Мемлекет пен құқық өркениеттің аса зор жетістігі, оның адамзат тарихындағы мәні айрықша



бет14/18
Дата26.10.2022
өлшемі213.2 Kb.
#463429
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
darister

Литература:



  1. Аяган Б.Г., Нурпеисов Е.К. Казахское ханство – уникальная форма правления (XV-XVII в.в.) – В сб.:, «от казахского ханства к независимому Казахстану». – Астана, 2015, с.113-117.

  2. Аяган Б.Г., Нурпеисов Е.К От ханства до Президентской Республики. – В сб «от казахского ханства к независимому Казахстану». – Астана, 2015, с.241-249.

  3. Кляшторный С.Т., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата: «Рауан», 1992.-375 с.

  4. Лапин Н.С. Деятельность О.А. Игельстрома в контексте казахско-российских взаимоотношений (1780-е-1790-е годы) – Астана: Издательство «Сарыарка», 2012.- 384 с.

  5. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти – к президентской республике. – Алматы: «Жеті Жарғы», 1995, - 88 с.

  6. Өзбекұлы С. Право кочевой цивилизации казахов. – Алматы: «Мектеп», 2002. – 224 с.

  7. Султаны и батыры Среднего жуза (вторая половина XVIII в). Сборник документов / Составитель Сирик В.А. – Алматы: Литера-М, 2018.-560 с.

  8. Темиргалиев Р.Д. Ак-Орда. История казахского ханства. – Алматы, 2013. – 296 с.

  9. Темиргалиев Р.Д. Казахи и Россия. М.: Междунар. отношения, 2013. – 352 с.


Қазақстандағы бес республика
Құрамында отар Қазақстан бар Ресей елінде орын алған 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістері мұнда басқарудың ғасырлар бойы орныққан монархиялық нысанының жойылуына алып келді. Осы төңкерістің идеялық жетекшілері мен көшбасшыларының ой-пікірлері бойынша, оның орнына демократиялық республикалық басқару нысаны келуге тиіс болатын.
Ол бұрынғы Ресей империясының ұлт аймақтарын отарлық тәуелділік режимінен босатуға тиіс болды. Уақытша үкіметтің және большевиктер партиясының демократиялық ұрандарымен рухы көтерілген Ресейдің шет аймақтарының отар халықтары барынша негізді, тарихи және әлеуметтік әділдік өлшемдері бойынша өздерінің ұлттық-мемлекеттік өзін-өзі анықтау мезгілі туды деп санады. Олардың кейбіреулері (Ресей, Белорусь, Украина, Кавказ елдері республикалары) өздерін тәуелсіз социалистік мемлекет деп жариялап үлгерді. Бірақ 1922 жылы Кеңес Советтік Социалистік Республикасы деп аталатын социалистік федерацияның құрамына кіріп, бұл тәуелсіздікті олар тез жоғалтып алды.
Ресей империясының құлауымен байланысты Қазақстанның саяси мәртебесі іс жүзінде түк өзгермеді. Отарсыздану егемен қазақ мемлекеттілігінің қайта өркендеуіне алып келмеді. Ол РСФСР құрамында Ресей империясының бұрынғы шекаралары сақталған аумағының құқық мирасқорына айналған РСФСР билігі құрған төңкеріс комитеттерін басқаратын әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде қала берді, Империялық ойлау мен империялық кеудемсоқтық сақталды. Олар ұлттық сана-сезімнің дамуы мен ұлыстардың ұлттық-мемлекеттік өзін-өзі айқындауына ұмтылысы жолындағы мықты кедергіге айналды.
Қазақстанның саяси және аумақтық мәртебесі нақты анықталмағандықтан да жағдай қиындай түсті. Қазақстан бұл кезде бұрынғы түсініктегі отар ел болған жоқ, бірақ тәуелсіз немесе автономиялы ұлттық мемлекет ретінде де жарияланған жоқ. Сол кездің саяси қолданысында орныққан «Дала өлкесі», «Қазақ өлкесі» терминдері белгілі бір дәрежеде Қазақстанның этникалық шекараларын белгілей отырып, қазақтар тұратын саяси шекараларды анықтаған жоқ. Уақытша үкімет, Кеңес өкіметі, түрлі бағыттағы саяси партиялар үшін Қазақ өлкесі Ресейдің ажырамас бөлігі болып саналды. Сондықтан олар үшін патша самодержавиесінің құлауы әлі де болса империя аумағынан бас тарту дегенді білдірмеді. Оның үстіне, КСРО, империя жүріп өткен тарихи жол коммунистік партияның билігіндегі жаңа империяға өзгерді.
Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін оның Қазақстанмен бұрынғы империялық интеграциялық байланыстары әлсірей бастады. Уақытша үкімет демократиялық парламенттік республика құрылғанын жариялағанымен, аумақтық құрылыс мәселелерін егжей-тегжейлі шешуді Құрылтай жиналысының қарауына қалдырып, тәуекелге бара алмады [1, 440-б.].
1917 жылы жүргізілген Қазақстанды жаппай бірақ жүйесіз кеңестендіру басында Уақытша үкіметтің басшылығымен өтіп, мемлекеттіліктің жаңа элементтерін алып келді. Жұмысшы, әскер, казак депутаттарының кеңестері негізінен қалалар мен басқа ірі елді мекендерде жұмыс істеді. Ұйымдастыру мен қызметтің бірыңғай қағидаттарымен қамтылмаған бұл Кеңестер өздерін бастапқы кезеңде жергілікті жерлердегі Уақытша үкіметтің комиссарларына бағынышты ретінде көрді. Большевиктендіру шамасына қарай көптеген Кеңестер жоғары тұрған инстанция ретінде Ресейдің Ревәскери кеңесін таныды.
Екі жағдайда да Кеңестер өздерін қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғырған саяси негізі ретінде қарастырмады. Кеңестендірудің стихиялық толқыны егемен Қазақстан туралы мәселе қоюға дейін көтерілмеді. Тіпті қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртудың «жұмсақ» жолын ұсынған «Алаш» саяси партиясының дәлелдері де ескерусіз, еленбей қалды. Қазақстанды басқару ісі асығыс құрылған Қырғыз және Сібір революциялық комитеттеріне тапсырылды.
Сонымен бірге, «Алаш» партиясының бағдарламасы (1917ж.) тұтастай Қазақстанның мемлекеттік құрылысына арналды.
Партия көсемдеріне Қазақстанның болашағы Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялық субъект ретінде көрінді. Оның үстіне федерацияның өзі тең құқылы мемлекеттердің одағы ретінде анықталды, мұнда «әрбір жеке мемлекет дербес әрі бірдей құқықтар мен мүдделер бойынша өздігінен басқарылады» (§1 «Алаш» партиясының бағдарламасы). Қазақстан автономиялы мемлекет ретінде РСФСР құрамына кіреді деп болжанды. Бұның астын сызып айтып қояйық, автономиялы, бірақ мемлекет ретінде.
«Алаш» партиясының бағдарламасы 2017 жылы 13-15 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен ІІ Жалпықазақ съезі үшін өзіндік саяси тұғырнамаға айналды. Съезд, мәні бойынша, құрылтай съезі болды. Ол мынадай тарихи шешімдерді қабылдады:
I. Шығу тегі бір, мәдениеті, тарихы, тілі біртұтас қазақ-қырғыз (қырғыз) халқы билік жүргізетін тұтас аймақты құрайтын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарының аумақтық-ұлттық автономиясын, Каспий бойы Каспий облысы Ферғана, Самарқанд, Әмудария бөлімінің қырғыз (қазақ) уездерін, Алтай губерниясының іргелес қырғыз (қазақ) болыстарын құру.
II. Қазақ-қырғыз (қазақ) облыстарына автономия беру (2, 69-бет). (Алаш Орда: Құжаттар жинағы, құраст. Н. Мартыненко Алматы: «Айқан» шағын баспасы 1992, 23-бет).
Мұның үстіне, Алаш көсемдері атап көрсеткендей: «Алаш автономиясы ешқашан Сібір және Түркістан облыстарының құрамына кірмеген қырғыз (қазақ) өлкесінің 6 миллион қазақ-қырғыз (қазақ) халқын біріктіреді, Алаш автономиясы Сібір секілді формасы шеңбер секілді аумағы, 10 миллион халқы бар ірі саяси бірлікті құрайды» [5].
Алаштың автономиялық сипаты оның конституциясын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы бекітуі тиіс болғандығында. Саяси және экономикалық дербестіктің негізін Алаш автономиялы облыстарының «жер бетіндегі, судағы барлық байлықтарымен, сондай-ақ жер қойнауымен бірге есептегендегі аумағы Алаш меншігін құрайтыны» қамтамасыз етуі тиіс еді (III-т. Съезд қаулысы).
Съезд кез келген конституция үшін ең негізгі мәселе болып табылатын ұлттық мәселені айналып өтпеді. «Қазақ-қырғыз (қазақтар) арасында тұратындардың барлығына азшылық құқығы кепілдік етіледі. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардың өкілдері пропорционалды, тепе-тең болуы тиіс. Сонымен қатар Алаш автономиясының шегінде аумақсыз қалғандарға эксаумақтық және мәдени автономия беріледі» (Съезд қаулысының IV-тармағы). Оның үстіне «Алаш-Орда» уақытша Халық кеңесінің 25 мүшесінің 10-ы қазақтар арасында тұратын орыс және басқа ұлттар болуы тиіс болды. Сонымен бірге, кейбір деректер бойынша, олардың саны қазақ халқының жалпы санының 10%-ынан аспауы тиіс.
Съезге қатысушылар мемлекеттік билікті ұйымдастыру мәселелері Алаш автономиясы конституциясының жобасын талқылаған кезде құрылтай жиналысында егжей-тегжейлі қарастырылуы тиіс деп жорамалдай отырып, «Алаш-Орда» Уақытша халық кеңесін ұйымдастырумен шектелді, оның төрағасы болып баламалы негізде Әлихан Бөкейханов сайланды. Мұнда бұйрық нысанында былай деп жазылған: «Алаш-Орда» қазақ-қырғыз (қазақ) халқына жүргізілетін барлық атқарушы билікті тез арада өз қолына алуы тиіс (Съезд қаулысы, VI-т.). Осыдан келіп, съезд автономиялы республиканы құрды. Съезд шешімінде «республика» термині қолданылмайтын болса да, оның негізінде құрылған автономия республика мәртебесіне оның қазіргі заманғы түсінігіне толық сәйкес келеді. Біріншіден, Алаш автономиясын заңды өкілді орган – ІІ Жалпықазақ съезі құрды. Екіншіден, ол Ресей құрамында жарияланды. Үшіншіден, сайланбалы негізде жоғары атқарушы орган – Уақытша Халық кеңесі құрылды. Төртіншіден, Алаш Орда юрисдикциясының аумағы белгіленді. Бесіншіден, осы аумақтағы табиғи байлықтарға мемлекеттік меншік жарияланды. Алтыншыдан, Конституция қабылдап, кейіннен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында бекіту қажеттігі танылды.
Осылайша, Қазақстан тарихындағы бірінші демократиялық республика «Алаш» автономиясы болды. Формальды түрде ол 1918 жылдың аяғына қарай өмір сүруін тоқтатты. Уақытша Бүкілресейлік Үкіметтің 2018 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен: «Алаштың Үкіметі – Алаш Орда өзінің өмір сүруін тоқтатты деп саналсын» деп белгіленді (А.О.Р.Ф. ХХІХ, Ар. КС.М. 4-20-т.- 1918.- 22 қазан (4 қараша)).
Алайда, бұл жарлықтың заңды күші барынша күмәнді, біртұтас Ресей аумағында азамат соғысы жалдарында жарияланған Уақытша Бүкілресейлік Үкіметтің өзінің заңдылығына үлкен күмән туды. Уақытша Бүкілресейлік Үкіметпен қатар Бүкілресейлік Кеңестер съезінің 2017 жылғы 8 қарашадағы Декретімен бекітілген Кеңес үкіметі күшінде болды.
Әлемнің саяси картасынан Алаш автономиясының түбегейлі жоғалуы 1919 жылы құрылған Қырғыз (Қазақ) және Сібір Тексеру комиссиялары жүзеге асырған 1920 жылға қарай Қазақстанның бүкіл аумағын бірте-бірте советтендірумен байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет