Мемлекеттік бағдарламасы


*Сақ-ғұн заманынан жеткен әдеби сарындар



бет3/17
Дата15.04.2024
өлшемі0.97 Mb.
#498688
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ 2-ТОМ

*Сақ-ғұн заманынан жеткен әдеби сарындар
Қазақ фольклоры мен әдебиетінің түп-төркіні мен қайнаркөзі сақ дәуіріне барып тіреледі. Сақ заманындағы ерлік істермен жеке түлғаға қатысты елеулі оқиғалар халық қиялымен дамып, түрленіп күні бүгінге дейін келіп жетті. Белгіліэтнограф ғалым Әлкей Марғүлан: "Қазак халқына көпғасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған терең мифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, фәлсафалық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екені көрінеді. Бұлжойқын шығармалардың ту баста келіп шығуының өзі бір- жарқын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдерерлік дәуірін басынан кешірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстаған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, олардың соңын ала қарыштаған ұрпақтары - оғыздар, қыпшақтар, қарлүқтар (қазылықтар), наймандар, керейлер, пешенелер, хазарлар" - деп пікір айтады.
Б.д.д. бірінші мыңжылдықта өмір сүрген сақтар мен ғұндардың мәдениеті жоғары деңгейге жетіп, металл қорытып, қару-жарақ, сауыт-сайман жасау ісінде таңқаларлық жетістіктерге жетті. Олардың төл жазуы, әдеби тілі болды.Десек те, сақ, ғұн тайпаларының ең асыл қазыналары болып Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985. 5-б.
22
саналатын рухани байлығы - ауыз әдебиеті толық күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділері ғана сақталған. Олардыңөзі аңызға айналған тарихи тұлғалар шеңберінде өрбиді.Осындай аңыз-әфсаналардағы басты қаһармаңдарының бірі - сақ тайпасының патшасы Томирис ханша жайында.
Томирис шамамен б.д.д. VI ғасырда өмір сүрген. Бұлкезде Парсы еліне Куруш (Кир) билігін жүргізіп түрғанболатын. 558 жылы кішірек қана Парсы елінің билігі қолынатиген Куруш аз ғана мезгілдің ішінде көрші жатқан төрт ірі мемлекетті басып алады. Ксенофонттың дерегіне қарағандаассириялықтарға қарсы соғыста парсы әскеріне сақтарданон мың жаяу әскер мен мың атты әскер келіп қосылған. Вавилонға шабуылы кезінде де Куруш сақ жауынгерлерінің көмегіне сүйенеді. Мидия, Лидия, Вавилония және Египеттібасып алған парсы патшасы енді өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскенсақтардың күш-қуатын білетін Куруш массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесіріТомирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысыкелген Куруш елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Курушөзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанынтүсініп, оның ұсынысынан бас тартадыб.
Тарихи аңыздарға қарағанда, Куруш Томиристің жауабынақанағаттанбай әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындалабастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақөткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс өзені болуы мүмкін) өзенінекөпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпірсалынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:- Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаңда жетеді. Біздің жерге көзінді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық.Ал, бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-аққой. Егер, сақ жерінде соғысқың келсе біз үш күндік жергешегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оғанда көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер,біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елшіарқылы сәлем айтады.
Уәзірлерімен ақылдаса келе Куруш сақ жерінде соғысудықалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жергешегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік
Руденко С.И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. М.-
Л., 1953. Стр. 268.
⁶Геродот. Тарих. Ітом. Москва,1888. 205-б.
23
береді. Бірнешекүндерденкейінпарсылар мен сақтардыңбарлаушытоптарыкездесіп, қиян-кескіарпалысбасталады.Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ, бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.
Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерініңүстіне Куруштың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын түтқынға алады. Түтқындардың арасында Спаргаписте бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Курушқа елші жіберіп: - Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба!Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Куруш, енді сен менің ақылымды тында. Түтқынғатүскен ұлымды қайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұғанқұлақ аспасаң Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағайболсаң да мен сені қанға түншықтырамын, - деп өз сәлемінжеткізеді.
Куруш Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсыпатшасының жарлығымен алдына алып келінген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргаписажалдан намысты жоғары қояды.
Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлерішегінбестен үзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп,парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жанберіскен осы қақтығыста Куруш патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басыналдырған Томирис: "Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға
түншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңшаіш", - деп, басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді.Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бүзбастан орындаған екен. Бұл аңыз осылай аяқталады.
Сан ғасырлардан жеткен Томирис жөніндегі аңыздың шындығына көз жеткізгісі келген археологтар Пасаргадтағы Куруш патшаның қабірін ашып қарағанда, расында да парсы билеушісінің басы жоқ болып шығады. Ежелгі дәуірдізерттеуші ғалымдар аңыздың ақиқаттан алшақ еместігіне куәболады?.
⁷Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркіхалықтарыныңтарихы. І том.
Алматы, 1996. 15-б
24
Елі мен жерінің, наным-сенімдерініңтапталмауынакүшсалғансақтар жатжерліктердіңшабуылдарынатойтарысберіпотырды. Атаданқалғанұланбайтақжерөздерінетиесіліекенінбілдіріп, мазарларыншекарағаорнатты. Ата-бабамазарынтаптапөткенжауменқасыққанықалғаншасоғысты.Бейіттердің аяқ асты қалуы сақтардың және сол сақтардың ұрпағы болып саналатын түркі халықтарының үғымында сүйекке түскен таңбадай еді. Мәселен, сақ заманынан жеткенмына бір аңызды алайық.
Парсы патшасы Дарий сақ жеріне шабуыл жасайды. Бірақ сақтар қарсылық көрсетпей, шыдамдылық танытып отыра береді. Бұған таң қалған Дарий массагеттердіңпатшасы Иданфирске елші жіберіп мәнісін сүратады.Иданфирс: "Біздің неге соғысқа асықпағанымызды менсаған түсіндірейін. Бізде әсем қалалар мен жайқалған егіс алқаптары жоқ. Сондықтан еш нәрсенің құрып кетуінен қауіптенбейміз. Сол себептен соғысқа асықпаймыз. Ал, егер сендер бізбен соғысуға оте ділгір болсаңдар, онда тыңдаңдар.
Ата-бабамыздан қалған ескі қорымдар сақтардың ең қасиетті орындары. Сендер сол мазарларды бүзып немесе үстінен бір- екі мәрте шауып өтіңдер, сонда біз бейіттер үшін шайқасамыз ба, жоқ па коресіңдер"*, - деп жауап береді. Ата-баба бейітін қастерлеп, олардың аруағын еске алып,рухына дүға оқып, Тәңірге мал шалу қазақ халқына сақтар дәуірінен жеткен дәстүр. Мұсылман дініне дейін Көк Тәңірге құлшылық еткен түркілер хақ дін Исламды қабылдаған кезде тәңіршілдіктен түтастай бет бүра қойған жоқ. Себебі түркіхалқы үстанған дін Мұхаммед пайғамбар уағыздаған дінненалшақ емес-ті. Біз мүны грек ойшылы Лукиан жазған мынаәңгімеден көреміз:
"Мнесипп. Сен мынаны айтшы,
Токсарид. Осы, сендер,скифтер, Орест пен Пиладқа арнап қүрбандық шаласындар,сонда оларды құдай деп санайсыңдар ма?
Токсарид. Иә, Мнесипп, біз оларға құрбандық шаламыз,бірақ біз оларды құдай деп санамаймыз. Тек тамаша адамболғандықтан қадір тұтамыз.
Мнесипп. Сонда сендерде құдайға құрбандық шалғандайқайтыс болған адамдарға да қүрбандық атайтын дәстүр бар ма?
Токсарид. Біз тек құрбандық шалып қана қоймаймыз,сонымен қатар, олардың қүрметіне мейрам өткізіп, салтанатты жиын өткіземіз.
⁸Геродот. Тарих. IV том. Москва, 1888. 127-б

25
Мнесипп. Сонда олардан не тілейсіндер? Оларөлгенадамдар, сендерсоған бола құрбандықшалмайсыңдарғой,рас па?


Токсарид. Өлі разы болмай, тірі байымайды. Әрине, мәселе онда ғана емес, біз өлген жандарды еске ала отырып, тірілерге жақсылық жасаймыз. Олардың жақсы қасиеттерін айтып, жастарды тәрбиелейміз. Бізде қайтыс болған тамаша адамдар сияқты жақсы сөздер мен істерді орындап, соларға ұқсап артымызға өшпес із қалдырғымыз келеді"
Демек, түркі халықтары құрбандықты өлген адамның аруағына емес, тек сол адамның рухына сауап болуы үшін құдайға шалғанын аңғарамыз. Құрбандық етінен дәм татуға келген көпшілік фәни дүниеден бақи дүниеге кеткен ізгі адамдардың жақсы қасиеттерін айтып, үлгі-өнеге түтқан. Салтанатты жиында олардың ерліктерін жырға қосып, жастарды рухтандырып отырған. "Токсарид немесе достық" атты бүл шығармада Лукиан Мнесипп пен Токсаридті әңгімелестіре отырып, Токсарид арқылы скифтердің достыққа адалдығын, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін көрсетеді. Тілге шешен Токсариддәлелді де дәйекті сөздерімен өзінің арғы-бергі тарихтанхабардар екенін, сақтар мен гректердің аңыз-әңгімелері мен мифтерін жақсы білетіндігін, өмірден өткен адамдардың өнегелі істерінен үлгі алып, достыққа адал бола алатындығын дәлелдейді. Мнесиппке өзінің досы Сисинн жайлытебіреніспен әңгімелеп береді. Токсаридтің шешендігіне тәнтіболған Мнесипп оған достық қолын үсынады. Сақтардың үлкен жиындарында көне көз қариялар шежіре айтып, шыққан тектерін естеріне салып отырды. Бұл жөніндеОрта Азияның мәшһүр тарихшысы Рашид-ад-дин (1247-1318) былай дейді: "Моңғол-түркілердің көнеден жеткен салт-дәстүрі бойынша, олар өздерінің ата-тегін, ру шежіресін есте сақтауға айрықша мән беріп отырады. Олар балаларынаөзге жүрт сияқты тәрбие беру үшін тілі шығысымен-ақ құлағына ру туралы, ру шежіресі туралы аңыз-әңгімелерді құйып қояды. Бұл дәстүрден олар бұрын да, қазір де қылдай ауытқыған емес" Қазақ халқын Әнес сахабадан таратқан қожа-молдалар сияқты Геродот та сақтарды Гераклден өрбітеді. ГеродоттыңайтуыншаЗевстіңбаласы Геракл адамденелі, жылан⁹Лукиан. Избранная проза. Москва, 1991. 126-б,.¹⁰Сонда. 126-146 -б.¹¹Рашид-ад-дин. Сборник летописей. І том. Екіншікітап. М.-Л. 1952. 29-б.; Сейдімбек А., Қазақтыңкүйөнері. Астана, 2002. 19-б
26
құйрықтыәйелменашынаболып, соләйелденАгафрис,Гелонжәне Скиф есімдіүш бала туады12. Геродот ержүрекжауынгерхалық тек Геракл сындыалыптанғанатарайдыдептопшыласа керек.Тілге шешен, тапқыр скифтердің бірі Анахарсис (Анақарыс) еді. Анахарсис ақсүйек түқымынан болатын. Ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 620-555 жылдар аралығында өмір сүрген. Анахарсис жөнінде көптеген жазушылар, тарихшылар және ойшылдар қалам тербеді. Антика заманындағы көрнекті грек ойшылдарының көбі ол туралы өз шығармаларында жазып, пікірлерін білдірді. Скифтер мен ғүндар заманының ірі түлғалары жайындағы "Дулыға" атты кітапта Т.Жұртбаев сақтар арасынан шыққан ойшыл, шешен Анахарсис туралы көлемді еңбек жазды13. Сақ ғұламасы жөнінде әйгілі философ Диоген: "Скиф Анахарсис Гнурдың үлы және скиф патшасы Қадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндіктердің дәстүрі мен өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, "скифтердің сөйлеу мәнері" деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан", - деп сипаттама береді. Анахарсис айтыпты деген қанатты сөздер элладалықтар мен тұрандықтар арасында кеңінен тараған. Соның бірі данышпан Салонмен алғаш кездескендегі сөз қағыстыруы. Бізге жеткен деректерге қарағанда бір күні Анахарсис Афина қаласындағы Салонның үйіне келеді. Есікті қағып рұқсатсұраған ол өзінің жат жерлік екенін, Салонмен достасып,қонақ болуға келгенін айтады. Салон оған: "Достықты әркім өз үйінде жүргізгені жақсы", - деп жауап береді. "Солайма еді, сен ғой қазір өз үйіңдесің, сондықтан менімендостасып, қонақжайлық таныт" - дейді Анахарсис. Салонскифтің тапқырлығына, шешендігіне риза болып, оны өзүйінде бірнеше уақыт тұрғызады. Көп ұзамай Салон адамдарарасындағы тәртіпті сақтау үшін заң жазып шығады. Мұныбілген Анахарсис күліп:
- Сіз заң арқылы қылмыс пен қиянатты ауыздықтауды армандайсыз. Ал, оның өрмекші торынан еш айырмасы жоқ.Өрмекшінің торы секілді заңда да әлсіздер мен кедейлертұтылып, күштілер мен байлар құтылып кетеді. ¹² Геродот. История. Ленинград,4-кітап. 10-тарау. 189-б.; СейдімбекҚазақтыңкүйонері. Астана, 2002. 26-б.¹³Журтбаев Т. Дулыға. Алматы, 1994. 140-158 -б.¹⁴Сонда; 142-б
27
Оған Салон:
- Адамдарарасынбірмәмілегекелтіріп, келісімжасататынзаңқажет. Егер оны бұзсаекіжаққа да тиімсізболады. Заңжарияланып, заңменжүрудіңартықшылығынаолардыңкөзіжетеді, - депқарсылықбілдіреді.Бірақ, көп ұзамай-ақ Анахарсистің айтқаны келіп, Салонның күткені еш нәтиже бермейді. Тағы бірде халық кеңесіне қатысқан Анахарсис: - Эллиндіктерде сөзді ақылдылар айтып, істі ақымақтар шешеді екен, - деп таң қалады. Тапқырлығы мен шешендігінің, ақыл-парасатының молдығымен Анахарсис грек ойшылдарымен кейде қатар, ал кейде асып түседі. Тіпті ол жеті ғұламаның бірі болыпдәріптеледі. Скифтік ғұлама туралы эллиндік тарихшылар,философтар, жазушылар өз еңбектерінде мәліметтер келтіріп отырды. Афины жерінебілім іздеп барған Анахарсис өмірініңсоңынақарай отанына оралады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей,сақтар өздерінің наным-сенімдерін таптаған, салт-дәстүрлерінқорлаған, дінін сатқан адамды кешірмейтін болған. Аттикажерінің мәдениеті мен ғылымымен сусындаған Анахарсисежелгі гректердің көп құдайға табынатын дінін қабылдаған еді. Мұны білген сақтардың патшасы Савлий ғұламаныгректердің құдайына мінәжат рәсімін орындап жатқанда өз қолымен садақпен атып өлтіреді. Деректерге қарағандаСавлий Анахарсиске туыс болып келеді. Геродоттың айтуыбойынша: "скифтерден Анахарсистің жөнін сұрай қалсаң, олар білмейміз деп жауап береді. Мұнысы оның Элладаелінде болып, жат жүрттың діни мінәжатын үстағандығынкешірмегеннің белгісі"16, - деп сақтар тіпті ғұламаны ұмытуға тырысқанын көрсетеді. Сақтар мәдениетті басқа жүрттардан үйреніп қанақоймай, өздері де өзгелерге айтарлықтай өнеге көрсетеді.Сақ заманының мәдениеті, тарихы, аңыз-әпсәналары,наным-сенімдері, әскери құрылымы жөнінде жазылғантарихшы С.И.Руденконың еңбегі көп жайды аңғартады17. Сақмәдениетінен нәр алған софист Леонтийдің қызы, императорЕкінші Фиодосийдің жүбайы, грек жазушысы Элия Евдокия естелігінде: "Мен Скифиядан құстың тілін жоруды, дыбыстан ¹⁵Плутарх. Избранные жизнеописания. Москва, 1987. 161-б.¹⁶Жұртбаев Т. Дулыға. Алматы, 1994. 157-б.¹⁷Руденко С.И. Культура населенияГорного Алтая в скифскоевремя. М.-
Л., 1953
28
нышантанудыбілдім, бұғанқосажан-жануарлардыңшұбырындыізіненсыр тартудыүйрендім, болашақтыболжайтынабыздардыңұлысарынын, ағаштөсек пен құз-қияныңтеңселгенін, әлдеқашанкөзжұмғанадамдардыңмоланыкүңіренткенүнін, киізүйсықырлауығыныңсықырын, адамдардыңқұйқылжыташырқағанкүдіретәндерін, түлабойындыкернептасқындағансезімдікөкірегімеқонақтатып келдім"18 - депжазады.Көне түркі тайпаларының арғы аталары болып саналатын ғүндардың жырлары, ерлік дастандары, аңыз-әфсаналары әдебиетіміздің ежелгі мұралары болып саналады. Өкінішкеорай, сақ дәуірінен кейін тарих сахнасына келген ғүндардыңәдебиеті біздерге толықтай келіп жетпеді. Бүгінгі күнгежеткен қысқа-қысқа үзінділер аз да болса сол заманның рухани байлығынан сыр шертеді. Ғұндар туралы деректер қытай жылнамаларында көптепжазылған. Қытай тарихшыларының көшбасшысы СымаЦяннан19 бастап Бань-Гу2, Фай E21 атты авторлар Орта Азияда мекен еткен ғұндар, үйсіндер, қаңдылар және басқа да түркі тайпалары жөнінде деректер келтіреді. Осы аталған кытай жылнамашыларының еңбектерін орыстіліне аударған Н.Я.Бичуриннің еңбегі орасан22. Қытай менежелгі түркі тайпаларының арақатынасынан мол мәліметберетін бұл аудармадан там-тұмдап болса да көне ғұндардың әдеби жәдігерлерін кездестіруге болады. Ғүндар жөніндебіраз еңбек жазып, олардың тарихнамасына зор үлескосқан Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, Л.Гумилев, К.Ақышев, С.Аманжолов, А.Аманжолов, Ә.Марғұлан, Н.Келімбетов, C.Өтенияз сынды ғалымдардың атын, сондай-ақ, түрік оқымыстылары Арат Рахметидің, Көпірілізаде Фуадтың, Атсыз Ниһалдың, Банарлының және басқа да ғалымдардың еңбектерін атап өту борышымыз. Ғұндардың мекен еткен территориясы Хуанхэ өзенінің¹⁸Evdociae Avguae, Procli, Clavdiani carminum graecorum religuiae. Accedunt Blemyomachiae Fragmenta. Rec. A. Lumwich., lips., 1897 II сөз. 65-71 б.6. // Сейдімбек А., Қазақтың күй өнері, Астана. 2002. 30-б.
¹⁹Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 ж.ж.). Оның еңбегі "Шы-Цзи", 130 бөлімнентұрады.²⁰Бань-Гу "Цянь-Хань-Шу" атты еңбегінде б.з.д. 206-25 жылдараралығындағыоқиғаларды қамтиды. ²¹Фай Е "Хоу Хань-Шу" деген кітап жазған. ²²Бичурин Н.Я., Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии вдревние времена, Москва, 1950. 195-б.
29
орта тұсынанбастап, төменгіағысынадейін, Орта жәнеОрталықАзияныңкөпбөлігінқамтып, ШығысТүркістаннанОңтүстікМанчжурияғадейінгіаймақтардыалыпжатты.Кейіннен Жетісу өңірі мен өр Алтайдан өтіп, Ертіс өзеніне дейін көшіп-қонып жүрген. Ал, біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың аяғында, біздің заманымыздың басында ғұндар батысқа қарай жылжыды. Көне Қытай жылнамаларының деректеріне сенсек, ғұндардың бір бөлігі егін егіп, кен қазып белгілі бір қоныста мекендесе, ал қалған бір бөлігі мал шаруашылығымен айналысып, жайылымға жер іздеп, жер жағдайына байланысты көшіп жүрді. Бүл жөніндеӘлкей Марғұлан: "Біздің заманымыздан сегіз ғасыр бұрынғұндар бұрынғы отырықшылық түрмыстан шығып, енді төрт түлік мал өсіретін көшпелі түрмысқа ауысады. Ғұнныңкөшпелі тайпалары Канғой, Алтай, Тарбағатай, ОрталықҚазақстан, Тянь-Шань тауларында қоныс етіп, осы арада өсіп-өнеді. Көп мал бағып, көшіп жүру жердің географиясынтау-тасын, суы мол жерін, ауа райын айыруға мүмкіндік береді. Сол ауа райына қарай, көшу әркашан оңтүстік пенсолтүстіктің арасында созылып жатқан байтақ өлкелердің арасында өтеді. Қыс күні болса Ортос, Кансу, Лобнор,Тарим өзенінің бойы, Тянь-Шань таулары, Жетісу өлкесін қоныстап шықса, жазға қарай теріскейдегі салқын тауларға. Мұз теңізіне дейін барады"23Сақтар сияқты ғүндар да жауынгер халық болған. Сақпатшалығы парсылармен алысып өтсе, ғұндардың өміріқытайлармен теке-тіресте болды. Қытайлар ел болмас ежелгі дұшпанға айналды. Ғұндарды жойып жіберуге тырысқанқытайлар олар жайында мәлімет жинап, зерттеді. Ғұндарарасына жіберген тыңшылары: "Дәстүрлері бойыншамалдың етін жеген, сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап киген, малдары шөп жеп, су ішкен, жылдың әр мезгіліне қарай су, шөп іздеп олар бір орыннан, екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі және сыртқы қорғандар жоқ.Қалалары болмаған және жер өңдеумен айналыспаған. Әрбіреркек - жауынгер. Соғыста құстар тобы сияқты жауына бәрі кұлшына жабылады, ал жеңілген кезінде бытырап кетеді, сонан соң қайта жиналады"24, - деп жазады. Міне, осындайаңдысқан заманда ғұндардың билеушісі Түман мен оның ұлыМөде арасындағы қақтығыс қытай жылнамаларынан орын алады. Қытай деректері бойынша, Тұман таққа отырғаннан
23 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. Алматы, 1985. 11-б.
24 Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркіхалықтарыныңтарихы. Алматы, 1996. 27 28-б.б. том.
30
кейін ата жауы қытайдан тоқалдыққа қыз алады. Одан бір ұл сүйеді. Тоқалының кеңесі бойынша бәйбішесінен көрген ұлы Мөденің көзін құртып, кіші ұлын таққа отырғызуды көздеген Түман Мөдені Юечжыға аманатқа береді. Мөдеқытай жеріне жеткен кезде Тұман Юечжыға шабуыл жасайды.Аманатқа сенген Юечжы Мөдені өлтіруге жарлық шығарады. Бірақ ханзада бір арғымақты үрлап мініп, жат жерден қашып құтылады. Мөде өзін әкесі жау қолына әдейі аманатқа беріп,соңынан соғыс ашып, баласын арандатып, дүшпан қолымен өлтіргісі келгенін түсінеді. Біраз уақыт өткеннен соң Мөдеқасына әскер жинап, әкесін, өгей шешесін және өгей шешесінен туған бауырын өлтіріп, таққа отырады²⁵ Мөде өте сауатты билеуші, ержүрек қолбасшы бола білді. Дипломатиялық қатынастарда көрегендік танытып, ғұндардың елін, жерін сақтауда, халқының өсіп дамуы үшін көп істер атқарады. Бүл жайындағы бір аңыз былайша сыр
шертеді:
"Мөде таққа отырғаннан кейін көп үзамай қытай патшасы Дун-ху елшісі арқылы: "Әкесі Түманнан қалған бір күнде мың шақырым жерді шауып өтетін арғымағын берсін", деп өктемдікпен сұрату жібереді. Мөде ел жақсыларыменақылдасады. Олар: "Күніне мың шақырымды шабатын тұлпарлар - ғұндардың қазынасы. Сондықтан бермеу керек".
- деп кеңес береді. Парасаттылықпен болашақты болжай
білген Мөде:
- Көрші отырған халықтан сырты түк, іші боқ бір атты қызғанамыз ба? - деп, елшіге бір түлпарды жетектетіп жібереді. Біраз уақыт өткен соң, Дун-хуға "Мөде менен қорқады екен, не сұрасам да береді" деген ой келіп, бір елшісін жіберіп, Мөденің бір ханымын сүратады. Ғүн билеушісі тағы да билер кеңесін шақыртады. Билер: - Ханның бір әйелін сұратқан Дун-һуда ар-үят жоқ екен! Оған қарсы соғыс ашу керек, - деп ашу шақырады. - Көрші жатқан адамдардан бір әйелді аяймыз ба? Халық аман болса бізге де бір жан табылар, - деп билерге басу айтып, өзінің сүйікті тоқалдарының бірін Дун-хуға береді. Бүған әбден масаттанған Дун-ху кеудесіне нан пісіп астамшылдық танытады. Екі ел арасына мың шақырымдай созылып жатқанжер бар еді. Бұл жерде ешкім түрмайтын. Тек, екі жақтыңқарауылдары орналасқан мекен болатын. ТәкаппарланғанДун-ху осы аймақтыталапетіп, елшісінғұндардыңеліне²⁵Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии вдревние времена. Москва, 1950. І том. Стр. 46-47.
31
жібереді. Бұлжолы да Мөдебилерменкеңеседі. Билердіңкейбіріжердіберудіұсынса, ал кейбіріқарсылықбілдіреді.Мөде ашуланып: "Астымдағы атымды бердім. Өйткені, тағы бір арғымақ табылар. Қойнымдағы қатынымды бердім. Себебі, елім аман болса мен үшін бір ару бой жетер. Жер - мемлекеттің негізі. Ол ешқашан үлкеймейді. Оны қалайша беруіміз керек? Дүшпанға бір қарыс та жер берілмейді", деп, жерді беруге ұсынған билердің басын шапқызады. Өзі бас болып, жауға қарсы шығады. Кімде-кім соғыстан қашып, қалып кетсе соны өлтіруге әмір береді. Ойламаған, күтпеген жерден Дун-хуға шабуыл жасап, тас-талқанын шығарады". Ғұндар атадан мирас болып қалған жерді көздің қарашығындай сақтады. Себебі, бұл жерде ата-бабасы жауларымен қасық қаны қалғанша соғысты. Елдікті білдіретін ескі қорымдарда әкс-шешелерінің сүйектері жатыр. Оны қалайша таптатсын. Сондықтан да ғұндар білектің күші, найзаның ұшы арқылы дұшпанына сынық сүйем жер бермеуге тырысты. Қытай жылнамаларында көрші жатқан сақ, ғүн, үйсін,қаңлы сияқты тайпалар туралы көп деректер келтірілген. Қытай каллиграфистері аталған тайпалардың ерлік жырларын,ертегілерін, ел аузындағы аңыздар мен даналық сөздерін жазып қалдырды. Осындай жазып алынған аңыздардың көбімифологиялық кейіпкерлерге бай болып келеді. Ондағыбасты тұлғалар шым-шытырық сәттерді бастан кешіріп,таңғажайып оқиғаларға кезігіп отырады. Ғүн дәуіріненжеткен осындай мифтік аңыздардың бірі "Ер Төстік"ертегісі. Бұл жөнінде халқымыздың көрнекті ғалымы ӘлкейМарғұлан жылнамашы Сыма Чинь "Ер Төстік" ертегісінің ғүн тарихына байланысты түстарын талдап, қағазға түсіргенін айтады. Сондай-ақ, ғалым көнеден жеткен әдеби мұраларға"Еділ-Жайық", "Дың-сұлу" аңыз-әңгімелерін жатқызады. Тіпті түркі халықтарына танымал "Қозы Көрпеш-Баян сұлу"жырының ғұндәуірінен бері сақталғанын тілге тиек етеді. Қытай мен ғүндар, үйсіндер арасында болған соғыс солдәуірлерде түрлі аңыз-әфсаналардың, ерлік жырларының шығуына себеп болды. Соғыстарда батырлығымен танылғаназаматтарын жырға қосып, мәртебелерін асқақтатты. Халықсүйіспеншілігіне бөленген ерлерге мифтік жаратылыс, шым- шытырық қиын сәттерден жол табатын ақылдылық, жауын
²⁶Сонда, 47-48-б.б.
²⁷Марғұлан Ә. Ежелгі жыр,аңыздар. Алматы, 1985. 63-б.
²⁸ Сонда, 63-б.
32
жеңіп шығатын күш-қуат телінді. Қытай жылнамаларындағы Сүй кітабында (84-бума, 49-баян) көне түркілердің шығу тарихын былайша суреттейді: "Оның (Түріктің) әуелдегі мемлекеті Сихәйдің (Батыс теңіздің) жоғары жағында болған. Кейін оны/ көршілес мемлекеті талқандайды. Адамдарын кәрі-жасына, сркек-әйеліне қарамай, бәрін өлтіреді. Бірақ бір баланы өлтіруге қимай, оның аяқ-қолын кесіп, үлкен саз жерге тастайды. Бір қаншық қасқыр әр жолы оның жатқан жеріне ет тістеп әкеп беріп жүреді. Бала осы етті жеп, өлмей аман қалады. Кейін ол осы қасқырмен жақындасып, оны буаз қылады. Көрші мемлекет осы баланың тірі екенін біліп, оны өлтіруге тағы адам жібереді. /Ол келгенде қасқыр баланың қасында еді. Жіберген адам баланы өлтіріп, ендіқасқырды өлтіремін дегенде, қасқыр құдайдың құдіретімен қашып құтылып, теңіздің шығысына барып, тауға шығып, сонда тоқтайды. Ол тау Гаушаңның батыс терістігінде еді.Қасқыр сондағы бір үңгірге кіріп, онда маңайы 200 лидей шөбі жайқалған жазық жерге кезігеді. Осыдан кейін қасқыр он ұл туады. Осы он үлдың біреуінің аты - Ашина. Ол өтеақылды болғандықтан оны ел ағасы етеді. Ол өзінің тегінұмытпайтындығын елге жария ету үшін қақпасына қасқырбасты туын іліп қойды""29Көк бөрінің қамқорлығы туралы аңыздың бірі үйсіндердіңКүнбиі Елжау төңірегінде өрбиді. Екі аңыздың да желісібірдей. Тек Елжау соғыс басталған тұста жас нәресте еді.Қанды шайқас кезінде Бөже деген батыр сәбиді жаудыңқанды қолынан сақтау үшін қалың шөптің арасына жасырады. Жаудың беті қайтқан соң баланы алып кетугекелсе, құстар оның аузына су тамызып, қасқырдың қаншығы емізіп жүргенін көреді. Бөже батыр баланы ғүндардыңтәңірқұты Мөдеге алып барып, барлық көрген-білгенін айтады. Мөде "киесі зор, қасиетті бала" деп өз қамқорлығынаалады. Жастайынан ақылды, зерек болып өскен Елжау онсегіз жасқа толғанда асқан ерлік көрсетіп, батылдығымен танылады. Жас батыр бастаған қол әрдайым жеңістерге жетіпотырды. Елжаудың ерлігіне тәнті болған ғұн тәңірқұты өзініңқол астына келіп паналаған үйсін ұлысының басын құрап, өздерінің жеріне орналастырып, елді билейтін Күнбиі етіп Елжауды қояды30. Екі аңызда дақасқырбейнесі бір тайпаның өсіп-өнуінеь септігі тиген қасиетті аң ретінде көрсетіледі. Түркі халқы Көк
²⁹Түріктер. Құраст., Қ. Салғараұлы. Алматы, 1999.30-б.³⁰Нұрғали А., Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті, Алматы, 2000.42-43-б.б.
33
бөріні пір санап, сыйынып та отырды. Ел, ру таңбасы ретіндебөрінің басын салып, биіктеу жерге іліп қойған. Жыр дүлдүліЖамбылдың пірі Сүйінбайдың:
Бөрі басы - ұраным,
Бөрілі - менің
байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым, - деуі қазақ халқының арасында бөріні сыйлау дәстүрі ежелден бар екендігін көрсетеді. Тіпті, Бөрте, Қүртқа, Бөрілібай, Қасқырбай, Бөлтірік деп қойылған есімдер қасқырға деген күрмет болса керек. Мөде және оның баласы Лаошан билік жүргізіп тұрған кездерде Қытай империясы ғұндарға бағынуға мәжбүр болып, салық төлеп тұрды. Бұл тұста ғұндардың шекарасыбатысында Каспий теңізіне дейін созылып жатты. Лаошанәскерінен сескенген қытайлықтар бес мың шақырымғасозылған қорған тұрғыза бастайды. Лаошан билігінен кейін таққа отырған оның ұрпақтарытұсында Қытай үкіметі күшейе бастады. Біздің жылсанауымызға дейінгі 114 жылы қытайлар ғүндарға шабуылжасап, оларды Ортос, Кансу, Инь-Шань таулы аймақтарынан қуып шығады. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырдыңсоңында Қытай империясы Ғүн ордасын талқандап, ғұндар екі бөлікке бөлініп кетеді. Оның бірі қытайлардың құрамынакіріп, екінші бөлігі Жетісу өңіріне жылжып, батысқа қарай көшеді. Осындай аласапыран заманда босып кеткен ғүндардыңбасын біріктірген Шу батыр болды. Қытай деректеріндеЧжичже деп көрсетілген Шу батырдың негізгі мақсатығұндардың тәуелсіздігін сақтай отырып, сыртқы жауларына тойтарыс беру еді. Алтайдан батысқа қарай жылжыған Шу(Чжичже) әскері жолдағы тайпаларды бағындырып, Шу мен Талас өзендерінің бойына өз ордасын орнықтырады. Шубатыр астанасы ретінде Талас қаласын салдырады31. Сондай-ақ, батыр қолбасшы өзінің есімімен аталатын қаланың ірге тасын Шу өзенінің бойынан қалатады. Бұл жөніндеӘ.Марғұлан Махмуд Қашқаридің мына бір дерегін келтіреді: "Искандер Зұлқарнаин заманынан бұрын Жетісуда бір үлкен қала болған, оны Шу деп атаған. Оны салдырған сол жердіңел басқарушысы Шу деген кісі"
³²³¹Өтенияз С. Аттила. Алматы.2000. 14-б.
³²Марғұлан Ә. Аталған еңбек. 16-б.
34
Жібек жолының біраз бөлігін өзіне қаратқан Шу батыр елі
Қытайимпериясыныңэкономикасынабіразнұқсанкелтіреді.
Тіпті, Шынелініңөзінеқауіптөндіребастайды. Сауда жолын
өзбақылауынаншығарғысыкелмегенҚытайбилеушілеріқайткенкүнде де ғұндардыңмемлекетінталқандаудыжоспарлайды.Б.д.д. 36 жылы Қытай императоры Ғұн мемлекетіне қарсы әскер шығарады. Қытайлықтардың бас қолбасшылығына Чентан мен Ганяньшу тағайындалады. Шанси қаласынан шыққан жойқын әскер мыңдаған шақырым жердегі Талас қаласына келіп жетеді. Осыдан кейінгі оқиғаны Ә.Марғұлан:"Ол жерде бірнеше күн жойқын соғыс болады. Ол Тас-Ақыр,Қызыл-Қайнар қамалының түбінен басталады. Қытай әскеріғұндарды 40 шақырымда орналасқан Талас қаласына дейін серпілтеді. Ғүндардың бұл соғыстағы ұлы күші қаңлылар,чубиндер, жалдамалы Рим әскері еді. Алғашқыда Қытайәскерінс бірталай соққы берсе де, жаудың топталған қаруынжеңу оңай болмайды. Жаудың әскері Талас қаласыныңқамалына кіріп соғысады. Шижы (Шу батыр) оларды мұнараның басына шығып атады. Жау әскері оның сарайынаорт жіберіп, оның ағаш бағаналары тегіс жанып жатады"33 Профессор Немат Келімбетов түрік ғалымы Көпірілізадеге сілтеме бере отырып, "Шу батыр" дастанында келтірілген осы қанқұйлы соғысты былайша аударады:
Ашуланды Көк Түрік,
Бетін бұлтпен бүркеді.
Қаһарлы даусы гүрілдеп,
Жарқ-жүрқ етіп от шашты.
Көлде жүзген қаз, үйрек,
Пана
таппай шуласты.
Бөкен, арқар, киіктер
Жалтақ-жалтақ қарайды.
Жолбарыс пен арыстан
Сүңгіді қалың қамысты.
Шайқасқа шықты Шу батыр.
Бермеу үшін намысты.
Лек-лек жасақтоғысты,
Аспан мен жер қағысты³⁴.Шижы (Чжичже) - Шу батыр өмірінің соңғы сәттері³³Марғұлан Ә. Аталған еңбек. 17-б.
³⁴Келімбетов Н. Қазақәдебиетініңбастаулары. Алматы. 1998. 28-б
35
ОтырардымоңғолшапқыншылығынанқорғағанҚайырханныңтағдырыменұқсас. Екеуі де жауғажан-тәніменқарсытұрады. Екі батыр да соңғыәскеріқалғанша, ақырғыкүш-қайратысарқылғаншаарпалысады. Соңындаекі ер деқолғатүсіп, дүшпанқолынанқазатабады.Түркі халқы қаншама ғасырлар өтсе де ерлерінің есімін ұмытпай, атадан-балаға аңыз қылып жеткізді. Олардың ерлік жолдарын өздеріне өнеге тұтты. Сақ-ғүн заманынан жеткен ерлік жырлары мен аңыздарына, ертегілері мен әпсәналарына орта ғасырларда өмір сүрген батырлар туралы жырлар қосылды. "Қырымның қырық батыры", "Қобыланды батыр","Ер Едіге", "Ер Тарғын" жырларындағы кейбір мотивтер сонау сақ дәуірінен бастау алып, ғұндар арқылы жеткендігі байқалады. Ғұндар заманын көркем бейнелеген шығармалар көнезаманда Европа халықтары тілдерінде жазылып, көптеген зерттеулер мен өнер туындыларына негіз болған. Бұл жыр-дастандардың көпшілігі ғұндардың атақты қолбасшысы,ержүрек батыр Аттила (Еділ) патшаның ерлік істеріне арналған. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда ғұндар менқытай арасы қатты шиеленісіп кетті. Ғүндардың әскеріХань империясымен болған соғыста жеңіп, қытайимператорларынан салық алып тұрды. Ғұндарға өздерініңәскери күші жетпейтінін сезген қытайлықтар оларға қарсыкөрші тайпаларды айдап сап отырды. Б.з.д. II ғасырдасоғыстардан титығып, әлсіреген ғүндар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, кейін Орал, Каспий жағалаулары мен Еділ өзенінен өтіп, Европа жерлеріне қоныс аударды. Алғашсыртқы жаулардан ығысып, көшіп-қонып жүрген ғүндаруақыт өте келе әскери құрылымы толысып, басқа жерлерге өздері де жорыққа шыға бастады. V ғасырдың орта тұсында Ғұн мемлекеті күшейіп,басқару аймағы кеңіген еді. Бұл Аттиланың билік жүргізгенжылдарымен түспа-түс келеді. Осы кездердің өзінде-ақАттила мен оның ержүрек ұландары туралы аңыздар Ертістен Рейнге, Сібірден Римге дейінгі байтақ жерді шарлап кетті. Өкінішке орай "Аттила" дастаны түркі халықтарындасақталмаған. Тек, кейбір жырлар мен аңыздарда Еділпатшаның есімі аталып өтеді. Мәселен, "Батырдың соңыИсатай" деген жырда:
Сонау бұрғының көп елін,
Түгелдей тізе бүктірген.
Батыстағы көп жұртты
Бір шыбықпен айдаған.
Қалың түрік көп халқын
Дүниеге үстем етем деп,
Мынау сүм жалған дүниеден
Еділ батыр бұл өткен35, деп берілсе, енді бір жырда:
Бабамыз батыр Еділ-ді,
Еділ кімнен жеңілді?
Көндірген екен ырқына
Сонау, төменгі жатқан көп елді.
Қарсыласқан талай батырлар
Ат артына теңделді.
Кезекті күні келгенде,
Мынау бес күндік дүниеден
Ол да өтіп жөнелді36, - деп Еділ патшаның ерлігі мен көп елді басып алғандығын бірер сөзбен жеткізеді. Аттила туралы жыр-дастандар Еуропа халықтарының әдебиетінде жақсы сақталған. Оның екі себебі бар. Біріншіден, Атилланың жорықтары мен өмірінің соңғы жылдары батыста өтсе, екіншіден, Ғұн империясы мен ғұндардың жеңімпаз патшасы жайында жинаған батыс оқымыстыларының деректері сақталған. Сондай-ақ, батысхалықтары арасында кең тараған "Нибелунга туралы жыр" "Зигфруд пен Брюнхилда", "Эдда" сынды әлі де өз құнын, жоғалтпаған жырлар Еділ патшаның бейнесін аша түседі. Тарихи жазбалар мен әдеби шығармаларда ғүн патшасы Еділді "Аттила", "Атил", "Этцель" деп түрліше жазады. Йордан пен Кезан Шимон жылнамаларының деректерінеқарағанда Аттила қара торы өңді, қара көзді өткір, кең иықты, аласа бойлы, ғұндарға тән сақалды адам болған. Соғыс өнерін жетік меңгерген ол шайқастарда солерекшелігімен көзге бірден түсетін. Ақ көңіл, кең пейілдіАттила сонымен қатар қолы жомарт еді. Көңілі түскен кісігеүйір-үйір жылқы берді37. Ескіден жеткен аңыздарға қарағанда
³⁵Өтенияз С. Аттила. Алматы. 2000. 137-б.
³⁶Сонда, 139-б.
³⁷Мажардың тарихи аңыздары // Қазақ әдебиеті. 14.12.2001.
37
Аттиланың салтанатты шатыры алтынмен апталып, асыл тастармен әшекейленген. Сондай-ақ, олар көшіп-қонуға өте ыңғайлы, жиналмалы болған. Ғұндардың Еуропа жерінде жасаған жорықтары кезінде Аттиланың есімі естіген жанға үрей туғызған. Аттиланың сансыз әскері келе жатқанда қай елдің болмасын елшілері алдынан шығып, ғұндармен бейбіт келісім жасауға, соғыспас үшін салық төлеуге тырысқан. Халықтар арасында Еділпатшаны "Құдайдың тоқпағы", "Тәңірдің құты", "Құдайдыңқылышы" деп атау қалыптасады. Дебреценнің аңызынасүйенсек Аттиланың "Құдайдың қылышы" аталуы былайшаөрбиді: Ғұндардың арғы аталары болып саналған сақтардың патшаларында құдайдан алған қылыш бар еді. Бұл қылышкеремет күшке ие, егер кім осы қылышты қолға түсірсе сол басқа халықтарды, патшалықтарды жеңеді екен. Осы қылыш жоғалып, даңқы мен дақпырты, қасиетімен қүдіреті жөніндегі аңыз сақ жауынгерлерінің арасында қалып қояды. Қылыштуралыдерекатаданбалағажетіп, онытабу аманат болыпқалады. Көнекөзқариялар: "Іздеңдер,табыңдар. Құдайқылышынкімтапса, соләлемніңбилеушісіболады!" - депайтыпжүреді. Бірақбұлқылыштыешкімтабаалмайды.Арада жылдаржылжып, бірнешеғасырларөтеді. Соғанқарамастан "Құдайқылышының" даңқы еш ұмытылмайды.Қылыштың қасиеті жайында Аттила анасынан естиді.Анасы Аттилаға жүкті кезінде бір түс көреді. Түсінде белінежарқыраған қылыш байлаған үл бала кірген еді. Қылыш күнге шағылысып тұрады. Шешесінің түсін естіген Аттила құдайқылышының иесі өзі болатынын, барлық халықты бағындыратынын түсінеді. Бала кезінде естіген Аттила осы түстің орындалуын жылдарбойы күтеді. Есейіп, ғүндарға патша болады.Біркүні мынандай оқиға болады. Ғүн бақташысы бірөгізінің ақсап жүргенін байқайды. Аяғын қараса бір нәрсекесіп кетіпті. Қалай жараланып жүр деп, жан-жағына қарасаалдында жерге қадалған бір қылыш күнге шағылысып жарқырап түр екен. Қылышты жерден жұлып алған бақташы Аттила патшағажүгіре жөнеледі. Патшаның алдына келген ол:Мына ғажайып қылышты даладан тауып алдым, меніңше бұл саған ғана лайықты, - деп қылышты Аттилаға тапсырады. Қылышты қолына алған ол Құдайдың қылышынбірден танып, әлемнің төрт бұрышына сермеп:
38
- Құдай қылышымен жер бетіндегі халықтарды бағындырамын, - депті 38
Көп үзамай Аттила батысқа қарай алғашқы жорығын бастайды. Ғүн патшасының Балқан жеріне әскер бастап баруына негізгі себеп Маргос епископының ғұндардың зираттарын қиратып, ата-бабадан қалған ескі қорымдардыбұзып, ашып, сақ-ғұн қабірлерінің ішіндегі асыл-бұйымдардытонауы еді39 Аттила патшаның Еуропаға жорығы кезінде ғүн әскерлері бір қаладан соң екінші қаланы жылдам басып ала бастады. Осындай соғыстардың ең үлкені Каталаун даласындағы қанды қырғын еді. Бұл шайқас түрлі жыр аңыздарға арқау болып, көптеген тарихшылар өз еңбектерінде көркем баяндап отырды. "Нибелунга туралы жырда" Каталаун шайқасыбіршама суреттелсе, Аттиланы көзбен көрген Присктің кітабына сүйене отырып Иордан да өзінің тарихи еңбегін жазып шығады. Бірақ Йордан Ғүн патшасын қанішер, жауызқылып көрсетеді. Каталаун даласындағы шайқас басталмасбұрын әскерінің алдына шыққан Аттила:
- Осы сияқты көптеген тайпаларды жеңген соң бұл әлем сендердің аяқ астыларыңда қалады. Мүны түсіндірудің қажеті жоқ. Түсіндірумен жаңа көсем немесе тәжірибесіз әскер айналыссын. Сондықтан да маған баршаға белгілі нәрсені айту, ал сендерге оны тыңдау қажет емес. Қараңдаршы, сендер әлі шабуылға шықпай жатып олар тығыларға тесік таппай, үрейленіп, қазірдің өзінде жеңіліс табуда. Өзін ер жүрек санайтындар менімен бірге жауға қарсы шапсын. Жеңіске ұмтылғанға ешқандай оқ тимейді. Талқаны таусылған адамды ажал бейбіт күнде де тауып алады. Мен шайқастың оң нәтижесіне күмәнданбаймын. Мына жазық дала біздің жеңісімізге куә болады. Жауға бірінші болып өзім оқ атамын. Аттила шайқасып жатқанда дүшпаннан қорқып тыныштық іздегендер, өз өлімін таптым деп есептесін41, - деп жар салады. Патшаның сөзіне рухтанған ғүндар жауға қарай атойсалады. Екі жақтың әскерлерінің ортасында бір жылға бар еді.Оның ағысы ақырын қозғалатыны соншалық, бетіне түскен бір тал шаштың өзі әрең жылжитын. Осы кішкене жылға шайқас кезінде өлген адамдар мен малдардың қанынан үлкен
³⁸Сонда.
³⁹Нұрғали А. Қазактың ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. Алматы.
2000. 16-б.
⁴⁰Нордан. О происхождении и деяниях гетов. Москва. 1960. Стр. 104-109 .
⁴¹Сонда.
39
өзенгеайналып, арбалар мен әскерлердіағызыпәкетеді.Аңыздағы бұл көрініс соғысты көркем суреттеу болғанымен де, оқиға барысында қанды қырғын өте көп болғанын аңғартады. Соғыста жеңіп шыққан Аттила мен оның қайтпас-қайсар ғұн жауынгерлерінің даңқы әлемді шарлап, Каталауншайқасының дақпырты Европа елдеріне қорқынышүялатады. Елшілер ел-елден соғыспай бітім жасасуға Ғұн Ордасына қарай ағылады. Рим императорының ғұн патшасына жіберген елшілігі 448жылы Аттиланың ордасына келеді. Осы елшіліктің ішіндетарихшы Приск те бар еді. Приск Аттила мен оның ордасыжайында былайша жазады: "Аттила ордаға жақындағанда алдарынан бір топ жас қыздар шығады. Қыздар қаз-қатар тізіліп, үлбіреген ұзын ақ жібек жамылғы жауыпкеледі. Қыздардың үстін жапқан жібек жамылғының шетінкеліншектер үстаған. Әрбір жамылғының астында жеті-сегізқыздан топтасып, сақтардың әндерін шырқап келеді"42, Бұдан әрі Приск Ғұн патшасының сарайын суреттеп, елшілерді қалай қабылдағанын, Аттила елшілердің құрметіне той жасағанын баяндайды. Қазақ халқы және олардың арғы ата-бабалары сақтар мен ғұндар батырларын Қамбар ата төлінсіз суреттемеген. Сол себепті де халық арасында "Ат - ер қанаты" деген сөзқалыптасқан. Ат ер жігіттің жорықтағы жолдасы, мүңыншағар мүндасы. Барлық батырларға тән арғымақ ат Еділпатшаның да қасынан табылады. Аттиланың тұлпарыАлтынжал деп аталады. Аңыз бойынша Алтынжалдыңқолтығының астында қанаты болады. Алтынжал аспанғаүшып кетіп, керек кезінде иесіне келіп отырады. "Ер Төстік"ертегісіндегі Шалқүйрықтай Алтынжал да Аттиланың басына іс түскенде тығырықтан алып шығады. Рим империясын бағындырған соң Аттила Алтынжалдыңүстінен ер-түрманын, басынан жүгенін алып: "Маған қарсы тұрар ешкім жоқ, сондықтан мен енді соғыспаймын", деп тұлпарын бір жолата босатып жіберді. Халық арасындасақталған аңызда Алтынжал Еділ патша өлген соң аспанғамүлдем үшып кетеді. Еділдің үрпақтарын аспаннан бақылап,Аттиладай ер дүниеге келгенде, қайтадан жерге түседі-мыс. Тарихи деректерде Еділ патшаның кенеттен қайтысболғаны жазылған. Көптеген зерттеушілер оның өліміне әйеліИлдионаны кіналайды. Себебі, Аттила Илдионаның әкесін
⁴²Сейдімбек А. Қазақтың күй өнер. Астана. 2002. 2929-б
40
өлтіріп, өзінзорлапалғанеді. йленутойыныңертеңіндеАттила бүлөмірменқоштасады*3. Кейбірдеректердепатшаныңмұрнынанқанкетіпөлгендігін көрсетеді44. Патшасынанайрылғанғұндармәйіттіайналашауып, шаштарынқиып,беттерінтілгілеп, қайғыларынқанменбілдірген.
PraecipuusHunnorum rex Attila
patregenitusMundzuco
fortssimarumgentim dominus
qui inaudita ante se potentia solus
(5) Scythica et Germanica regna possedit
nec non utraque Romani orbis imperia
captiscivitatibusterruit
et, ne praedaereliquasubderentur,
placatusprecibus annuum vectigalaccepit:
(10) cumquehaec omnia proventufelicitatisegerit,
non vulnerehostium, non fraudesuorum
sed genteincolume,inter gaudialaetus
sine sensu dolorisoccubuit.
Quis ergo huncexitumputet,
(15) quemnullusaestimatvindicandum?
ҒүндардыңұлыпатшасыАттилаәкесі
Мундзуктан туған,
Күшті тайпаның кожайыны.
(5) сен бұрын естімеген қуаттылығыңмен скиф,
герман патшалықтарын жалғыз иелендің,
қалаларды алып, екі Рим империясының
әлемін қорқынышқа толтырдың,
одан әрі тонауды жалғастырмасүшін жалынып берген жылдық салықтықабылдадың.
(10) Осының барлығын бақытты аяқтап,
жау жарасынан емес, іштен
шыққан
мен бірлігінде,
жаныңабатқан ауырлықты
сезінбей қайтыс сұрқиялықтан емес,
қуаныш пен көңілділікте, тайпаны амандығы болдың.
Кім бұныөлім ретінде қабылдайды,
(15) егер ешкім кек қайтаруға ұмтылаалмаса?⁴⁵

⁴³Өтенияз С. Аттила. Алматы. 2000. 67-б.


⁴⁴Мажардыңтарихиаңыздары // "Қазақәдебиеті" газеті, 21. 12. 2001.
⁴⁵Жұмағұлов Қ. Ғұндаралғашқыевразиялықтареді // "Қазақәдебиеті"
газеті, 112.04.2002.
41
депжоқтайды.Жоқтаумәтініқазақхалқыныңжоқтауыменұқсас.Мәселен, мбетей Тілеуұлының Бөгембай батыр қаза болғанда:
Уа Алатаудай Ақшадан
Асып тудың Бөгенбай.
Болмашыдай анадан
Болат тудың Бөгенбай!
Қалақайлап дулатқан
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты қудың, Бөгенбай⁴⁶, -
деп басталатын жоқтауы немесе Бұқар жыраудың Абылай ханды жоқтағанда:
… Лабашыдегенбіреліне
Антымененулатқан
ЕраншымененСеренді
Тозғындатыпшулатқан
Беріштесінжұртүстінедулатқан.
Еңсесібиік боз орда
Салтанатқаорнатқан…
… ҒаділдігінНаушеруанғаділге
жеткерген
ЖомарттығынХатымтайжомарттан
өткерген.
Күндемехманкүзетіп,
Кесекілепетберген;
Имандыныңісінеқарап бет берген,
Бірқұдайдыңдидарын,
Сен көрмесең
кімкөрер
Табандасқандүшпанға
Күндеқылышшауыпөткерген⁴⁷, - депайтқанжолдарысақ-ғұнзаманынанқалыптасқанжоқтауүрдісін, көрсетсе керек. Аттиланыңмәйітінғүнзаманыныңсалтыбойыншаалтынменапталып, күміспенкүптелгентабытқасалып, қару- жарағын, қазынасынөзіменқосажерлейді. ӘлемдіөзінебағындырғанШыңғысханныңмүрдесісекілдіоның да денесі
⁴⁶XV-XVIII ғасырлардағықазақпоэзиясы. Алматы. 1982. 106-107 -б.6.
⁴⁷Сонда. 139-140 -б.б
42
жасырынжерленіп, патшаныңденесінжергетапсырыпқайтқантірікуәгерлертегіс о дүниегеаттандырылады. Осылайша, бүкілЕуропаныдүрсілкіндіргенғүнпатшасыныңжатқанжерінешкімбілмей, жаныжауларыныңмазағынанаман-есенқалып, тынышжайтабады. Аттиланыңерлікжолдары мен жеңісжорықтарыхалықтарарасындажырболыпсақталып, ұрпақтан-ұрпаққажалғасыпкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет