МӘШҺҮр-жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдинеті


Тєн туралы (бірінші єњгіме)



бет7/11
Дата27.06.2016
өлшемі7.37 Mb.
#159938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тєн туралы (бірінші єњгіме)
Адамның тәні ет, сүйек, қан кєбиларден жиналмас көрінсе де, оның тәнінде темір, көмір, тұз, күкірт уа май бар дүр. Орташа ғана бір кісінің тәнінде қырық бес қара тақта, яки үш жүз алты қарындаш жасарлық көмір бар. Жеті тағаға қағарға жетерлік шеге жасарлық темір бар. Екі жүз мың шырпы жасарлық күкірт бар. Алты жүз дана шам құярлық май бар. Жиырма қасық тұз бар. Бір кісінің тәнінде болған күкіртні айырып алынса, ол күкірт иіле бес жүз кісіні зєһрлап өлтіріп болыр еді. 1915 жылының бірінші май күні жұма күнніњ календарінда 1333-нің 30 ші жұмади ахир.
Хадис шариф
واتقو الله الذى تسألون به والارحام » «уттақуллаһ әлләзи тәсәлунә биһи уалирхәм»

Мағынасы: «Сендерден сұрайтын және рахым жасайтын Алладан қорқыңдар»

Аят ол Алла Таѓаладан хєуф етінге бірі-біріњізден бір шєи естісењіз оны µсек етініп естірсіз, уа дағы ирхєм уасил етіп істерсіз.

«و من سعادة المرء خفة لحية» «Уа мин сєғадатил мєр`є хиффатул хаия».

Мағынасы: «Ердің бақыты - сақалын күту».

«لا يؤمن أحدكم حتي اكون أحب إليه من والده و ولده و الناس أجمعين»

Хадис шариф: «лә юмину ахадукум хаттә әкун әхаббә иләйһи мин уәлидиһи уа уаләдәһу уаннаси әжмәғин».

Мағынасы: «Еш қайсысыңда мені өз баласынан және барлық адамдардан жақсы көрмейінше иман толық болмайды».

«و ابتغوا من فضل الله ». «Уабтағу мин фадлилләһи».

Мағынасы: «Алладан жақсылық сұраңдар» Мединеде түскен. Жұма сүресі. 10- аят.



Әр түрлі насихат сөз
Әй, жаным, бұл дүниеде еш опа жоқ,

Кімді алдап өткізбейді дүние боқ.

Өлгенше дүние қамы таусылмайды,

Әр пенде өтіп кетер арманда боп.


Біз жүрміз тағат қылмай дүние қуып,

Ғазапқа болдық лайық белді буып.

Қазаға(ажалға) қадам бассақ жақындаймыз,

Тұрады соның үшін көңлім суып.


Қалады, қаза жетсе, қатын-балаң,

Қылмайды ажал рахым жалынсаң да.

Қылмасын қара жүзді халық алдын да,

Қылыңыз жанның қамын не қылса да.


Қалады қаза келсе мал мен мүлік,

Аз күні дәурен өтер ойнап-күліп.

Ажалдан хабары жоқ, білгісі жоқ,

Тәубәсіз өте көрме ғәпіл жүріп.


Түсіпсіз ғәпілдікпен қате жолға,

Кетерсіз бір қарамай оң мен солға.

Пәлеге кімді нәпсі кез қылмайды,

Нәпсі үшін қыран бүркіт түскен торға.


Дария ғылым екен аққан судай,

Жарасқан айдын көлге қонған қудай.

Кімде-кім ғылым күткен қор болмайды,

Көтерген махшар [236] күні жасыл тудай.


Қылыңыз Қағба тауаб [237] халің жетсе.

Расулның оразасын ... нәсіп етсе.

Не пайда қатын-бала, баршасынан,

Бір күні ғәріп басың өтіп кетсе.


Беріңіз халал [238] малға қайыр, зекет.

Болмайды харам [239] малда еш берекет.

Өзі кемімеске кепілмін,- деп.

Жолықпас халал малға еш әрекет.


Беруге зекет келген аят,

Әр кісі өзінен-өзі жүрсе аяп.

Машхарда жазумен мінер құлдар,

Не ғилаж ( лаж) жамандықты сонша тиеп.


«Уа иақумус салат» [240] деп, аят келген,

Намаздың парыздығын ғалам білген.

Қалайша оқу, қалайша таһарат [241] алу,

Пайғамбар, Жәбрейілден [242] үйретілген.


Бір Алла Жәбрейілге қылды жарлық,

Таһаратты пайғамбарға үйрет деп.

Жәбрейіл көктен хадир келгеннен соң,

Пайғамбар қарап тұрды қайран қалып.


Жәбрейіл жарлық бірлен келді жерге,

Мен жаздым үйренсін деп.

.... пайғамбарға амандасып,

Қанатын сол арада соқты жерге.


Қанатын соққан жерден бұлақ ақты,

Адамша суретімен таһарат апты.

Мұнан соң таһарат алып, намаз оқып,

Біздерге парыз [243] болып сонан қапты.


Пайғамбар содан кейін таһарат алған,

Біздерге таһарат алмақ содан қалған.

Намаз оқу - Құдайдың бір парызы,

Пендеге дін мұсылман мойынға алған.


Бір жаратқан Алланы - сегіз сипат бірлан танымақ
Бір Алла – серігі жоқ, жалғыз өзі,

Оның жоқ ата-ана, ұғлы-қызы.

Тумайды, өзі ешкімнен туылмады,

Осылай «Қул һууә Аллаһ» [244] Құран сөзі.


Ол Алла жисм [245] жауһар ғариз емес,

Боларға басқа-басқа бөлектенбес.

Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,

Еш нәрсе оған ұқсап жөні келмес.


Дүниеде еш нәрсе жоқ теңдес оған,

Өзінің затыменен қаийум [246] тұрған.

Болмайды мысал қылып еш нәрсеге,

Меңземес еш нәрсеге жатқан, тұрған.


Өзі жалғыз, мұқтажсыз, мұңсыз Құдай,

Барша мұқтаж өзіне болған оңай.

Сипаты: ғәзә емес, ғаридә емес,

Өзінің ретіменен болған солай.


Тірілік бір сипаты-Құдіреттің.

Өзінің не тілесе, құдіретімен.

Сіздердей тірілігі жанмен емес,

Бөлек тұр тірілігі өз затының.


Ғылым тұр - бір сипаты, білмен анық,

Құдайға ешбір нәрсе емес танық,

Тықырын құмырсқаның тасқа басқан,

Біледі құдыретімен соны танып.


Құдірет бір сипаты- күші жетер,

Нәрсенің қылам деген, бәрін етер.

Сипаты, заты бірлан қайым ерер.

Нәрсе жоқ оның күші келмей кетер.


Басар [247] дүр бір сипаты- көрмегі хақ,

Көрмегі көзбен емес, сен бұған бақ.

Өзінің көрмектігі құдіретімен,

Көмескі жазымы жоқ- көрмегі нақ.


Самиғ [248] дүр бір сипаты- есітеді,

Әрқашан естуменен іс етеді.

Құпия сөз естілместей сыбырлаған,

Ол Құдірет құлағына тез жетеді.


Ирада [249] – бір сипаты ол Алланың,

Өзінің тілегені болады оның.

Бір тал шөп қимылдамас ирадасыз,

Кеудеңде, сен ұғарсың жаның болса.


Әр істі қылам десе, қылады ол.

Талмайды еш бір шаршап, құдіреті мол.

Бір тікен бір жеріне қадалғаны,

Құдайдан ирадасыз болмайды сол.


Халиқин [250] дүр бір сипаты- жаратпағы,

Жан беріп, мақұлықатын қаратпағы.

Бәріне ол жандардың ырзық беріп,

Әркімді өз мүлкіне қаратпағы.


Мақлұқта ризық оның атын.

Алланың ешкім біліп жетпес затын.

Әркімнің несібесі өз алдына,

Жаратқан осылай қылып мақұлықатын.


Сипаты сегіз болған бірі - Кәләм[251],

Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам.

Сөйлеуі біздей тіл мен жақпен емес,

Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам.


Сөзінде әріппенен даусы жоқты,

Жалған – деп, Хақтың сөзін айтпа тіпті.

«Уа кәлләм Алла Мұса ...»,- деп.

Мұсаға Тұр [252] тауында сөйлесіпті.


Сиапты ... тұрған қаийум,

Өзінің затыменен болған дайым.

Дәлелім бұған дәлел «Қул һууә Аллаһ».

Білерсің хат оқыған болсаң молда.


Екі салби сипаты- білгіл мұны,

Ғайб, ширік нұқсаннан пәк дүр Алла.

Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

Мекенін бір Алланың ешкім білмес.


Иә осы ма осы - төрт жақтан пәк дүр Алла.

Мүминнің Алла деген көңілінде емес.



Дақайық әл Ахбардан- адамның суреті
Иә, Рабби тіл жағыма бергіл жәрдем,

Қылмағыл біз ғәріпті ғасилардан [253].

Сөйлейін естігенге ғибрат үшін,

Болатын өлген шақта әрбір халден.


Жігіттер ыхыласпен мұны есіт,

Халіміз өлер шақта болар нешік?

Азырақ сол халдардан баян қылсам,

Тәубеге келер мекен денем шошып.


Бір есімі пайғамбарым Ахмет [254] - деді,

Жаратқан құрмет үшін барша жанды.

Ахмет есім сиаптты намаз қыл - деп,

Бұйырған құлдарына сол тағатты.


Тек тұрмақ қиялдағы мысал алып,

Рукуғның ... секілді пенде ғәріп.

Сәждеге жатпағың мысалы мим [255],

Домалақ бас-аяғың, қылсаң байып.


Отырысқа дәл [256] секілді отырмағың,

Намаз қылсаң, ғазабтан құтылғаның.

Өлмей тұрып Хұданың(Құдай) әмірін тұт,

Қонақ дүр дүниедегі бұл тұрғаның.


Бір есімі – Мұхаммед дүр пайғамбарым,

Құрметі үшін жаратқан барша жанын.

Мұхаммед есімді суреті жаратылған,

Фәһим [257] ғып қарасаңыз барша тәнің.


«Мим» секілді домалақ бас формың.

... секілді иілген екі қолың.

Құрсағың іші тесік екінші «мим»,

Аяғың «дәл» -ше қайқы, мұны көрің.


Жаралдың пайғамбардың құрметінде,

Тамұқтың пенде жанбас сол отына.

Ғазаб қылмақ тілесе ғаси құлға,

Доңыздың айналдырар суретіне.


Әркім сол өз қылғанын өзі табар,

Пендеге залым қылмас пәруардігер[258].


Жан шығарында тәнмен қоштасқаны
Әр қашан жақындаса құлға ажал,

Жандарын келіп тартса періштелер.

Жаны сол кеудесіне келген шақта,

Алладан: «тоқтатқыл»- деп келген хабар.


Тұра тұр, кешіктіріп бірер сағат,

Дем алып, есін жиып, көрсін рақат.

Туыстар, баласы, көршілері,

Келіп сол кешу алсын бар жамағат.


Жаны сол келер болса бұғазына,

«Тоқтат-деп, бірер сағат»-қылғай нада.

Ағзасы бір-біріне амандассын,

Уақыт жоқ бұлтаратын енді мұнда.


Тілмен жақ арыздасар екі көзбен,

Қол, аяқ амандасар екі тіземен.

Қиямет [259] ғарсатта табысайық,

Тірілік дәурен кетті енді бізден.


Баспен амандасар екі құлақ,

Дүние екен: баяны жоқ, түбі шолақ.

Алланың бізге болсын рахматы,

Көре алмай бір-бірімізді кеттік жырақ.


Сол уақыт шығар болса жаның тәннен,

Қол, аяқ қозғалмайды, кетер дәрмен.

Көз көрмес, құлақ естімес, тіл сөйлемес,

Жалғыз-ақ айырмасын сені иманнан [260].


Иманды үйренбесе тілің дайым,

Көңілің кетсе Алланы танымайын.

Бола ма саған жолдас қатын, бала.

Қабірде не болар сенің жайың.


Ата-ана көрмейді екен сені перзент,

Қылмаса саған өзі Аллаһ рақмет.

Қамалдың өлік болған сен қайғыға,

Бола ма бұдан үлкен саған қасірет.


Ағзамыз дауласар ақыр демде,

Айырмай иманымнан, Құдай оңда.

Бұл халді ғапілдікпен ойламаймыз,

Аһ ұрар басқа келсе әрбір пенде.


Шайтанның өлер халде[гі]пендені аңдығаны
Хабарды айтты бізге имам Ағзам [261].

Сақта-деп, көп айтыңыз Құдай оңда.

Пенден өлер халде тұрар екен,

Иманын аламын - деп, лағын шайтан [262].


Тақалса жан тәсілімге пенде пақыр,

Бек шөлдеп жүректен кетті ақыл.

Сол уақытта иманнан үміт етіп,

Қасына келеді екен шайтан жақын.


Таптым-деп, келеді екен саған жарсап,

Дүниеде азғырып ем неше қабат.

Адамның келеді екен бас жағына

Қолына бір шишамен сулар ұстап.


Шишасын қолындағы қозғалтады,

Ол пенде суға мұқтаж боп жатады.

Пәленше, су керек пе ішесіз бе?-деп,

Шайтан ол пендеге сөз қатады.


Ол ғәріп жатады екен қатты шөлдеп,

Кезеріп еріндері, мұрны терлеп.

Ол пенде кім екенін танымайды,

Шайтаннан сұрайды екен «Суын бер»-деп.


Айта ғой:«Құдай жоқ»-деп, су берейін,

Құтқарып бұл мұқтаждан жіберейін.

Болмаса Ғайса -Құдай баласы де,

Соңыңнан сенің айтқан мен ерейін.


Бұл сөзді ізгі пенде көрмес қабыл,

Бастан шығып аяққа тағы барды.

Айта ғой: «Пайғамбарды жалғаншы»-деп,

Шөлдесең су берейін тілімді алсаң.


Қолдамас ізгі пенде шайтан сөзін,

Жақтырмай,теріс қарап, кетер жүзін.

Шайтанның алдағанын сонда біліп,

Иманын айтып жатар жұмып көзін.


Ібіліс сол арада болар нәумез,

Шайтанның уасуасы [263] әсер етпес.

Құдайы, әр пендеге тауфиқ [264] беріп,

Шайтанның тұзағынан сақта әр кез.


Иманы сәһл [265] болса әр пенденің,

Айтқызар барлық сөзді шайтан лағын.

... биллаһ бұл дүниеден.

Көрдің бе кәпір қылып қайтпайын.


Сұрапты бір кісі кеп имамдардан,

Бұл сөзге жауап берген имам Ағзам.

Қай күнәһ себепті алдар екен,

Иманын ол пенденің тұрып шайтан.


Иманның кетпегінде үш себеп бар.

Білмейді ғәпілдікпен сол пенделер.

Иман әһліне болғанға қылса шүкір.

Және де өлімді керек қылмас олар.


Үшінші қорықпаса кісі ақысынан,

Иманын ол пенденің шайтан алар.


Құдайдан иманыңды жүргіл сұрап:

Кісінің ақысынан қыл - деп жырақ.

Дүниеге ғәпілдікпен алданбағыл.

Пендесің астың тар қабір, халің хараб[266].




Жан тәсілім болғанда, көктен үш мәртебе дауыс болғай
Пенденің шықса егер тәннен жаны.

Есітер көк тарапынан осы наданы.

Дүниені не себептен қалдырдыңыз.

Яки сол қалдырды ма дүние сені.


Болдыңдар қайсыңнан қайсың көп.

Қайсыңды қайсың кеттің бүктеме ғып!

Дүние мен екуіңнің қайсың өлдің?

Дүние кеткен жоқ па сені өлтіріп.


Әрқашан ол пендені алса суға,

Періште үш мәртебе қылғай қауға.

Дүниеде бір кісідей күшті едің,

Не ғып сен түсіп қалдың жұлмалауға.


Бұл күнде қайда сенің күштілігің?

Бөгеліп не себепті сөйлемедің?

Жатырсың бұл қорлыққа не ғып шыдап,

Сұраймын не себепті қорықтың сен?


Кебінге салса сені сол уақытта,

Періште айтып тұрар бастарында.

Табытқа сол апарып салған шақта,

Періште үш мәртебе тағы айтар кеп.


Тіленіп тәубә қылсаң күнәлардан,

Алланың әмірін тұтпай болсаң надан.

Алланы жолдас қылсаң әм адасып,

Көрерсіз алдыңызда[н] жарылқасын.


Алланың қалып қалсаң ашуына,

Көрерсіз күнәңіздің нәтижесін.


Сол жерде оқыр болса жаназасын,

Періште тағы айтар үш надасын.

Көп сұрап езгі болсаң болар саған,

Тартарсыз күнәңіздің сол жазасын.


Әр не қылсаң қыларсың өз басыңа,

Қабірдің алып келсе жағасына.

Періште үш мәртебе айтар екен,

Адамның опат болған баласына.


Бұл орын сіз білсеңіз қараңғы орын,

Қылыппең мұның үшін амал бұрын.

Байлықтан келіп түсті мұқтаждыққа,

Қараңқы бұл орынға барма нұрың?


Пендені салса егер тар лақатқа,

Періште нада қылар сол уақытта,

Жүруші ең дүниеде күліп-ойнап,

Жылап сен келіп түстің қасыретке.


Жер айтар; жүруші едің бек сүйініп,

Кеп түстің қарныма бек күйініп.

Жүрушең тіршілікте шешен болып,

Қарныма келіп түстің тілсіз болып.


Иә, пендем, не себепті жалғыз қалдың,

Қарныма тастап кетті халқың көміп.

Бір Алла сол уақытта қылған рақым,

Қалдым деп енді жалғыз болмақ менен.


Аллаға тапсырдық деп айтып кетті,

Көмгенде сені келіп барша халқың.

Тапсырдым пайғамбардың миллетіне,

Уәсәл бол енді пендем рахматыма.


Мен болдым атаңыздан шапағатлы,

Жарылқадым пайғамбарым құрметіне.

Тапсырған пайғамбардың аманатын,

Тидірмен енді саған мен апатым.


Қиянат қылмақ затыма лайық емес,

Құранда Хүзайрур менім атым.



Өлім халінде болған пенденің халі
Басыңа түсетұғын ақыр заман,

Дүние дауламай тұрып болар саған.

Тәніңнен ғазиз жаның шықпай тұрып,

Көзіңе көрсетеді Алла Тағалам.


Қиналып жан шығарға жақындаса,

Кезеріп еріңдерін, көзің талса.

Қысылып маңдайыңнан жан тер ағып,

Дем алысы барғансайын қаттыланса.


Жазғыш періштелер саған қашып,

Ібіліс иманыңнан үміт қылар.


Сол шақта ғәріп пенде болсаң халсіз,

Тастарсың мал-мүлкіңді сен амалсыз.

Иманнан басқа нәрсе керек емес,

Иманды аңдып сонда шайтан арсыз.


Ең алғаш басқа түскен бұл қиямет,

Аузыңа Құдай салсын біл шәһәдат.

Бар малға қатын, бала ие болар,

Сен тартсаң бар обалды үлкен қасірет.


Болатын қияметте ақыр заман,

Ұғып ал мен айтайын оны саған.

Дүниеде борышқор боп өліп кетсен,

Жабысар жағаңызға дәугер адам.


Бұл күнде борыш иесі сұрар хақын.

Жаныңда малың барма құтылатын.

Бар қылған сауабың жарамасты,

Дүниеде жаман іске болма жақын.


Төңкерген қази болып жаратқан Хақ,

Сенде жоқ таласарға қимылдар шақ.

Мықтылық дүниедегі онда болмас,

Жемегіл кісі хақын, жоламай бақ.


Бар қылған жақсылығын Алла даугер.

Қиындық басқа түскен осы деп біл.

Болар ма бұдан үлкен саған қасірет,

Запаны саған айтар, «тамуғқа кір»!


Сол күннің мен айтайын, сол айбатын,

Түсірер іште бала жүкті қатан.

Тұрады барша халық қайран қалып,

Ешкімде шама болмас «қылма»- дейтін.


Келмейді сөз айтуға ешкім халі,

Болады жас жігіттер ақсақалды.

Періште адам затты қойша бөлер,

Жөнелер мүмин [267] адам ұжмаққа қарай.


Тамуғқа [268] айдар тағы бір жартысын,

Мұнафиққа [269] сый болған жан баласы.


Өзінің қылмысы үшін азап тартып,

Көреді жаһаннамда [270] сол жазасын.


Өлер халде періштелер келгені
Пендесі өлер халге тақалғанда,

Тағзыммен төрт періште барғай онда.

Пендеге сәлем беріп бірі айтады,

Микәйл періште едім тамуғтағы.


Кезіп мағриб [271], машриққа [272], келдім тамам,

Бір луқма табалмадым тіпті саған.

Ойлаймын рыздығыңыз бітті ғой деп,

Болмаса табар едім бір кесім нан.


Періште кетеді екен осыны айтып,

Екінші бір періште келер қайтып.

Микәйл періште едім шарабыңа,

Одағы тұрады екен бір сөз айтып.


Бір ішім су таппадым саған іздеп,

Күн шығыс, күн батыстың бәрін кезіп,

Ойладым ажалыңыз жеткен ғой деп,

Періште кетеді екен мұны айтып.


Үшінші жетіп келер тағы мәлик [273],

Мен жүрген періште едім демің санап.

Дем алыс қанша бұған қалды екен деп,

Табалмай машриқ, мағриб келдім қарап.


Дем алыс табалмадым саған түгел,

Ойладым жеткен екен енді ажал.

Төртінші бір періште келіп айтар,

Ғұмырдың періштесі едім мен Микәйл.


Күн шығыс, күн батыстың кездім бәрін,

Бар ма деп саған ғұмыр араладым.

Ойладым сенің ғұмырың біткен екен,

Бір сағат саған ғұмыр табалмадым.


Төртеуі бұл сөзді айтып кетер екен,

Болғансоң пенде ғәріп нетер екен.

Кәрәмән кәтибин[274] періштелер,

Олдағы ол пендеге жетер екен.


Пендеге жетіп келер екі мәлик,

Қолында жазып алған күнәһ, сауап.

Оң жақтың періштесі ұсынады,

Қара деп ақ қағазды келер алып.


Қараңыз бұл жазылған қағаздың,

Қалдыңыз көп сауаптан қаншама.

Ол пенде оны көрңп бек шаттанар.

Ораза, қажы, зекет, намазына.


Сол жақтың періштесі тағы тұрып,

Бір қара қағаз бергей сол ұсынып.

Бар қылған күнәларің осы тұрған,

Ол пенде қатты терлер жаман қорқып.


Қарауға ұялады күнәсінан,

Істеген қанша күнә сол жасынан.

Бар қылған күнә, сауап сол істерін,

Көрсетіп кетер екен сонда оған.


Осылай сол алтауы жұмыс қылар,

Барғыл деп әмір қылғыш пәруардігер.

Біз енді ісімізден босандық деп,

Ғәзрейілге барып айтар періштелер.


Сонда келер Ғәзрейіл жан алам деп,

Жанында періштелер сол екі топ.

Рахматтың періштесі оң жағында,

Отырыр ғазаптікі сол жаққа кеп.


Ол пенде болса егер ізгілерден,

Алады оның жанын шаттықпенен.

Рахматның періштесіне алып бергей,

Кетпей сақтаңыз деп зәрулерден.


Мұнан соң періштелер осы жанды,

... орап жәннәт сарайына алып барар.

Құдайға сәжде қылып орнын көріп,

Өз үйіне енді қайтып алып келер.


Үйінің ортасына алып келіп,

Періште тағзым қылып сәлем қылып.

Кім жылап, кім күйініп отырғанын,

Жаны сол тұрады екен соны көріп.


Осылай тұрады екен сенің жаның,

Артына тағы еріп жаназаның.

Қабірге тәнің бірлан бірге еніп,

Сауалын беріп кетер періштелер.


Сонаң соң әлгі жанды періштелер,

Ғалим разаққа алып барар.

Қиямет қайымға шейін мекен етіп,

Рақатта сол сипатты тұрар олар(анлар).


Егерде пенде болса ғаси жаны,

Жандарын ғазаб бірлан тартар қатты.

Бір тартып, бір жіберіп айбат бірлан.

Көрсетіп осал жанға мехнатты.


Жаңдарын жауыз құлдың қинап тартар.

Ағашқа екі кісі ары тартар.

Басқа бірі тұрып, аяққа бірі тұрып,

Бір-бірімен алам деп сонда айтар.


Өзінің әрне қылса еркінде екен,

Қозғалмай неше жылдай тұрған бекем.

Қозғалар имансыздың сонда жаны,

Айрыла ма сулы жаннан қ.....


Мың түрлі жанын алар қинауменен,

Күнәһға махрур болса жинау менен.

Осындай ғазабтарда жаны қалар,

Нәпсісін харам істен тимау менен.


Ғазабтың періштесі ие болар,

Қолында періштенің ғазаб көрер.

Қашаннан болған тонға оны орап.

Жоғары енді көкке алып жүрер.


Жолыққан әрбір нәрсе қылар лағынет,

Дүниеде жауыз болса ол адамзат.

Дүниенің сол көгіне барған шақта,

Ашылмас оған есік қылса пірият.


Қайтар деп қабіріне қылғай нада,

Осылайша әмір қылғай Жәббәр Хұда[275].

Әр қашан ол пендені қойса көрге,

Періште сауал үшін кіргей бірге.


Пендеден «лә адри» [276] деп жауап келгей,

Періште «мән раббің» деп келген жерде.

Пендені сонда ұрғай курзі бірлен.

Сол уақытта жүдә болар тән бірлан жан.


Пендені сол уақытта қабір қысар,

Қабырға бір-бірімен араласар.

Мұнан соң қабір іші отқа толғай,

Халдері ол пенденің болып нашар.


Қабірде орнын көргей жаһаннамнан,

Ғазаптар зәил [277] болмас әркез онан.

Құдай ондай күнді көрсетпегін,

Үміткер рахматыңнан әрбір пенде.


Ләжинге [278] алып кетер оның жанын,

Түбінде жеті тозақ зар еңіретер.

Ол халде ұжымаққа кіру қиын,

Алдыңда толып жатыр талай қатер.


Көппен көрген ұлы той деген жанбыз,

Көрме ғазаб, рахат пенде жалғыз.

Бұл күнде дүние қойған кісі бар ма,

Әйтеуір рахматыңнан үміткерміз.


Қабірде періштенің сауалы хақ,

Сауапты болсаң сайрар тіл мен жақ.

Күнәлі болсаң сонда халің хараб [279]

Күні бұрын құтылатын хайласын тап.


Қабірде не көрмейді бұл ғәріп бас,

Құдайының әмірін тұтсаң болдың халас [280].

Сауалды жан береме екі дүние,

Хақында көп имамдар қылған талас.


Бағзысы айтар қабірге жанды әкеліп,

Салады денесіне алып келіп.

Бұрынғы қалпында отырғызып,

Періште сұрайды екен сонда тұрып.


Бағзы имам айтады сұрар жаннан,

Дүниеде өлген кәпір, мұсылманнан.

Сасық дене қабірде жатар шіріп,

Ешқайсың қабіл мүңкәр болып қалмаң.


Бағзысы айтар жан кірер кеудесіне,

Періште қоймайды екен енбесіне.

Бөксе жағың жатады жансыз болып,

Шамаң жоқ сен сауалды бермесіңе.


Жан кіреді екі араға кебінменен,

Сен жатасың дәл өлген қалпыңменен.

Жан келгенін сол уақытта денең сезер,

Сөйлеген әр түрлі сөз парқыменен.


Жанменен жауап берер тән қысылып,

Күнәһарлар қалады сонда тосылып.

Ғазаб, рахат көрседе сонда тұрар,

Дүниеде жүрген бірде қызық көріп.


Осылай имамдардың бізге нақылы.

Иманнан басқа пенденің жоқ жақыны.

Қай Расул [281] пендеден жауап алар,

Адамзаттың жетпейді бұған ғақлы.


Жігіттер баршамызға өлмектік хақ,

Осы екен білген жанға қимылдар шақ.

Қабір ғазаб жанға ма тәнге ме деп,

Хақында тағы имамдар қылған жауап.


Кәпірге ғазаб қабір болар даум,

Көретін мұнафиқтан бағзы [282] адам.

Азапты мұнафиқтың көруі хақ,

Бұлардан құтылатын хайласын тап.


Өсек, ғайбат [283] себепті қабір ғазаб [284],

Сідіктен үсті басың қылмасаң пәк.


Қабірдің көрмен десең азаптарын,

Мойныңа төрт нәрсені қылғың ләзим [285],

Тасбих [286] айт, Құран оқы, садақа бер,

Бес уақыт қалдырмағыл намаздарың.


Деп айтқан өлдім қабір ...,

Жан біткен улап өлер сонан ішіп.

Шарап ішіп есікке кірген шақта,

Халдары біз ғасинің болар нешік.




Мұхаммед ғалейһи саламнан хадисі өлгенде жан тәнге барғаны
Кітаптан зікір қылған ғұламалар,

Қабіріне барар екен өлген жандар.

Үшбу сөзім пайғамбарым хадисі [287] дүр,

Бұл сөзді құлаққа сап аңғарыңдар.


Әр қашан тәніңнен шықса жаның,

Құдаға [Құдайға] осы күннен соң айтар халін.

Құдай рұқсат бере ме баруыма.

Қабірде көрсем екен барып тәнім.


Бір Құдай баруына бергей рұқсат,

Сол заман қабіріне барғай аруақ.

Алыстан көз жіберсе денесіне,

Таралған бір-бірінен барша сүйек.


Көр болған екі көзі шам шырақтай,

Айырылған тілден тағы екі жақтай.

Саудырап басқа-басқа болып жатыр,

Тізілген отыз тісі меруерттей.


Үсіген алмадай боп екі беті,

Жидеген баста шашы, сақал-мұрты.

Қол-аяқ жел құлатқан ағаштай боп,

Су алып торсықтай екі ұрты.


Қараса танаусына сар су аққан,

Аузынан шығып жатыр қып-қызыл қан.

Жан байқұс сипатты көргеннен соң,

Көп жылап приәт қылар ұзақ заман.


Қалың қараб болыпты мискин [288]тәнім,

Бұзылып кеткен екен адам саның.

Тіршілік нұр сипатты саның қайда

Шошиды түрің көріп ғазиз жаның.


Қараңқы қабір болған сенің орның,

Сасыған өлексесің ...

Ғәм қайғы тар қабірде жетіп қапсың,

Дариға амал нешік өткен күнің.


Жатырсың тар қабірде жабылып бекем,

Көрмегім менің келіп бекер екен.

Жатырсың бұл мехнатта нағып шыдап,

Қадалса шыдамаушең жалғыз тікен.


Түңіліп кетеді екен осыны айтып,

Шыдайсың бұл қорлыққа енді қайтіп

Болғанда бесінші күн рұқсат алып,

Тағыда шыдамастан келер қайтып.


Қараса тағы келіп денесіне,

Қараған шыдар емес бейнесіне.

Аһ ұрып зар-зар жылап сол уақытта,

Өкініп, келдім дейді мен несіне.


Қан аққан аузы, мұрны, құлағынан,

Жыбырлап құрт жеп жатыр бір жағынан.

Тұңіліп сонда жаны шошып кетер,

Пендесін айырмасын иманынан.


Жүруші ең қайран тәнім гүл-гүл жайнап,

Ұмытып бұл халіңді күліп-ойнап.

Мен кеткен соң болыпты халің хараб.

Құрттарға жем болыпты сорың қайнап.


Сонда жан бұл сөзді айтып кетер қашып,

Түбіне барша жанның өлім жеттер.

Болғанда жетінші күн бір барсам деп,

Құдайға ғарыз халін мағлум [289] айтар.


Жан сонда келер екен рұқсат алып,

Денесін сол қабірде көргей барып.

Шыдамай сол алыстан исіне,

Бұл сөзді айтады екен сонда налып.


Хайран тән болып түстің мұндай халға,

Денеңе құрт құмырсқа болған пайда.

Бір биттің шаққанына шыдамаушең,

Қыласың енді нешік бұған хайла.


Қараңқы тар қабірде көрдің мехнат,

Дүниеде жолдас едік қанша сағат

Ісіне бір Құдайдың амал бар ма

Қасіретке салдың мені неше қабат


Жан сонда денесінен үзгей үміт,

Жұлып жеп жатқансоң қабірде құрт.

Қатын-бала, ағайын көңіліңнен

Өлген соң ғаріп басың болар үміт.


Көршіңіз жолдасыңыз құрдасыңыз,

Бірге өскен көрмес сізні достасыңыз

Қылмаса ғафур рахим [290] пендесіне

Қабірде не көрмейді бір басыңыз


Түңіліп қош айтысып сонда жаны,

Сезеді бұл айтқанды жатқан тәні.

Мұнан соң қайтіп енді бармайды екен,

Құданың(Құдай) болмаған соң еш пәрмені.


Мұнан соң бармайды екен денесіне.

Шара жоқ Алла ісіне көнбесіңе.

Иманын әр пенденің жолдас етсен,

Туғансоң амалың жоқ көрмесіңе.


Қабірде бәрі қайғы, бәрі мехнат

Бір Құдай пендесіне қылсын рахмет.

Алланың бұйрығын ада [291] қылсаң,

Иншаллаһ [292] ғазабынан басың азат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет