Барлық ғылым салалары сияқты құқық саласының негізгі белгілері мыналар:
әрбір саланың өзіне тән пәнінің бар болуы;
өз заңы, өзіне тән кодекстелінуі;
құқықтық нормаларды мүлтіксіз орындауға бағытталған мемлекеттік – құқықтық шаралары, құқықтарды және міндеттерді іске асыру әдістері белгіленген құқық субъектілерінің құқықтық жағдайларын реттеуші ерекше заң тәртібінің болуы.
Осы белгілердің барлығы құқық саласының түрлерін анықтайды.
Құқық салаларын мынадай топтарға жинақтаймыз:
і топқа, негізгі құқықтық тәртіпті қамтыйтын базалық салалар жатады. Барлық құқық жүйесінің үстінен қарайтын конституциялық құқық,
одан кейін материалдық сала – азаматтық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық және соларға сай іс жүргізуші саласы – азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу құқықтары жатады.
і топқа, құқықтық тәртіптің қалыптасқан қоғамның маңызды жақтарын қамтыйтын арнаулы салалар жатады. Оларға еңбек құқығы, жер құқығы, қаржы құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, отбасы құқығы, еңбекпен түзеу құқығы т.б. жатады.
і топқа, әртүрлі институттардың комплексті салалары жатады. Бұл сала шаруашылық құқығын, аграрлық, экологиалық,сауда, прокурорлық бақылау, теңіз, өзен құқықтарын қамтыйды.
Құқықты салаларға бөлу екі негізгі бөлікті анықтайды: құқықты реттеу пәні және әдісі.
Құқықты реттеу пәні – заң нормаларының арасында ерекше байланыс жүйесін құрайтын, құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастар. Құқықты реттеу пәні белгілі – бір сала бойынша негізгі құқықтық нормаларды топтастырады. Құқықтық құрылымына қарай оларды айырып береді. Мысалы, мемлекеттік органдардың құрылымына байланысты қатынастар немесе халыққа білім беру саласына байланысты қатынастар. Еңбек қатынастары - еңбек құқығын реттеу пәні ретінде жүреді, отбасы қатынастары - отбасы неке құқығы пәні ретінде т.б.
Қосымша өлшем ретінде құқықтық реттеу әдісін қолданамыз.
Құқықтық реттеу әдісі – бұл мемлекет тарапынан біртекті қоғамдық қатынастарға құқықтың әсер етудің әртүрлі құқықтық тәсілдерінің жиынтығы. Бұл тәсілдер құқықтық нормалар құруда пайдаланылмайды. Олар әрбір құқық саласында қолданылатын құқықтық реттеу әдісіне байланысты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |