Мемлекет пен құқық өркениеттің аса зор жетістігі, оның адамзат тарихындағы мәні айрықша



бет2/18
Дата26.10.2022
өлшемі213.2 Kb.
#463429
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
darister

2 Лекция «Билік және мемлекет» - 2 сағат
Адамзат қоғамымен тығыз байланысты құбылыстардың қатарына әу баста билік, ал оның белгілі бір даму кезеңінен бастап мемлекет жатады. Мемлекет рөлінің күшеюі процесіндегі жеке және қоғамдық билік олардың реттегіш және мәжбүрлеушілік мәнін күшейте түсетін жаңа сапаға ие болады. Тарихи прогреске қарай кеңейе түскен мемлекет рөлінің күшеюі мемлекетті қоғамнан биік қойып, оны осы қоғамның ішінде іске асырылатын жария билікке айналдырады.
Жалпы биліктік қатынасты, атап айтқанда, мемлекеттік билікті қалыптастыру мен іске асыру процесінде туындайтын мәселелердің көптігінен қашан да бұл мәселелерге байланысты теориялық қызығушылық толастамайды.
Билік феномені
Билік ғылыми түсінік ретінде, сондай-ақ әлеуметтік құбылыс ретінде де үнемі зерттеушілер мен саясаткерлердің, сонымен қатар ғылым мен саяси қызметке қатысы жоқ адамдардың да назарын өзіне айрықша аударады. Мәселе бүгінгі күні биліктің теориялық түсінігі болмауында да, биліктің материалдандырылған түрлерінің болмауында да, тіпті, билікті жүзеге асыруда тарихи тәжірибенің болмауында да емес. Мұның бәрі де бар. Бірақ солай бола тұрса да, түрлі тарихи кезеңдерде билік қатынастары шеңберінің, олардың субъектілері мен объектілерінің, оны іске асыру тәсілдерінің өзгергіштігіне орай билікке деген қызығушылық басылмайды. Бұған қоса, мұның себебі, сірә, адамның әлеуметтік дамуынан бөлек, оның жеке бостандығына деген табиғи ұмтылысының осы бостандықтың шекарасын ашық физикалық мәжбүрлеу немесе санаға әсер ету арқылы шектейтін құбылысқа итермелейтінінде болса керек. Бұл құбылыстың аты - билік. Ол түрлі тарихи дәуірлер мен нақты өмірлік жағдайларда түрліше көрініс табады. Сол себепті билікке қызығушылық жоғары. Осыдан келіп мынадай табиғи сұрақтар туындайды: биліктің тарихи қажеттілігі қандай, билікті кеңейту немесе тарылтудың объективті үрдістері қандай, биліксіз қоғамның болуы мүмкін бе немесе билік әлеуметтік өмірдің имманентті атрибуты бола ала ма?
Билік мәселелері бойынша зерттеуге құштарлық пен қарапайым әуесқойлық қоғамды биліксіз және мемлекеттік билікті терістейтін анархизмнің радикалды идеяларын іске асыру әрекетінсіз ленинше түсінудің іргесі құлағаннан кейін жаңа күшпен бұрқ ете қалды.
Билік проблемасына теориялық талдау жасауды билік қалай пайда болады, оның қандай нысандары болады деген сұрақтарға жауап беруден бастау керектігін, содан кейін ғана болжамдық тәртіппен оның тарихи тағдырына болжам жасауға болатынын дәлелдеуге еш қажеттілік жоқ.¹
Адамның тіршілік етуінің бұлжымайтын шарты оның заттық қызметі болып табылады, тіршілік процесінде зат өзгереді, пайдаланылады, тұтынылады, бүлінеді, жаңғыртылады. Ол тұтынатын адамның, яғни субъектінің әсер етуі салдарынан объектіге айналатын әрекет етуші адамның оған қатынасы аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар бұл қызмет қызметке бастама жасаушы адамның өз мүдделерін немесе қызметке бастама жасаған адамның мүдделерін қанағаттандыру мақсатында ынтымақтастық тәртібінде біріншінің қызметіне белсенді әрі тең қатысу қабілетіне қарай субъект болып табылатын басқа адамға қатысы шегінде жүзеге асырылады. Бірыңғай қызметтің екі қатысушы да атқаратын қызметтеріне қарамастан, қарым-қатынастың екі тарапы, яғни субъектілері болып табылады. Қызмет процесінде Субъектілер жай ғана келіспеушіліктен бастап белсенді түрде қарсылық білдіруге дейін қарама-қайшы көзқараста болғанымен, бірыңғай мақсатқа жетуде бірігуі мүмкін.
Оны жүзеге асыру тәсілдері мен түпкілікті нәтижеге қатысты көзқарастар бірлігіне негізделген ынтымақтастық қызметте оны жүзеге асыру үшін айрықша мәселелер туындамайды әрі субъектілер арасындағы қатынастар үйлестіру кезінде қалыптасады. Бірақ егер қызметтің мақсатын түсіну, оған қол жеткізу тәсілдері, мүдделер бәсекелестігі мәселесінде алауыздық туындайтын болса, онда субъектілер арасында күрес басталады, мұнда әрқайсысы өзінің еркін басқаға таңу үшін басымдық алуға тырысады. Осы күрес – билік үшін күрес, мұнда жеңімпаз өзінің пікірін басқаға ашық немесе жасырын түрде таңуға, оның мінез-құлқын жеңімпаздың көзқарасы тұрғысынан дұрыс жолға салуға мүмкіндік алады. Субъектілердің арасындағы қатынастар субординациялық, яғни өктемдік сипат алады.
Әдетте билік белгілі бір мінез-құлыққа мәжбүрлеу, бөтеннің еркіне бағыну деп түсініледі2. Мұнда билік түсінігі мазмұнының шекаралары шатысқаны соншалықты, кейде оны, былайша айтқанда, ерік-жігері жоқ, соған сәйкес өздігінен ештеңеге мәжбүрлей алмайтын табиғат құбылыстарының күші (қараңғылық билігі), киелі заттар (дүниеге табыну, байлық) деп түсінеді.
Билік деп көбінесе жануарлар әлеміндегі үйірдің басшысына сөзсіз бағынатын қарым-қатынасты сипаттайды. Мұнда өзара қарым-қатынас инстинктілерге негізделген, адамның саналы, күш-жігері белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеті жоқ, бірақ бағынушылық көріністері бар. Осының өзі жануарлар әлемінде билік бар дегенді білдіреді. Бірақ бұл – әзірге зоологтар зерттеп жатқан, бірақ көзге көрінер нәтижесі жоқ үлкен мәселе. Олар үшін ең басты қиындық – инстинкт табиғатының және кейбір жануарлардың жасампаздық қызметі негіздерінің жұмбағы.
Әлеуметтік аспектіде ғылыми талдау жасаған кезде қалай дегенде де билікті түсіну шекараларын адамның адамға қатынасы аясында шектеу мақсатты болып табылады. Сонда біз адамды «әлемнің билеушісі», «табиғатты бағындырушы», «інілердің қожайыны» деп қисынсыз атайтын негізсіз антропоцентризмнен құтыламыз.
Жалпы алғанда билік – бір субъектінің адамдық қарым-қатынаста өзінің еркін басқаға таңуы. Өзінің пікірін таңу қорқыту, нақты күш қолдану, тікелей зорлық-зомбылық жасап, мәжбүрлеу фактісі көрінбейтін үгіт, насихат, жарнама, сендіру, гипноз, иландыру арқылы ашық және жасырын психикалық қысым жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кез келген жағдайда билік берілген бағытта оны іске асыру талаптарының бірі ретінде пәндік-практикалық қызметте көрініс табады. Сондықтан билік - қара бастың қамы емес, билік етуші субъектіге қажетті қызмет нәтижесінің жетістігіне бағындырылған.
Осылайша, билік дегеніміз – адамның (социумның, ұйымның) белгілі бір жетістіктерге жету үшін өз еркін анық немесе жасырын жолмен басқа адамдарға, өзгелерге таңа білу қабілеті мен мүмкіндігі.
Өзіне бағынышты адамдарға бастапқыда қажет болып көрінбейтін, олардың ниет-қалауынан тыс немесе ой-санасында мүлде болмаған нәрселерді орындауға (ынталандыру) мәжбүрлейтін әрекетті күштеп танған жағдайда ғана билік туралы айтуға болады.
Егер адамдардың қандай да бір қызметке байланысты ұстанымдары сәйкес келсе, уәждемелері бірдей болса, онда биліктің мазмұнында ең басты нәрсе – бір субъектінің еркін екінші субъектіге таңудың болмауына байланысты аясында осы қызмет жүзеге асырылып жатқан қоғамдық қатынастарды билік қатынастары деп атауға болмайды. Бұл жерде біз билік қатынастарынан гөрі даусыз жасампаздық күшке көбірек ие ниеттестік қатынастар туралы айтып отырмыз. Осыған байланысты билік қатынастары уақыт өте келе ниеттестік қатынастарға (саяси коалицияларға) өзгеруі мүмкін, бұл олардың кері перспективасының болуын жоққа шығармайды (мысалы, билікті тартып алу, оппозицияның туындауы).
Осылайша, билік ұстанымы әр түрлі адамдардың арасындағы қарым-қатынаста, яғни қоғамдық қатынастарда туындайды. Адамның кез келген қызметі басқа адамдармен қатынасы аясында жүзеге асатыны белгілі, тіпті ол абсолютті жеке болса да. Шығармашылық және ғылыми қызметте суретші мен ғалым идеялармен шабыттанып, ол идеяларын шеберханада немесе кабинетте, ешкіммен хабарласпай, тыныштықта отырып, картина немесе ғылыми монография түрінде іске асырады. Бірақ солай бола тұрса да, еліміздің қоғамдық қатынастар жүйесіне сөзсіз ене отырып, жалпы алғанда, олар әлеуметтік болжамдарды, талаптарды, тыйымдарды, өз ортасының мүдделерін ескермей қоя алмайды. Мұсылман әлемінде суретші, мысалы, Мұхаммед пайғамбардың суретін немесе жалаңаш әйелдің суретін сала алмайды. Жазушы үшін егер қазіргі кезде оқырманы болмаса, болашақта да оның еңбегін оқитын жан болмаса, әдеби шығарма жазудың мән-мағынасы жоқ. Ғалым әлемнің құпиясы мен қоғамдық өмірдің заңдылықтарын тани отырып, ең алдымен, өзінің әуестігін қанағаттандырады. Бірақ таным процесінде ол алдыңғы зерттеушілердің тәжірибесін пайдалану арқылы қоғамдық қатынастар жүйесіне тартыла отырып, өз замандастары мен кейінгі буынның дүниетанымын кеңейтеді.
Адамзат қоғамында өмір сүргендіктен де адам басқа адамдармен мыңдаған нәзік жіптермен байланысқан, соның арқасында ол адам ретінде, әлеуметтік қатынастар субъектісі ретінде жеке даму үшін жағдай жасайды. Адам баласы сәби кезінен адамдардың ортасынан бөлініп қалып, табиғи күштердің ортасына түскен кезде дамуы кенжелеп, қамқорлығына алған аң-құсқа ұқсап, оны адамдарға қайта қосу үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізгеніне қарамастан, көбінесе адам қалпына келе алмайтыны белгілі.
Осылайша, адамның рефлекстерін қоспағандағы кез келген іс-әрекеті сонымен қатар оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнын көрсететін қылығына, мінез-құлқына айналады. Адамның мұндай қылықтары мен мінез-құлқы, түптеп келгенде, биліктің оларды билік етуші тарап үшін өзгерту мақсатындағы объектілері болып табылады.
Билік – тараптар өзара билеуші, билікті тасымалдаушы, оның иесі және жалтақ субъектінің рөлі дайындалған бағынышты тараптардың (субъектілердің) қарым-қатынасы. Билік қарым-қатынастарының субъектілері жеке адам, әлеуметтік топ, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, муниципалдық білім беру мекемелері, мемлекет және оның органдары бола алады. Жағдайға байланысты олар билік етуші де, сондай-ақ бағынышты да бола алады. Мысалы, тіпті мемлекет секілді биліктің иесі де халықтың заңды жолмен білдірген еркіне бағына отырып, бағынышты болуы мүмкін. Түрлі субъектілердің билікті іске асыру тәсілдері өзінше бөлек, бұл олардың әлеуметтік және құқықтық мәртебесіне, мүмкіндіктерінің объективті шектеріне байланысты. Бейресми топтың көшбасшысының билігіне қарағанда отбасындағы әкенің билігі бөлек. Бір субъектінің өзі бағынышты субъектінің қасиеттеріне қарай билігін түрліше жүргізеді. Мысалы, сайлау науқына кезіндегі электоратқа қарағанда саяси партия өз мүшелеріне басқаша билік жүргізеді.
Жеке билікті сендіру, физикалық және психологиялық қысым көрсетуді қоса алғанда, қатаң жаза қолдану, материалдық және рухани игіліктерді уәде ету, адастыру (алдау) және т.б. секілді түрлі тәсілдермен ұстап тұруға болады.
Адамзат тарихы мен оның қазіргі жай-күйі қоғамның ниеттестік қатынастары мен билік қатынастарының арқасында ғана біріктірілген біртұтас жүйе екенін растайды. Олардың түрлі дәуірлердегі және түрлі елдердегі арасалмағы айтарлықтай ерекшеленеді. Қаталдық пен зұлымдық орын алған қоғамда билік қатынасының салмағы басым болады. Алғашқы қауымдық демократия мен либералды саяси режим кезінде, керісінше, ниеттестік қатынастың меншікті салмағы артады. Кемелдік тұрғысынан алғанда, билік қатынастарына орын жоқ әрі адамның бүкіл әлеуметтік және жеке өмірі ниеттестік қатынастар аясында өтетін қоғам мінсіз болып табылады. Коммунистік жұмақ теориясын құрған кезде қоғамдық қатынастардың мұндай моделін маркстік-лениндік ілімнің негізін салушылар мен олардың ізбасарлары негіздеген болатын, мұнда альтруизм мемлекет пен құқықты пайдалана отырып шешу қажет болатын қайшылықтардың туындауына орын қалдырмай, өзімшілдікті толықтай ығыстырып шығарады.
Мұндай көзқарас, әрине, таңғажайып жұмақтың суретін айрықша еске салады, мұнда адамдар бір-біріне ықыласты болғандықтан, олардың арасында билік қатынастары қалыптаспаған. Алайда мұнда ең негізгі билік қатынасы сақталады, ол – жаппай өзіңнің құдайдың билігінде екеніңді сөзсіз мойындау. Бірақ құрғақ қиялдап жазықты болмау үшін қоғамның біріктіруші негізі болып табылатын билік қатынастарының көз жетпес болашағына болжам жасаудан тартынған дұрыс. Бір нәрсе анық: таяу болашақта қоғамның моральдық, материалдық және интеллектуалдық даму деңгейі оның жеке алғанда тартымсыз, бірақ әлеуметтік тұрғыдан қажетті болып табылатын билік қатынастары жүйесінен босауына мүмкіндік бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет