Мемлекеттік бағдарламасы


ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ



бет7/17
Дата15.04.2024
өлшемі0.97 Mb.
#498688
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ 2-ТОМ

ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ
Алғашқы Түркі қағанатындағы әдебиет
Сактар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкі дүниені дүр сілкіндірген халық - ежелгі түркілер болды. Оларбатысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, тіптіҮндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды. 545-ші ұлы Түркі мемлекеті осылайшаөмірге келді. «Түркі мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихындабелгілі дәрежеде бетбұрыс кезеңі болды… Түркілердің қоғамдықөмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайранқалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондайақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырды»', -деп жазады
Л.Н.Гумилев.
Тек, құдіретті Күнге ғана, Көк аспанға ғана табынып, тағзым
ететін Көк түркілер сол күннен бастап-ақ аспан түстес көк
байрағын желбіретіп, алғаш рет өздерін ресми түрде бүкіл әлемге
танытты.
Ұлы Түркі қағанатының шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасыр бұрын қағазға емес, құлпытастарға қашап жазылған. Оны жазған Түркі қағанатының қабырғалы бектерініңбірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі, ұлы Йоллығтегін еді. Бүкіл түркі елін егемендік пен азаттыкка, ерлікпен бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпестей етіліп үлкен-үлкен құлпытастарға қашалып жазылған. Демек, бұлдастандар бұдан он үш ғасыр бұрын Түркі мемлекетінде болған
¹Гумилев Л. Көнетүркілер (ауд. Ә.Жұмабаев, П.Бейсенсв). Алматы, 1994.
4-5-б.
83
сан қилыоқиғалардыбүгінгікүнгеешбірөзгеріссіз, айна-қатесізкүйіндежеткізіпотыр.Ұлы Түркі қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда жұдырықтай жұмылып отырған түркі елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мұны істеген табғаш (Қытай) елі еді. Ақыры Ұлы Түркі қағанатыекіге бөлініп, бірі Шығыс түркі қағанаты, ал екіншісі Батыс түркі қағанаты деп аталып кетті.
Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түркі қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін суреттеуден басталады. Мұнда исі түркінің басын косып, куаттымемлекет орнаткан Бумын қаған мен Істемі қаған барынша мадақталады:
Üzä kök tänri
asra jayyz jir qylyntuqda
äkinarakisioylyqylynmys.
Kisi oylyntaüzaäcümapam
Bumynqayanlatamiqayanolurmyś.
Olurypantürkbudbnynilintör(üs) in
Tuta birmis2.
ТүркіқағанатыныңәскериколбасшысыКүлтегінбатырғаарналғандастаннаналынған. Бұлжырдыңқазакшажолма-жолаудармасытөмендегідейболыпкеледі:
Биіктекөктәңірі,
Төмендеқаражержаралғанда,
Екеуініңарасындаадамбаласыжаралған.
Адамбаласыүстінеата-тегім
Бумынқаған, Істеміқағанотырған.
Отырып, түркіхалкының
Ел-жұртынкалыптастырған,
иелік еткен.
Қытай елінің ханзадалары мен саудагерлері «сыйға» әкелген тарту-таралғыларға алтын мен жібекке, табғаштың ару қыздарына өзара таласкан түркі бектері арасында астыртын айкас басталды. Кейбіреулері түркі елі алдындағы парызын, ата-бабалар дәстүрінұмытты. Елді біліксіз қағандар баскарды. «Билік пен байлыққаталаскан мұндай күрес жиырма жылға созылды. Ақыры ел ішіндегі
²Стеблева И.В. Поэзия тюрков VI-VIII в.в. Москва, 1965. стр. 74.
³Йоллығтегін. Күлтегін (ауд. М.Жолдасбеков). Алматы, 1986. 44-б.
84
алауыздық 603 жылыұлымемлекеттіңекігебөлініпкетуіментынды. Бірі - БатысТүркіқағанаты. Бұған Орта Азия, ЖоңғарияжәнеШығысТүркістаннынбірбөлігіенді. Екіншісі – ШығысТүркікағанаты. БұлнегізіненМонғолияжерінеорналасқан еді»4
Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғаны, халықты опасыз бектер мсн әміршілер билегені тарихтан жақсы мәлім. Бұл жайында Түркі кағанаты тұсында, яғни, VIII ғасырда жазылған «Күлтегін» дастанында төмендегідей жыр жолдары бар.
Anta kirsäinisiäčisin tag
qylynmaduqärinč
oylyqanyn tag
qylynmaduqärinč.
Biligsizqayanolurmysärinč
jablagqayanolurmysärinč".
Соңындағыінісіағасындайболмады,
Ұлдарыәкесіндейболмады,
Біліксізқағандаротырғанекен,
Жалтаққағандаротырғанекен*.
Бүкіл түркі елінің осылай берекесі қашып, құты кеткенкүндердің бірінде Қара каған құрылтай шақырды. Құрылтайдатөніп келе жатқан Қытай катері жөнінде айтылған ойпікірлертүгелдей дұрыс болып шықты. Әйтсе де, түркілер кешігіп калғанеді. Араға көп уакыт салмайак, өзара іштей айтысыптартысып, қырык пышак болып жаткан түркі еліне күтпеген жерден санмыңдаған қытай әскері басып кірді. Дайындықсыз жаткан түркіелі қапылыста қалды.
Міне бұдан кейін не болғанын біз «Күлтегін» жырынан оқыпбілеміз.
Табғаш елінің алдауына көнген Түркі қағанатының бектеріөзара араздасып, елдін ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елдеалауыздық туды. Түркі қағанатының іргесі шайкала бастады. МұныЙоллығтегін өзінің Күлтегін батырға арнаған жыр жолдарындамейлінше айқын көрсеткен:

Türk budun illäduk yčyyny ydmys


qayanladuq qayanyn jitürü ydmys

⁴Кляшторный С..Г. Древнетюркские рунические памятники как источник


источник по истории Средней Азии. М. -Л., 1964. стр. 94.
⁵Стеблева И.В. Поэзия тюрков ИИП в.в. Москва. 1965. стр. 75.
⁶Йоллығтегін. Күлтегін (ауд. М.Жолдасбеков). Алматы, 1986. 456.
85
Tabyačbudunudabägilikuryoylynqulbolty
silikqyzoylynkünbolty' .
Түркіхалқыелдігінжойды,
Қағандығынанайрылды;
Табғашхалқынабекұлдарықұлболды,
Пәкқыздарыкүңболды8.
Алайдатәкәппар, әріержүректүркіжұртықұлдықтынқорлығынакөпшыдайалмады. Құлдықтангөріөлімніңөзіартықдепбілді:
Türk budunölüräjin
uruysyratajyntirärmis
joqadubaryrärmis
Üzatürktänrisi
Türk yduqjirisubyančatimis
Türk budunjoqbolmazuntijin
Budunbolnuntijin'.
Түркіхалқы:
«Қырылайық, жойылайық», десті,
Ажалғажылжибастады,
Көктетүркітәңірісі,
Түркініңқасиеттіжері, суыбылайдепті:
«Түркіхалқыжойылмасын», дейді,
«Елболсын», дейді10.
Бұданкейінарадаелужылөтті. Түркілерөзазаттығыүшінтынымсызелужылбойыкүресті.Ақырыжеңіскежетіп, өзалдынадербес, егеменді ел болды. Бірақегемендіктісақтапқалуүшінтүркілертағы да жүздегенжылдарбойыазаттықкүресінжүргізеберді.
Біз жоғарыда түркі елінің сан ғасырлық тарихын жыр еткен шежіредастандар туралы айттық. Бұл дастандар ғылым тілінде «Орхон жазба жәдігерліктері» деп аталады. Ал, біз жоғарыда жыр жолдарынан мысал келтірген дастан түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы, Елтіріс қағанның кенже баласы Күлтегін батырдың

⁷Стеблева И.В. Поэзия тюрков ИИI в.в. Москва, 1965. стр. 75.


⁸Йоллығтегін. Күлтегін (ауд. М.Жолдасбеков). Алматы, 1986. 456.
⁹Стеблева И.В. Поэзия тюрков ИИII в.в. Москва. 1965. стр. 75.
¹⁰Йоллығтегін.
Күлтегін (ауд. М.Жолдасбеков). Алматы, 1986. 456.
86
( 684-731 ) ерлікістерінеарнапжазылған. Бұл дастан жазылғанүлкенқұлпытасКұлтегін батыр зиратыныңбасынақойылған.Сондайақ, біз Күлтегін батырдың ағасы, түркі елінің көсемі Білге қаған және қағаннын ақылгөйкеңесшісі, данышпан Тоныкөк қарт туралы жазылған тарихи дастандар хақында айтып отырмыз.
Жоғарыда аталған екі дастан да, дәлірек айтсак, олар жазылған құлпытастар бір кездегі Ұлы Түркі қағанатының астанасы орналасқан қазіргі Монғолиядағы Орхон өзені бойынан – Көкшың деген жерден табылған.
Сонымен, Білге қаған, Күлтегінбатыр жәнеданышпанТоныкөкке арналған бұл ескерткіштерді тапкан Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістін белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмидт еді. Бірақ бұдан сан ғасыр бұрын түркілерқолданған әріптердің қалай оқылатынын ешкім білмейтін болып шықты. Тасқа жазылған дастандардың мәтіні суретке түсіріліп,дүние жүзінің осы саладағы ең атақты лингвистмамандарына жіберілді. Ғалымдар әртүрлі болжамдар айтты. Біреулері оны көнефин жазуы десе, екіншілері ежелгі герман, үшіншілері скифславян,яки монғол жазулары деген пікір айтып жатты.
Скандинавия елдерінін ғалымдары бұл ескерткіштер жазуын «рунь», яғни «руна» жазуы деп атап кетті. Бұл сөздің қазақшамағынасы «сыры ашылмаған», «құпия» деген ұғымды білдіреді. Сол себепті жоғарыда аталған дастандар тілшімамандар арасында«руна жазуындағы жәдігерліктер» деп аталып кетті.
Ақыры 1893 жылы қарашаның 25і күні Дания Корольдік Ғылым академиясынын мәжілісінде Вильгелм Томсен (18421927) әлемді дүр сілкіндірген ғылыми мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон менЕнисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазудыоқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондайақ бұл ескерткіштертүркі халыктарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түркі» деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуык әрпін анықтап алған еді. Арада көпуақыт өтпейақ В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкентастардағы мәтінді толық оқып, аудармасын жасап шықты. Бұрынғылыми кауымға белгісіз болып келген көне түркі әріптеріменжазылған Орхон жәдігерліктерінің мәтінін оқу, зерттеу және басқа тілдерге тәржіма жасау ісіне кезінде В.В.Томсен, В.В.Радлов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, С.Е.Малов, И.В.Стеблева сияқты ғалымдар мол үлес қосты.
Ал, енді біз Түркі кағанаты жайындағы жоғарыда айтып келе жатқан тарихи оқиғаларға қайта оралайық. Сонымен, түркілер елужылға созылған бодандықтан құтылып, егемендігін алды.
Енді түркі мемлекетінің тағына кім отыруы тиіс деген мәселе
87
тұрды, түркілерде таққа мұрагерлік жөніндегі заң болды, ол бойынша тақты ағасы інісіне, ал жиені нағашысына (сатылап жоғарылау) мұра етіп қалдырып отырған. Қытайлықтар бұл тәртіпті көңілге қонбайды деп санап, түркі істеріне араласып, оны тіпті елемеген. Түркілер ескі зандарын да қалпына келтірді, сол бойынша Қапаған қаған болды. Алайда ол кытай мәдениетінің ықпалын өз басынан өткергенді, сондықтан тақты жиені Могиляньға емес, өз ұлы Фугюге бергені өзі үшін жақсы болар деп есептеді. Занды ашық түрде бұзуға болмайтынын білген ол «кіші хан» (шадтан жоғары) деген шен тағайындап, оны өзінің ұлына бұйыртты, ал жиенін Батыс қағанатының шады етіп қойды, әрі оған неғұрлым қатерлі соғыс міндеттерін өз бетінше шешуді тапсырды. Бұған қарағанда ол өз жиенінің қаза табуына қарсы болмаған тәрізді.
Қапаған 716 ж. көктемде өз жиенінің даңққа бөленгенін қызғанып, тоғыз оғыз қарсы әскерін өзі бастап шықты. Күлтегін қосыны, хан ордасы, яғни Қапаған ханныңәйелдері мен балаларын қорғауға қалдырылды1.
Осы қолайлы сәтті күтіп тұрған қарлұқтар түркілер ордасына оқыстан шабуыл жасап, оларды құртып жібермек болды. Әйтседе Күлтегін батыр қарлұқтарды тасталқан етіп жеңіп, өзін даңққабөледі.
Ал, Қапаған қаған басқарған түркі әскері 716 жылы Тол өзені бойында Байырку тайпасын күйретті. Алайда бұл қуаныш ұзақкабармады. «Бірақ осы арада тарихқа мынандай бір оқиға кірігіпкетті: жеңістен кейін үйіне қайтып келе жатқан қаған өзінің күзетінен ұзал, жалғыз өзі ойға бата орманнан өтіп бара жатты. Тек не дерсің, дәл осы ормандаталкандалғанбайыркулықтаржасырыныпжүрсе керек. Жалғызсалтаттыныкөргеноларсоларада бас салып, оны атынанаударыптүсірген де, өлтіресалған.Қағанның басы қытай елшісіне жеткізілген, ал елші оны Чаньаньгежөнелткен. Қағанаттағы көтеріліс пен Тан империясы арасындағыбайланыс, міне, осылай ашылды.
…Қағанөлген сон мұрагерліктуралымәселетуды. ҚапағантақтыиеленушігеКүшікхан, яғни «кіші хан» дегенқұрметтіатақберіліп, үлкенұлынөзітағайындағанеді. ТүркілердіңескізаңыбойыншамұрагерлікМогиляньғатиістіеді, ал елдіңісжүзіндегікөсемі батыр Күлтегінболды.
Күлтегін әскери төңкеріс жасады: ол өзі қорғаған қоныска өзі шабуылдады. Қолбасшылық қызмет орнындағы оның мирасқоры- Алп Эльэтмиш көтерілісшілер жағына шығып кетіп, мұның өзі олардың жеңіске жетуін камтамасыз етті. Күшікхан мен
¹¹Гумилев Л. Көне түріктер (ауд. Ә.Жұмабаев, П.Бейсенов). Алматы, 1994. 284-313 -б.

88
Қапағанныңкеңесшілерітүгелөлтірілді… Қапағанұрпағыныңөрбусызығыосылайшакесіліпкалды.


Күлтегін ескі заңды бұзбады, қаған атағын кабылдамады, сөйтіп, таққа «Білге қаған» деген құрметті атақпен өз ағасы Могилянды отырғызды. Білге таққа өзінің сіңірген еңбегімен көтерілмегенін және өзі інісінің қолындағы куыршақ екенін білді. Сондықтан Білге Күлтегінді әскерлердің әміршісі, яғни қағанаттың нақты қожасы етіп тағайынды. Барлық ақсүйектілердің арасынан тек жалғыз дана Тоныкөк кана, яғни жаңа қағанның қайын атасы ғана аман қалды»12. дастандарында мүлде айтылмайды. Өйткені «Күлтегін» жыры,
Бұл тарихи оқиғалар Йоллығтегіннің тасқа қашап жазылған «Тоныкөк» жыры өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған ресми тарих емес. Бұлар тарихи деректерге негізделген көркем туынды болып табылады.
Соның өзінде Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы жазған шежіресі» деп білед13.
Сөйтіп, «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларында әдейі айтылмай қалған тарихи окиғаларды таныпбілу арқылы ғана осы аталған дастандардың шын мәнін, құпия сырын пайымдай аламыз. «Күлтегін» жырының басты идеясы Күлтегін батырды Түркі кағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. Ал, Қапаған қағанжөніндегі шындықты айтудың өзі Күлтегіннің беделіне нұқсанкелтірер еді. «Күлтегін» жырынын авторын қатты қызықтыратын нәрсе Түркі қағанатында болып жатқан сан алуан тарихи окиғаларемес, «іші - ассыз, сырты- тонсыз, бейшара, мүсәпір халықты»Күлтегін батыр қалайша дәулетті, бақытты еткенін көркем сөз аркылы жеткізу болып табылады. Күлтегін батыр өзі туралы:
Öltäči budunyy tirigr igitim.
Jalan budunyytonlyy
čyyaň budunyy bai qyltym
az budunyyüküs qyltym!4.
Өлімші халықты тірілттім,
Жалаңаш
халықтытонды.
Кедейхалықты бай қылдым,
Аз халыктыкөпқылдым, - дейді15
¹²Сонда. 313-314 -б.
¹³Сонда. 328-б.
¹⁴Стеблева И.В. Поэзия тюрков ИИП в.в. Москва, 1965.80б.
¹⁵Йоллығтегін. Күлтегін (ауд. М.Жолдасбеков).
Алматы, 1986. 50-б.
89
Сонымен, көнетүркілердіңежелгішынайытарихы мен тасқақашапжазылғандастандардыөзарасалыстыраотырып, КүлтегінжәнеТоныкөкжәдігерліктеріжылнамашежіреемес, солдәуірдіңөзінетәнпоэзиялықдәстүріменжазылғанәдебиетүлгілерідегентүйінжасаймыз.
Әрине, көркемдік дәрежесі мейлінше жоғары, шешендік сөздері мол, көріктеу кұралдары айшықты болып келетін «Күлтегін» және «Тоныкөк» сиякты ғажайып дастандардың ғайыптан, өзіненөзі өмірге келуі мүмкін емес. Демек, бұл дастандарды жазған Йоллығтегін өзінен бұрынғы түркі поэзиясының көркем сөз дәстүрін жақсы менгерген акын. Басқаша айтсак, Йоллығтегін сактар мен ғұндар дәуірінің «Алып Ер Тоңға», «Оғыз қаған», «Аттила», «Шу», «Көк бөрі», «Ергенекон» сияқты дастандарды үлгі тұткан. Бұл жәйтті, әсіресе, осы екі дәуір дастандары арасындағы біркатар көркемдік ұқсастықтардан аңғаруға болады. Ғұндар дәуірінің ауыз әдебиетінде қолданылған көріктеукұралдары, канатты сөздер, макалмәтелдер кейде Орхон жазбажәдігерліктеріндеде кайталанып отырады.
Ежелгі түркі жұртында қалың қол бастап, халқын сыртқы жаудан қорғаған дарабоз батырлары кайтыс болғанда бүкіл ел болып күніреніп, аза тұтып, жүрек тебірентерліктей касіретті жоқтау жырларын айтатын дәстүр болған. Бір адамның кайғысы бүкіл елдің қайғысына айналған. Сол арқылы ел корғаудың киелі, касиетті іс екенін күллі қауымға жария етілген. Бұл жәйтті сақтардың ауыз әдебиеті үлгісі болып табылатын «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» өлеңінен көруге болады:
Ulşiperenbőrleyü
Yirtinyakaurlayu
Sikripüniyurlayu
Sigtapközi őrtülür16.
Бөрідейерлерұлысты,
Бақырыпжағажұлысты.
Дауыссалыпжырлады,
Суалдыкөзі жылады17.
Бұл жырда Алып Ер Тонға қазасына байланыстыеразаматтардың өз жағаларын жыртып, бөрідей ұлып жылағаны айтылады. Тіпті, жылапсықтаудан, ауыр қайғықасіреттен адамдардың көздері көрмей қалады.

¹⁶Divanu Lugat-it-turk tercemesi (ceviren: Besim Ataiay). CI/Ankara, 1985.


189-б.
¹⁷Махмуд Қашқари. Түрік сөздігі. І т., (ауд. А.Егеубай). А., 1997. 226-б.

90
Мұнда ақын ажал қасіретінің ауырлығын нақты түрде жеткізуүшін «бөрідейұлысты», «жаға жұлысты», «көзі суалды» дегенсиякты тұрақты сөз тіркестерін ұтымды пайдалана білген. АлыпЕр Тоңғаны жоқтауды ежелгі дәуір ақыны білгір сөз зергері ретіндемейлінше тереңдете түскен. Бұл жоқтаудың ел корғаған батырдыңөлімі «іші өртеді», «жараны тырнады», «өткенді іздеді» дегенсияқты тұрақты сөз тіркестерін ұтымды қолдану арқылы шебержеткізген:


Köngüm içün örtedi
Yetmiş yaşiğ kartadi
Keçmiş üdhük irtedi
Tün kün keçap irtelür".
Көңілім ішті өртеді,
Тырнады біткен жараны,
Өткен күнді (уақытты) іздеді,
Күнтүн кешіп сұрады19.
Түркі қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батыр қайтысболғанда да күллі көк түркілер жұрты шексіз қайғыға батады. Ауырқасіреттен аспан айналып жерге түскендей болады. Бүкіл ел болыпаза тұтқан сәттегі жоқтау сөздерін ақын Йоллығтегін төмендегідейжыр жолдары арқылы жеткізген:
InimKültiginkärgäkbolty
Özimsaqyntym.
Körürközimkörmäztäg.
Bilir biligimbilmeztäg bolty20.

Інім Күлтегін қаза болды,


Өзім қайғырдым.
Көрер көзім көрместей,
Білгір ақылым білместей болды.

Қалай болған күнде де тарихта ерлік дәуірі деп аталған ғұндарзаманының ауыз әдебиеті Күлтегін, Білге қаған сияқты батырларбейнесін жасауға өзіндік ыкпаләсерін тигізді. Әсіресе, батырдыңмінген тұлпарын, асынған қаружарағын, сүйген жарын, сағынған


¹⁸Divanu Lugat-it-turk tercemesi (ceviren: Besim Ataiay). Ci/Ankara, 1985.
245-б.
¹⁹Махмуд Қашқари. Түрік сөздігі. І т., (ауд. А.Егеубай). А., 1997.290-б.
²⁰Бұдан әрі мысалдардың түпнұсқасы мен аудармасы И.В.Стеблева зерттеуі
мен "Йоллығтегін " жинағынан алынды.
91
елін, туған жердің табиғатын суреттеу тұрғысынан ғұндарзаманының эпосы бертін келе қалыптасқан Түркі қағанатыдәуірінің жазба әдебиеті үшін үлгіөнеге болды.
«Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының көркемдік жәнежанрлық ерекшеліктеріне төқталып өтелік. Сол аркылы ғана көктүркілер дәуірінің ғажайып туындылары «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының өзінен кейінгі кезеңдерде казак ауыз әдебиетіндетуындаған батырлық жырлардың калыптасуына каншалықтытерен әсер еткенін пайымдауға болады.
Орхон жәдігерліктерінің жанрлық ерекшеліктері туралысоңғы кезге дейін өзара қарамақайшы екі түрлі көзқарас орыналып келді. Бірі Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркемәдебиетке, соның ішінде, поэзияға ешбір қатысы жок, Түркіқағанатының дәлмедәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісіруна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тәнбарлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріненегізделген көркем туынды деп таныды. Бұл екі түрлі көзқарасұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар, т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазірКүлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем туынды екенінеешкім күдіктенбейді. Орхон жәдігерліктерден поэзия, ерлікжыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі академикжазушыМ.Әуезов болды. Ол руна жазуындағы жәдігерліктердің мазмұнымен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: «Олардыңмазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түріде соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларындақанша адам, қанша ерлік бейнеленген десенізші?! Оларда әралуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының,соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресібар. Тіпті сол жазулардың бірталайында Күлтегіннің ежелгіжырлардағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар. Күлтегіннің он алтыжастан қырык жеті жасында дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас шағынанбастап, өмірінің акырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлықдастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар»21.
Орхон жазба жәдігерліктерін көне түркі тілінен қазақ тіліне аударып, олардың бертін келе қазақтын батырлық жырларына жасаған ықпаләсерін зерттеген ғалым М.Жолдасбеков болды.
Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғакка, яки ритмге - үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатка ие
²¹Әуезов М. Шығармалары. 12 томдық. 11-т. А., 1969. 136-б.
92
екенінИ.В.Стеблевадәлелдепшықты. Ол Орхон жәдігерліктерініңөлшеміәрібуын, әріекпінекенін, ырғақ пен шумак, тармақ пенбунақсолбуын мен екпінгенегізделетінінайтты. Мұндайпікірдіңтеориялықжәнепрактикалықмәнізореді.
Міне, осы тұрғыданалыпқарағанда, көнетүркіжырыныңдыбыстыққұрылысыерекшеназараударады. Дәлірекайтсақ, көнетүркіжырынындыбыстыққұрылысықалайболғанынайқынырақтаныпбілуүшін осы Орхонжәдігерліктерініңбіріне, айталық,Күлтегінніңүлкенжәнекішіжазуларынаәдебиталдаужасапкөрейік. Өлеңдебірыңғайдауыссыздыбыстардыңқайталаныпқиысуы, яғни аллитерация жырдағыүндестікті, мәнерліліктікүшейтетүсетінінежелгітүркісөззергерлеріжаксытүсініп, бұләдістішебермеңгергеніанық. Мәселен, «Күлтегін» жырыныңавторы әдебитілгедауысырғағытүгіл, тіптідыбысқайталауларарқылыәжептәуіражарберугеболатынынсезгенсекілді:
Qyrqysquryqanotuztatar
Qytantatabyqopjayyarmis
Qayymqayanbunča…
Qyrqartuq(y jit)ijolysulamis.

Қырғыз, құрықан, отыз татар,


Қытай татабы бәрі жау еді.
Әкем қаған осынша (жауға)
Қырық жеті рет аттанды.
Ежелгі түркі поэзиясында осылайша бірыңғай дауыссыздыбыстардың («Q» «К») қайталанып отыруы арқылы жырдың ішкі мәнерлілігін арттыра түскен. Мұның өзі ежелгі түркі тілініңүндестік заңына да сәйкес келеді.
Қарсыласқан дұшпанға,
Қайраты асқан алаштан.
Қараман ханды білмейді,
Қыз Назымға таласқан.
«Күлтегін» жырында бірыңғай дауыссыз дыбыстары қатар тұрып кайталанатын екі сөз өлең жолының басында да, ортасында да, соңында да тұрып киыса берді. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында мынадай жыр жолдары жиі кезлеседі:
Sučigsabyrjajymšaqarturyp
Ukus turkbudunoltig
93
(Тәттісөз, асылқазынасынаалданып,
Түркіхалқықырылдың).
Бұлжыржолдарындадауыссыздыбыстарданбасталатынекісөз(Sučigsabyna «Сүчігсабыңа») жолбасындақайталаныптұр. Дәлосындаймысалды «Күлтегін» жәдігерлігініңүлкенжазуынандаоқыпкөругеболады:
Qanymqayansusiborti tag armis
Jayysyqon tag armis
(Әкемкағанныңәскерібөрідейбопты,
Жауларықойдайбопты).
Мұндадауыссыздыбыстанбасталатынекісөз («Qanymqayan»«Каңумкаған») жолбасындакайталанып, өзарақиысыптұр.
Сондайак, дауыссыздыбыстан басталатын сөздер өлең жолыныңортасында да ұшыраса береді. Бұған «Күлтегін» жырынан бір жолөленді мысалға келтірейік:
Ol odka qul qullyy bolmus arti
(Ол кезде құлқұлды болған еді).
Бұл жыр жолында бірынғай дауыссыз дыбыстардан («Q» «Қ») басталатын екі сөз («qul qullyy» «қул куллығ») өлен жолыныңортасында тұрып, жырдын үндестігін арттыра түскен. Ежелгітүркі поэзиясында аллитерация жасалатынсөздер өлең жолыныңсоңында да болуы ықтимал. «Күлтегін» жырында мынандай жыржолдары бар:
Turk amty budun bağlar
Bodka korigma bağlar
(Түркі халкының қазіргі бектері
Таққа кіріптар бектер).
Өлең жолының соңында дауыссыз дыбыстардан («В» «Б») басталып, екі жолда да кайталанатын сөздер («bağlar» «бектер») жыр үндестігін күшейтіп тұр. Бұл сиякты аллитерация жасалатын сөздердің өлен жолының соңында тұруы қазақтың батырлық жырларында да жиі ұшырайды. Мәселен, «Ер Қосай» жырына назар аударайық:
Атамнан қалған зұлфұқар,
Бабамнан қалған зұлфұқар.
94
Сондайақ өлең жолдарында кейде бірнеше сөз немесе барлық сөз аллитерация аркылы өзара қиысып тұрады:
tanri topasinta tutyr
jogari kotarmus
(Тәңірі төбесіне ұстап,
Жоғары көтерген екен).
Жырдың бірінші жолындағы үш сөз («tanri» «тәңірі», «topasinta» «төбесіне», «tutyr» «ұстап») де өзара үндесіп өлеңнің мәнерлілігін арттырып тұр.
Ежелгі түркі поэзиясында осылайша бір немесе бірнеше сөздің аллитерация аркылы өзара үндесіп келуі жиі ұшырайды:
Korurkozimkormaz taBilir
biligim bilmaz tag bolty
(Көрер көзім көрместей
Білгір акылымбілместей болды).
Бұл жырдың бірінші жолындағы барлық сөздер («korur» «көрер», «kozim» «көзім», «kormaz» «көрместей») өзара дауыссыздыбыстардың қайталануы арқылы үндесіп тұр. Ал, екінші жолдағыүш сөз («bilir» «білгір», «biligim» «ақылым», «bilmaz» «білместей») де өзара қиысу арқылы байланысқан.
Орхон жәдігерліктеріндегі ұйқастың өзіңдік ерекшеліктерібар. Қалай болған күнде де өлеңге қойылатын негізгі шарттардыңбірі тармақтағы сөз соңының үндестігі, дыбыстас естілуі болыптабылады. Ежелгі түркі жырындағы ұйкас - екпінді және екпінсізбуындар үйлесімінің біркелкі қайталануы. Мысалы, «Күлтегін»жырында мынадай өлең жолдары бар:
Adgu bilga kisig
Adgu alp kisig jorytmaz armis.
Bir kisi janylsar oyušy buduny
Bisükina tiga qydmaz armiš.

Ақылды кісілерді


Батыл кісілерді (табғаш) қозғай алған жоқ.
(Егер) біркісіалданса да, (онда) руы, халқы
Тұқымынадейінкалмаседі.
«Күлтегін» жырындаұшырасатынұйқассөздер, түптепкелгенде,соңғыбунақтағыдыбыстардыңөзараүндестігі, яғни аллитерацияжасалуыболыптабылады. Мысалы:
95
Bagiliguryoylynqutbolty
silikquzoylynkünbolty.
(Бекұлдарыңқұлболды,
Пәкқыздарыңкүңболды).
Осында үндестік, ұйқас туғызып тұрған элемент «болты» («болды») деген сөз ғана емес, сонымен бірге «кұл» және «күң» деген сөздердегі «қ» және «к» дыбыстары да екенін аңғару қиынболмаса керек.
Жырдың мазмұнына нәр беріп, сыртқы түрін ажарландыра түсуүшін «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларында теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақалмәтелдер жиіқолданылады.
«Күлтегін» жырында шындықты пернелеп айту, яғни оқиғаныаллегориялықәдіспен жеткізетін тұстары да аз емес:
balyqdaqytayyqmystaydaqyinmis
tirilipjatmisarbolmys
(Қаладағыларөрлепті,
Таудағыларіндепті).
Осыекіжолжырарқылыавторелішіастанкестеналасапыранболыпкеткеніноқырманғапернелепжеткізіпотыр.
Ал, енді «Күлтегін» жырының авторы Йоллығтегін Түркіқанағатының күшкуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысытүзелді дегенді төмендегідей етіп суреттейді:
Olödkäqulqullyybolmys arti
künkünligbolmys arti
Inisiačisinbilmaz arti
oylyqanynbilmaz arti

Ол шақта құлқұлды болған еді,


Күңкүнді болған еді.
Інісі ағасын білмес еді,
Ұлы әкесін білмес еді.
Сондайак, Орхон жазуларында суреттеліп отырған көріністердітағы да ажарландырып, кұбылта түсу үшін оны соған ұқсас өзгезатқа балау әдісін, яғни метафораны шебер қолданады. Мұндайметафораларға «Тоныкөк» жыры да бай:
Jayymyz tagira učuq tag arti
biz šag artimiz.
96
(Жауымыз тегіс жырткыш құстай еді.
Біз жемтік едік).
Түркі қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған, Қапаған қаған және Білге қағандарғакеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт.Өзі туралы оның: «Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп айтқанышындыкеді.
Түркі қанағатына төрт жағынан жау қаптағанда Тоныкөкакылкеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімендеқағандарға көмектесіп отырады.
Tün udymaty
Küntüs olurmaty
qyzyl qanym ötkti
qaratarimjügürti.
Isigküčigbatrimök
banözüuzunjalmagjamayt(t)ymoq.

Түнде ұйықтамадым,


Күндіз отырмадым.
Қызыл қанымдытөктім.
Қара терімді ағыздым.
Күшкуатымды аямадым.
Мен өзімұзақжорықтарға да бастадым.
Бір қызығы, VIII ғасырда өмір сүріп, Елтеріс пен Білге қағандардың кеңесшісі болған осы Тоныкөктің тарихи бейнесі араға мын жыл салып барып, Абылай ханның кенесшісі Бұқар жырау (XVIII ғасыр) бейнесінде дәлмедәл қайталанған сияқты. Елтеріс қағанға әрі ақылкеңес беріп, әрі әскерін басқарып жүрген Тоныкөк сияқты Бұқар жырау да Абылай ханға ұдайы кеңес айтып отырады, әрі хан жасақтарымен бірге жауға карсы күреске шығады.
Кемеңгер Тоныкөктің философиялык ойпікірлері Бұкар жыраудың дидактикалықшешендік сөз үлгісіндегі толғауларымен астасып жатады. Тоныкөк Түркі қағанатын сақтап қалу үшін еңалдымен елдін ішкі бірлігі қажет екендігін пернелеп, астарлап, накылөсист айту аркылы жеткізеді:
Juiqa ariklig toplayaly učuz armis
Jinčga ariklig üzgali učuz
Juiqaqalinbolsartoplayalyq alp armis
түркідәуіріндегіәдебиет
Jinčgajoyanbolsarüzgülük alp armis
97
Jinčgajoyanbolsarüzgülük alp armis
Жұканыбүктеуоңай,
Жіңішкеніүзуоңай.
Жұқакалыңдаса, (оны тек) алыпбүктейді,
Жінішкежуанаса, (оны тек) алыпүзеді.
Түркі қағанатының іштей берік болып тұруына қағанмен бірге ақылгөй Тоныкөктің де себепші болғанын автор жырда қайтақайта айтып отырады:
Sab anča ydmys.
Azqyňa türk budun joryjur armis.
Qayačy alp armis
Aiyuuysybilgaarmis.

Сөзді былай жіберді,


Азғана түркі халқы көшпелі еді,
Қағаны алып еді,
Ақылгөйі білгір еді.
Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері перифразсекілді болып келеді. Мәселен, Орхон жазбаларында Йоллығтегін«адамдар» деп айтудың орнына «елжұрт», «адамзат ұлдары» дегенсөз тіркестерін жиі колданады.

Türk qaraqamuybudunančatimis


Iligbudunartim
Ilimamtyqany
Kamka iligqazyanurmantirarmis.

Күллі түркі халқы былай десті:


«Елді халық едім,
Елім қазір қайда,
Кімге елжұрт іздермін?»
Ежелгі түркі поэзиясында айтар ойды нақты, қысқа түрде, әрібейнелі етіп жеткізу үшін қолданылатын кейбір сөз тіркестерімақалмәтел сиякты естіледі. Мәселен, Күлтегін ескерткішіндетөмендегідей жыр жолдары бар:
Yrag arsar jablag ayy birur
Jayuqarsaradgiayybirur tip

(Жырақболса, жамансыйлықберер,


Жақынболса, жақсысыйлықберер)
98
Немесе:
Ačyqtosyqomazsan
Birtodaračyqomazsan

(Аштықта тоқтықты түсінбейсін,


Бір тойсаң, аштықты түсінбейсін).
«Күлтегін» мен «Тоныкөк» жырларына тән тағы бір сипат - бұл жырлардың кіріспесінде және қорытынды бөлімдерінде лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастап, асқақтап сөйлеу сиякты эмфатикалык дауыс ырғағы басымболады. Мұның өзі оқырманның сезімін жандандырып, оны тезәсерлендіру үшін жасалғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қартданышпан Тоныкөктің бүкіл түркі еліне қарата айткан мына бір монологы бұған толық дәлел болса керек:
Мен, білге Тоныкөкпін,
Алтын койнауын асып келдік
Ертіс өзенін кешіп келдік
Көп (екен) деп неге кашамыз?!
Азбыз деп неге корқамыз?!
Орхон жазба жәдігерліктерінің композициялык құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ескерткіштер сол дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты болса керек. Біз әңгіме етіп отырған «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылғаны мәлім.
Таска қашап түсірілген бұл жазулардың әрбір руналық жолында, яғни құлпытастағы әрбір қатар жазуда бір емес, бірнеше сөйлем бар. Дәлірек айтсақ, ұзыннанұзақ етіп құлпытасқа бедерлеп жазылған руналық бір жол жазудың өзі бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен, яғни бір топтамаға, циклға камтылған сөйлемдерден тұрады. Мұнда автордың оқырманға айтпақ болған негізгі ойы әдеттегідей бір сөйлемнен екіншісіне емес, бір циклдан екінші циклға беріліп жатады. Бір цикл көлемі жағынан руналық жазудың бір жолына шамалас болып келеді.
«Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан бірбірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан бірбір хикая болып келеді. Оның бірінші циклы кағаннын өз халқына карата айтқан үндеуі; екінші циклы Түркі қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді; үшінші цикл түркілердің әскери жорыктарын хикая етеді; төртінші цикл - көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әнгіме; бесінші цикл - табғаштармен қатынасу түркілерге ажал қатерін
99
төндіретіні жайында хикая; алтыншы цикл түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған; жетінші цикл – түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған екендігі жөнінде айтылған жыр; сегізінші цикл осы ескерткішжырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.
Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбірциклдың өзі міндетті түрде мынадай үш элементтен тұратынболған: 1. Оқиғаның басталуы; 2. Сол оқиға желісінің біртіндепұлғая түсуі; 3. Осы циклда айтылуға тиісті ойпікірдің түйіні. Мәселен, «Күлтегін» (кіші жазу) жырының екінші циклы Түркі қағанаты жерінің ұланғайыр кен екендігін суреттеуге арналған.
Міне, осы екінші топтаманың алғашкы үш жолы оқиғаның басталуы - Білге қағанның қол астындағы халыққа қарата айтқан үндеу сөзі болып келеді:
Togusoyuzbagkariquduny
Bysabymynadgütiasid
Qatyydytynla.

(Тоғызоғызбектері, халқы,


Бұлсөзімдімұқияттында,
Теренұк).
Екінші топтаманың бұдан кейінгі төрт жол өлеңі жырдаайтылып отырған окиғаның өрістей түскені болып табылады. Бұлтөрт жол Түркі кағанаты жерінің кеңдігін суреттеуге арналған:
Ilgarü kün toysyq(q)a
Birgarü kün ortusynru
Quryyaru kün batsqyna
Jyryyaru tün ortusynjaru
(Ілгерікүн шығысында,
Он жақта күн ортасында,
Кейін күн батысында,
Сол жақта түн ортасында).
Екінші топтаманың соңындағы екі жол жыр осы циклдың түйініболып табылады. Мұнда түркі елінің халқы көп екені айтылады:
Anta ičraki budun qop ma (nja körur
anč)abudunqopitdim.
(Осыныңішіндегіхалықтыңбәрімағанқарайды.
Халықтыосыншамакөбейттім).
Сөйтіп, «Күлтегін» (кішіжазу) жырындасегізцикл, яғнисегіз
100
Хикаябар. Әрбір циклдың өзі үш элементтен (оқиғаның басталуы, өрістеп ұлғаюы, түйіні) тұрады.
Енді Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы мәтінініңкомпозициялыққұрылысынаталдаужасапкөрейік. Үлкен жазудағыКүлтегін жыры көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады. Мұныңөзі құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде ұзыннанұзақ53 қатар жазу болып шығады. Бұл жырдың ерекшелігі, ол бірбірінетолық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты окиғадан құралғандеуге болады. Бірінші хикая - түркі халқының ұлы атабабаларытуралы; екінші хикая - түркілердің табғаштардың бағындырыпалғаны жөнінде; үшінші хикая Елтеріс қағанды сипаттауғаарналған; төртінші хикая - Қапаған қаған туралы; бесінші хикаяБілге қағанды жыр еткен; алтыншы хикая - Күлтегін туралы жыр. Түркі халқының атабабалары ұлы адамдар болғанын жырлауғаарналған бірінші төртінші жолдарын толық камтиды.
• Бірінші хикая төрт циклдан тұрады. Бірінші циклда түркіхалқының үстіне билік жүргізу үшін бір кезде Білге қағанныңатабабалары отырғаны жырланады; екінші цикл - Білге қағанныңатабабалары жасаған әскери жорыктары туралы; үшінші цикл- түркі халкының арғы ататегінің адамгершілік қасиеттері жоғарыболғаны жайында; төртінші цикл Білге кағанның атабабаларынжоқтапжылауға арналған. Мұнда да әрбір цикл өз ішіне міндеттітүрде үш элементті камтиды - бастаушы (орысша «зачин»), осыциклдағы оқиғаның өрістеуі және түйіні.
Бірінші хикаяның бірінші топтамасына талдау жасап көрейік:
1. Осы циклдын басталуы үш жол өлеңнен тұрады. Мұнда жермен көктің және адамның жаралуы туралы әңгіме болады:
za kök tänti
Asra jayyz jir qylyntuqda
Akin arakisioylyqylynmys.
(БиіктеКөктәңірі,
Төмендеқаражержаралғанда,
Екеуініңарасындаадамбаласыжаралған).
2. Циклдың екінші бөлімінде оқиға өрістей түседі: Білгеқағанның атабабасы адам баласы үстіне билік жүргізу үшінотырғаны екі жол өлеңде айтылады:
Kisi oylynta üzä äčüm apam
Bumyn qayan Iatami qayan olurmyš.
(Адам баласы үстіне ататегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған).

101
3.Осы циклдың қорытынды бөлімінде екі жол өлеңде Білге қағанның ататегінің билік жүргізуі бүкіл түркі халқы үшін игілік әкелгені баяндалады:


Olurypantürkbudunynilintör(üs)
tutabirmisitibirmis
(Отырып, түркіхалқыныңелжұртын
Қалыптастырған, иелікеткен).
Біріншіхикаяныңалғашкыциклыосыменаяқталады. Бұлхикаяныңқалғанекінші, үшіншіжәнетөртіншіциклдарыныңкомпозициялыққұрылысыдадәлосыүлгідеболыпкеледі.
Ал, енді осы «Күлтегін» (үлкен жазу) жырының мазмұны жағынан аса қызықты, композициялық құрылысы зор шеберлікпен жасалғаны - алтыншы хикаясы.
Күлтегін ескерткішінің (үлкен жазу) алтыншы хикаясын Күлтегін батырдың жауынгерлік жорыктары жөнінде жазылған ғажайып жырдастан деуге болады. Алтыншы хикая он үш топтамадан тұрады.
Міне, осы алтыншы хикаянын бірінші циклы Күлтегіннің әскери қызметінің алғашқы сәттері қалай болғанын суреттеуден басталады. Бұл циклдың басталуы он жастағы бала жігітке Күлтегін деген ерлік есім қалай берілгенін төрт жол жырда баянда береді. Сосын оқиға желісі ұлғайып, Күлтегіннің туған жер үшін жүргізген қанды шайкастары (он жол өлеңде) көрсетіледі. Ал, циклдын корытынды бөлімінде (бір жол жыр) Күлтегіннің теңдесі жоқ женістері жыр болады:
Isigküčigbirur
Bunčatorügqazyanyp
InimKültigin
özinčakargakbolty.
Ісін-күшінберіп,
Осыншамаелжинап,
ІнімКүлтегін
Өзіқайтысболды.
Бұдан кейін оқиға желісі ұлғая түсіп, Күлтегін батырдың туғанжері үшін ерлікпен шайқасқаны көрсетіледі. Батыр соғдыларғажәне табғаштарға қарсы қан майданға шығады. Күлтегін онжасында ер атанады:
On jašda Umai tag ögimqatunqutyna
inimKültiginar at bulty.

102
(Он жастаҰмайтектішешемніңбағына


ІнімКүлтегін ер атанды).
БұданкейінгіжолдардаКүлтегінніңсоғдыларғақарсыкүресі,табғаштың бес мынәскеріменболғансоғысыжырболады. Мұнда«Күлтегінжауғажалғызұмтылды»дегенсөз бар. Ол жаудыжеңіп,қаруларынқолғатүсіреді. Сонымен, алтыншыхикаяныңекіншітоптамасындаКүлтегінніңтуғанжеріүшінжүргізгенқандышайкастарыжырланады. Ал,топтаманыңкорытындыбөліміндеКүлтегінніңтеңдесі жок жеңістерізормақтанышпенайтылған,соныңнәтижесіндетүркіеліөзініңегемендігіналып,дербесхалықболғандығыбаяндалады:
il jama il bolty
budunjamabudunbolty.
(Елімізқайтаелболды,
Халқымызқайтахалықболды).
«Күлтегін» жырының бұдан кейінгі хикаялары түркілердің түргеш, соғды, оғыз, т.б. карсы соғысы Күлтегіннің тайсалмай сол канды майдандарға ұлык Еркін, Құшы, Тұтык, аздардың елтебері сияқты жауларымен жекпе-жек арпалысы суреттеледі. ЖырдаКүлтегін түркі елінін «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп,елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқынтәуелсіз етті, байлыққа кенелтті деген пікір айтылады. Жырдыңбасты идеясы - түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға карсыұйымдаскан күреске, ата-баба жолын берік ұстауға шакыру болып табылады.
Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстанған кездерінде ешкімге тәуелсіз, жақсы өмір сүргенін жырлай келіп, ол жолдан тайып, дұшпаннан алданған сәттерінде:
Бек ұлдары - құл болды,
Пәк кыздары - күн болды,
- дейді.
Жыр соңында Күлтегін өлгенде бүкіл түркі халкы қатты кайғырып, аза тұтканы, оны жоқтапжерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көп елшілер, батырлар, тас кашайтын шеберлер, таңбашылар (мөр иесі), бектер, т.б. келгені айтылады. Күлтегін батырды жерлеуге татаб елінен келгендерді УдарСенгун, табғаш кағанынан ІсиіЛікен бастап келді. Күнбатыстағы Соғды, Бершекер, Бұхар ұлыстарының халкынан НенСенгун, Тархан ұлы, «он ок» елі мен түргеш қағаннан Макраш таңбашы және

103
Оғыз Білге таңбашы, қырғыз Тардуш Чур Күлтегінді жерлеуге қатысқаны жырда зор шеберлікпен баяндалған.


Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар.
Әйтсе де бұл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы, идеялықмазмұны жағынан «Күлтегін» жырына өтемөте ұксас. Әсіресе, композициялық кұрылымы топтамалар мен элементтердің атқаратын қызметі кұдды Күлтегін жырындағыдай болып келеді.
Әрине, «Тоныкөк» жырының сюжеті, оқиғалары баскаша екені даусыз. Мұндағы басты каһарман кағанның кеңесшісі Тоныкөк. Егер «Күлтегін» жырында түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне себеп болған негізгі нәрсе Күлтегін батырдың ерлігі деп көрсетілсе, ал «Тоныкөк» жырында автор дәл сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақылайласы арқасында ғана жеттік деп көрсетеді. Бұл жырдың басты қаһарманы батыр емес, бүкіл түркіелінің дана қарты, тіпті Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі Елтеріскағанға да кезінде ақылгөй болған Тоныкөк карт. Сондыктан бұлжырда уағызөсиет, нақыл сөздер көбірек ұшырасады. «Тоныкөк»жыры да көлемді. Ол 313 өлен жолынан тұрады. Мұның өзіқұлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпыоқиға желісін зерттеушілер он төрт хикаяға бөліп карастырады.«Күлтегін» жырындағы секілді мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші циклда түркі халқынын табғаштарға байланыстыбағынышты болып қалу тарихы, екіншіде аман қалған түркілердің бас қосып бірігуі, үшіншіде сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің зор роль атқарғаны; төртіншіде Елтерісті қаған етіп жариялағаны; ел ішіндегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны; бесіншіде оғыздардан тыңшы келіп, олар түркі елін шаппақ болып жатканы; алтыншыда түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің рөлі; жетіншіде оғыздармен болған соғыс туралы, сегізінші циклдан бастап, он үшінші циклға дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген киянкескі соғыстары жыр етіп баяндалады.
«Тоныкөк» жырының ең соңғы он төртінші топтамасы бүкіл жырдың қорытындысы сияқты. Мұнда түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атапатап айтады да, соның бәрінде түркілердің женіске жеткенін, сол жеңістер өзіненөзі келмегені, оған Тоныкөк өзінін ақылкеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосканы сөз зергерлеріне ғана тән зор шеберлікпен суреттеледі.

104
Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи рөлі ерекше атап айтылады. Тоныкөк ескерткіші ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде көріктеу құралдары, тілі, композициясы, т.б. жағынан зор шеберлікпен жазылған жирдастан болып табылады.


Түркі қағанатының есімі мәшһүр әскери қолбасшысы, даңқты батыры Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады. Күлтегін тарихи адам болса да жырда ол бейне біраңыз қаһарманындай ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген.
«Күлтегін» жыры тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік ансаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы арманқиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін,кескілескен шайкастарда қол бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн сияқты.
Түркі халқын сырткы жаудан қорғау үшін «түн ұйықтамай, күндіз отырмай», тыным таппай жүрген Күлтегіннің қанды шайкастардағы ең жақын көмекшісі, онын мінген тұлпары болып көрінеді. «Ер қанаты ат» екені «Күлтегін» жырында да айтылады.Қанды шайқастарда Күлтегін батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі астындағы тұлпары деп біледі.
Күлтегін сан түрлі шайқастарда әртүрлі сәйгүлік аттарға мініп, қан майданға шығады. Небір тұлпарлар Күлтегіннің мінісінешыдамай, бірінен соң бірі құлап жатады. Мұның өзі батырдыңқыруар күшкуат иесі екенін аңғартып тұрған сиякты. Күлтегіннің-жекпежекке түсетін қарсыласы неғұрлым күшті, айбарлы болса,батырдың майданға мінетін сәйгүлігі де соғұрлым жүйрік, данқты болып келеді. Күлтегін өзінен бұрын талай рет ерлік көрсеткеналып батырлардың арғымақ аттарына мініп шығады. Мәселен,Күлтегін жиырма бір жасында жаудың ен мықты батырыныңбірі Чача Сенүнмен шайқасады. Сонда ол Тадықын чурдын Бозатына мініп келеді. Бұл көрініс «Күлтегін» жырында айшықталыпберілген:
Bir otuzjašynja
Čača sarjünka sürjüšdimiz.
An ilkiTadyqynCuryn
boz (atyybiniptagdi.
Ol at ahta) ölti.
Жиырмабіржасында,
ЧачаСеңүнменайкастық,
ЕңілкіТадықынчурдың,

105
Бозатынамініпшапты,


Олатсондаөлді.
Батыр бұдан кейін де талайталай жаумен шайқасып, солардыңәрқайсысында әртүрлі алыптардың тұлпарына мініп шайқаскашығады. Бәрінде де ол женіп отырады. Өйткені батырдың майданғамінген арғымақ аты қаһарманның бойындағы асыптасып тұрғаншексіз күшкуатқа сай келеді.
«Күлтегін» жырында Түргеш елімен болған соғыс кең көлемдежырланған деуге болады. Бұл соғысқа Күлтегін әскері Інжуөзенінен өтіп барады. Мұнда автор Күлтегін әскерінің «аты арық, жемі жоқ еді» дейді. Бұларға қарсы шыққан жау «қорқыныштыкісілер, алып кісілер болатын». Күлтегін шағын колмен оларғақарсы барды. Жойқын соғыс ашты. Жаудан жасқанбады. ӨйткеніКүлтегіннін мінгені Алып Шалшы ақат болатын:
Alp Salčyaqatynbiniptagmis
Qara türgisbudunyy
Anta ölürmišalmys
АлыпШалшыақатқамініпшауыпты.
Баршасытүргешхалқының
Сол
жердеөлімтауыпты.
Бұдан кейін жырда түркілердің қарлықтармен болған соғысыбаяндалады. Тамағ шыңында болған осы шайқаста қарлықтардықырып салады. Өйткені Алып Шалшы ақ ат бәрінен де жүйрік, бәрінен де тегеуріндіеді.
Күлтегін талай рет Азман ақ атына мініп, жауды шапқандаұдайы жеңіске жетіп отырады: да
Kültigin Azman aqyybiniptagdisančdy.
Süsinsančdymyzilinaltymyz.
(КүлтегінАзманағынмініп,
шапты, талқандады.
Әскерінжеңдік, еліналдык).
Сөйтіп,«Күлтегін» жырындашығарманыңбастықаһармандарыныңбіріретіндебатырдыңжорыққамінетінсәйгүлікаттарыбейнеленген. КүлтегінсоғысқамінгенБозатпенТорыат, АлыпшалшыменАзманарғымақтартуралыЙоллығтегінсүйсінежырлайды. Түркіқағанатыныңәскериқолбасшысымінгенсантүрлісәйгүліктертуралыоқиотырып, қазақтыңбатырлықжырларындағы «әраяғыкелідей, онекіқұлашШұбар» тұлпарды,«бірөзіонекібиеніеміпөскенатГиратты», «біркүншапса

106
айшылықжолдыалатынБайшұбарды» ескетүсіреміз.


Сонымен, Орхон жазба жәдігерліктері - «Күлтегін» және«Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялыққұрылысы, көркемдік бейнеленуі жағынан қазақтың ерлік пенелдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілеріболып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет