Тұран жеріндегі рухани жәдігерлер
Тарих қойнауындағы мәдени һәм әдеби ескерткіштердің пайда болу тарихы бірнеше жылдарға созылған сайын, оныңқүндылығы да арта түспек. Адамзат жаратлысындағы ең көне діндердің қатарынан саналатын Зороастризм дінінің киелі кітабы Авестаны осындай мұраға жатады. Әдетте, барлық діни кітаптар жаратушының жерге жіберген заңдар жиынтығы болумен қатар, сондай-ақ сол халықтың әдеби бастауларының негізі болып та табылады. Авестада кездесетін діни қағидалар, өсиеттер мен насихаттардың негізі аңыз- әпсаналарға барып тіреледі. Бұл кітаптың көне нұсқалары Вендидат, Яшт, Виспарад пен Заратуштра пайғамбардың айтқан өсиеттері Гаттардан тұрады. Осы жазба деректерде Орта Азия халықтарының көне аңыздарында кездесетін Митра, Анахита, Жәмшит, Аффрасияб сияқты бейнелер мен осы аймақтарды мекендеуші халқтардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне қатысты көптеген құнды мәліметтер бар. Осындай жәдігерлерден көршілес жатқан парсылар мен түркі халықтарының мәдени һәм әдеби байланыстарының бастаулары біздің дәуірімізге дейін-ақ сақ-ғүн замандарында, тіпті одан ертеректе жатқанын аңғаруға болады. Себебі ОртаАзия географиялық жағынан адамзат баласының өмір сүруінеөте қолайлы жер болғандықтан да, бұл аймақта түркілердің арғы тегі сақ-ғұндардан бұрын да үнді-европалық типтес тайпалардың мекен еткендігі бүгінде ғылыми түрғыдан
⁹³Сонда,236-бет.
62
дәлелденген. Сол тайпалардан қалған өркениет ошақтарыАндронов мәдениеті деп аталады. Осы мәдениетті түзуші үнді-европалық тайпалардың қатарына арии тайпалары да жатады. Бірнеше ғасырға созылған бүл мәдениет ерте ( б.д.д. XII-XI ғғ.), дамыған (б.д.д. X-XIII ғғ.) және кейінгі (б.д.д. XII-IX ғғ.) болып негізгі үш топқа бөлінеді1.
Арий тайпаларының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, соның ішінде ірі қараға ерекше көңіл бөлген. Сонымен қатар, егіншілікпен де айналысқан. Алайда, б.д.д. I мыңжылдықта ауа-райының өзгеруіне байланысты үнді- европа тайпалары батысқа қарай қоныс аударған. Оның бір бөлігі бүгінгі Европаға қарай жылжыса, енді бір бөлігі үндістанды бетке алған. Шығыстанушы ғалым М.Мюллердіңпікірінше, арийлар алғашқыда Памир тауының етегінде өмір сүріп, кейін б.д.д. Х ғасырда бүл тайпа екі топқа бөлінген. Бірі - Европаға, екінші жартысы ндістанға қарай бет алған.Содан б.д.д. XI ғ. Иранға ариилар қоныс тебе бастаған2. Ариитайпалары Орта Азиядан көшкен соң, бұл аймақта түркітектес сақ-ғүндар мекендеген. Осы арилік және түркіліктайпалардың дүниетанымына ортақ дүниелер, олардың әлем мен болмыс жөніндегі түсініктері ғасырлар бойына жинақталған. Заратуштра пайғамбар сол негізгі қағидалардыжинақтап, бір негізге түсірген. Бірақ оның қай уақытта өмірсүргені және оның қай тайпаның өкілі болғандығы туралы мәлімет жоқ. Бүгінде осы тақырыпты зерттеген Батыс пенРесей шығыстанушылары әр түрліпікірлерді алға тартады.
"Заратуштра" сөзі парсы тілінен аударғанда "шотор" - "түйе", ал "зора" сөзі "кәрі" деген мағына береді. Сонда"кәрі түйенің иесі" деген мағына келіп шығады3. Оныңөмір сүрген дәуірін Мэри Бойс б.д.д. 1500-1200 жылдар деп көрсетсе4, белгілі шығыстанушы Е.Бертельс Заратуштра б.д.д. ғасырдың соңында өмір сүрген деген пікір айтады. Соңғығалымның келтірген ойын неміс ойшылы Ф.Ницще қамтып, өзінің "Так говорил Заратуштра" деген еңбегінде Заратуштра пайғамбар шамамен б.з.д. І ғасырдың соңында өмір сүрген"дейді6. Ал, Анкетиль Дюперрон Спитама Заратуштраныңтуған жылы мен қайтыс болған кезі б.д.д. 589-512 жылдар
¹Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий.
Алматы: Рауан, 1992. С 14.
²Маковельский А.О. Авеста. Баку: АН Азерб. ССР, 1960
³Авеста. В русских переводах. (1861-1996). Спб. 1998. С 8.
⁴Мэри Бойс. С 27
⁶Ницще Ф. Так говорил Заратуштра. Алматы, Жазушы. 1991. С 300
63
екеніналғатартады. Сондай-ақ, олкітаптыАльтгейм,Герцфельд, Тедеско, Мэйс, ГертельсыяқтығалымдардыңСпитама Заратуштра өзөмірсүргендәуірінМидияныңкүйреуімен (яғни б.д.д.550) түспа-түскеледідепкөрсеткен.Осылайша бұл дінді зерттеген ғалымдардың басым бөлігі зороастризм дінінің пайғамбары б.д.д. I ғасырларда өмір сүрген деген болжам жасаған. Бұдан Заратуштра пайғамбарарий тайпалары Орта Азиядан қоныс аударған соң дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады.
Бірақ, "Авестаның" алғашқы бөліктері Заратуштраданбұрын дүниеге келіп, ол тек өзіне дейінгі аңыз-әпсаналарды жинақтағанын ескерсек, бұл кітаптың алғашқы бөлімдері мен тарауларындағы қағидалар мен діни канондардың негізгілері Орта Азия мен Қазақстан жерінде дүниегекелгенін аңғаруға болады. Мүндай түжырымды осы өңірдентабылған мәдени ескерткіштер айғақтайды. Орта Азия менҚазақстан тарихын зерттеген орыстың белгілі шығыстанушығалымы С.Кляшторный: "Бұл аймақтың батырлық эпосы мен аңызы шығыс ирандық хикаялармен (сказания) араласып кеткен. "Авеста" кітабының тілі арийлардың алғашқы өмірсүрген кезіндегі тілге жақын екендігі дәлелденген. Олардыңбұрынғы өмір сүрген жері Орта Азия немесе оңтүстікке таман Гератта болуы мүмкін -деп оған айғақ ретінде мынандай деректер келтіреді: "Қаратау тауының Арапузень жартасында бейнеленген екі дөңгелекті ат арбаға мінген жауынгердің Авестаның Яшт бөлімінде Митраға арналған тарауында да кездесетінін",-алға тартады. Ғалым өзінің ойындәлелдемек болып, мынадай деректер келтіреді: "Арийлардыңпантеоны мен эпосы таңбалармен ғана жазылып қоймастан, сонымен қатар, суреттермен де бейнеленген. Құрбандықшалынып, діни әнұрандар (гимндер) айтылатын көне тасжартастарынан көптеген галереялар табылды. Сондай киеліжердің бірі - Алматының солтүстік-батысына таман 170шақырым қашықтықта орналасқан Аңырақай тауынын Тамғалы шатқалында көрініс тапқан. Сонда бейнеленгенкөптеген суреттер бронза дәуіріне, ашып айтсақ, андроновтармәдениетіне қатысты. Онда эпикалық батырлар ат арбағамініп, садақ тартып, түйелерге жүк артып көшіп бара жатқан олар ритуалды бимен билеп, айналшақтап жүр. Әсіресе, өлілердің басына "күн тәріздес зат" (солнце головыесущества) (Тамғалыда жұмыс істеген археологтар оны солай деп атаған) салынып, үлкен бастар қүдіретті тәңірінін нышанын білдіретін дөңгелек дискілермен қоршалған.Кейде, жаңағы бастар "сәуленің радиусына қарай таралған"
64
бейнелермен берілсе, ал кейбірінде бұл белгілер жоқ.
Бұл көріністерден көзге ерекше түсетіні айнала шеті үй жануарларымен қоршалып, тәңірінің алдында билеп жүрген "күн басты зат" он екі адам. Бұл көріністердің шешімін "Хурхед-яшттан" (Күн гимні) табамыз:
Сыйынамыз Митраға
Шексіз ниет кіімде кең…
Сыйынамыз сол үшін,
Бәрінен де артығы,
Күн мен айдың арасы!
Күн мен айдың жаратушысы адамдар мен малдардықастерлеп жүр. Ал, келесі бір таста үлкен күн басты құдай өгізге мінген Митра. Өгіз - жоғары тәңірінің жолдасы Вертраганың екінші серігі.
Пайда болған Заратуштра,
Вертраган сынды қайтадан.
Ахураның жаратушысы:
Алтын мүйіз бұқадай,
Бойға біткен секілді,
Көтерілді Күш, Қуат", -
деп, Авеста кітабының іздері Қазақстан жерінде де жатқанын алға тартады.
Зороастризм дінінің киелі кітабының Орта Азияда дүниеге келгені жайында Т.Еңсегенов: "Бұдан соң, уақыт талабына орай, осы қасиетті мұраны арнайы бірлесе зерттеген кеңес дәуірінің ғалымдары: В.Струве, К.Тревер, С.П.Толстовтар: "Авестаның" және Заратуштраның туған жері - Орта Азия, жекелей айтқанда Хорезм", - деген ойын алға тартады. Қасиетті "Авеста" шығармасын арнайы қарастырған ғалым А.О.Маковельский: "Нюберг қуаттағандай, Авестаға қатысты мәселелер Арал теңізі мен Яксарт (Сырдария) өзенінің төңірегінде өткен. Бірақ "Авеста" текстерінде айтылғанесімдер географиялық көрсеткішсіз енгізіле салынған",-дейді. Белгілі шығыстанушы Х.Нюбергтің және басқа да осы еңбектізерттеген ғалымдардың "Авеста" кітабын қазіргі Әмудария мен Сырдария аралығында жасалынған дегені рас", - деп ғалым өз ойын түйіндейді.
⁷Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий.
Алматы: Рауан, 1992. С 30.
⁸Қазақәдебиетініңқысқашатарихы. Т. 1. Алматы, 2003. 26 б.
65
ЕжелгіҚазақстанаймағынмекендегентүркітайпаларыда Авестаныкөшіріпжазушылардыңбіріболғаныжайындадеректер бар. БұлжөніндебелгіліғалымӘ.Марғұлан:"АвестаныжазғанӘмудария мен Аралдымекендегенғүндар (кердері, абдалдардыайтады)",9-дйді.
Зороастр дінінің сенімі бойынша от (Атар) Ахура Мазда құдайдың баласы деп есептеледі. Осы дінді ардақ тұтатындарот храмына барып табынып, сол арқылы өздерінің күнәларын тазартатын болған. Осындай діни сенімнің түркі халықтарның арасында да болғанын белгілі ғалым C.Г.Кляшторный: "(Ежелгі түркілердің) отты қадір тұтып, отпен тазаратындықтарын Византия елшісі Земарх (I ғ), қытай жазбалары, және парсының "Худуд ал-алам" (Х ғ) атты географиялық шығармасында айтылған",10 - дейді. Сондай- ақ, ғалым осы еңбегінде орта ғасырда Таразда мекендеген соғды тайпаларының бір бөлігінің зороостризм дінінің үстанғандығын алға тартады"1. Ғалымның келтірген бұл деректері Орта Азия мен Қазақстан жерінде зороастризмнің орта ғасырға дейін өмір сүріп келгенінен дәлел береді.
Авестаның алғашқы бөлімдері бір уақытта емес, бірнеше ғасырлар бойына қалыптасқан. Алайда, бұл кітаптың жинақталып, киелі кітапқа айналған кезі – Сасанидтер әулетінің Иранды билеген түсы. Бұл династияның патшалары зороастр дінін қабылдап, мемлекеттік дін ретіндеқабылдаған. Қасиетті от храмдары салынып, ол жерлер негізгі құлшылық орындары саналған. Бірақ, Александр Македонский жорығы тұсында бұл кітаптың негізгі бөліктері жойылған. Осы жайында "Шахрихоне Ирон" атты еңбекте Заратушт пайғамбардың Виштасптың бұйрығымен "Ден" (Авеста) кітабын 1200 тарудан түратын діни жолдарын алтын тақтаға жазып, от храмына қойғанын, алайда жауыз Александр Македонсий келіп, жеті патшаға тиесілі қасиетті кітапты өртеп, теңізге тастағаны жайында айтылады12. Осындай қиратып, жоюшылардан сау жеткен Авестакітабы бүгінде 21 бөліктен тұрады. Оның 7 бөлігі әлем менадамның жаратылсы, 7-і заң қағидалары, 7-і медецина мен астраномияға қатысты.
Авеста негізгіүшкітаптантұрады. Алғашқыкітабы
⁹Марғұлан Ә. Ежелгіжыр-аңыздар. Алматы, 1985. 20 б.
¹⁰Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трехтысячелетий.
Алматы: Рауан, 1992. С 151.
¹¹ Бұл да сонда. С 152.
¹²Хашем Реза. Вендидат. (Жынғақарсызаң). Тегеран, Фекерруз. 1994.
175 б.
66
"Вендидад" депаталып (орта ғасырлық парсы сөзінде"Видевдат", авестатілінде
"Ви даэводатэм", яғни"Диюлорғақарсы кодекс" депатлады), негізіненәлемніңжаратылысыжайындағыаңыздар мен моральдық, азаматтықжәнедіникодекстерқамтылған 22 тараудантұрады. Екіншікітабы "Яснада" (авестатілінде) Заратуштра пайғамбардыңөсиеттеріберілген. Бұлкітап 72 бөлімді. шіншікітабы"Висперет" (авестатіліндеВисперотаво - Барлықәміршілер)депаталады. Бұлбөлімнегізіненқұлшылыққаарналған. 25тарауменберілген. Осы аталған Ясна мен Вендидадтаәдебитәсілдер - Яшттарсақталған. Онданегізінениманмәселелері,дінирәсімдер мен аңыз - апсаналаржайындаайтылады.
Авестаны зерттеуші ғалымдар Яшттар мен Яснаны негізгі үш топқа бөледі: Заратуштра пайғамбарға дейінгі халық арасына тараған эпостар, Заратуштраның айтқан өсиеттері және Заратуштрадан кейін қосылған бөлімдер. Осы соңғыбөлік "Хорде Авест" яғниКіші Авеста депаталады.
Зорастризм дінінің сенімі бойынша ең алғаш жаратылған нәрсе өгіз деп есептеледі. Түркі халқының ежелгі аңыздарында да өгіз тотемі ерекше қастерленетін. Бұл мотив көптеген түркі халықтарының фольклорында кездеседі. Бізде Оғыз Қағанға қатысты айтылатын аңыздардың бірінде Оғыз қаған өгізді жеңген соң ғана Оғыз қаған атанған деген аңыз бар. Осы жайында әдебиеттанушы А.Қыраубаева: "Бүкіл Оғыз қағанға қатысты аңыздардың бастауы өгіз тотемінде екенін кезінде Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев айтып кетті. Авестакітабы бойынша алғашқы адам Ииманың кезінде өгіздің,сиырдың етін жемеген, қасиетті деп есептелген. Өйткені жербетіндегі бірінші қолға үйретілген аң - өгіз. Бұдан өгіздіңАвеста заманынан бұрын да тотем екенін көреміз. Бұл салтАвеста туған елдермен жақын байланыста болған ндіде әлікүнге сақталғаны мәлім. Ал қазақтағы өгіз тотемі эпос,аңыздарда жүр. Профессор А.Машанов өгіз тотемі он екімүшелі жыл санауының басы бүгінгідей тышқан емес өгіз не сиыр болған б.з.б. 5000 жылдар шамасында да бар еді деген пікір айтады"13,-деген пікір білдірген.
Авестада өгіздің қатты құрметтелетіні соншалық, жақсылық құдайының бір аты "Гэуш-тошын" яғни "Өгізді жасаушы" деп аталады.
Авеста кітабында көп дәріптелетін киелі жануардың бірі - ит. Ондағы иттің дәрежесі адаммен қатар берілген. Киелікітаптың "Видевдат" деген бөлімінде итті қалай асырау
¹³Қыраубаева А. Қазақ мифологиясы және Авеста.// Жұлдыз. Алматы.
19967 12 /181 б.
67
керектігі егжей-тегжейлі баяндалады. Авеста қағидалары
бойынша итке жәбір көрсеткен немесе оны өлтірген адам қатаң жазаға тартылуы тиіс. Вендидаттың он үшінші бөлімінде итке арналған жеке тарау бар. Бұл 65 жолдан тұрады.
Осы бөлімнің басында Ахура Мазданың итті жаратқандығы айтылады. Әрі жақсылық құдайының оны қатты құрметтейтіндігі де ерекше көрсетілген. Сонымен бірге, үй қарауылдайтын, мал бағатын секілді ит жануарының бірнешетүрі берілген. Авестадағы иттің аты - Дужака.
Авестаның "Вендидат" деген бөлімінде: "Ахура Мазда": "Жауыз адамдар Дужоқа деп атайтын жабайы киелі ит -Ванхапара - ежді Киелі Рух жаратқан. Ол күнде таңертең күн шыққанға дейін жауыз рухтың жаратқан мындаған кесепаттарын өлтіреді" делініп, "О, Заратуштра, егер кімде- кім жауыз адамдар Дужака деп атайтын жабайы киелі ит Ванхапараны өлтіретін болса, онда оның рухы тоғыз ұрпаққа дейін бұзылады, егер ол өмірінде Сраошенің алдында өзінің 3314 күнәсін жумайтын болса, Чинвод көпірінен өте алмайды"1 - делінген.
Киелі итті өлтірген адамның жазасы мың дүре соғу деп белгіленген. Бүл бөлімде де жауыздық пен мейірімділіктің күресін ит жалғастырады. Мысалы, Зайримяки деп аталатын жын киелі рухтың жаратқан нәрселерін таң атқанша өлтіретін болса, ит оған ашық қарсы шығады.
Зороастризм дінінің қасиетті жері - от храмы. От діни сенім бойынша Ахура Мазданың ұлы. Оны парсыша Атар деп атайды. От - барша жақсылықтың бастауы, жаманшылықты тазартушы. Зороастрлықтар отты көктегі күннің бір бөлігі, оның өкілі деп сенеді. Ал, қазақ халқында от қастерленіп, жоғары бағаланады. Қазақтарда күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай ойнаса - үйдің іргесі отпен аластатылатын болған. Сонда адамдар "бисмилласын айтып, тәубелеріне келетінболған. Қазақ ұғымында найзағай - алланың атқан оғы. Й іргесін отпен аластаудың мәні - құдай тағала даладағы жын- сайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесінетығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қорқытыпқуу керек. Іргені отпен аластамаса үиге жалын түсуіықтимал. Адамдардың сол пәледен шошып, зәре құттарықашатын болған. Сонымен бірге, от қазақ ұғымында үйдіңжарылқаушысы, шам шырағы саналған. Сондықтан да оттыерекше құрметтеген. Жаңа түскен келінді үйге кіргізгендеүлкен үйдегі отқа сәлем бергізеді. Одан от басынатөселген
¹⁴Хашем Реза. Вендидат.
(Жынғақарсызаң).Тегеран, Фекерруз. 1994.
256 б.
68
жұмсақбөстекке (теріге) отырғызады. Онысы - оттай жайнаптүр, терідейжұмсақ бол дегені. Соныменбіргежаңатүскенкелінотқасәлембергенде: "От-ана, Май-ана, жарылқа!" дептілеутілейді. Басқаәйелдеротқа май құйып, алақандарынқыздырыпонымен, келінніңбетінсипайды. Бұлкелінніңжүзіжылы, дидарыыстықболсын, тіл-көзтимесін дегені!5.
Белгілі ғалым Л. Гумилев көне түркілердің діні жайында жазғанында олардың күнге табынатындағы туралы пікір айтқан16
Авеста кітабындакүнгеарналғанжекетарау бар. Яшттыңалтыншытарауы"Хуршед Яшт" депаталады. Ондакүнгеүшретқүлшылықетіледі.Күншығарда, тал түсте, кешке…Қазақтың наным сенімінде арбаудың алар орны ерекше. Мүны көбінесе бақсы-балгерлер қолданып отырған.Арбаудың түп төркіні зороастризм дінінде жатқаны туралы Б.Абылқасымов: "Арбау тарихи тұрғыдан алғанда магияға жатады. Магия дегеніміз материалды дүниеден, табиғаттантысқары жолмен әсер ету үшін қолданылатын ғұрыптар. Ал "маг" сөзінің көне парсы тіліндегі түрі - магуш. КөнеИранда "магуш" деп зороастризм дініндегі абыздарды айтқан. Олар да халдей абыздары сықылды арбаушылықпен, көріпкелділікпен айналысқан. Кейінненалдыналаболжаушыларды, адам тағдырын күні бұрын айтушыларды, астрологтарды, арбаушыларды жиынтық түрде "маг" деп атау өріс алған" - дейді.
Авеста кітабында кез-келген нәрсенің қорғаушы періштесі, яғни киесі бар деп айтылған. Оны фавашийнемесе фаварти деп атаған18. Яснаның 16 -шы бөлімінде,тіпті Ахура Мазданың да киесі бар екендігі айтылса, 23-ші бөлімінде үйдің, судың, жердің, малдың иесі бар делінген!9. Қазақ ұғымында дакез-келген нәрсенің қорғаушысы бар. Мысалы, қазақ халқы төрт түлік малдың иесі бар деп сенеді. Жылқы атасы - Қамбар ата, Сиырдыкі - Зеңгі баба,Қойдыкі - Шопан ата, Түйенікі -Ойсыл қара деп, оларды құрметтеген. Сонымен бірге Авестада Өгіздің киесі ретіндеГэуш-таман аталады.
Қазақ халқының көне наным-сенімдерінде де әржаратылыстың өз тәңірісі бар деп сенгені туралы C.Сейфуллин: "Аруақ тәңірлер" бар деп жүрген ескілік-надан
¹⁵Қайбарұлы А., Бопайұлы Б. Қазақ ырымдары. Алматы,
ҚЭ. 1998. 44 б.
¹⁶Гумилев Л. Көнетүріктер. Алматы, Білім. 1994. 73 б.
¹⁷Абылқасымов Б. Телқоңыр. Алматы, Атамүра-Қазақстан. 1993. 52 б.
¹⁸Хашем
Реза. Яшт. Тегеран,
Фекерруз. 1994. 148 б.
¹⁹Маковельский А. Авеста. Баку, АН Азерб.СССР. 1960. 120 б.
69
заманда, дүниедегіжаратылыстыңтүрлерін, құбылыстарын,жаратылыстыңәрбірсырларын, әрбірбөлек-бөлек "тәңір -иелердің" сырларыдепсенетін" 20- едідейді.
Зороастризм дініндегідей қазақ сенімінде де жауыздық пен мейірімділіктің арасында үздіксіз күрес жүреді. Мысалы: көктің күркіреуін, найзағайды, құйын-дауылды, боран- шашынды, ай мен күн, қыс пен жаз, жұлдыздарды, бірін қаһарлы, бірін рақымды "тәңір иелері" бар деп сенетін?1. Жылдың қыс маусымын Авестада жауыздық құдайы АнграМаниюдың жаратқандығы айтылса, қазақ халқы қысты қылышын сүйреткен қаһарлы жау деп атаған. Осыданкеліп ежелгі мейрамдардың бірінен саналатын Наурыз келіпшыққан.
Түркілердің исламға дейінгі сенімінде ел билейтін қағандарды көктегі тәңір жаратқан деп сенген. Күлтегінескерткішіндегі "Тәңірдей тәңірі жаратқан" және Білгеқаған мәтініндегі "Тәңірдей тәңрі жаратқан" деген сөздер осыны білдіреді. Ел басқаратын патшаны Жаратушыныңөзі жарататыны жайындағы сенімнің ежелгі парсыларда да болғаны туралы деректер бар. Бұл, әсіресе, Сасандар әулетібасқарған кезде қатты белең алғанын Иран тарихшысы Риза Шабани өзінің "Иран тарихы" атты кітабында атап өтеді. Ол: "Сасандар өздерін тек қана фәррие изәди (тәңір сәулесі)деп білмей асыра мақтанып, құлпытастарда т.б. ерекше ескерткіштерде өздерін Көкұлы (Бақпур) пәк тәңірлер 922 - деп жазған.тегінен…"
Сондай-ақ, Иран мен Тұранның арасындағы рухани байланыс хақында сөз қозғағанда руна және сына жазулы ескерткіштерді де айта кеткен орынды. Мысалы, III ғасырдажазылған "Тоныкөк" жәдігерінде: "Бізден екі жартыдайартық еді, Тәңрі жарылқағаны үшін көп деп біз қорықпадық, соғыстық. Тәңрі жарылқап бұл түркі халқына қарулы жаудыкелтірмедік"23,-деген жолдар бар. Мәтінде дана Тоныкөктің азғана әскермен қаптаған қара жаудың үстінен жеңіс табуына көктегі Тәңірдің өзі себепкер болғаны жайында сөз болады.
Осы сарындас жерлер Орхон, Талас бойынан табылғанескерткіштер секілді сына жазумен тасқа қашалып жазылған "Бехистун" жазбаларында да кездеседі. Парсылардың бұлжәдігері б.д.д. I-І ғасырларда бүгінгі иран жерінде салтанат
²⁰Дәуренбеков Ж., Тұрсынов Е. Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы: Ана тілі.
1993. 73 б.
²¹Бұл да сонда, 74 б
²²Риза Шабани. Иран тарихы. Алматы. Зерде. 2002. 104 б.
²³Айдаров F. Орхон ескерткіштерініңтексі. Алматы: Ғылым. 1990. 114 б.
70
құрғанАхеменидтерәулетініңпатшасыДаридыңбұйрығыменжазылған. Патшаның әмірімен орындалғандықтан бүл мәтіннің оқиға барысы да "Күлтегін", "Тоныкөк" ескерткіштері секілді тарихи желіге құрылған. "Бехистун"жазбасы ежелгі Иран билеушілерінің өзге елдерге жасағанжорығы мен олардың жеңістеріне арналған. Б.д. II-IIIғасырларында түркі даласында дүниеге келген ескерткіштермен б.д.д. I-I ғасырларда парсылардың мекенінде жазылған сына жазулы мәтіндердің уақыт айырмашылығы мен алшақтығына қарамастан мағыналары өзара мәндес, сабақтас болып келетінін аңғаруға болады.
Мысалы, "Мен Дарий, үлы патша, патшалардың патшасы, бүкіл әлемнің билеушісі" деп басталатын сына жазулы мәтінде: "Мен келгенімше ешкімнің де Гумата абызға бір нәрсе айтуға батылдары бармап еді. Кейін мен Ахура Маздадан көмек сұрадым., Ахура Мазда маған көмектесті. Мен азғантайадаммен Гумата абыз бен оның соңынан ерушілерді қырдым. Ахура мазданың қалауымен патша болдым. Ахура Маздамаған билікті сыйлады"24,-деген жолдар жоғарыда берілген "Тоныкөк" мәтінімен бірдей мағынаға құрылған.
Ежелден көрші жатқан парсылар мен түркілердің арасындағы рухани байланыстардың адамзат болмысындағы мәдени өркениеттердің дамуында алар орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |