Өлімнің хикаясы
Жаратқан тағат үшін махлұқатын,
Білсіндеп бір өзінің пәк деп затын.
«Куллу нәфсі заиқатул мәут» [293] Құран сөзі,
Өлімнің баяндайын мен сипатын.
Риуаят [294] қалды бізге пайғамбардан,
Өлімнен әркез қалмас жаралған жан.
Пайғамбар айтқан екен асхабына [295],
Өлімнің бар сипатын қылып баян.
Өлімді ұлық қылып хақ жаратқан,
Өлгендер жерге кетіп жеті қаттың.
Жетпіс мың арқанмен байлап қойып,
Жасырды мың пердемен махлұқатын.
Ұзындығы әр арқанның мың жылдық жол,
Еш нәрсе жаралмаған өлімнен зор.
Атамыз хазірет Адам жаралғанша,
Періштелер оны танып білмеген сол.
Бұйырды Ғазірейілге [296] жан алмаққа,
Ерікті болды сонды махлұқатқа.
Өлім аштысын баршаға татыр деп,
Құдайым бұйырыпты сол уаққытта.
Иә, Раббім не нәрсе дүр өлім деген,
Бізге ондай ешнәрсе білінбеген.
Көрсетті Алла Тағала пердені ашып,
Махлұққа одан бұрын көрінбеген.
Ғазірейіл жақын барған пердесіне,
Көрсеткен періштенің баршасына.
Өлімді таныпты сол арада,
Барша жан көзің жеткіз қалмасыңа.
Үстінен періштенің қадім мәуде.
Ұшқыл деп сонда өлімге қылған ... .
......................................................
Періштелер мұны көріп қалған қайран.
Періштелер оны көріп талып түсті,
Өлімді көргеннен соң зәресі ұшты.
Сәждеге баршалары басын қойып.
Қорыққанынан ғаршы әғлані [297] барып құшты.
Сұрады періштелер есін жиып,
Иә, Рабби [298] өлім тұрған қайда сыйып.
Еш махлұқ мұнан үлкен жараттың ба?
Баян қыл көзіміздің жасын аяп.
Құдайым періштелерге қылған баян,
Жаралған махлұқатым өзіме аян.
Өлімнен зор нәрсені жаратпадым,
Жаратқам жоқ үлкенді, дейді мұнан.
Ұста деп Ғазірейілге қылған баян,
Өлімнен құтылмайсың жаралған жан.
Ұстаймын қалайша деп мен өлімді,
Ғазірейіл бір Аллаға қылған ....
Тұтамын бұл өлімді қай күшіммен,
Өлімнен зор нәрсені көрмедім мен.
Бар күшті Ғазірейілге беріп еді,
Тоқтатты сонда өлімді бір қолымен.
Ғазірейіл ұстаған соң тұрды өлім,
Иә, Рабби рұқсат берсең сөйлейін мен.
Бір мәрте көкте тұрып айғайлайын,
Естісін дауысымды инсан [299] мен жын.
Ол өлім көкте тұрып қылған нада,
Тапсырған жан иесін маған Құдай.
Мен тұрмын бірден бірді айырғыш,
Атаны баласынан қылам жуда[300].
Мен өлім айырамын досты- достан,
Айырам ер, қатынды Құдай қосқан.
Жаным ашып жалғызды аяуым жоқ,
Айырам бауырласты бір туысқан.
Тағыда айырам қызды анадан,
Дем таусылса айырылмас қол жағадан.
Қандай батыр болсада мойнын үзем,
Мені ойласаң кетерме ахиретің [301].
Құтылып еш бір махлұқ менен қалмас,
Қылышпен бас алатын өткір алмас.
Мал дегенде ғаріп пақыр хақтан шығар,
Ол малың өзіңменен бірге бармас.
Үйіңнен мен бұзамын сарайыңды,
Үйің күлге бұзамын сарайыңды.
Сен қашсаңда артыңнан мен қалмаймын,
Мені ойласаң жадыңал Құдайыңды.
Бай болсаң тіршілікте садақа бер,
Жылаған пақыр мискин көз жасын көр.
Ораза, намазыңды қаза қылма,
Ешкімге зарарыңды тигізбей жүр.
Өтірік өсек ұрлықтан жүргей таза,
Ғайбат [302] айтып біреуді қылма наза.
Залым болып жемегің кісі хақын,
Жабысар жағаңызға иаумул жаза [303].
Құтылып еш махлұқ кетпес аман,
Мен түтсем сонда болар ақыр заман.
Қалма деп менен ғабділ жаралған жан,
Өлім хақ туғаннан соң барша жанға.
Өлімнен қорқып хаққа болса пенде,
Мейлің нан бұл сөзіме, мейлің нанба.
Дүниеде оттың бар болғаны
Атасы барша жанның хазірет Адам,
Жаратқан топрақтан Алла Тағалам.
Ішінде сегіз ұжымақ жерер дейді,
Таза нығмет барып іші деп, түрлі тағам.
Деп айтқан: Әр кәмилнің [304] зауалы бар.
Ұжмақтан шықпағының себебі бар.
Алланың нәһи [305] қылған жемістен жеп,
Күнәға қатынымен болған душар.
Бидай жеп ғаси болған бір Құдайға,
Нәпсі үшін үзбек болып сол күнәға.
«Шық»- деген бір Құдайдан хатб [306] естіп.
Мұнан соң келіп түскен дүниеге.
Дүниеге келіп түскен жап-жалаңаш,
Тағам жоқ жәннәттағы [307] қарны аш.
Егін сап, шаруа істеп жүргеннен соң,
Болды Адам тірілігі отқа мұқтаж.
От сұрап дұға қылған бір Аллаға,
Бір Алла бұйырыпты Жәбрейілге [308].
Адам үшін тамұқтан от бергіл деп,
Бар дағы патшасынан отты сұра.
Жәбрейіл барған отқа жарлық естіп,
От керек сол Адамға, сіз бергіл деп.
Қандай қылып аласыз?- деген Мәлик,
Жәбрейіл: Бергіл -дейді хұрмадай ғып!
Мәлик айтты сіз алсаңыз хұрмадай от,
Апарсаң сіз дүниеге ие болып.
Хұрмадай сол апарған оттарыңыз,
Күйдірер жер мен көкті тас-талқан ғып.
Жәбрейіл бұл сөзінен кетті шошып,
Күл болар дегеннен соң жер менен көк.
Ендеше сүйегіндей от бергіңіз,
Қалдым ғой бағанадан мен кешігіп.
От берсем сүйегіндей бір хұрманың,
Жұртына алып барсаң дүниенің.
Тау мен тас, ағаш шөптің бәрі күйіп,
Жаңбыр суы құрыр еді, түк қалмайын.
Тағы да бұл сөзінен тұрды қорқып,
Аларын біле алмайды қандай қылып.
Иләһи алсам мен үшбу оттан,
Бұйыршы енді маған әмір қылып.
Құдайым бұйырыпты зиррә[309] ғана,
Кешікпей алып бар деп, дүниеге.
Сол алған зиррә қадир [310] отыңызды,
Тұрмаймын оны салғыл дарияға.
Дарияның суымен жу жетпіс қабат,
Кетіріп ыстық лебін елегіл пәк.
Жетпіс қабат жуған соң сол отыңды,
Бір таудың басына қой да тұрғыл қарап.
Жәбрейіл зиррәдай от алған екен,
Дарияға оны апарып салған екен.
Суымен дарияның жетпіс жуып,
Бір таудың сол басына қойған.
Ол тауды күйдіріпті тас-талқанғып,
Кетіпті таудан өтіп жерге кіріп.
Өзінің барып түскен мекеніне,
Жәбрейіл қарап тұрған қайран қалып.
Сондағы тау күйдірген түтіндері,
Кетіпті сол таудың басын ыстап(иістеп).
Жәбрейіл сонда отын тастан алған,
Үшбу от иесі екен таста қалған.
Беріпті тастан алып атамызға,
Күн көрген сол отынан хазірет Адам.
Үшбу от тау күйдірген тастың иесі,
Таралып бар дүниаге жүргені осы.
Тамуғның сол отына қарағанда,
Жетпістен барлық оттың бір есесі.
Жәбрейіл жумаса сумен жетпіс,
Заһары кетпес еді бойындағы.
Тамақ пісіріп пайдаланып тұрмақ түгіл,
Дүниеде от дегенді көзің көрмес.
Адамзат жаралған соң отсыз тұрмас,
Хайуанша төрт аяқтап шөп жей алмас.
Үшбу от бір Құдайға сыйынады,
Жаһаннам ғазабынан қылдеп халас [311].
Алдандық жігіттіктің мастығына,
Дос болдық шайтан малғұн қастығына.
Құдайым жаһаннамнан халас ойла,
Күніңнің шыдамаймыз ыстығына.
Жәбрейіл періште пайғамбарға жеті тозақты баян қылғаны
Расулға келеді бір күн Жәбрейіл.
Құдайың бар сәлемін айтты қазір.
Тозақтың тұрды сонда үшбу сөйлеп,
Күнәһәр үмметіңе баян қылғыл.
Жаратты ол тозақты жеті қылып,
Ішіне мың бір жылдай отын жақты.
Қып-қызыл болды сонда шоғы жайнап,
Бір өзін танысын деп махлұқатты [312].
Тағы да бірмың жылдай жақты оны,
Балқыды аппақ болып қорғасындай.
Ұшқыны таудай болды қызыған соң,
Ғасылар қорықсын деп жаққан сонда.
Тағы да осыншада жақты мың жыл,
Қап-қара болды сонда отты көмір.
Қараңқы айсыз түнде оны қылды,
Залымнан өш алам деп пәруардігер.
Ішінде шаян мен жыландары,
Күйеді әр қайсысының мойындары.
Тістесе бір келіп ғасыларды,
Кетпейді қырық жылғашейін оның заһары.
Ғазаптың періштесі Запанлар,
Көңілінде еш рахым жоқ ғасыны аяр.
Көздері жалтыраған жашындай боп,
Аузынан ақырғанда жалын шығар.
Өздерінде Алла берген күш-қуат көп,
Екі жауырының арасы бір жылдық жол.
Тамуғ әһлінің [313] санынша әрбірінің,
Денесінде бар дейді аяқ пен қол.
Әр қолымен ғасылардан алады өш,
Әмірсіз бір Құдайдан қылмайды күш.
Жігіттер дәл осының болуы хақ,
Тағат қылмай, өткізбе күніңді бос!
Ұлығы пәнилар сол он тоғыз,
Естігенің бар ма еді осындай сөз?
Қараған әр қайсысына періштені,
Сандарын Хақтан [314] басқа ешкім білмес.
Он тоғыз әріп бар дүр Бисмиллаһ [315],
Кімде-кім айтар болса, ыхылас илен.
Құдайым Запаныдан сақтар өзі,
Хадис [316] бар пайғамбардан шәк келтірме.
Тамуғның ең ішінде жеңіл ғазап,
Кигізер ғасыларға екі башмақ.
Башмақтың ыстығы өткен зардабынан,
Тұрады төбесында миы қайнап.
Тамуғ әһлі мәликке [317] жалынар көп,
Құтылар бұ ғазаптан күн бар ма деп.
Қырық жылдан соң айтады оған мәлик,
Шықпайсың жаһаннамнан, үндеме деп.
Ғасилар айтар екен пәруардігер,
Ғазапқа [318] залым болып, болдық душар.
Тағатымыз қалмады жанып біттік,
Біздерді рахым қылып оттан шығар.
Неше жыл өткеннен соң келгей хабар,
Болдыңдар рахметімнен сіздер жырақ.
Мұнан соң адамзатша сөйлемейді,
Есекше анда-санда бақырар бірақ.
Құдай тамуғдың тұтқыны қылма,
Нәсіп ет рахметіңмен біздей құлға.
Білмейміз басы жұмыр пенделікпен,
Болады пәни дүние кімге тұлға!
Әннә хазретнің миғражда көргені
Хабарды айтты бізге әмирул мүмин [319],
Қасына пайғамбарым бардым бір күн.
Бабама сәлем үшін барған едім,
Пайғамбар жылап отыр болып ғамкін.
Бабамнан мен сұрадым қылып әдеп:
Жаңа сіз отырдыңыз неге жылап?
Ғарібіңе оқиғаны баян қылғың,
Деп тұрдым пайғамбардың халін сұрап.
Пайғамбар сұраған шақта айтты маған:
Миғражда [320] нәрсе көрдім жарамаған.
Ғазабта неше түрлі адам көрдім,
Жылаймын соларды аяп, енді балам.
Сол жерде қылды баян Расул маған:
Миғражға мені апарды Жәбрейіл.
Бір үлкен періштені онда көрдім,
Ашуланып отыр екен құрып зілі.
Аузынан шығып отыр отты жалын,
Шоқ жайнап, айналасы көрсең халін.
Жәбрейілдің қанатына қашып кірдім,
Түрінен періштенің шошып жаным.
Бұл кім?- деп мен сұрадым Жәбрейілден.
Қай махлұқ баян қылып айтшы маған.
Жанға хайла қылуға қашып тұрып,
Қасында Жәбрейілдің бердім сәлем.
Болмады сәлем менен оның жұмысы,
Астында періштенің оттан курси [321]
Ешкімге менсініп қарамайды,
Оттан тәж, қолында бар оттан курзі.
Мәлик деп маған айтты Жәбрейіл,
Патшасы жеті тозақ осы деп біл.
Шоқпармен жер аспанды ұрса егер,
Бір сағатта болар еді баршасы күл.
Мәликке Жәбрейіл берді хабар,
Иә, мәлик сәлем бергін, бұл пайғамбар.
Миғражға қонақ үшін шақырған дүр,
Бүтін ғалам патшасы ол - дүр.
Қасыма жетіп келді мұны естіп,
Тағзыммен ғалейк алды бой ұсынып.
Мәлик сонда сөйледі иә, Мұхаммед,
Ғасидан өш алғыл деп, жаратқан Хақ.
Жеті тозақ мүлкімде менің дейді,
Неше түрлі ішінде бар ғақубат [322]
Тозақты мен көруге кетті ойым.
Иә, Мәлик маған көрсет ғазаб үйін.
Күнәлі үмметіме баян қылам.
Деп едім, сонда Мәлик сұнды мойын.
Мәлик айтты сол жерде әй, пайғамбар,
Тамуғта неше түрлі азаптар бар.
Көрген соң енді үйге қайталмассың,
Көрмей-ақ қайтпағыңыз дұрыс болар.
Мәликке айтты сонда Жәбрейіл,
Пайғамбар сөз айтса көргің қабыл.
Һәммат заман ішінде бар нәрсені,
Көруге бір Құдайдан болған әмір.
Көрсетті жеті тозақ кілтін ашып,
От жанар дүр-дүр етіп заһар шашып.
Ішінде жылан шаян хисапсыз көп,
Ысқырар аждаһалар аузын ашып.
Тозақта қарап жүрсем бір жылан бар,
Отыз мың бас бар деп, берді хабар.
Әр баста отыз мың ауыз болған,
Әр ауызда бар бұжра тағылғанлар.
Әр бұжрада бір шынжыр қойған тағып,
Ұстаған әр періште оны барып.
Жетектеп ғазапліні тістеп жүр,
Сақтағың әр пендеңді Жәббәр Халиқ [323].
Тозақтың мен сұрадым бас-аяғын,
Кеңлігі көлденеңі айт деп жайын.
Мәлик тұрып сол жерде маған айтты,
Хақтан басқа еш кісі білмес халін.
Мәлик айтты; таңлағыл иә, Мұхаммед,
Тозақ қылар мың жылдық қараны ақ.
Мың жылдық қара жерді ақ қылады,
Күйдіру түрі осылай сен бұған бақ.
Мен көрдім ол тозақта жеті есек,
Ат қойды һууәл ләзи хатима [324] деп.
Жаһаннам сықыр-сықыр жаһаннам дүр,
Әр құлымның орныдүр қылған тесік.
Мен көрдім жаһаннамда үш мың құдық,
Кеңдігі біреуінің үш мың жылдық.
Әр құдық үш мыңнан таулары бар дүр,
Жаратқан Алла Тағала қылып ұлық.
Әр таудың етегінде мыңнан тал,
Бәрін оттан жаратқан Хақ тағала.
Жеті жүз мың әр далада шаһар бар дүр,
Әр шаһарда жеті жүз мың көше дүр.
Әр көшеде жеті жүз мың сарайлар бар,
Әр дарада жеті жүз мың сумһән және.
Жеті жүз мың әр санада үйлер бардүр.
Салынған ғасыларға бұларды арнап.
Әр үйде жеті жүз мың бардүр сандық,
Азап бар жеті жүз мың бәрі де анық.
Осылай ғасылардан өш алады.
Бәрін оттан жаратқан Жәббәр Халиқ.
Бір түрлі сол арада көрдім халық,
Жылан, шаян мойнында жүр оралып.
Мәликтен; бұлар кім? -деп сұрап едім,
Зекет бермей малына сонша барлық.
Түрлі көрдім қауымны,
Мойнында темір бұғау жүр салынулы.
Аяғында оттан башмақ ...
Мойнында екі қолы жүрген асулы.
Мәликтен мен сұрадым; кім деп бұлар?
Өсіммен мал көбейткен саудагерлер.
Сол себеплі ғазаптан ғазап көрген.
Тәубесіз өтіп кетке күнәһарлар.
Бір жамағат және көрдім онан өтіп,
Отпенен қарны толған өз етін жеп.
Мәликтен бұлар кімдеп сұрап едім,
Тәубесіз өтіп кеткен өсекші деп.
Және тұр бір көруһлар жалған көп,
Тәнінің жартысы бар, жартысы жоқ.
Екі ұшқын ортасында тау үстінде,
Киімі үсті басы жайнаған шоқ.
Мәликтен мен сұрадым; бер деп хабар.
Жарты дене адамдар кім болады?
Жартысы бұлардың қайда кеткен,
Не себеплі жоқ қылған Пәруәрдігер?
Бұлар алған дүниеде екі қатын,
Қылалмай арасында ғәділетін.
Бірінен-бірін кем ұстап сұрауда қалып,
Әр кімге қатынын айтып мақтанатын.
Тірілер қияметте болып жарты,
Қатындарға болмаса ғәділеті.
Киіп, ішіп напақа барша істе,
Тең ұстау шариғаттың [325] рұқсаты.
Мен көрдім мұнан шығып бір түрліні,
Періште салып жатыр көп дүрені.
Жалаңаштап әр қайсын ұрып жатыр,
Қамшыдан оттан болған әрбіреуін.
Мәликтен мен сұрадым, не еткен халық?
Деп айтт; бұлар қылған жаманшылық.
Елге өзін тақуа [326], сопы көрсеткендер,
Қылған ісі шайтаннан қаншама артық.
Мен қарап және көрдім бір түрліні,
Тілінен асып қойған сол керекні.
Мәліктен және тағы сұрап едім
Бұлардың жазасы не айт деп мұны.
Сол себепті тартады бұлар жаза,
Байы бетке ұрып соққан қатын-бала.
Орынсыз болмас іске ашуланып,
Кетірген үй-ішіне бермей маза.
Асулы емшегінен көрдім қатын,
Аузынан ағып жатыр зәһәр зәққум[327],
Әр кімнің бала емізген өз бетімен,
Байының керек қылмай рұқсатын.
Бір қатын асулы тұр тұлымынан,
Басында миы қайнар мисл[328] қазан.
Мәліктен мұны тағы сұрап едім,
«Байына тілі тиген»- дейді маған.
Бір қатын және көрдім мұнан шығып,
Өз етін өзі отыр өзі жеп.
Мәлікткен мұны тағы сұрап едім,
Менсінбей өз байларын көргендер жек.
Жүздерін на махрамнан [329] қашырмаған,
Күнә қылса, оны елден жасырмаған.
Көп қатын және көрдім таңулы тұр,
Жиылып жылан шаян бар етін жер.
Қылмысын бұлардың да сұрып едім,
Шала дәрет алған екен, шала ғұсыл [330].
Қасында бір қатынның оттан табыт,
Періште ғазаб қылар оған салып.
Күнәсін бұлардың сұрап білдім,
Зинадан [331] жүрген екен бала тауып.
Баланы айтқан өз байымнан.
Істеген барлығын жайыменен.
Харам [332] зинадан балалар мұнан туған,
Ант ұрғанның ғұмыры өткен зинаменен.
Үшбулар тәубе [333] қылмай өтіп кетке,
Күнәсін көп қылған соң түпке жеткен.
Тәуба қылса, ол Аллаға бұ рахим,
Жігіттер бұзылмастай тәуба еткіл.
Бір қатын аяғы көкте басы жерде,
Астына от жанады түрлі-түрлі.
Қылмысын бұлардың да сұрап білдім,
Нам махраммен жүрген екен елден елге.
Бір қатын және көрдім ит боп үрген,
Аузынан от шығара бүйірінен.
Күнәсін бұлардың да сұрап білдім,
Ойнастан бала тауып, сол өлтірген.
Және де ғазапта тұр қатындар көп,
Арқасына тілі ұзарып шығыпты кеп.
Күнәсін бұлардың да сұрап білдім,
Болымсызға ант ішкен айтып өтірік.
Расулым үшбу сөзді қылған баян,
Фатима, Ғайша [334] менен жылап тұрған.
Олай болса, қатынға күн жоқ екен,
Осыдан еш қатын жоқ қалған аман.
Пайғамбар айтты оларға сонда тұрып,
Әркімге сіздер айтқын ұғындырып.
Өздеріңіз бұл істен болсаң жырақ,
Жатсаң да, тұрсаң да жүр тәуба қылып.
Үшбу сөз пайғамбарым насихаты.
«Тыңда»- деп баршамызға айтқан қатты.
Миғражға иланбаған кәпір дүр,
Құранда мәзкур [335] болған көр аятты!
Он түрлі боп адамның тірілмегі
Бұл жерде пайғамбардан бір сөз келді,
Имамдар риуаятны сонан терді.
Насихат естіген жан бой бақсын деп,
Көргенін бұл ғаріпнің жаза берді.
Фәтә тунә әф... келген аят.
Аятпен хадистен бір хикаят.
...................................................
................................................. .
Пайғамбар айтты махшар [336] күні болса,
Тіріліп үмметтерім көрден тұрса.
Келеді бір тайпа маймұн болып.
Сасықтан қанды ірінге іші толып.
Темірден тырнақтары беттен тырнап,
Өз бетін алып салып, өзі жұлып.
Халайық жиылысқан тұрар дейді.
Періште күрзи менен ұрар дейді.
Тамам жұрт қорқанынан дір-дір етіп,
Не ғылған жазалы адам бұлар дейді.
Дүниеде бой бақбаған, тілін тартып.
Тәубасыз бұл дүниеден кеткен қайтып.
Арасын екі адамның шағыстырған,
Жүргізген үйден-үйге өсек айтып.
Мұнан соң келер дей міс ылғи доңыз.
Жүнінен жаралғандай болып семіз,
Бұ дағы бір топ болып жиылысар,
Саны жоқ көптігінің ұшан-теңіз.
Бордақыға байлағандай бәрін жемдеп.
Дүниеге еш білмеген өзін кем деп.
Тамам жұрт қорыққанынан тамаша етіп,
Сұрайды бір-бірінен бұлар кім деп?
Бір жан жоқ осы күнде Құдай деген.
Ораза болмас ісі намазбенен.
Ғәріп-ғасар, кем-кетікті зар жылатып,
Парық қылмай кісі қақысын харам жеген.
Келеді енді бір топ ізіменен,
Адамға қарай алмай жүзіменен.
Сүйретіп басын жерге қап-қара боп,
Екпеттеп жерді басып көзіменен.
Жүруге шошып, жанды бұлар қайдан.
Өсімге әр бір түрлі қылған айла,
Әр кімге өз қолымен ақша беріп.
Үстінен ақшасының жеген пайда.
Келеді бір түрлінің көз алақтап.
Сол шығып желкесінен тіл салақтап,
Дәнеме екі көзден орын жоқ боп,
Барарын білмей қайда сандалақтап.
Байларға бұлар орын тұрып берген,
Күштіге нашар деген жығып берген.
Дүниеде өз бетімен билік айтып,
Төресін он тиынға бұрып берген.
Келеді бір түрліні періште айдап,
Аузынан ірің ағып, соры қайнап.
Салбырай тілі шығып кеудесінен,
Тілдерін аузындағы қыршып шайнап.
Бұлар сол ұғып, ұқпай босқа қалған,
Шын болмай иғтиқады [337] болып жалған.
Жұртқа айтып насихатты өзі қылмай,
Бос қалған біле тұра сол амалдан.
Өтеді әр қылмысты шұбалаңдап,
Аяғын сол көсілерде басар аңдып.
Көрінген әр амалдан еш бірі жоқ,
Кесілген қол аяғы домалаңдап.
Бірі боп он екінің бұда барған,
Анық дүр Құран сөзі емес жалған.
Қызығып бұл дүниеде сол сұқтанып,
Түрткілеп қоңсысының тынышын алған.
Бұтаққа оттан болған сол асылып,
Аузына жан жағына от шашылып.
Ұлыққа ағайының шағыстырып.
Білдірмеген боп жүріп, бой жасырған.
Жыланға шаянға іші толып.
Исі боқтан жаман сасық болып.
Қой басып, сиыр сүзіп, жылқы таптап,
Әр жерде бір домалап жатып тұрып.
Періште сол ерігіне қоймай айдар,
Бұрқылдап төбесінде миы қайнар.
Сипатымен осы айтылған келеді екен,
Бермеген зекеттерін сараң байлар.
Кигені бір түрлінің ылғи темір,
Қап-қара өне бойы, болып көмір.
Мақтанып неше түрлі киім киіп.
Мінез ғып тәкапарлық сүрген өмір.
Қанды ірің алды-артынан сарсу ағып.
Мойнына оттан болған жіп тағылып,
Қосақтап шайтанмен қабат айдап.
Бетіне қап-қара ғып күйе жағып.
Аралас еркегімен ұрғашысы,
Қаптайды махшар халқын жаман ісі.
Тәубәсіз өтіп кеткен күнәһарлар,
Жалғанда зина болып қылған ісі.
Жүздері қара болар, көздері көк,
Халқына ғарсаттың көрінер жек.
Салбырап төменгі ерні жерні тіреп,
Отпенен қарны толған, өз етін жеп.
Жылатып жетімдердің малын жеген,
Сауда да жалған сөйлеп жанын берген.
Арақты ішуменен ғұмыры өткен.
Біреуге өтіріктен куә болған.
Кесілген өңшең тілі бір топ болып,
Біле тұрып куәлік айтпай қойған.
Тілі жоқ кейбіреуі мылқау болып,
Сөйлерге халі болмай қарап тұрған.
Құлақ жоқ кесек болып келді міс,
Зор сенім өзін-өзі таңдағандар .
Келеді ең соңында он екінші,
Жүздері айдай болған он төртінші.
Жарқ еткен найзағайдың оғындай боп,
Сол асып бір күнгіден бір күңгісі.
Алтын тәж басқа киген, құндыздай боп,
Нұрлары тапа-тал түс күндіздей боп.
Жарқ етіп он төртінен туған айдай,
Көздері заһар шамша жұлдыздай боп.
Бұл адам намаз оқып, ораза тұтқан,
Исламның бес парызын көңілге ұққан.
Парыз, уәжіп, сүннет бәрін қылып.
Жаманнан бойын тартып риялықтан.
Барша мақлұқты беске бөлер
Баршаны қиямет [338] күн беске бөлер,
Бір бөлегі тозаққа тез жөнелер.
Ол жамағат- шайтан дүр білмек болсаң,
Бір бөлегі боп кетер жер менен жер.
Білсеңіз, топырақ болған жануарлар,
Сауап жоқ һәм күнә жоқ қылғандар.
Сол себепті топыраққа қосылады,
Осы айырады бір-бірінен пәруардігер.
Хисабқа тұтылады бір бөлегі,
Мукаллифа [339] болған болса адам пері.
Жараса қылмысына жаза көріп,
Қай орынға жіберер бірін-бірі.
Бір бөлегі көрмейді еш бір хисаб,
Жаратқан Алла Тағала ұжмаққа арнап.
Ол бөлегі періште мен пайғамбарлар,
Бұларды күнәсіз ғып жаратқан Хақ.
Сұралар төрт нәрседен барша адам,
Аяғын аттатпастан жалғыз қадам.
Әуелі сұрайды екен ғұмырыңнан,
Не бірлан өткіздің деп, айт деп маған?
Екінші, айтар екен бердім көп мал,
Қай орынға сарп еттің әй, бейхабар?
Халалға жұмсадың ба иә, харамға?
Бір көрсен қалдырмай орнына сал.
Үшінші, бердім саған ұзын ғұмыр,
Не ғамалмен өткіздің пенде махрұм?
Бар қылған жақсылығың сенің қайда?
«Тағат қыл»-деп бұйырған баршаңа біл.
Төртінші, мен қылғанмын деніңді сау,
Күндіз «ораза» болсын деп түнде ояу.
Күш қуатыңды қайжерге сарп қылдың?
Айтқам жоқ па бәріңе «нәпсің» де жау!
Хабарда айтты шоқ-шоққа ол балқи,
Төрт нәрсені айта дүр бұл күннің халқы.
Тілімен айтқан болып оны істемесе,
Алланың оған болар лағынеті.
Деп айтар бір Құданың(Құдай) пендесіміз,
Істемес пендешілік пенде әр кез.
Тілеуін бір Құдай қайтып берсін,
Арам ой ойлағаны кеше күндіз.
Екінші, Хақтан тілер халал ризық,
Қанағат жоқ ешкімде, ойы бұзық.
Бірін-бірі алдаумен күні өтер,
Ісі оның түзелмесін болып түзу.
Үшінші..........................................
.......................................................
Тілеуін оның Құдай қайтып берсін,
Көрседе қорықпайды көп апатты.
Төртінші, айтқан өлім болар рас,
Жан үшін ақыреттің ісін қылмас.
Өлімді ойға алса қорқар еді,
Бұл күнде еш кісіде тәуба болмас.
Әр кімнің болса өлім ойларында,
Ешбір күнә жолатпас бойларына.
Үш нәрсе көңіліне Құдай салар,
Жақсылық бастатып жолдарына.
Жатса тұрса тілінен тәуба қалмас,
Қанағатшыл болады қалсада аш.
Осынша көп тағат дүр істегені,
Арып, шаршап жүрседе еш қалдырмас.
Өлім керек қылмаса әр пендесі,
Оныңда даяр тұрар үш нәрсесі.
Тәубаның не екенін білмей кетер,
Намазға болмас оның ықыласы.
Осынша онда ешбір қанағат жоқ,
Ерте-кеш аңдығаны өсек-өтірік.
Қайтіп қарны ашпастай ойланады,
Мал бітсе он қара сөйтіп жүріп.
Дүниеден бір отта болып ғапіл,
Басына түсе қалса заман ақыр.
Ғазаб үшін жаратқан пендесі ғой,
Не қылса, Құдай қылар, пенде пақыр.
Егер де күнәменен күнің өтсе,
Басыңа бір күн ажал уақыты жетсе.
Қабіріңе қауым халқың кетсе көміп,
Барады күнәң сенің бірге ілесіп.
Қабіріңе бірге кірер өзің менен,
Шошиды көрген шақта ғазиз денең.
Түсі жаман бір пақыр жігіт болып,
Деп айтар: Айрылмаймын тіпті сенен.
Қасымнан, сен айтарсың жылдам кетдеп,
Не жұмысқа келдің әй, жігіт деп.
Дүниедегі жолдасың жақсы көрген,
Мен емес пе?- деп айтар, бетпе-бет кеп.
Дүниеде күнә қылдың қорықпай Хақтан.
Пәленше батыр десе қылып мақтан.
Ұры-қара дегенге сен семірдің,
Сол күнәңнан жаралдым ақымақ надан!
Менен безбек боласың, сен қалайша?
Күнімде ғұмырың өтті әй, пәленше.
Жіберді бірге бол деп, мені Құдай,
Ғазаб қылам қиямет қайымғашейін.
Саған келген қазірде сұраушы бар,
Жауабын бере алмасаң, сені ұрар.
Тіліңді айтқызбастан мен бөгермін,
Замана басыңызға ахир болар.
Сол шақта оған кіргей екі Мәлик,
Сұрайды, Раббың кім ,деп әй, ақымақ?
Күнәңіз қасыңыздағы тілің буып,
Сөйлетпес қабіріңде, сен бұған бақ.
Қылыңыз ғұмырыңда аз күн ғамал,
Ғамалың қияметте азақ болар.
Күнә, сауап қылсаңда жаның үшін,
Қабіріңде жолдас болып бірге болар.
Істесең ізгі ғамал ғаріп пенде,
Алдыңнан қарсы шыққай қабіріңде.
Бек көркем хош иісті жігіт болып,
Мүләйім сынықлықмен тұрғай онда.
Танымай сен сұрарсың, сіз кімсіз деп.
Бөгелмей жігіт сонда қасыңа кеп.
Дүниеде ізгі қылған ғамалыңмын,
Жолдас боп сеніменен тұрамын деп.
Енді жоқ бұдан былай сендей уайым,
Жіберген мұны саған бір Құдайым.
Қиямет қайымға шейін қызметкермін,
Болады жәннәт ағлә [340] сенің жайың.
Келеді енді саған екі Мәлик.
Мен тұрамын бар сөзді аузыңа сап.
Сескеніп періштеден ешбір қорықба,
Берерсің бөгелместен жақсы жауап.
Келеді сол ... Мүңкәр Нәкир [341],
Мән Раббик [342], Расулың сенің кім?дер.
Ғамалың сонда тұрып жауап бергей,
Періште, не сұрайсың мен - жауапкер.
Жауапты оған бергей ..... жолда,
Расулы- Мұхаммед дүр, Раббісі - Алла.
Дін - Ислам барша діннің абзал деп,
Ғамалың бар жауапты бергей онда.
Достарыңызбен бөлісу: |