Мемлекет пен құқық өркениеттің аса зор жетістігі, оның адамзат тарихындағы мәні айрықша


Лекция «Құқықтың әлеуметтік мәні» - 2 сағат



бет11/18
Дата26.10.2022
өлшемі213.2 Kb.
#463429
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
darister

6 Лекция «Құқықтың әлеуметтік мәні» - 2 сағат
Қанша жерден парадокс болса да, құқықтың көпғасырлық тарихына қарамастан, заң ғылымында басқа гуманитарлық білім салаларындағыдай бұл феноменнің бірізді түсінігі жоқ. Бұл ретте құқықтың тарихи типтері мен формаларынан; әлеуметтік реттегіштердің басқа түрлерімен: әдет-ғұрыптармен, моральмен, дінмен, сонымен қатар мемлекетпен байланысы; құқықтық шығармашылық және құқық қолдану процестері; құқық пен құқықтық сананы іске асыру мәселелері және юриспруденцияның басқа да теориялық және практикалық проблемалары туралы хабар беретін ғылыми әдебиеттер жеткіліксіз емес. Олардың ғылыми құндылығы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге байланысты жеке фактілерді қарастыра отырып, ортақ негізді анықтауға мүмкіндік беретін құқық абстракциясын түсінуге септігін тигізетіндігінде. Шынымен де құқық деп айтуға келетін нәрсе көз алдымызда мінез-құлық ережелері, оның тәжірибесі, қолданылуы мен жүзеге асуы және т.б. бірді-екілі құбылыстар түрінде көрініс табады. Бұл мүлде ағаш жоқ, бірақ қарағай, шырша, қайың және т.б. бар деген тәрізді. Ботаникалық әртүрлілікке қарамастан, оларды біріктіретін негіз қоректік заттарды жапырақтарға жеткізетін діңгек болып табылады. Сол сияқты құқық ұғымын (абстракциясын) анықтауда қоғамдық қатынастарды әлеуметтік реттеу құралдарының әртүрлілігіне қарамастан, олардың құқыққа жатқызылу себебінің ортақ негізін табу керек. Бұл мәселе ғылыми ортада әлі күнге дейін талқыға салынып келе жатыр.
Құқық негіздері
Полемика бұл ретте үш бағыт бойынша өріс алды: а) мемлекетке дейінгі құқық болды ма немесе ол мемлекет қызметінің өнімі болды ма; б) құқық деп құқықтық нормалардың жиынтығын немесе нормалар жүйесі санауға бола ма; в) нормалардан басқа құқық ұғымын құқықтық сана немесе құқықтық қатынастар қамти ма?
Сұрақтардың бірінші легі бойынша ғалымдардың көпшілігі әлі күнге дейін тарихи аренада мемлекеттің пайда болуымен бірге құқық пайда болды деп санайды. Ал мемлекеттікке дейінгі кезеңде әлеуметтік реттеушілер ретінде әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, мораль және дін қызмет етіп отырды. Олардың оппоненттері мелекет қалыптасқанға дейінгі кезеңде, әсіресе, алғашқы қауымдық құрылыс тұсында адамдардың нақты қарым-қатынастары салт-дәстүрлердің және моральдің ықпалына ұшырамай, қажетті қоғамдық тәртіп моделі ретінде қызмет еткенде, құқықтың болғанына барынша нанымды дәлел келтіреді.
Полемикаға қатысушылар екінші бағыт бойынша өз ұстанымдарынан айтарлықтай айырмашылықты атап көрсете алмайды, себебі олар да мемлекет бекіткен нормаларды құқық деп таниды. Тұтастық немесе жүйе туралы позициясына келер болсақ, жүйені қалыптастыруға қажетті тұтастық көлемін немесе соңғы нормалар жиынтығын анықтай алсақ, олардың пікірлері дәйекті болар еді. Өйткені тұтастық теориялық тұрғыдан екі нормадан тұра алады. Ал бұны құқық деп санала ма? Кез келген жүйе оған тұтастық беретін белгілі бір деігейде бір-бірімен байланысты элементтердің ең аз мөлшерін талап етеді. Кез келген мемлекеттің құқығы қолданыстағы көптеген құқықтық актілердің жүйелі байланысының болмауы салдарынан бұл талаптарға сәйкес келе бермейді және сәйкес келмейді де. Кем дегенде Конституцияны (негізгі) және одан туындайтын, оған сәйкес келетін базалық салалық заңдар – азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және сот заңдары енгізілуі тиіс мемлекеттің құқықтық жүйесі туралы сөз болса, басқаша болар еді. Үшінші бағытты жақтаушылар құқық ұғымына құқықтық нормалардан басқа құқықтық қатынастар мен құқықтық сана кіреді деп санайды. Солайша олар мемлекет санкциялаған нормалар жүйесін құқық деп санайтын авторлар сияқты әдіснамалық қателікке жол береді. Құқыққа мұндай механикалық түрде жинақталған ұғымды таңу әрекеті құқық түсінігінің жалпы, жан-жақты, бай бола түсуі үшін пайдалы. Бұл – құқық теориясын құрудағы проблема. Алайда бұл әрекет құқық деп атауға келетін әлеуметтік реттеуіш сипаттамасының басты мәнін түсінуге септігін тигізбейді.
Әрине, құқық ұғымы немесе дәлірек айтсақ, құқық туралы түсініктің мәні оның шағын анықтамасынан гөрі әлдеқайда кең. Құқық ұғымы – алуан түрлі құқық бейнесі жасалатын көптеген көп қырлы ғылыми зерттеулердің қорытындысы. Дефиниция бұл мозаикадан құқықты өзімен байланысты басқа алшақ немесе жақын қоғамдық институттардан ерекшелейтін ең басты, өзіндік белгілерінің айырмашылығын бойына жинайды. Сол себепті дефинициялар туралы пікірталастар құқық ұғымының ауқымы мен мәні туралы тартыстардай маңызды.
Жалпы алғанда, барлық зерттеушілер адамдардың әлеуметтік өмірі қоғам өмірінің мемлекет болып қалыптасу алдындағы және мемлекет болған кезеңінде қалыптасқан нормалармен-қағидалармен реттеледі дегенге келіседі. Бұл ретте олар моральдық және діни канондармен реттеу тәсілі бойынша да, олардың орындалуын қамтамасыз ету тәсілі бойынша да сәйкес келмейді. Осы ережелердің негіздерін анықтау және олардың тарихи тұрғыдан негізделген мақсатқа сәйкестілігін түсіну үшін адамзат тарихына оның пайда болуынан бастап қысқаша шолу жасау қажет. Адамның пайда болуы тарихи тұрғыдан өмір сүру жағдайлары жасалған адамдық қауымдастықтың пайда болуын меңзейді.
Жануарлардың ішінде қалған индивид адами қасиеттерге ие болу мүмкіндігінен айырылады. Мұндай мысалдар сирек кездессе де, кішкентайынан жабайы жануарлардың ортасында өмір сүрген баланың мақсатты түрде әлеуметтік ортаға енгізілуіне қарамастан, адам сияқты өмір сүре алмауы осының дәлелі болып табылады. Антропологтардың мәліметтері бойынша алғашқы адамдық қауымдастық алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде пайда болады.
Бұл кезеңде промискуитетке, яғни алғашқы қауымдық қоғамда реттелмеген жыныстық қатынасқа негізделген алғашқы адамдар тобыры отбасының қалыптасуына алып келді. Жеке сананың дамымағандығына және адамның физикалық мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты өмір үшін күресте жабайы табиғатқа қарсы тұра алмайды. Бұл мәселені алғашқы адамдар тобыры құрамындағы тұтасқан индивидтер үлесі арқылы шешті. Бұл ретте олардың әрқайсысы бір бүтін функцияға айналады, одан ажыратылмайды. Мысалы, бірігіп аңға шыққанда біреуі жабайы құстарды қуса, екіншісі тұзақ құрып, оны ұстайды, ал үшіншісі өлтірілген құсты тасиды және т.б.
Қоғам өмірін осылайша ұйымдастыруда ұжымдық сана жетекші рөл атқарады. Жеке сана ұжымдағы функциясын сезініп қана дамымаған күйде қала береді. Құрылымы жағынан бөлінбеген ортақтықта да сондай синкретті сана басшылыққа алынады. Осылайша, индивидтің санасы мен әрекеті алғашқы тобырға сіңісіп кетеді. Ол ойы, әрекетімен сол белгіленген шектен өздігінен шыға алмайды. Бұл тіпті ойға қонғысыз нәрсе. Белігілі бір функцияны атқарушылар бір-біріне қарсылық білдіре алмайтындықтан, мысалы, адамның басқа функцияны орындайтын аяғы қолына қатысты қарсылық білдіре алмайтыны сияқты алғашқы тобыр кезеңінде ішкі қайшылықтар туындамайды. Сондықтан бастапқы кезеңдерде алғашқы тобыр ішкі нормативтік реттеуді қажет етпейтін, ажырамаған біртұтас ағза бола отырып, адамзаттың дамуы үшін бірте-бірте материалдық жағдай жасайды.

Адамның табиғатқа бейімделуі, оның өмірінің ерте кезеңдеріне тән, уақыт өте келе ол оның адамға бейімделуіне жол ашты. Еңбек құралдарын жасау, тұрғын үй салу үшін материалдарды пайдалану, тамақ дайындау және жабайы аңдардан қорғау үшін отты қолдану және т.б. адамзат эволюциясындағы орасан зор серпіліс болды және адам санасының айтарлықтай кеңеюін көрсетті және бір мезгілде оның әрі қарай дамуының алғышарты болды. Осының бәрі алғашқы қауымдық тобырдың қоғамдық өмірдің рулық ұйымына айналуы кезеңінде болды.


Алғашында полигамды, содан кейін моногамды отбасының пайда болуы арқасында қандық туыстыққа негізделген адам қоғамының жаңа түрі – рулық қауым пайда болады. Ол тобырлық өмір салтынан пайда болған алғашқы қауымдағы көптеген қасиеттерді бойына сақтайды. Содан кейін эволюция процесінде жетекшімен және ақсақалдармен басшылық ететін құрылымдық рулық қауымға айнала бастады. Бірақ оның рулық өмірдің сатысынан ең басты айырмашылығы – рудың ыдырау уақытына қарай оның әрбір мүшесі жеке санаға ие болу деңгейіне жетеді, ол алдымен санада өзін бірлескен тобырлық санадан және тобырлық іс-әрекеттерден бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл өзін толық индивид ретінде саналы түрде өзін-өзі табу актісі – ой бостандығының алғашқы сатысы. Ол әрі қарай әрекеттегі бостандыққа ауысады. Ой бостандығы, ішкі бостандық шексіз.
Оның маңыздылығы – санадағы еркіндікті шынайы еркіндікке айналдыруда. Себебі адам баласы үшін ең басты еркіндік – өзінің табиғи болмысын таныту (өзін-өзі өзгерту және дамыту), қоршаған орта мен әлеуметтік қоғамды тану, гуманитарлық және техникалық дамушылыққа атсалысу. Еркіндігі жоқ адам қоғамдық өмірден шет қалып, оған сөзімен де, ісімен де ықпал ете алмайды.
Өшіп бара жатса да, туыстық сана бірлігін сақтаған және әулет мүшелері арасында жаңадан индивидуализация басталған ұжымдық өндіріс деңгейінің төмендеуі салдарынан ішкі қарым-қатынас әлсірегендіктен, әулет мүшелерінің әрқайсысы шынайы еркіндікке ұмтылады. Мұның барлығына күнделікті тұрмыстағы басы артық заттардың жиналуы, шекаралас көрші аймақтарды жаулап алу, оларға иелік ету және мүлікті жұмсау әулет мүшелерінің ұжымдық мүмкіндіктерінің шегінен асқандығы ықпал етті. Оған қоса олардың санының артуы әулеттің құрылысын, ондағы қоғамдық қатынастарды күрделендіріп, әулет мүшелерінің арасындағы арасындағы қашықтықтан және вербальды (ым-ишара) қарым-қатынас арадағы байланыстың сақталмауына алып келді. Осындай қарым-қатынастың салдарынан адамдар қарым-қатынас күрделенсе де, бұл бірте-бірте шынайы қарым-қатынас пен еркіндікке жол ашты.
Шын мәнінде жеке тұлға үшін оның табиғи, сыртқы еркіндігінде шек болады. Бұл түсінікті мына бір қанатты сөз арқылы жеткізейік: «Жұдырықты жұмсау еркіндігі басқа біреудің мұрнының ұшына жеткенде жоқ болады». Адам көзқарасы құбылмалы, тіпті әлеуметтік тұрғыдан да, сол себепті қаншалықты еркіндікке ұмтылып, өз қызығушылығыңа қарай еңбек етсең де, барлық нәрсенің белгіленген шектеуі болады. Және барлығымыз сол заңдылыққа бағынамыз. Мәселен, адам қоғамдық ортадан бөлек, жабайы, ешкім бақылауда ұстамайтын жерде оқшау өмір сүрсе, шексіз әрі шетсіз еркіндіктің ол үшін мәні қалмайды. Ол әрі еркін, әрі барлығына тәуелді күй кешеді. Еркіндік өмір сүруге кедергі келтіретін нәрседен және сол күйді бастан кешіріп өмір сүруден арылу дегенді білдіреді. Адам социумда ғана еркін немесе тәуелді бола алады. Хронологиялық тұрғыдан алып қарағанда, еркіндіктің алғашқы белгілері ежелгі дәуірлерден-ақ көрініс береді. Оның барлығы еркіндікке деген қызығушылық пен құлшыныстың нәтижесі.
Бұл кезеңде индивидуалды сананың тар көкжиегі жеке бас бостандығы мен адамның өзіне ғана емес, бүтін бір әулетке де кесірін тигізетін бассыздықтың шекарасын ажырата алатын күйде емес еді. Сондықтан қоғамдық ортадан бөлек әрбір әулеттің өзіндік заңдылықтары, орындауға тиісті, болмаса қажеті жоқ ережелері болады. Сол әулеттің мүшесі ретінде сол заңдылықтарға мойынсұнады. Жалпы алғанда, бұл қағидалардың барлығы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен мінез ерекшелігін таныту жолында қызмет етеді.
Көпшілікке ортақ, барлығы бағынатын және оны қатаң түрде бұлжытпай орындайтын заңдылықтар әрбір әулетте болады. Егер де ол бұзылған жағдайда ол үшін қатаң жаза орындалады. Кейбір әулеттер сол қателескен адамды өз ортасынан алшақтатады. Сондықтан осындай нормативке қарсы ережелердің әсерінен адамдар жеке басына тиесілі еркіндікке ұмтыла бастады. Мысалы, неке қатынастарындағы еркіндік өз руыңның адамымен отбасылық (ерлі-зайыпты) жақын қарым-қатынасқа түспеумен шектелді (экзогамды неке). Не болмаса өзіңе тиесілі жеке мүлік, дүниеңді өз балаларың мен жақындарыңа беру еркіндігі де өзіңнен кейінгі мұраға үлкен және кіші балаларының біреуінің ғана ие болу құқығымен шектелді. Еркіндікті шектеудің тағы бір ерекшелігі сол шектеулерді орнататындар әулеттің абыройына және күшпен мәжбүрлеуіне бағынады. Қажет болған жағдайда психикалық және физикалық жаза қолданып оларды ережелерді орындауға мәжбүрлеу моральдық және діни нормаларға дейін туындаған әлеуметтік реттеудің бұл түрінің ерекшелігі болып келеді.1
Жеке тұлға еркіндігінің саласының әртүрлілігі соншалық, бір ғана ортақ ережеге сүйеніп, барлығын жоққа шығарып, болмаса барлығына бірден шектеу қоюға болмайды. Сондықтан еркіндікті шектеу әлеуметтік-қолданбалы және қоғамның дамуының алғышарты болып табылатын пайдалы тәртіп актілерін модельдеу арқылы іске асады. Маркстің коммунистік қоғамда «әрбір адамның еркін дамуы барлық адамның еркін дамуына пара-пар» 11 деген көзқарасына сәйкес еркіндіктің әлеуметтік еркіндікті шектеу алғашқы қауымдық қоғамнан бастап заманауи қоғамға дейінгі адамзаттың өмір сүруінің алғышарты болып табылады. Индивидтің жағында шектелген еркіндік қоғамның жағында қажеттілік ретінде алға шығады.
Қазіргі саяси ортада міндетті түрде қауіпсіздікті сақтайтын, еркіндіктің өзіне сай мөлшерін қадағалайтын деспоттық және авторитарлық режимдер орындалады. Мұның екінші бір қыры бар: еркіндіктің шексіздігі адам құқығының абсолютизациясына алып келеді, ал еркіндіктің ойға қонымды шектелуі индивидуалдық тұрғыда даму үшін де, қоғамдық даму үшін де игі ықпал етеді (мәселен, бір жынысты қарым-қатынасқа деген шектеу, әдеби образдарда зорлық-зомбылық, ұрып-соғу көріністеріне шектеу қою және т.б.).
Жекелей және жалпы адам баласына қатысты орындалуға тиісті ережелердің әрқайсысының өзіндік қиындығы бар іс, оның шешімін адамдардың өмір сүру жағдайы мен қоғамдық және индивидуалды сананың даму деңгейін ескеру арқылы ғана табуға болады. Бұл өте маңызды, себебі Соңғылары қарапайым дүниені қабылдаудан бастап шынайы болмысты теориялық тұрғыдан игеру деңгейіне дейін және бір мезетте қоғамның жекелеген фрагменттерінің құлдырауы адам болжай алмайтын өзгерістерге итермелейді.
Әрбір тарихи кезеңдегі мұндай қайшылықтар қоғамның үзілістерімен шешіліп оң нәтиже көрсетіп отырған. Бұл ретте ол үнемі бұл мәселенің белгілі бір индивидтердің (ұжымдардың) еркіндігін шектеу және басқаларын қажетті қоғамдық әрекеттерді орындауға мәжбүрлеу әдісіне жүгініп отырған. Индивидуалды еркіндікті нормаға түсіру мен қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету міндетін негіз еткен құқықтық реттеудің мәні осында жатыр. Бұл міндеттің шешімі мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңнің өзінде де ізделіп келген болатын және әлі күнге дейін мемлекеттің пайда болып, дамуы кезеңінде де шешімі табылмай келеді. Мемлекет бекіткен заң түріндегі заманауи құқық нормаларының негізі қоғамның дамуының мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңіндегіден ерекшеленбейді және әлі күнге дейін қызмет етіп келеді. Мысалы, корпоративтік құқық нормалары.
Шектелген еркіндікті өзі іске асыратын социум қорғайды және ұстанады. Тарихи тұрғыдан алғанда ол әулет, кейіннен қоғамның өкілі ретінде мемлекет, одан кейін позитивті құқықпен бірге заңға дейінгі құқық бірге іске асатын ұйым болды. Арнайы мәжбүрлеу тәсілдерінің көмегімен әулеттік, мемлекеттік, қоғамдық қажеттілік қамтамасыз етіледі.
Осылайша, ауызша және жазбаша түрде қайталанатын еркіндікті шектеу және қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету жағдайларының шексіз моделін орнататын ережелер құқық тәрізді қоғамдық өмірді нормативті реттеу феноменінің шынайы көрініс табуының бірден бір үлгісі болып табылады.


Литература

1.Алимжан К. Общие принципы права в современной юридической практике Республики Казахстан и проблемы правового меморандума//Правовая реформа в Казахстане. 2003, № 3 (21), с. 32-36


2.Батенин С.С. Человек в его истории. Ленинград, Изд-во ЛГУ, 1976.-296 с.
3. Бекбаев Е.З. Проблемы начала в правопонимании. – М.: Инфра-М., 2015.-94 с.
4. Динамика свободы как творчества.- Алма-Ата: Наука, 1989.-232 с.
5. Диденко Н.Г., Селиванов В.И. Право и свобода// Правоведение, 2001, №3, с.4-27
6. Мальцев Г.В. Понимание права. Подходы и проблемы. М.: Прометей, – 419с.
7. Мальцев Г.В. Происхождение и ранние формы права и государстваю.- В кн.:Проблемы общей теории права и государства. – Учебное пособие для вузов /Под общей редакцией академика РАН, д.ю.н., проф. В.С. Нерсессянца.-М.: Норма, 2004.-с. 25-135
8.Основания уголовно-правового запрета (криминализация и декриминализация) – М.: Мзд-во «Наука», 1982.-303
9.Право.-В кн.:Большой юридический энциклопедический словарь. – М.: Книжный мир, 2005. С. 464.
Садевуар П. Введение в право. – М.: Изд. Группа «Интратэк-Р», 1994. –324 с.
10.Фролов И.Т. Перспективы человека: Опыт комической постановки проблемы, дискуссии, обобщения. – 2-е изд., перераб. И доп.- М.: Политиздат, 1983. – 350с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет