалаушы Ақжүніс 
болады. Сондықтан да ол хан сарайын тастап, халықтың 
қалаулы ұлы Тарғынды сүйеді де, халық жағына шығады. 
Атастырып қойған адамына бармай, ескі әдет-ғұрыпқа 
қарсылық білдіреді.
Тарғынға айтқан бір сөзінде: «Мені бір ханның 
баласына айттыруға елші келіп жатыр. Әкем мені бермек 
болып, менен рұқсат сұратты. Мен хан баласына таңсық 
емеспін, өзім де хан баласымын. Сұлуға таңсық емеспін, 
170
сонда, 368-бет. 


өзім де сұлумын. Кімнің бақыты зор болса, соған барам. 
Енді мені біреуге қор қылғанша, батыр екенің рас болса
сен мені ал да қаш, мен саған тием, сенен басқа ешкімге 
тимеймін, көңілім саған ауды, сені сүйдім!», – дейді 
Ақжүніс. Оның бұл сөзінен Ақжүністің хан баласын емес, 
халық баласын сүйгендігі көрінеді. Сондықтан да жыр 
Ақжүністің халық жағына шығуын, хан сарайын, ондағы 
сән салтанат, байлықты тастауын өжеттік деп бейнелейді. 
Ақжүністің Тарғынға шығуы, бір жағынан, халық батырын 
бағалағандығы болса; екіншіден, қыз намысын, бас 
бостандығын қорғауы, сүйген адамына өз еркімен 
қосылуын мақсат еткендігін де байқалады. Әйелдің бас 
еркі болмаған заманда, Ақжүністің Тарғынға өзі барып сөз 
салуы, хан ордасынан қашып шығуы қыздың өжет, намыс 
иесі екендігін аңғартады. Оның образын жасағанда, 
жыршы ақын Ақжүністің осы қасиетіне айрықша көңіл 
бөледі.
Тарғынға қосылып, хан сарайынан қашып шыққан 
Ақжүніс бұдан былайғы жерде батырдың сенімді серігі, 
сүйікті жары, ақылшы досы, қайрат беруші жолдасы 
ретінде суреттеледі. Қысылған жерде қайрат беретін, қиын 
жерде ақыл табатын да Ақжүніс болады. Тарғын мертігіп, 
күйініп жатқан кезінде батырға сүйеніш болған да, 
батырдың намысына тие, қайрап қуаттандырған да 
Ақжүніс болады. Талай тас қамауды бұзған, талай жауын 
күйреткен батырдың мертігіп қалғанына қапаланған 
Ақжүніс: «Даңқты батырым, даңқсыз өлімге душар 
болдың-ау, айдаладағы қарға-құзғынға жем болдың-ау», - 
деп намыстанады. Сондықтан ол Тарғынның намысына 
тие: 
Ағаштан биік мерт тауып, 
Қорлықпенен өлген ер
171
, –
171
Сонда, 389-бет. 


дейді, батырды әрі намыстандырады, әрі қайраттандырады. 
Жан-жолдасының бұл сөзіне түсінген Тарғын: «Ағаштан 
құлап өлді деген атаққа қалғанымша, мүлде өлейін», – деп 
мертіккен белін бар күшімен басып қалғанда, бел 
омыртқасы орнына түседі. Бұған себепкер Ақжүніс 
болады. 
Мертіккен белі орнына түскен Тарғынға ендігі бет 
алыстың қалай болу керектігін айтып, ақыл беруші де 
Ақжүніс болады. Ол Тарғынға: «Кеше мертігіп қалған 
күнде сені жұртына тастап кеткен ноғайлыларға барып 
көрін, беліңнің жазылғанын білдір. Олай етпесең, Қырым 
халқынан, Ақшаханның қол астынан, Тарғын деген бір 
батыр келіп, бір омыртқасы сынған соң, қарға-құзғынға 
жем болып, Бұлғыр таудың қойнауында өліп қалды дер, 
сондай жаман атаққа қаларсың», – деп ақыл айтады. 
Батырдың сөзге кіріптар болмауын, дос-дұшпанның 
алдында беделі түспеуін көздейді. Бұл арада халық жыры 
Ақжүністің ақылды дана адам екендігін сипаттап, үлгі 
етеді. 
Тарғын мен Ақжүністің соңынан қуып келген Қарт 
Қожақ екі жасқа қысылшаң сын кезін туғызған болатын. 
Бірақ одан Ақжүніс қысылмай өткен-ді. Қарт батырды 
сөзімен тоқтатып, жолын тосады, басындағы мұңын 
айтады, екі жасты жылатпауын сұрайды. 
Жылап тұрған көзім бар, 
Өксіп тұрған жаным бар, 
Әуре болған басым бар,
Алғанымнан айырма! 
Мені өзіңе қайырма!. 
Тілекті бермес болар ма, 
Сіз сықылды асылдар
172
, –
172
Сонда, 373-бет. 


дейді. Екі жасқа аяушылық білдірген Қарт Қожақ, 
Ақжүністің тілегін береді. 
Сонымен, «Ер Тарғын» жыры Ақжүніс образы 
арқылы батырға сенімді серік, ақылшы дос, айнымас 
жолдас болған өжет қыздың, намыс иесінің бейнесін 
елестетеді. Мұндай қыздарды халық жыры өз тұсындағы 
жастарға үлгі еткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет