Оғыз-қыпшақ заманындағы әдебиет
Оғыздар мемлекетінің ресми түрде тарих сахнасына шығуыIX ғасыр болып саналғанымен, одақты құраған тайпалар тарихытуралы деректер VI--VII ғасырлардан басталады. Оғыз жәнекыпшак тайпаларының тегі бір, тілі туыс, тарихы ортак, қонысы аралас, әдеби-мәдени дәстүрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Тарихи дәуірлерде кос тайпанын бірінің орнын бірі басып, біртерриторияны кезек билеген кезеңдері де болған. Бір-біріменөзектес, сабактас кос туынды - "Оғызнама" дастаны мен "Қорқытата кітабының" желісі оғыз-қыпшақтардың тайпалық кезеңінен бастау алып, олардың біртұтас мемлекетке айналғаннан кейінгі тарихының қилы кезеңдерін қоса қамтыған. Ел өмірінің көркемшежіресі іспетті кос туындымен қатар дәуірдің дара перзенті Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығы және "Кодекс куманикус" деген атпен әйгілі кыпшақ тілінің сөздігі осы кезең мәдениетінің жемісі болып табылады. Ескерте кететін бір жайт, "Оғызнама"дастаны мен "Қорқыт ата кітабы" бұған дейінгі әдебиет тарихынақатысты енбектерде ежелгі дәуір әдебиетіне тән туындылар ретінде карастырылатын. Бірақ бұл шығармалардың дүниегекелу мерзімі мен хатқа түсу кезеңі арасындағы алшақтық оларды аталған дәуір әдебиетіне телуге мүмкіндік бермейді. Шығарылужәне хатка түсу процесі аралығында пайда болған шығармамазмұнындағы елеулі өзгерістер жөнінде де осыны айтуға болады. Сондықтан бірдей тілдік ортада, бір әдеби дәстүр аясында дүниегекелген "Оғызнама" дастаны мен "Қоркыт ата кітабы" дербес қарастыруды қажет етеді. Бұл туындылар орыс тілді әдебиетзерттеушілері тарапынан "оғыздардың батырлық эпостары" деп аталып жүргенімен, олардың оғыз-қыпшак тайпаларына ортақ мұра екендігі Ә.Марғұлан еңбектерінде-ақ айтыла бастаған болатын22. Белгілі ғалым Н.Келімбетов "Корқыт ата кітабына""оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби ескерткіші" ретіндеанықтама берген23. Сөз болып отырған қос туындыға қоса алдыңғы
²²Марғұлан Ә. Қорқыт : аңыз және ақиқат // Қорқыт ата. Энциклопедия.
A., 1999.
²³Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 1998. 98-б.
107
зерттеу еңбектерінде Ислам дәуіріндегі әдебиет аясында қаралып келген Фараби шығармашылығы ғұламаның өмір сүрген мерзімі, шыққан тегі, өскен ортасы, тәлім алған әдеби дәстүрі жөнінен қыпшақ әдебиетімен сабақтасады. Жазылған мерзіміне жүгініп, Алтын Орда дәуіріне телінген "Кодекс куманикус" еңбегі де қыпшак мәдениетінің төл туындысы болып табылады. Осы және жоғарыда айтылған өзге де ерекшеліктер аталған кезең әдебиетін "Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті" деген ортақ атаумен біріктіруге негіз болып отыр.
Аталмыш дәуірдегі әдеби мұралар ішіндегі ең көп зерттелгені - "Қорқыт ата кітабы". "Деректік сипаты бар, жекелеген зерттеулік мәні бар әйтеуір Қорқытка тікелей қатысты еңбектердін ұзын- ырғасы қазір 800-ден асып түседі екен"24 деген мәліметті белгілі фольклортанушы Ш.Ыбыраев 1999 жылы келтірген болса, бұл көрсеткіштің қазір көтеріле түскеніне күмән жоқ. "Қорқыт ата кітабын" зерттеуге толымды үлес қосқан қазақәдебиеттанушылары қатарында М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Жұбанов, Х.Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, C.Қаскабасов, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев секілді көрнекті зерттеушілерді атауға болады. Дүниежүзілік деңгейдегі зерттеулерге аркау болған көлемді де кең өрісті туынды түркі халықтары әдебиетінде терең із қалдыруымен ерекшеленеді.
Осы орайдағы түйінді мәселелердің бірі әрі тарихи тұлға, әрі аныздык кейіпкер ретінде көрінетін Қоркыттын өмір сүрген кезенінанықтаумен байланысты болып отыр. Қорқытжырларының көпшілігі IX-XI ғасырлардағы оғыз-қыпшақ мемлекетінде өткен оқиғаларды суреттейтіндігіне орай зерттеушілер арасында Қорқытты осы дәуір өкілі деп қабылдаушылар саны едәуір. Ал түркі әлеміндегі Қорқыт жайлы тұңғыш зерттеулердің бірінін авторы Ә.Марғұлан "ұлы жыраулардың ең ескі дәуірдегі ұлы ұстазы" Қорқыттың өмір сүрген кезенін VII-VIII ғасырлар деп белгілейді25 Ғалым келтірген Әбілғазы Баһадүр шежіресінде: "Қорқыт Аббас халифасының кезінде (VII-VIII) болған адам. Қорқыттың туып- өскен жері Сырдарияның жағасы" деген дерек бар. Осы енбекте сонымен қатар Инал Қайы ханның өз кеңесшісі Қорқытты Мұхаммед пайғамбарға елшілікке жіберіп, сол арқылы ислам дінінқабылдағаны туралы айтылады. Бұл мәліметте көрсетілген мерзім VII ғасырдың бірінші жартысына сай келеді. Дегенмен Қорқыт тұлғасының жинақтық образ екендігі, ол жайындағы аңыздық, шежірелік сипаттағы мәліметтердің талас тудырмайтын ақиқат
²⁴Ыбыраев Ш.Қорқыт және шаманизм // Қорқыт ата. Энциклопедия. А.,
1999. 581-б.
²⁵Марғұлан Ә. Қорқыт: аңызжәнеақиқат // Қорқытата. Энциклопедия.
A., 1999. 49-б.
108
еместігібелгілі. Мұндайкүрделімәселелер тек шығармамазмұнынатүбегейліталдаужасауарқылығанашешіледі. Көрнекті фольклорзерттеушісіС.Қаскабасовтың: "Қорқыттуралыфольклорлықшығармалар, соныңішіндеоныңөлімгедауаіздегенітуралысюжет те ертекезде, дәлірекайтқандаТүрікқағанатытұсындабелгіліболғанжәнекейінбірнешетүркіхалқынажайылыпкеткендеугеболады. Башқұрт, түрікпен, әзірбайжан, қазақелдерінінфольклорындағыҚоркытбейнесісоның айғағы"26 дегенпікірі осытұстаорайлы.
Оғыздардың батырлық эпосы "Қорқыт ата кітабының"поэтикасы жөнінде толымды зерттеу жасаған Ш.Ыбыраевтың пікірінше, Қорқыт VIII ғасыр ішінде өмір сүрген27.
Х ғасырдағы араб географы Истахридің "Түріктер арасынан бұрын өткен екі данышпанның бірі" ретінде Қорқытты атағанына тоқтала келіп, әдебиет зерттеушісі М.Айтказыұлы: "Біз бұл жерде "бұрын" деген сөзге көңіл аударуымыз керек. "Бұрын" деген кемінде үш ғасыр араға салып келетін сөз" деп жазады. Өзге де тарихи деректерге талдау жасаған автор "Қоркыттың жасаған шағы шамамен алғанда VI-VII ғасырларға барады" деп тұжырымдайды28. Осы тақылеттес пікір айтқан С.Мұқтарұлынын: "Қорқыт өмір сүрген кезеңді VII ғасырдан ары жылжытсак, Қорқыт таза аңыз болып шығады. Бері жылжытсак, оғыз болады"29 деген сөзіне орай көрнекті ғалым Т.Қоңыратбаевтың: "Мәселені бұлай қою VII ғасырдың арғы жағы мифтік сана, бергі жағы тарихи санадеген жаңсак ұғымға саяды. Мұндай екі түрлі таным сатыларыныңтүйіскен тұсы нақты бір уақыт пен кеңістік кесіндісі – ғасырмен өлшенбесе керек"30 деген ескертуі де біраз мәселенін бетін ашады.
"Қорқыт ата кітабына" енген жыр оқиғалары жоғарыда атап өтілгендей, бірнеше ғасырлық мерзімді қамтиды. Қорқытжырларының шығу тегін зерттеп-зерделеген ғалымдардыңпайымдауынша, олар алғашқыда өлеңмен жазылып, XV ғасырда Кавказда прозалық әнгіме түрінде хатқа түскен. Қорқыт өзінетелінген жырлардың тікелей авторы немесе басты кейіпкері ретіндетанылмайды. Белгісіз баяндаушының атынан айтылған эпостыңтек III, VIII жырларында ғана Қорқыт оқиға барысына араласады. Бірақ барлық жырдың соңында ол үнемі ел үшін күрескен ерлерге
²⁶Қасқабасов С. Ажалмен айқасқан адам //Жұлдыз журн., 1989, N8, 195-6.
²⁷Ыбыраев Ш.Қорқыт және шаманизм // Қорқыт ата. Энциклопедия. А.,
1999. 582-б.
²⁸Айтқазыұлы М. Өсиеттербұлағы. А., 2005, 42-б.
²⁹Мұқтарұлы С. Қорқыттануғабаспалдақ // Қорқытата. Энциклопедия. А.,
1999, 996-б.
³⁰Қоңыратбаев Т.Қорқытжәнеоныңэтникалықтегітуралы //Алматы
ақшамы, 1999, 15 қаңтар.
109
мадақжыры - "Оғызнама" арнап, хан-қарағабірдейбатасынберетінозан-жырауретіндекөрінеді. ЖырлардыҚорқытатыментоптастырудыңбастысебебііспетті осы деталь тыңдаушыныңбелгісізбаяндаушыныҚорқыттыңөзідепқабылдауынаәсеретеді.Кезінде Қорқыттың тікелей өзі шығарған осы тектес жырлары болып, кейінгі жырлаушылар оны өндеп, өзгертіп, дамыткан, жаңа жырлар қосқан деп топшылауға негіз бар. Алайда жырдағыстиль біркелкілігі оны шығармашылық топтың өңдеуінен өтті депсанауға мүмкіндік бермейді. Жырларды хатқа түсіру барысындағыәдеби өңдеудің ауызекі халық шығармашылығына тән көркемдік пішінді өзгерте алмауы да зерттеушілердің "Қорқытата кітабының" авторына қатысты кесімді пікір білдіруіне кедергі болып отыр. "Бұл қолжазбаларға "Қорқыт ата кітабы" деп ат қоюдың өзі ғылыми талғам тұрғысынан даулы" деген пікірлер де айтылуда. Алайда бұл атауды Қорқыттың авторлық туындысын танытатынбұлтартпас дәлел деп емес, шығарманың тарихи қалыптасканатауы ретінде қабылдағанымыз жөн болмақ. Аталған мәселелердіңбарлығы Қорқыт тұлғасын тереңірек зерттеп, жан-жакты байыптауқажеттілігін туғызды.
Оғыздар мемлекетінің іргелі ел болып, енсе көтерген шағы (IX-X ғасырлар) түркі өркениетіне ислам дінінін ықпалы күшейген тұсына сәйкес келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан төлдүниетанымы, сараланған болмыс-бітімі, өзіндік ойлау жүйесі, наным-сенімі, тілі, дәстүрі бар түркі жұртына жана діннін келуі күрделі процестер туғызды. Осынау өзгерістердің тарихтағы,танымдағы іздері әдеби туындыларда айқын таңбаланды.Тәңірлікдін мен ислам элементтері аралас қолданылған "Қорқыт ата кітабынын" күрделі дүниетанымдық желісі Қорқыт тұлғасына қатысты пікірлердің кеңінен өрбуіне өзек болды. Қорқытдәуіріндегі тарихи үдерістерді саралай келіп, тарихшы А.АйдосовҚорқыт жас кезінде шаман дінін насихаттау арқылы ислам дініне қарсылық білдірген, ал өмірінің екінші кезеңінде ислам дінін қабылдап, мұсылман болған, оғыз мемлекетінің қайраткері ретінде танылған деп есептейді31. Қорқыт күйіне қатысты аңыздардызерттеумен ұзақ жылдар айналыскан А.Сейдімбеков Қоркытты Тәнірлік діннің аса көрнекті өкілі, ең басты идеологы санап, оның тұлғасын исламмен байланыстыруға үзілді-кесілді карсылықбілдіреді32. Қорқыт атаның "сегіз қырлы, бір сырлы, қасиеті менқызметі жан-жақты" тұлғалық болмысына тоқтала келіп, ғалым
³¹Айдосов А. Түркі тайпаларының ислам дініне қарсы шығуы. Қорқыт -
шаман дінін насихаттаушы // Түркі дүниесінің кемеңгер ойшылы. Қызылорда,
1998, 68 б.
³²Сейдімбек А. Қорқыт аңыздары // Қорқыт ата. Энциклопедия. А., 1999.,
99б.
110
Ш.Ыбыраев: "Ол - бақсы, болашақты болжайтын көріпкел әулие, асқан күйші, елші, жырау (озан), ру мен тайпа кеңесшісі, уәзір, сарай маңындағы беделді қызметкер, ислам дінінің жақтаушысы" деп жиынтық анықтама жасаған болатын. Түркі халықтарының ауызекі және жазба деректері негізінде тұжырымдалған бір адамның бойына үйлеспейтін, бір тарихи мезгілге сыймайтын бұл анықтаманың қайшылықты екенін көрсете отырып автор: "Бірақ осы деректерді тарихи сатылары бойынша коғамдық-әлеуметтікқұбылыстармен, саяси өзгерістермен сабақтастыра отырып, нақты тарихи адамның өзін емес, ол туралы ел санасындағы ұғымды мезгілдік шекарасы бойынша созып карайтын болсак, онда белгілі бір пәтуаға келуімізге жол ашылмақ. Бұл түптеп келгенде Қорқыт бейнесінің халық түсінігіндегі эволюциясы болып шығады" депі қорытады33.
Қоркыт тұлғасы мен ол өмір сүрген дәуірге қатысты әр алуан пікірлердің қалыптасуына негіз болған басты фактор - туындыдағы мазмұндық көпқабаттылық. Мұның өзі жоғарыда айтылған туындының дүниеге келуі мен хатқа түсуі арасындағы бірнеше ғасырлық үдерістердің табиғи нәтижесі. "Қорқыт ата кітабы" деген атпен біріктірілген эпостык мұранын басым бөлігін XI ғасырға дейін Сыр бойында туған жырлар құрайды. Түркілік төл дүниетанымнан бастау алатын жырдың тілдік құрылымы, көркемдік құралдары, бейнелер жүйесі дәстүрлі көркемдік қабатты құрайды. Батырлық эпостың бастауында тұрған туындыға сондай-ак қаһармандық пафос тән. Сюжет мәселесіне келсек, Қоркыт жырларында жинакталған азаматтық тарихтың аңыздық үлгісі барлық көркемдік қабаттарды қамтып, жырдың өн бойын көктей өтіп жатады. "Қорқыт ата кітабындағы" жана рухани құндылықтардың енуімен байланысты қалыптасқан исламдық мазмұндағы жыр қабаты Аллаға мадак айту (хамду-сана), жәрдем сұрау, шайқасқа намаз оқып, Жаратқанға жалбарынып барып кірісу, жеңілген дұшпанға исламды қабылдату секілді кейінгі әдебиетте дәстүрге айналып, батырлар жырының барлығына дерлік үстелген детальдармен ерекшеленеді. "Қорқыт ата кітабындағы" үшінші бір мазмұндык кабат сопылык таным көріністері болып табылады. Қоркытжырларында "Әумин" дегендер Алланыңдидарын көрсін", "Әумин" дегендер Тәңірінің жүзін көрсін" секілді бата сөздер бірнеше рет қайталанады. Рухты тазалау, тәрбиелеу, жетілдіру,кемелдендіру арқылы сопылар көздеген жалқы максат – Алламен кауышу, яғни Хақ дидарын көру. Бұл - Тәнірлік дінде де, ресмиисламда да кездеспейтін сопылық танымға тән ұстаным. "Қаншанадан сені жерге карап, көктен іздер. Сен дәйім момындардың
³³Ыбыраев Ш.Қорқыт - шаман // // Түркі дүниесінің кемеңгер ойшылы.
Қызылорда, 1998, 266.
111
көңіліндесін" секілді жыр жолдары, "Хақ жандырған шырағыңсөнбесін" сияқты Йасауилік тіркестер, ер Домрулдың Әзірейілді қуып жіберіп, Тәңірмен тікелей тілдесуі тәрізді эпизодтар "Қорқыт ата кітабындағы" сопылық сарын белгілері болып табылады.
"Қорқыт ата кітабы" әдеби тұрғыдан жан-жақты талдау назарына ілікті. Осы бағыттағы елеулі ізашар еңбектің бірі белгілішығыстанушы Х.Көроғлы қаламына тиесілі. "Оғыздардыңбатырлык эпосы" зерттеуінің авторы эпос генезисіне талдаужасау барысында оғыздар мемлекетінің тарихына терендей еніп, "Корқыт ата кітабы" мен "Оғызнама" дастанынын тақырыптык, сюжеттік желісіндегі сабақтастықтың тарихи-мәдени негіздерін айқындай білген. АвторҚорқыт жырларындағы әрбір оғызнамағажеке токталып, жырдын дүниеге келген мезгілі мен мекені, эпостың композициясы, образдар жүйесінің ерекшеліктері, өлен құрылысы, көркемдік-бейнелеу құралдары, топонимикасы секілді мәселелерге баса назар аударады.
"Қоркыт ата кітабының" көркемдік кұрылымы көрнектіәдебиеттанушы В.В.Жирмунский еңбегінде кеңінен талданды. Эпостағы өлең құрылысының көне дәуірге тән екендігінатап көрсете отырып ғалым: "Жырдағы қарасөз бен өлеңнінаракатынасы осы екі типтін аралық үлгісі іспетті. Карасөз аркылыбаяндаулар, өлең арқылы (жекелеген ерекшеліктерді қоспағанда)кейіпкер сөздері беріледі…" деп жазады24.
Эпос поэтикасын арнайы зерттеу нысанына айналдырған Ш.Ыбыраев оның сюжеттік-композициялық құрылымын, жырдағы поэтикалык құралдардың көркемдік қызметін, олардың шығу тегін, даму сатыларын кеңінен карастырды. Ғалымныңанықтағанындай, "оғыз эпосындағы көркемдік құралдар барыншаәркелкі. Олардың ішінде эпитеттер айқын басымдыққа ие (мысалы,эпитеттер 1294 рет кездессе, теңеулер - 73, ал метафоралар 174 рет ұшырасады. Метонимия, синекдоха, эллипсис, т.б. мүлде дерлікқолданылмайды немесе өте аз ұшырасады"35. Автор сондай-ақ"Қоркыт ата кітабын" казактың "Алпамыс батыр", "Қобыландыбатыр", алтайлықтардың "Алып Манаш", "Маадай Кара", өзбектердің "Алпамыш" секілді жыр-дастандарымен салыстыра талдайды.
Белгілі эпос зерттеушісі Р.Бердібай "Дәде Қорқыт кітабы" және қазақ эпосы" атты мақаласында оғыз дастаны мен қазақ эпостарына тән ортақ сюжеттік желілерге тоқталады. Осытақырыпты зерделей зерттеген екінші бір автор Х.СүйіншәлиевҚорқыт накылдарының казақ мақал-мәтелдерімен үндестігі
²⁴Жирмунский И.М. Огузский героический эпос и "Книга Коркута" // Қорқыт ата. Энциклопедия. А., 1999, 561-б.²⁵Ибраев Ш. Поэтика огузского героического эпоса. А., 1997, стр. 7.
112
мәселесін де назардантысқалдырмаған. "Қорқытатакітабының"идеялықмазмұнынатолыққандыталдаужасайотырып, көрнектіәдебиеттанушыН.Келімбетовжыраңыздарыныңтарихиокиғаларменсабақтастығына, халықтықсипатына, жырдыңкомпозициялықерекшеліктеріне, көркемдікқұралдарынакөнілбөледі.
Қорқыт есімі өз атымен жинақталған кітап арқылы ғана мәлім болып отырған жок. Ол - "қара қобызды түркі жұртының аруақты аспабына айналдырған ұлы күйші, түркі саз өнерінің негізінқалаушы"36. Әрі тарихи, әрі аңыздық тұлға, күй атасы Қорқыт ғасырлар бойы қазақ күйшілерінің ғана емес, ақын-жырауларының да пір тұтар тұлғасына айналып, туындыларына арқау болды. Ал жазба әдебиеттегі Шәкәрім, Мағжан жырларынан бастау алған Қорқыт тұлғасын сомдау дәстүрі Т.Әлімқұлов, С.Мұқтарұлы, Қ.Бекхожин, Ә.Әлиасқаров секілді авторлардың шығармаларында жалғасын тапты.
"Қоркыт Атанын рухани мұрасы бүкіл түркі халқының VII- VIII ғасырдан кейінгі мәдениетіне негіз боп каланған іргетас… Зерделей қараған адам Жүсіп Баласағұн мен Әбу Насыр әл- Фараби еңбектерінен, Науаи мен Низами дастандарынан, Асан Қайғы мен Бұкар жырау толғауларынан, Мақтымқұлы мен Жүніс Әмре шығармаларынан, Абай мен Мағжан жырларынан Қорқыт Ата ойларының ізін онай-ақ табар еді"37. Көшпенділердүниетанымының үздік туындысы - "Қорқыт ата кітабы" руханимәдениеттің кез келген саласында айрықша зерттелуге лайықты болғанымен, бұл мәселеде әзірге тек әдебиеттанушылар мен философтар белсенділік танытып келеді.
Оғыз-қыпшақ дәуірі әдебиетінің бірегей туындыларының бірі - "Оғуз-наме" дастаны. Көне дәуірден жеткен барлық мұраларсекілді "Оғуз-наме" жырына да айтылу мен жазылу мерзімі арасындағы алшактық тән. "Оғуз-каған" эпосының тілі" аттыкөлемді зерттеу еңбегінің авторы Қ.Өмірәлиевтің пайымдауынша, "өте ерте заманда жазылған бұл сөз үлгісі XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың бірінші жартысында соңғы рет хатқа, жазуға түсіп, бізге осыдан 500 жыл шамасы бұрынғы сол нұскасымен келіп жеткен"38, "Оғуз-намені" зерттеушілердің бірі П.Пелльо оны XIVғасырдың басында Турфанда жазылған деп білсе, А.М.Щербакдастан XV ғасырда Жетісуда хатқа түскен деп есептейді.
Дастанның Париж ұлттық кітапханасында сакталған ұйғыр әрпімен жазылған бір ғана нұсқасы бар екені белгілі. Алайда
³⁶Нысанбаев Ә. Алғысөз //Қорқыт ата. Энциклопедия. А., 1999, 10-б.
³⁷Сонда, 16-6.
³⁸Өмірәлиев Қ. "Оғуз-қаған " эпосының тілі. А., 1998, 4-б.
113
H.Келімбетов Оғыз қаған жайлы кеңінен баяндалатын Әбілғазы Баһадүр жазған "Түркмен шежіресін" эпостың арабтіліндегі екінші нұсқасы ретінде қарастырады39. Бас кейіпкерге қатысты өрбитіннегізгі сюжеттік желісі ортақ болғанымен, бірі - ауыз әдебиетіне тән туынды, екіншісі авторлы шығарма болып табылатын, екі түрлі дәуірде хатқа түскен "Оғуз-наме" мен "Түркмен шежіресінің" баяндау стилінде, сөз қолданысында, жекелеген оқиғаларында айтарлықтай ерекшеліктер бар. Әбілғазы шежіресіндегі Оғыз қағанға қатысты аңыздар эпостағыға қарағанда жинақы әрі толық. Соған қарағанда "тарихшы-ғалым біздің заманымызға дейін сақталмаған, яғни бүгінгі ғылымға белгісіз бірқатар шежірелермен кезінде жақсы таныс болған сияқты"40. Бұған қоса "Шежіреде"кейінгі дәуір коспасы екендігі айқын көрініп тұратын исламдық мазмұндағы біркатар сюжеттер бар. Аталған жайттарды ескерерболсақ, Әбілғазы шежіресін "Оғуз-наменің" бір нұсқасы ретінде қарастырғаннан гөрі көне аңыздық желі қайта мазмұндалған шежірелік дербес туынды деп қабылдау ғылыми тұрғыдан негізді тәрізді. "Оғуз-намедегі" сюжеттерді Рашид ад-дин және Әбілғазыеңбектеріндегі аңыздармен қатар қойып, салыстыра зерттеген белгілі ғалым Х.Көроғлы аталған авторлардың өздеріне таныс тарихи оқиғаларды Оғыз қаған есімімен байланыстыра отырып, оларға эпикалық мазмұн дарытқанын, өзіндік дәйектеулері (интерпретация) аркылы көне аңыздарды жаңарта жеткізгенін айталы
Эпостың алғаш туындаған кезеңі туралы пікірлер де бір арнағатүсе қойған жоқ. Көрнекті әдебиеттанушы Ә.Қоңыратбаевтыңпікірінше, жырдағы Оғыз қаған жорықтары VI-VII ғасырлардағы Түрік қағанаты дәуіріне тән оқиғалардан, яғни Қапаған, Күлтегін, Могилян қатысқан шайқастардан алынған. Екінші бір авторҚ.Өмірәлиев "Оғуз-наменің" сюжеттік желісін, окиғалар тізбегін, олардың уақытқа қатынасын, ел-жұрт, тайпа, мекен атауларын,кісі аттарын, суреттеу тәсілдерін жіті зерттей отырып, "дастанғаТүрік қағанаты дәуірінін тарихи оқиғалары әсер етпегенін атап көрсетеді. Ғалым "Оғуз қаған" эпосы VI-VIII ғасырларға дейінтүбегейлі жасалып болған" деп тұжырымдайды"2.
"Оғуз-наме" дастанын қазақ тіліне алғаш аударып бастырған көрнекті зерттеушілер Ә.Дербісалин, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев болатын. Басылымға жазылған авторлар алғысөзі ұзакжылғы байыпты зерттеулердің қорытындысы іспетті. Туындыныңзерттелу тарихына талдау жасай отырып, авторлар эпостың тегі
³⁹Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 1998, 37-6.
⁴⁰Сонда, 38-б.
⁴¹Короглы X. Огузский героический эпос. М., 1976, стр. 28.
⁴²Өмірәлиев Қ. "Оғуз-қаған " эпосыныңтілі. А., 1998, 7-б.
114
мен тілінеқатыстыпікірлердібірізгетүсіріп, жүйелейді, орнықтыбағасынбереді. Орыстілдімәтіндеескерілмейқалғандастандағыөлеңжолдарынаталғанзерттеушілераударубарысындақалпынакелтірді. Алғысөзде "Оғуз-наме" жырындағыокиғаларжүйесішарттытүрдекиял-ғажайыпжәнереалистіксипаттыдепекігебөліпқарастырылады. "Оғыз" атауыныңэтимологиясы, туындыдағытотемдіккөзқарастар мен шамандықұғым-түсініктер, "Оғуз-намедегі" ру-тайпаатауларыныңтөлтарихымыздатаңбалануы,қасиеттісандарарқылыөрнектелгенэпостағыдүниетанымныңқазақыпайымдауларменүйлесімізерттеудекеніненқарастырылады. Сондай-ақдастанныңсюжеті мен мотивтерініңказақтыңбатырларжырымен, ертегілеріменүндестігі, кейіпкерлерәлеміндегіұксастықтар, дастаннынкөркемдікбейнелеужүйесі менстильдікбелгі-сипаттары, композициялықкұрылымерекшеліктеріжітіталдауназарынаалынған.
"Оғуз-наме" дастаны жөнінде іргелі зерттеулердін бірі – белгілі ғалым Қ.Өмірәлиевтің жоғарыда аталған "Оғуз-қаған" эпосының тілі" атты еңбегі. "Оғуз-наме" атауын "Оғуз-қаған" деп өзгертіп ала отырып, кітап кіріспесінде автор зерттеушілер қойған шартты атаудағы "наме" сөзінің анықтамалық қана мағына беретінін ескертеді. "Оғуз-қаған" ескерткіші әуелде ауызша туған дүние. Бізге келіп жеткен нұсқасы аныз-әңгіме, ертегі үлгісіндегі эпосқа көп жақын. Сондықтан естелік, өмірбаян, трактат, дастан", т.б. ұғымберетін "наме" сөзі бұл шығарманың табиғатына барынша қайшы келеді, оның жанрлық сипатын тануда жаңсақ түсінік туғызады" деп есептейді ғалым43. Осы пікірді дамыта келіп, белгілі әдебиет зерттеушісі Н.Келімбетов түрік ғалымы Нихад Сами Банарлының аталмыш туындыны батырлық жырлар санатына қосып, "Оғыз каған" дастаны деп атағанын айтады44. Өз зерттеуінде автор осы атауды қолданады.
Осы тұста "Оғуз-наме" атауының ұғымдық тұрғыдан ғана емес, тілдік жағынан да сәтті қолданыс еместігін айта кету орынды. Араб әліпбиімен жазылған түпнұсқа негізінде әріпқойлық транскрипциямен берілген атауда буын үндестігі сақталмаған. "Оғуз" сөзі тарихи әдебиеттерден бастап "оғыз" пішінінде тұрақтанған. Парсылық түбір "наменің" калыпты қолданыста әлдеқашан "намаға" айналғанына карамастан ("жылнама", "тарихнама", тіпті таза парсы сөзін алсақ - "Шахнама") қазак тілді әдеби зерттеулерде "Оғызнама" деген тілге жатык атаудың өзін калыптастыруға көңіл бөлінбей келді. Ал жоғарыдаайтылғандарға қоса "Оғыз қаған" эпосы" немесе "Оғыз қаған"
⁴³Өмірәлиев Қ. "Оғуз-қаған" эпосының тілі. А., 1998, 3-б
⁴⁴Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 1998, 33-б.
115
дастаны" атауының ғылыми негізділігі жоғары екендігіне дәлел боларлық тағы бір жайт бар. "Оғызнама" деген атаудың өз кезінде жалпылық ұғымға ие болғаны мәлім. "Қорқыт ата кітабындағы" әрбір жырдың соңында батырларға арнап мадақ жырын шығарған Қорқыт атынан: "Бұл оғызнама Игенек ( Бәрік, Бегілұлы Емре ) батырдыкі болсын" деген сөздер айтылады. "Оғызнама" атауы бұл жерде "оғыздар тарихынан сыр шертетін батырлық дастан" ұғымында қолданылған. Ә.Марғұлан енбегінде қыпшақ ақыны Әбубәкір Дударидің (басқа авторларда "ад-Давадари" деп беріледі) Мысыр әміршісі Насыр Қалауынға айткан төмендегі сөздері келтіріледі: "Оғыз түріктерінен мирас болып калған, олардың арасында "Оғыз-наме" деген бір кітап елден-елге ауысып көшіп жүреді. Оғыздардың тұрмыс халі, олардыңілгерідегі ұлыс құрылысы тегісімен осы кітапта сөйленетін"45. Ә.Дудари "Оғыз-намеден" алынған" деп келтірген Төбекөз туралы аныз бізге "Қорқыт ата кітабынан" мәлім. Жырдың Стамбул нұсқасында "Оғуз-наме" дастанының "Қорқыт ата кітабымен" бірге берілуі де кездейсоксәйкестік емес. Айтылған жайттардан тарихи дәуірлерде "Оғыз-наме" атауының бізге осы атпен жеткен туындыға ғана катысты қолданылмағанына көз жеткізуге болады. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым В.И.Жирмунскийдің орынды пайымдағанындай, "Оғуз- наме" сөзі XV-XVI ғасыр түріктерінде "оғыз халқының аныздык тарихының ауызша-поэтикалық және жазбаша ескерткіштері" ұғымындақолданылған"46
Оғыздардың батырлық эпостары төнірегінде ұзақ та нәтижелі зерттеулер жүргізген Х.Көроғлы ортағасырлық түркі әдебиетінде "оғызнама" атты дербес жанр болған деген тұжырымға тоқырайды. Оғыз қаған жайлы деректер қамтылған бұрынғы-сонғы әдеби- тарихи мұраларды түгелдей дерлік саралай отырып, автор оларды "шығыс оғыздарының туындылары" және "батыс оғыздары жазған еңбектер" деп екіге бөліп қарайды". Алғашқы топқабіз қарастырып отырған "Оғуз-наме" эпосы мен ад-Давадари еңбегінде айтылған Ұлұғ хан ата бітікшінің оғыздардың аңыз- әнгімелері жайлы бізге жетпеген кітабы жаткызылса, екінші топка XV ғасырдағы түрік тарихшысы Языджыоғлу Алидің "Оғузнаме" ("Сельжукнаме") атты туындысы, 1464 жылы жазылған екінші бір түрік авторы Энверидің "Дастурнамесі" және өзімізге таныс "Қорқыт ата кітабы" кіреді. В.И.Жирмунский аталғандарғақосымша "Оғуз-намеге" қатысты қалам тартушылар қатарында
⁴⁵Марғұлан Ә. Қорқыт туралы қазақтың қария сөздері // Қорқыт ата.
Энциклопедия. А., 1999. 57-б.
⁴⁶Жирмунский И.М. Огузский героический эпос и "Книга Коркута" //
Қорқытата. Энциклопедия. А., 1999, 478-6.
⁴⁷Короглы Х. Огузский героический эпос. М., 1976.
116
Османлышежіресін ("Жам'ижам'айн") жазған Хасан бенМахмут пен "Бахруленсаб" еңбегінің авторы Осман Байбуртлуныатайды8
Келтірілген дәйектердің барлығы зерттеуімізге арқау болып отырған туындыны әдебиеттану ғылымында "Оғуз-наме" атымен қалдырудың күмәнсіз шешім еместігін айғақтайды.
Қ.Өмірәлиев еңбегіне қайта оралайық. "Оғуз-қаған" эпосының тілі" зерттеуінде эпостың жанры, композициялық құрылымы, ескерткіш тілінін грамматикалык ерекшеліктері жан-жақтыталданып, ұйғыр жазулы мәтіннің транскрипциясы, оның қазіргіқазақ тілі нормасына түсірілген (автордың өз сөзімен) нұсқасы,түсіндірме сөздігі мен индексі беріледі. Бір назар аударарлығы,зерттеуші ескерткіш мәтініне қатысты "аудару" сөзін қолданбайды. Тілдік ұғымдарға сақ автор эпостың біздің ана тіліміздің көнеқалыбында жазылғанын, ал "аудару" ұғымының бір тілден екінші бір тілге көшіру процесіне катысты қолданыс екенін ескере отырып, максатты түрде "қазіргі қазак тілі нормасына түсіру" тіркесін енгізген тәрізді. Мұндай тәжірибелік талпыныстардыкөне жәдігерліктерді қазіргі қазақ тіліне бейімдеу жұмыстарынмазмұндауда назарда ұстаған жөн.
Орхон-Енисей жазуларындағы тәрізді "Оғуз-наме" эпосын хатқа түсіру барысында сөйлемнің, ойдың аяқталуы емес, қатардың-жолдың сыртқы қалыбы сақталуы қадағаланған. Яғни, эпос жолдары аяқталған ойды, сөйлемді білдірмейді. Мұныменкоса көне колжазбаларға пунктуацияның тән еместігі де оны оқып-түсінуді киындаталы. "Оғуз-наме" дастанына текстологиялыкталдау жүргізген Қ.Өмірәлиевтің айқындағанындай, қолжазба21 парак, 42 беттен тұрады, барлық беттер 9 жолдан, сонғы бет 7жолдан құралған. Шығармада үлкенді-кішілі он жеті сюжеттікжелі бар. Зерттеуші эпостың ұйғыр жазуымен хатқа түсіп,сақталуы оның сол халыққа тән екендігін көрсетпейтінін дәлелдейкеле, қолжазба түпнұсқадан емес, кейінгі нұсқалардың біріненыкшамдап көшірілген деген қорытындыға келеді43.
"Оғуз-наме" дастанының тіліне қатысты көрнекті әдебиет зерттеушісі Х.Сүйіншәлиевтін: "Өзінің тілі жағынан да "Оғызнама" көңіл аударарлык. Қазіргі оқушыға түсініксіз сөзонда өте аз. Кейбір ескірген сөздер мен архаикалық тіркестер дезаманның тілдік нормасына сыйымды… Тілінің түсініктілігінеқоса, қазақ тілінде бар дыбыстардың анызда көп колданылуы да онын қазаққа тым тума жыр екендігін айқындай түседі"⁵⁰ деген
⁴⁸Жирмунский И.М. Огузский героический эпос и "Книга Коркута"
Қорқытата. Энциклопедия. А., 1999, 561-б.
⁴⁹Өмірәлиев Қ. "Оғуз-қаған " эпосыныңтілі. А., 1998, 105-б
⁵⁰Сүйіншәлиев Х. Fасырларпоэзиясы. А., 1987, 62-б.
117
пікірінің де салиқалызерттеудентуғансалмақты ой екеніайқын.
"Оғуз-наме" дастаны мен "Қорқыт ата кітабының"зерттелуіндегі ортақ бір кемшілік - олардың ізін ала дамыған жазба әдебиет мұраларымен байланыста қаралмауы. Туғантопырағымыздағы жазба әдебиеттің бізге белгілі алғашкытолымды үлгілері XI ғасырдан басталады десек, аталмыш дәуірде оғыз-қыпшақ даласында өзге ауыз әдебиеті туындыларымен қатар Қорқыт жырлары мен "Оғуз-наме" аңыздарының да кеңінен тарағанына күмән жоқ. Түркі халықтарының теңдесіжоқ фольклоры жазба әдебиет туындыларының табиғи іргетасыболып қаланды. Оларды өзара байланыстыратын басты белгінітілдік жүйеден табуға болады. Тіл қисыны, сөздік құрамы,морфологиялық құрылымы жағынан қапысыз қабысып жататын эпостық шығармалар мен жазба әдебиет ескерткіштерінің сондай- ақ тақырып аясы, баяндау-суреттеу әдісі, көркемдік құралдары, образдар жүйесі жөнінен де үндестігі көп. Бір ғана Қарахандардәуірінде туған әдебиет пен оғыздардың батырлық дастандарыарасындағы сабақтастык мәселесі іргелі зерттеулерге іркілмей арқау етуге тұрарлық тақырып болар еді.
Оғыз-қыпшақ әдебиетіне тән тағы бір ерек туынды - "Кодекскуманикус" ("Кумандар кітабы") енбегі. Қолжазбада жазылғанмерзімі 1303 жыл деп көрсетілген туындының авторы белгісіз."Кодекс куманикус" көне дәуір жәдігерліктері ішінде готикалық жазу үлгісімен хатқа түскен бірден-бір шығарма болып табылады. Қолжазбаның жалпы көлемі - 82 парақ (164 бет). Христиандұғалығымен басталатын колжазбаның бірінші бөлімінде (1-110 беттер) жалпы есімдер, табиғат құбылыстары мен уақыт- мерзім атаулары, шаруашылық пен тұрмыс-салтқа байланысты қолданылатын сөздер, кәсіби атаулар, Жаратушы есімдері мен адамның қадір-касиетіне қатысты сөздер қамтылған. Мазмұнерекшелігі қолжазба иесінің саудагер, жиһангез немесе әуескойізденуші екенін анғартса, "жазудың орфографиялық ерекшеліктері мен сөз өрнектеу тәсіліне қарап итальяндық автордың қолынан шыққанын шамалауға болады"51. Ғылымда бұл бөлімді "итальянбөлімі" деп атау калыптасқан.
Қолжазбаның 110-165 беттерін қамтитын екінші бөлімі "неміс бөлімі" деп аталады. Басым бөлігін діни уағыздар құрайтын бұлбөлімді неміс миссионерлері жазса керек. Бөлімде куманша-немісше сөздік, қос тілдегі сөйлемдер мен сөз тіркестері, ішінара куманша-латынша сөздік, итальян поэзиясының үзінділері, куман тіліндегі негізінен христиан дінін уағыздайтын мәтіндер, гимндер, өсиеттер, жекелеген куман етістіктерінің жіктелу үлгісі, куман тілі
⁵¹Құрышжанов Ә., Жұбанов А., Белботаев А. Куманша-қазақша жиіліксөздік. А., 1978, 14-б.
118
грамматикасының латынша жазылған нұсқалары кездеседі.
Венециядағы Әулие Марк ғибадатханасынан табылған "Кодекс куманикус" қолжазбасын итальян ақыны Ф.Петрарка 1362 жылы Венеция республикасына сыйға тартқан деген дерек бар52. Колжазбадағы итальян поэзиясының үлгісі Ф.Петрарка қолыменжазылған. Атақты неміс ойшылы К.Лейбниц пен зерттеушіK.Массальская еңбектерінде "Кодекс куманикус" жайлы алғашқы мәліметтер келтірілген болатын. Ал қолжазбаны ғылыми тұрғыданзерттеудін негізін салған көрнекті шығыстанушы Г.Клапрот (1783-1835) болды. Сөздіктің бір бөлігінің ғана көшірмесі арқылыжұмыс жүргізген Клапрот зерттеуінде қателіктер көп болғанымен, "Кумандар кітабын" ғылыми айналымға косуда маңызы роль атқарды. Белгілі ғалым А.Құрышжанов Г.Клапротты қыпшақтанусаласының негізін салушылардың бірі ретінде бағалайлы53.
1880 жылы венгр ғалымы Геза Кун "Кодекс куманикус" қолжазбасын толығымен латын тіліне аударып, Будапештте бастырып шығарды. Зерттеушінің басылымға өз тарапынан жазғанкөлемді кіріспесі "Кодекс куманикус" қолжазбасының тарихын, кумандар және олармен туыстас түркі тайпаларының тарихы мен географиясы жайлы мәліметтерді, куман тілінің грамматикасы мен қолжазба мазмұнының аннотациясын камтиды. Келесі бөлімдеқолжазба мәтіні толығымен берілсе, соңғы тарауда қолжазбанегізінде екі тілді сөздіктер (куманша-латынша, парсыша- латынша, немісше-латынша, көне латынша-жаңа латынша) жүйеленіп беріліп, түзетулер мен ескертпелер енгізілген. Г.Кунныңбұл еңбегі түркология тарихындағы айтулы жаңалық ретінделайықты бағасын алды.
Г.Кун басылымының негізінде 1887 жылы В.В.Радлов 3000 сөзден тұратын куманша-немісше сөздік құрастырып шығарды. 1936 жылы "Кодекс куманикус" колжазбасының түпнұскасынКопенгагенда бастырып, 1942 жылы куманша-немісше сөздік жариялаған К.Гренбектің, "Куман тілінің синтаксисін" (Лейден, 1937) жазған румын ғалымы В.Дримбаның еңбектері осы саланың дамуына қосылған ерен үлес болды.
Отандық зерттеушілер арасында "Куманша-қазақша жиілік сөздік" құрастырған Ә.Құрышжанов, А.Жұбанов, А.Белботаевеңбегін ерекше атау орынды. Сөздікте куманша-қазақша екітілді алфавитті жиілік сөздік, сөздердің қолданылу жиілігі бойынша түзілген жиілік сөздік және кері алфавитті жиілік сөздік қамтылған. Көрнекті зерттеуші Ә.Құрышжанов басылымғажазған кіріспе сөзінде "Кодекс куманикустын" зерттелу тарихына
⁵²Құрышжанов Ә., Жұбанов А., Белботаев А. Куманша-қазақша жиілік
сөздік. А., 1978, 17-6.
⁵³Сонда, 21-б.
119
кеңінен тоқталып, зерттеу нәтижелеріне байсалды баға береді, ұсынылып отырған еңбектің ерекшеліктеріне назар аудара келіп, аталмыш салада қордаланған өзге де мәселелерге талдау жасайды. Ғалымның ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі аталған сөздікте ғана емес, арнаулы зерттеу еңбектерінде де көрініс тапты.
Ә.Құрышжановтың атап көрсеткеніндей, "Кодекс" тілі - қазіргі қыпшақ (қазак, қарақалпақ, қырғыз, татар, башқұрт, қарашай, ноғай, құмық, карайым) тілдерінің тарихи даму көзі". Тілдік мағлұматтарға бай "Кодекс куманикус" еңбегінің бірінші кезекте лингвистикалық зерттеулерге арқау болуы занды. Бұлорайда Ә.Ташауовтың "Кодекс куманикус" тіліндегі соматикалықатаулар" атты кандидаттық диссертациясын ерекше атауға болады. Ал туындыны әдеби тұрғыдан зерттеуге Х.Сүйіншәлиев,Б.Кенжебаев, Ә.Дербісәлиев, С.Қасқабасов сынды ғалымдар үлес косты.
"…Қыпшактардың орта ғасырлық өмір жолы, мәдени эволюциялары туралы, олардың тілі, өнері, ауыз әдебиеті, музыкасы жайлы құнды мәліметтер беретін "Кодекс куманикус"… ең алдымен лингвистер үшін, одан кейін әдебиет тарихы үшін құнды мұра. Ал қыпшактар тарихы, этнографиясы, мәдениетісаласындағы манызы айтпай-ақ түсінікті"54. Дегенмен әдебитұрғыдан "Кумандар кітабы" әзірге толыққанды зерттеу нысанынаайнала қойған жоқ. Қолжазба мәтінінің күні бүгінге дейінтолығымен қазақ оқырманының игілігіне айналмағандығы осы мәселедегі ең басты қолбайлау болып отыр. Әдебиетші қауымқолына тиген "Кодекс куманикустегі" жұмбақтар аудармасымен жоғарыда аталған "Куманша-қазақша жиілік сөздік" еңбектің әдебиет әлеміндегі мән-маңызын талдап-түсіндіруге, өзіндік орнын айқындауға тапшылық етеді. Түпнұсқаның әдебисипаты аса терең болмағанымен, шығарманы үзінділер түріндеемес, табиғи тұтастықта қарастырудың анағұрлым жемістіболары сөзсіз. Сонымен катар "Кумандар кітабында" көріністапқан қыпшақтардың төл дүниетанымы мен сырттан таңылған миссионерлік мазмұннын ара-жігін ажыратып алуда тұтас күйіндегі түпнұсқа мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы өлшеусіз екені даусыз.
Оғыз-қыпшақ даласынан шыққан ғұлама ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Ғылым-білім іздеп, жат жұртқа сапар шеккенгедейін болашақ ұлы ғалымның білім нәрімен туған топырағында
⁵⁴Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы. А., 1987, 95-б.
120
сусындағаны аян. Қалыптасқан отырықшылық мәдениеті мен көшпелі өркениеті катар дамыған даланың перзенті медресе қабырғасында білім ала жүріп, ән-күймен, жыр-аңыздармен де етене таныс болғанына күмән жоқ. Әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, I мыңжылдықтың соңында айтыс жанры көркем фольклордағы дербес түр ретінде қалыптаса бастаса, түркілік руханиятқа тән құбылыс - сал- серілер шығармашылығының алғашқы өкілдері осы кезеңде тарих сахнасына шыққан, дидактикалық поэзия туындыларына тән стильдің қалыптасуы да аталған дәуірге тұспа-тұс келген55. Адамзат тарихында есімі энциклопедист-ғалым ретінде сақталған Фарабидің өз замандастары арасында әрі топжарған ақын, әрі шебер күйші ретінде танымал болуында туған топырағынан сіңірген тәлімнің өзіндік орны болғаны даусыз.
Саналы шығармашылық ғұмырын мұсылман әлемінін маңызды ғылым және мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр қалаларында өткізген Фараби бірнеше тілді игеріп, ғылымның сан-саласында ізденістер жасап, 150-ге жуық трактат қалдырды. Әдебиет теориясы, поэтика, тіл білімі салаларынаарналған ғалымның "Өлен өнері туралы трактат", "Өлен өнерінін қағидалары туралы трактат", "Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат", "Риторикатуралытрактат", "Аристотель "Риторикасына" түсіндірменін үлкен кітабы", т.б. еңбектері сақталған. Сондай-акФарабидің әдебиет пен өлен өнеріне катысты біршама пікірлері "Логика туралы трактат", "Ғылымдардың шығуы туралы трактат", "Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері", "Ғылымдардың жіктелуі туралы трактат" секілді еңбектерінде тұжырымдалған.
Фарабидің әдебиет пен өнер саласындағы теориялықтұжырымдарына өзі жетік игеріп, зерттеулеріне арқау еткенгрек, араб, парсы халықтарының шығармашылығы ғана негіз болып қойған жоқ. Ғұлама ғалымның дамыған ақындық дәстүрі,сан салалы ауыз әдебиеті, ғасырлар бойы үрдісі үзілмеген әуен әлемі бар түркі халқының перзенті екенін ұмытпау ләзім. Балашақтан көкейде жатталып, санаға сіңген ән мен жырдың әсері, бітім-болмысы, табиғаты, ерекшеліктері кемелденген ғалымнын парасатты пайымдауларында көрініс таппауы мүмкін емес-ті. Аталған мәселелерді зерделей қарасақ, Фарабидің теориялық тұжырымдарындағы тереңдіктің, байыптылықтың, жан-жақтылықтың, өз дәуіріндегі ешбір ғұлама шешуін таппаған толғақты мәселелердің мәнін аша білген кемел парасаттың түп-төркіні қайда жатқанын аңғарар едік. Сөз жок, Фарабиеңбектеріндегі салыстырулар, талдаулар, пайымдаулар мен
⁵⁵Турсунов Е. Фольклор в эпоху аль-Фараби // Аль-Фараби и развитие
науки и культур стран Востока. А., 1974, стр. 100-101
121
тұжырымдардағығалымөскенөлкедегі дана дәстүрлердің, кемелдүниетанымныңізін, әсер-ықпалынжітізерттеуортағасырлықтүркі-араб өркениеттікбайланыстарындағыбізгебеймәлімталайқұбылыстардыңбетін ашар еді. "Әл-Фарабидіңэстетикалықойлаужүйесініңқалыптасуындаоныңотандастарыныңтендесіжоқфольклоры мен түркілікбейнелеужүйесіүлкен роль аткарғанына"36қазіргісалиқалызерттеушілер де күмәнкелтірмейді.
Фарабидің әдебиет әлеміне қатысты ғылыми еңбектері мен жеке шығармашылығы белгілі ғалымдар Н.Келімбетов, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Р.Бердібай, Н.Төрекұлов зерттеулеріне арқау болды. Ә.Дербісәлиев, А.Көбесов, Б.Ғафуров, А.Машанов, Т.Медетбаев еңбектерінде Фараби мұраларынын әдеби қырына назар аударылды. Әл-Фарабидің "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты" мен бірнеше өлеңі А.Нысаналиннің аударуымен 1974 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрді. Дегенмен Фараби мұраларының басым бөлігі әзірге қазақ тілді оқырманның игілігіне айнала койған жоқ. Бұл салада аткарылар кыруар іс келер күннің еншісіне калып отыр.
Шығармашылығының елеулі бөлігін өлеңдері құрайтын ғұламаның акындығы жайлы алғашқы мәліметтерді ортағасырлык араб тарихшылары (Ахмад ибн Халликан, Ибн Әби Усайбиға, Имад ад-Дин әл-Исфаһани) калдырған. Фараби жайында жазылған араб тіліндегі тарихи мәліметтердің едэуір бөлігін отандық ғылымға зерделі зерттеуші Ә.Дербісәлиев таныстырды7.Қазақ оқырманына Фараби өлендерінің шағын бөлігі ақын A.Нысаналиннің көркем аудармасымен белгілі болса, жекелеген шумактары көрнекті ғалымдар Н.Келімбетов, Ә.Дербісәлиевтердің жолма-жол аудармасы және А.Машановтың еркін аудармасы арқылы таныстырылды. Осы тұста назар аударарлық бір жайтбар. Шығарма иесінің шынайы сезімін, ой-толғамын, мәнер-машығын дәл беруде аударманың өзге түрлеріне қарағанда жолма- жол аударманың манызды екені белгілі. Дегенмен шығармадағыой мен сезім, көркемдік әдіс, бейнелеу құралдары, шеберлікдеңгейі секілді мәселелерді пайымдау үшін Фараби поэзиясының араб (ішінара парсы) тіліндегі түпнұска мәтіндерімен жұмыс жүргізген жөн. Арабтын айтулы сөз зергерлері ұстаз тұтып, арабпоэзиясының көшбасшысы санаған Фараби өлендері бұл тұрғыдан зерттелер болса, шағын шығармашылықтан әдебиетімізге комақты үлес косылары анық.
Есейген шақтан бастап өмірін араб жерінде өткізген,еңбектері түгелдей дерлік араб тілінде жазылған ғұламаның
⁵⁶Бурабаев М.С. Философия искусства Абу Насра Аль-Фараби //АльФараби.
Трактаты о музыке и поэзии. А., 1993, стр. 8.
⁵⁷Дербісәлиев Ә. Қазақдаласыныңжұлдыздары. А., 1995.
122
шығармашылығынтүркітопырағындатуындағанбұрынғы-соңғыәдебиетпентікелейбайланыстыружолыжоққатән. Фарабидізерттегенәдебиеттанушылардыңденіоныңтрактаттарындағыәдебиетмәселесінеқатыстытұжырымдардыталдаумен, ғұламаенбектеріндекөтерілгенидеялардыңтөләдебиетіміздегідамытылуын саран ғанасөзетуменшектеліпкеледі. Ғалымныңақындықмұрасынталдауғаталпынысжасаушылардыңәдебибайланыстыңбастытетігі тап осы тұстажатқанынажеткіліктідәрежеденазараудармауыөкінішті-ақ. Төләдебиетіміз бен Фарабипоэзиясындағысабақтастықіздері - түрентимегентыңтақырып.
Фараби ғұламаның күйшілік өнері ол дүниеге келген қыпшақ даласында да, шығармашылық із қалдырған араб жерінде де аңызға айналған. "Музыканың ұлы кітабын" жазған ғалымның әуен әлеміне алғашқы қадамы туған топырағынан басталғанына күмән жоқ. "VII-X ғасырларда оғыз-қыпшақ дәуірі әдебиет, музыка (күй), философия, өнершіліктің еркендеген бір сәулетті кезі болса,Қорқыт, әл-Фараби сияқты генийлер - соларды жасаушылардыңұлы басы" деп жазады көрнекті әдебиет зерттеушісі Ә.Марғұлан58
"Қобызымен ескі дүниені күңіренткен Әбу Насыр әл-Фараби Қорқыттың ізін ала шыққан, сонын шәкірттерінің бірі болуғатиісті. Арун-Рашид (халиф Харун ар-Рашид - А.Ә.) заманындаәл-Фараби күйшіні Жанкенттен Бағдатқа алдырып, Бағдат халқы Фарабидің сұлу күйін тыңдайды" дей келіп, автор Фарабидің араб жұртына келуін осы оқиғамен байланыстырады59. Алайда аңызғабергісіз бұл мәліметтің дереккөзіне сілтеме жасалмаған.
Айтылғандардан аңғаратынымыздай, данқты жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығының өскен өлкесінін дәстүрімен табиғи тамырласып жатқан кез келген қыры – ғылыми еңбектері, ақындық мұрасы мен күйшілік өнері осы сабақтастық тұрғысынан тереңдете зерттелуге тиіс.
Оғыз-қыпшақ дәуірі әдебиетінің бірегей туындылары саналатын "Қорқыт ата кітабы", "Оғуз-наме" эпосы, "Кодекс куманикус" еңбегі түркі халыктарының тұтастығы ажырамаған тұста дүниеге келіп, кейінгі кезен әдебиетін көктей өтіп жатқан көптеген үдерістердін бастауында тұрған шығармаларға айналды. Ал ғұлама ғалым әрі дарынды акын Әбу Насыр әл-Фарабишығармашылығының дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте маңызды орын алатыны талас тудырмайды. Аталған ерекшеліктероғыз-кыпшақ дәуірі әдебиетін зерттеуде алда да аткарылар істер көптігіне дәлел.
⁵⁸Марғұлан Ә. Қорқыт: аңыз және ақиқат // Қорқыт ата. Энциклопедия. А.,
1999. 40-б.
⁵⁹Сонда, 40б.
123
Достарыңызбен бөлісу: |