Құқық нормасына түсінік және оның белгілері.
Құқықтық нормалар түрлері.
Құқық нормаларының құрылымы.
Құқық нормасы – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінен туатын, жалпыға міндетті мемлекет бекіткен мінез – құлық ережелері.
Құқықтық норма заңды ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Сондықтан оны мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды адамдар мен барлық
азаматтар сақтауға міндетті. Заң нормасы – құқық жүйесінен пайда болатын алғашқы құқықтың клеткасы. Соған байланысты ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде өзіне тән белгілері бар. Құқық және құқық нормалары бір-біріне сай келмейді. Олар жалпы және жеке түрде қатынаста болады. Құқық - бұл құқықтық нормалардың жиынтығы, ал құқықтық норма ең маңызды қоғамға және тұлғаға қатысты өте қажет қоғамдық қатынастарды реттеуші. Құқықтық нормада қоғам және тұлға үшін зиянды қатынастар да бейнеленеді. Құқық нормаларын өз органдары атынан мемлекет бекітеді және ол орындалуға міндетті, оны бұзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылады.
Құқық нормалары міндетті түрде әрбір құқық саласына сәйкес арнайы кодекстерде тұжырымдалады.
Құқық нормаларының ерекше белгілері мыналар:
Жалпыға міндеттілігі – бұл мемлекет азаматтарының мінез – құлқындағы орындалуға міндетті мемлекеттік билік жазбалары;
Формальды анықтылығы, яғни құқық нормаларының белгілі ережелерге сәйкес қатаң түрде арнаулы құжаттарда жазылуы;
Құқық нормалары мемлекеттің күштеу әдістерінің әсерінен бұзылудан қорғалады;
Құқық нормалары жалпыға міндетті екі бағытта құқықтық жазбалардан тұрады:
мінез-құлық ережелері;
негізгі нормалар.
Мінез – құлық ережелері - бұл нағыз реттеуші нормалар. Бұл нормалар құқықтық нормалардың үлкен бөлігін құрайды. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды жауапкершілігін белгілейді.
Негізгі (атқарушы, құрушы) нормалар – бұл норма – прициптер, норма – дефиницилер т.б.
Бұл нормалар құқықтық реттеудің бастамасын қалайды, құқықтық реттеудің бағыттарын анықтайды;
Құқық нормаларының мемлекетпен байланысы. Оны мемлекеттік
органдар белгілейді және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі. Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші болып саналады. Мысалы: саяси билікке, басқаруға, әділеттілікке қатысты азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау т.б. қатынастарды реттейді;
Құқық нормалары – заңды және заңсыз мінез-құлықтың, құқықтық және құқықтық емес іс-әрекеттің өлшемі ретінде, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген адамдардың мінез-құлқының моделі, эталоны, өлшемі және көлем ретінде көрінуі. Сөйтіп, құқық нормасы мемлекет қалыптастырған және бекіткен жалпыға міндетті адамдардың мінез-құлық ережелері. Ол негізгі құқықтық прициптерге сай жүргізіледі және мемлекет күштеу әдістері қажет деп танылған жағдайда қамтамасыз етіледі.
Құқық нормасы кімге бағытталса, оны сол орындауға міндетті. Бұл міндеттегі барлық тұлғаға қатынасты және ол біртекті, ұқсас көптеген өмірлік жағдайларды реттеуге арналады. Заң нормаларын өз жазбаларының мазмұнына сәйкес бірнеше түрлерге бөлеміз:
реттеуші, құқық қорғаушы, басқарушы;
тиым салушы, міндеттеуші;
императивті, диспозитивті.
Реттеуші нормалар қоғамдық қатынастарға түсуші субъектілердің субъективті құқығын және заңды міндеттілігін, олардың пайда болуын және әрекет жағдайын анықтайтын нормалар.
Құқық қорғаушы нормалар қоғамдық қатынастарға түсуші субъектілердің құқықтық жауапкершілігінің шегін және мемлекеттің күштеу шараларының субъектіге қолдану жағдайын, белгіленген шаралардың мәні мен мазмұнын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |