Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет27/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқық құрылымының жүйесі.

  • Құқық саласының негізгі белгілері.

  • Құқықты реттеу пәні.

  • Заңды жүйелеу.

    Құқық өте күрделі жүйені көрсетеді. Ол әр-түрлі бір-бірімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Қоғамдық қатынастардың өзі де түрлерге бөлінеді.
    Жаңа қоғамдық қатынастар пайда болып, қалыптасқан қатынастар жүйесі өзгеріп отырады. Соған байланысты жаңа нормалар және бұл нормаларға қатысты жаңа байланыс жүйесі қалыптасады. Құқық жүйесі дегеніміз құқықтың өзінің ішкі құрылымы, оның әртүрлі салаларға, бұл салалардың өздере тән ішкі бөлімдерге және институттарға бөлінуі.
    Құқық құрылымының жүйесі – бір-бірімен байланыстағы көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.
    Құқық жүйесі бірнеше сатыдан тұратыны анық 1-сі, ішкі байланыстағы заң нормалары. Бұл нормалар қоғамдық өмірдегі ең қажетті құқықтық қатынастарды реттейді. Їшкі байланыстармен қатар сыртқы байланыста да бұл нормалардың маңызы зор.
    Белгілі қоғамдық қатынастардың өзі бір ғана құқық нормасымен ғана емес, бірнеше құқық нормаларымен реттеліп және қорғалып отырады.
    Бұл нормалар біртұтас құқықтық институтты құрайды: мысалы, азаматтық құқықта меншік институтын, қылмыстық іс-жүргізу процесінде айыпталушының құқықтық жағдайы институты т.б.
    Құқық жүйесінің 2-і сатысы, құқықтық институттар болып табылады. Құқық институты – белгілі - бір қоғамдық қатынасты реттеуші тәртіпке салынған нормалар. Құқық институты заң нормалары салаларының жиынтығымен салыстырғанда анағұрлым төмендірек. Әрбір құқық саласынан көптеген құқық институттарын бөліп көрсетуге болады. Мысалы, еңбек құқығы бойынша еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқық бойынша талаптың ескіруі институты, отбасы құқығы - неке институты, ұл (қыз) асырап алу институты т.б. халықаралық құқықта консулдық институты, елшілік институты т.б. Құқықтық институттың үш негізгі белгісін көрсетеміз:

    1. құқық нормаларының заңды түрдегі теңдігі;

    2. қоғамдық қатынастың нақты анықталған бір саласының жағын реттеуі;

    3. құқықтық институтты құрайтын нормалардың, заңдардың және басқа нормативті құқықтық актілердің тарауларға, бөлімдерге, бөлімшелерге жіктелуі.

    Құқық жүйесінің бұл үшінші сатысы құқықтың әртүрлі салаларға бөлінуін көрсетеді. Құқық саласы – бұл қоғамдық қатынастарының нақты анықталған саласын реттейтін нормалар тобы. Мұндай қатынас саласын реттеуде өзіне тән арнайы әдіс – тәсілдерді пайдаланады. Құқық салаларын конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, азаматтық іс жүргізу құқығына және т.б. құқықтарға бөлеміз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет