Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том



бет16/30
Дата26.02.2016
өлшемі2.31 Mb.
#26439
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

Кереге – решетка, составляющая основание или лучше стены (киргизы так называют и стены домов): она состоит из полотен – ќанат / говорится: алты ќанат уй – кибитка в шесть полотен или звеньев/: кереге басы (Ильминский жалпы кейбір киіз үйге байланысты мәліметті Будагов осы Илм. алған болуы керек. – А. Қ.). Кереге сөзінің алғашқы мағынасы – «тор» екендігін сарыкөл тілінің дерегінен білеміз. Онда керган – тор (решетка) (Т. Пах., – рус. Сл., 1971, 88). Бұл тілде осы сөзден пайда болды дерліктей, киіз үй мағынасында қолданылатын «хирги» тұлғасын да ұшыратамыз (сол сөздік, 204). Кейде бір зат атауы екінші нәрсеге ауысып отыратын жағдай тіл заңдылығында жиі ұшырасатыны белгілі. Осыны дәлелдейтін тағы бір дерек киіз үйдің негізгі жабдығының бірі – тор көз, монғол, қалмақ тілдерінде киіз үй атауына айналған. Айырмашылық тек соңғы екі-үш дыбыстың түсіріліп «гэр» не «гер» тұлғаларында көрінуі (Мон.-қаз. сөздік; 1954, 69; Рус.-кал. Сл; 1964, 794). Қазақ тілінде -еге жұрнағын сақтай отырып, киіз үй жабдығының бірі болып қала берген (Нұрмағамбетов, 136-137). Кереге (kerege) зат. Katlanip açilabilir, kafes şekeindeki destek (otağ, cadir) (Қазақша – түрікше сөздік, 2003: 201). Йерге – обертывать, заворачивать, туынды етістіктің қимыл есім тұлғасы (-ге); йерге – наматывать, «йөрге–завернуть, закутать... йөргет – велеть завернуть» (В. В. Радлов:Т.III ч.I). Кереге сөзіндегі е аффиксі жалпы бағытты білдіруі мүмкін. Ал, А. М. Щербак е тұлғасының арғы түбін қимыл есімі деп береді. Е фонемасына келетін болсақ, қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі негізде қалыптасқан: таза түркілік е, орыс тілі арқылы енген сөздер құрамындағы е. Таза түркілік деп қаралатын е немесе түркі сөздерінің құрамында айтылатын ä дауыстысы көне түркілік ä дауыстысының көрінісі болып табылады (Томанов, 146).

Кереге сөзінің түбірі керу, созу болса, -еге жұрнағын көсемшенің көне жұрнағы деп те қарауымызға болады. Кереге, дөдеге – бұл екеуі құрамдас болуы керек: ке–ре–ге, дө–де–ге (Жанпейісов, 126). Дөдегесі биік боз үйді Төскейге жағалай тігемін (Манас, 269). Кереге > кер > жазу (құру) > тор сияқты мағынасы бар. Біздің ойымызша, кереге // дөдеге // қабырға шығу тегі бір сияқты. «Кер» – деп көне түркі ұғымында балшықты айтқан болу керек. Мысалы: «кирпеш» – тюркское. Правильнее, «кир печ» – «глина из печи» (М. Аджи, 191). М. Қашқари да екі түрлі (қысқы үй, киіз үй) – деп берілген. Кере қарыс деген өлшемді білдіретін тіркестің құрамындағы кере сөзімен де семантикалық байланысы жоқ емес. Дуал // дөдеге ду // дө сияқты түбір тұлғасын қарастыруға болады.

Түркі тілінде кер түбір тұлғасынан өрбіген сөздер көп-ақ. Соның бірі – кер (керіш, керпіш) сөзінің құрамындағы кер. Екіншісі – керек «у» (етістік+зат) керек тұз). Екібастұз (Екі бассаң бір тұз шығады. – Асан Қайғының жер таңдауы). Үшіншісі – кер (диалекті «жар») деп қолданылады т.б. Төртінші - кер (кереге) түбір тұлғасы. «Кер» түбір тұлғасынан басқа да сөздер өрбіген.



Кірпіш. Қарақалпақша гербиш, хакасша кірпис, ноғайша кербиш, қырғызша kirрiç, түрікше kerpiç, чуваша кирпеч, азербайжанша кәрпич, башқұртша кирбес, татарша кирпеч, қазіргі өзбек, ұйғыр тілдерінде бұл сөздің орнына парсы тілінен алынған мына ғишт, хиш сөзі қолданылады. Ал, Сары ұйғыр тілінде бұл сөз семантикалық өзгеріске ұшыраған. Сары ұйғыр тілінде кервыш – қойдың кепкен құмалағы (Малов, Яз. жел. уйг., 67). Ал, көне түркі ескерткіштерінің көпшілігінде кәрпіч, (кирпич) түрінде кездеседі. (МҚ. А. I. 424; Мелиоранский. «Араб-филолог о турецком языке», СПб., 1900, 109). Кейбір ескерткіштерде бұл сөздің kilürpiç түрінде айтылғандығы көрсетіледі. kilürpiç түрінде айтылғанын көрсетеді. (Ettuhfet üz-zekiyye filluqat – it Türkiyye, Jst, 1945, 45). Д. Н. Ушаков оны парсы тіліне жатқызады (Ушаков. Толк. сл. рус. яз. I. 1358). Л.З. Будагов өзінің сөздігінде кірпіш сөзін де, кірэдже сөзін де араб, парсы тілдеріндегі (хиш, кич) сөзінен шығарады (Будагов, Ср.сл.тур.тат. нар. т.II 121). Кірпіш – М. Қашқари сөздігінде ұшырасады.

Кириш//кірес сөзі өзінің алғашқы мағынасында («известь») қазіргі ноғай, түрік тілдерінде қолданылады. Қазіргі азербайжан тілінде кирэч сөзі «гипс, алебастр» деген мағынада қолданылады. Бұл сөз көне түркі ескерткіштерінде де бар. «Кодекс Куманикусте» кірäц, ХII ғасырдағы түркі-араб сөздігінде кірäç (Radloff., CC. St. – Peterburq, 1887, 34; М. Г. Hautsma, Ein turkischarabisches Glossar, leiden, 1894, 96) «известь» деген мағынада кездеседі. Сөйтіп, кіріш сөзі жоғарыда аталған тілдердегі мағынасына жуық қазақ тілінде де ұшырайды. Бұл туралы кіре (жүкші) жоғарыдағы бөлімде айтылды – А. Қ. (Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – А., Ғылым. 1966. – Б. 109- 110). Көне түркі ескерткіштерінде кэрпіш (кирпич) түрінде ұшырасады (МҚ. А. I, -Б. 424). Мұрат Аджи: «Между прочим, слова «кирпич» тюркское. Правильнее, «кир-печ» «глина из печи». Европа не занала до прихода тюрков и о «кирпичах», она довольствовалась рваным камнем или плинфой» – дейді Керней п. 2. труба (печи, самовара, паровоза) – дегеннің де қатысы бар сияқты (Л. З. Рүстемов. Каз-рус. тол. сл. араб-ир. займ. сл. – А., Мектеп, 1989. – Б. 13).



Түйін. Түркілер «кер» деп (балшық, әк тас) жалпы тұз, ақ балшықты т.б. «пеш» – (пыс, күйдіру) мағынасындағы сөзді атаған болуы керек. «Керіш» сөзінің де түбір тұлғасы бір. Мына сөздердің: керамика, керемзит (общее название всех видов изделий из обожженной глины) (Словарь иностранных слов. 1979. – С. 231). Отқа күйдірілген «балшық» – деген ұғымды береді. Демек, түрік сөзі «кірпішпен» тығыз байланысты. Сол сияқты, керогаз, керосин (Толковый словарь русского языка. – М. 1999. С. 272) сөздерінің де түбір тұлғасын анықтауға болады. «Кер» сөзі мен «кен» сөзінің о баста мағыналары да бір болған сияқты

Керек «у» (етістік+зат). Кириш//кірес сөзі өзінің алғашқы мағынасында «известь» қазіргі ноғай, түрік тілдерінде қолданылады. Азербайжан тілінде кирэч сөзі «гпис, алебастыр» деген мағынада кездеседі. «Кодекс Куманикусте» кірäц ХII ғасырдағы түрік-араб сөздігінде kіräc (Radloff., CC. St. – Peterburg, 1887, 34; М.ГН. Нautsma, Eіn turkischarabisches Glossar, Leiden, 1894, 96) «известь» деген мағынада кездеседі. Ат тұяғы тимеген Ақ кіріш тас суда бар (Бұқар жырау, ЦНБ АН КазССР, папка № 1177, 30). Қазақ тілінің говорларында кіріш сөзі бар. Ал, әдеби тілде бұл сөздің орнына у тас, әк, ақ балшық сөздері қолданылады. Түр. кірэджъ, известь (а. жм), сумен араластырлыған известь тұз (Будагов, Ср. сл. тур. тат. нар. т. II, – С. 121) (ҚТҚЭС, 110). Кірекеш – кіреші, жүкші (возчик, ломовой) Жу. ЖО. (С. Аманжолов, Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – А, 1959. Б.386). Кіреші – жалдаушы (Н. Оңдасынов. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. – А., Мектеп, 1984. – Б. 103).

Түйін. Түріктер о баста тұздың атын білмей тұрғанда «кер//кір» – деген болуы мүмкін. Кейіннен «кір» жүктің атауына ауысқан сияқты. Одан кіреші туынды мағыналы сөз пайда болған. «Тұз» тасыған керуенді «кіреші» (кірешілер келе жатыр) деп атаған. Қазақтар күні-бүгінге дейін тұздай ащы немесе у-дай ащы – деп тұзы көп салынған тағамды айтады. Демек, тұз (кенінің) көне атауы «у» деп аталған. Уыз, уық, у сөздерінің арғы тегі «көк» көк шөппен байланысты екендігін біз де өзіміздің еңбегімізде дәлелдеген болатынбыз. Жаңа қылтиып шыққан көк шөп әрқашанда ащы. Тұз түсі жағынан да көкке ұқсайды. Тұз > у.

Кер. Керве – стена, вал. край. Қара чынның кервеге тусуп-тро. Спустилса на стену «Черного города». Рсл. II, 1365: кірбә (шорск., толес.) «узкий берег»; «вал, край» – деген мағына береді (С. Малов. Язык желтых уйгыров. – А., 1957. С. 67).

Кереге I (Сем.: Ақс., Көкп., Алм.: Еңб. Қаз., Кег., Жамб., Түрікм.: Ашх., Таш.) үйдің қабырғасы. Тамның (қ.) керегесінде үндеу қағаз жапсырулы тұр (Алм., Кег.). Осы тамның керегесі әктемелі (Түрікм., Ашх.). Кереге II (Шығ.Қаз., Түрік.). Машинамен жиналған шөп үйіндісі. Кереге қап (Түрікм., Ашх., Красн.,Таш.) көшіп-қонғанда сынып қалмау үшін кереге басына кигізетін киіз қалта (ҚТДС, 1999: 97). Мысалы: Кереге там (төрт қабырғалы мола-четырехстенная могила). Ар. КОО. (С. Аманжолов, Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – А., 1959. – Б.386).

Түйін. Осы пікірлерді жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болатын сияқты: кереге > керу > балшық > қабырға > негізі > тор > дөдеге > ағаш қалып > үйдің қаңқасы.

Шаңырақ. Жеті-сегізден жасы жања асќан кезінде Дос батырдыњ ќара шањыраѓында отырѓан інісі Єлм±рат байдыњ ‰йіне Ќаракерей Ќабанбай батыр келіпті деп Жидебайдыњ ќ±лаѓына тиді (М-Ж., 36);

شانكاراقшањыраќ отверстіе кровли, куда вставлются концами унины; оно дълается круглое, какъ большое колесо, изъ березоваго дерева и иметь перекрестные радіусы – к‰лдіреуіш كولدوراوش (Л.З. Будагов, 163-165); Шаңарак деревянное кольцо въ дымовомъ отверстіи юрты (Радлов, 942). Чангарак-деревянный круг или обруч, служащий крышей или сводом юрты (Потанин, 150). Шаңырақ – жазба монғол тілінде – «чағарығ», қазіргі монғолдарда – «цагариг», буряттарда – «сахариг» тұлғалары біздегі «шеңбер», «құрсау» орнына жұмсалған (ССТМЯ, 1977, 378) (Нұрмағамбетов, 292). Шынрак - деревянный круг и образуемое им круглое отверстие в верху юрты, которое служит для выхода дыма и освещения (Потанин, 359). *Шаңырақ – «круглый остов с перекрестьем внутри, которым завершается сферический купол юрты и который служит одновременно окном и отверстем для выхода дыма» – деп түсінік береді (Қайдар, 2003: 209). Шаңырақ сөзінің түбір тұлғасы шаң болуы әбден мүмкін. Ал -ырақ//-ірек қосымша. Өйткені, тілімізде сақталған шаң-ыдыс, шаңқобыз музыкалық аспап түбірлес деп ойлаймыз. Оның үстіне шаңқай түс, шаң берді тұрақты тіркес тілімізде орныққан.

Ә. Қайдар: «Идиматичность и устойчивость выражения создаются присутствием в нем компонента *шаңқай, в составе которого подразумевается наличие исконной лексемы *шаң – «зенит», «светлое небо»; «высота» (ср. *шаңырақ – «круглый купол юрты», Тәншан – «название высокой горы» и. др.)» [107, б.332]. Устройство дома-ÿйдыњ турманы: кулак-развилкообразные вершинки решетки, – айгаы таковые же снизу: саганак-кончики решетки сбоку ерге-нижная часть решетки (ергеден шыѓарып жиберемин-угроза непослушному сыну-я тебя погоню из-под решетки кибитки. Т.е. без надела, как собаку). Палочки решетки скрепляются ремешками из верблюжьей кожи: «кöк», (кöкте-скрепить такими ремешками), ремешки проделываются в скважины – кöз; выше решетки – унины или выгнуттые палки ÿÿк. Они привязываются шерстяными шнурками уук бау к кереге а верхний конец четырехгранно заостренный кäлем (кäлемде – завастривать унину); этими концами унинны вставляются в отверстия кровли – шањыраќ, (Ильминский). Ата-бабадан ќалѓан ‰лкен ‰й «ќара шањыраќ» – деп аталѓан. Ол кµбіне кенже балаѓа тиесілі болѓан. Шаңырақ, сөзін шаң+ырақ-деп мүшелеуге болатын сияқты. 1) Шаң (ағаш ыдыс), шаңғы, шаңқобыз, шаң қылаң берді (көптік мағынасы) 2) мысалы ол жерде неше шаңырақ отырсыңдар? (қара шаңырақ) семантикалық байланысы бар сияқты. 3) Тәншаң (шаң), шаңырақ (шаң), шаңқай түс (шаң) күнмен байланысты, биік, жоғары деген мағыналық ұғымы да қылаң береді.

Түйін. Дегенмен, шаңырақ пен түндік семантикасы өте тығыз байланысты сияқты. Шаң (күн) > түн.

Түндік: Түн қараңғы, түндік жабулы болса, төрдің алдына құбылаға қарап отырады екен де қояды екен (М-Ж., 48). Түндік қоймай ашпаған тегіс еніп (М-Ж., 77); Жарық жансын шам десең, түндікті жап (М-Ж., 56); Түндіктің өзенінен асып барады екен (М-Ж., 68);

Махмут Қашқари: Tünlük `жарық, тесік (түтін шығатын, сәуле түсетін)`, Тундик – квадратный кусок кошмы, прикрывающий дымовое отверстие в вреху юрты (Потанин, 359). Алтайдың түндік дегені терезе (Қ. Жұбанов, 123). ЛОК tиnlиk `окно (?)`:tиnlиglarï tagï kümüstün `окно его из серебра` (ДТС, с. 586, 597), замахш. Тÿнглÿк, ойр., тув. Тÿндÿк, алт., хак. Тÿннÿк, тÿндÿк `күрке мен киіз үйдің жоғарғы жағындағы түтін шығатын тесігі` (Егоров В.Г. ЭСЧЯ, 1971: 246), тар тÿңлік`терезе, түтіннің шығатын тесігі`, чаг., чулум, тÿңлÿ 1) = тÿңнік, 2) `түтін шығатын тесікті жабатын жабынды`, 3) уйг. `окно`, шор., каз. Тÿндÿк 1) `түтіндік тесік`, 2) каз. `түтіндік жабынды` (РСл, III, с. 1544 – 1555), алт. тÿнöк (түтүнлүк орнына) айтқан `сол түтін шығатынды айтқан, терезенің орнындағы күркенің жоғарғы жағындағы тесік, ауа райының қолайсыздығынан жабатын жабынды`, қазан. `ағаш үйдегі, моншадағы ауа кіріп тұратын тесік` (БСл, I, с. 409), як., нег. Туннук `терезе`, эвенк. Туннук 1) `терезе` 2) ою - өрнектің аты `төртбұрыштар` (ССТМЯ, II, с. 214), кирг. түндүк `жоғарғы уықтардың ұшы кіріп, ұстап тұратын шаңырақ` (ЮСл, с. 781), уйг. Түңлік // түнлүк // диал. Түннүк `түтін шыққыш` (жоғарғы терезе, киіз үйдің түтін шығатын жоғарғы ашық бөлігі) (УйгРС, с. 338). Тат. төнлек`түтіндік, түтін шыққыш, түтін шығатын тесік` (ТатРС, с. 256), башк. Төнлөк `күркенің, тауық қораның, ағаш үйдің таза ауа кіретін тесігі, (БРС, с. 539), кр.-тат. түндүк, түнлүк `бұрыштап қалған екі өлшемдік заң (заң – егіндік жердің өлшемі: 800 саж ұзындығы., 12 ½ көлемі), қазан `меже` (БСл, 1, с. 380, 603), түйнек `терезе` (БСл, 1, с. 409), өзб. Туйнук 1) `тесік (мыс. Қабырғадағы); люк; тепа ~ шатырдағы тесік (жергілікті жердегі үйлерді жарық қылатын, түтін үшін)`; 2) әскер `кетпен, соғыс оры` (УзРС, с. 451), түйнүк 1) `шатырдың жоғарғы бөлігі`; 2) разг. `шатыр, үй, күрке` (Түркм РС, с. 649). Жоғарғы келтірілгеннен: қаз. түндүк түркі тілдерінде былай көрініс тапқан: tünlük, tиnlиk, тÿнглÿк, тÿндÿк, тÿннÿк, тÿндÿк, тÿңлік, тÿңлÿ, тÿңнік, тÿндÿк, тÿнöк, туннук, туннук, түндүк, түңлік, түннүк н в ң, ң в й, н в й (Срав. Истор. Грамм. Тюрк. Язык. 1984, с. 330, 332, 342). Бұлар үш жағдайда көрінеді: 1) шаңырақ; 2) тесік, жарық, терезе; 3) жапқыш. Түндік – түңлік / тÿндÿк туралы Радлов (III, c. 15456 1555), Будагов (I, с. 409); Ал тÿнöк сөзін тÿтÿн + liк, тÿдÿн + lук, түтүн + lүк.

В. Егоров осы лексема `түтін, түтіндеу` деген мағыналы сөзден шықты дейді (Егоров, Эс, с. 246). Г.И. Рамстед түндік `киіз үйдің жоғарғы жағындағы тесік` tütün`түтін` +`lük (< tütünlük / tütünnük), дыбыстардың өзгерісі негізінде түндүк болды (Орузбаева с. 90). К. Дыйканов түндік дериватын түн деп: Түндүк `киіз үйдің жоғарғы бөлігі` < түн` + дук (-лык мучө) қарастырады (1980: 91). Біздің жорамалымыз бойынша түндік сөзін монғолдың тооно `киіз үйдегі түтін шығатын тесік, шаңырақ` бур. Тооно `киіз үйдің түтін шығатын жерін жабатын қақпақ`, манжур. Доно ~ тоно ( < мо) `киіз үйдің түтін шығатын тесігі`(Констанинова, 1972: 237), монғ. Тооно – тон`киіз үйдің жоғарғы жағындағы дөңгелек`, тоонч `киіз үйдің шаңырағын жасайтын шебер`, тоонын даага `радиальные спицы тона` (МРС, с. 409). Жоғарыда келтірілген түндік кестесімен тооно – тоно – доно салыстырсақ оларды үш мағынаға бөлеміз: `жоғарғы ағаш шеңбер, жоғарғы ағаш торкөз киіз үйдің төбесі` > `киіз үйдің жоғарғы түтін шығатын жері` > `киіз үйдің тесігін жабатын жапқыш`. Бұдан шығатын қорытынды: түңдік `түтін` және `түн` емес, түркілік түндік / түңлік монғолдың тооно – тон `шеңбер, киіз үйдің түтін шығатын торкөзі`, тоонч ` киіз үйдің жоғарғы жағындағы шеңберді жасайтын шебер` деген сөздерімен дәл келеді. Сонымен, түннүк / түндүк / түңлік `киіз үйдің шаңырағын жабатын төрт бұрышты киіз`, мүмкін монғолдың `тооно / тоно ` киіз үйдің жоғарғы жағындағы ағаш шеңбер` дегенмен бір болуы мүмкін [7, б.28-32].

Түйін. Түңлүк – түң-лүк. Түң – мүмкін түн болар. Қасындағы сонар -л дыбысының әсерімен -н айтыла келе «-ң» -ға айналмады ма екен деген ой келеді (Жанпейісов, 126). Шаңырақты жауып тұратын киізді түңілік дейді. Қазақ тіліндегі түңілу (күдер үзу, түнеру) мағынасы жағынан жуық келеді.

Түң > түн <> күн > күл.



К‰лдіреуіш. Керегенің басында тұтам күміс. Уық қанша болса, уықтың бай өткізер жерінде тұтам күміс, (қыламында) тұтам күміс, шаңырақтың өзінде, күлдіреуішінде тұтам күміс. (М-Ж. 9 т. – Б. 297). Күлдіреуіші күрт сынып көзіне қадалсын (Ауыз әдебетінің үлгілері жинаған М-Ж., 40); Хан рұқсат берген соң, күлдіреуішінің басын салып берді («Аяз би» ертегісі).

К‰лдіреуіш // кÿльдÿраÿшъ Кир كولدراوش перекрестные палки въ شانكاراق шањыраќ (см. اوي домъ) – (Будагов, 1871: II т. 161); Кир. دودهكيдодеге петельки изъ блой кошмы по низу въ которыя продвають радіусы изъ красной широкой тесьмы называемой күлдіреуіш. (Будагов, 570); Который делается круглый как большое колесо из березового дерева; он имеет перекрестные радиусы кÿлдроÿÿш (Ильм.). Будаговтың киіз үйдің жабдықтары, сүйектері туралы жазғандары алдыңғы бөлімде жазылды енді ары қарай жалғастырамыз: Палочки ршетки скрпляются ремешками изъ верблюжъей кожи, называемыи кµк кëкъ гл. Кµктеу скрпить такими ремешками, кµн скважины, въ которая продваются ремешки, ауќ или а±±ќ (уыќ) унины, выгнутыя палки выше ршетки, а±±ќ бау снурки, которыми привязываются унины къ ршетк; верхній конецъ унинъ четырегранно заостренный – ќалм, отсюда гл. қалмы ау заострить унину; шањыраќ отверстіе кровли, куда вставлются концами унины; оно длается круглое, какъ большое колесо, изъ березоваго дерева и иметь перекрестные радіусы – к‰лдіреуіш, отверстіе для двери огорожено двумя стойками – таянышы, порогамъ табалдырық и сверху перекладиной маңдайша двери-деревянныя; отворачатыя, дурныя, называются кирмасайы т.е. даже собака не войдетъ; хорошія, рзныя – сықырлауық. Ршетка облекается снаружи кошмами – туырлық; на унины накрываются – ауызуық (у) кошмы, коихъ бываетъ дв или три, на самый же верхъ – четвероугольная кошма – түңілік, съ веревками на каждомъ углу для ея откырванія, дверь завшивается особой кошмой или красивой цыновкой изъ палочника – это и есть ашық дверь, она (кошма) привязывается къ шанаракъ т.е. отверстію кровли т.б. (Қалғанын кейінгі бөлімдерде ретіне қарай жалғастырамыз арабша графикадан аударған, транскрипциялаған А.Қ.) [8, б.165].

Түйін. Күл+дір+еу+іш (түйреуіш) түбір мен қосымшадан құралады. Күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз (Ақтанберді) күлдір лексемасымен байланысы бар ма, жоқ па, жете зерттелген жоқ, материалдың жетімсіздігі сезіледі. Күлтегін сөзінің түбірі де күл. Жалпы күн мен байланысты болуы мүмкін (Күннен жаратылған). Күл <> күн <> от деп жорамалдауға болар еді.

Үзік. Осы сабаныњ кµрінісі тµрт сары айѓырдыњ терісінен жонын сыртына ќаратып, жал-ќ±йрыѓын µзіне ќойып, б±лќына бір µгіздіњ терісін тіктіріп, µзін т‰йеге тењегенде сегіз ќанат ‰йдіњ бір ‰зігі бір жаѓына тењ болады екен (М-Ж., 84);

Үзік түркі тілдерінің көбінде кездеседі: 1) бар. `крыша`, 2) каз. ` киіз үйді жабатын киіз `; jоғары ÿзÿк`киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз`; тöмöнгÿ ÿзÿк ` киіз үйдің керегесін жабатын киіз, төменгі киіз` (РСл, I с. 1894); кирг. үзүк `киіз үйдің құрамы` киіз (олар екеу)`, алдыңғы үзік, көткі үзік` (Юсл., с. 817); кк. Үзик ` `киіз үйдің шаңырағын жабатын үлкен киіз` (КкРС, с. 687), туркм. Үзүк ` киіз үйдің жоғарғы бөлігін жабатын киіз` (ТуркмРс, с. 669). Н. К. Антонов узик – `киіз үйдің жоғарға бөлігін жабатын киіздің жартысы` якут тіліндегі үһүө тең келеді. Як. Ÿсÿö ~ öcÿö `екі орнатылған бақанның үстінде жатқан, киіз үйдің көлденең мәтшәсі, бақан, көлденең мәтша`. К. Э. Пекарский як. Ÿсÿö түркі тіліндегі öcäк `қазық, бақан` (ПСл, II, с. 1981; III, с. 3188). Н. К. Антоновтың пікірі бойынша, якут тіліндегі үһүө рет-ретімен дамыған: `киіз үйдің шаңырағын жабатын киіздің жартысы`, одан кейін `балағанның төбесі`, ` ең соңында `бақан, балағанның мәтшасы`. Як. Үһүө, түріктік үзүк сияқты үзе `жоғары`, жоғарғы` (Антонов, 1971: 88). Э. В. Севортян түркі тіліндегі үзік / үзүк сөзінен негіз ретінде үз ~ өз бөліп шығаруға бомас па екен: « Үзік сөзін үз `жоғарғы болу` ~ үз ~ өз `жоғары` [үзүк – сол немен жабады / (киіз үйді), күркенің жоғарғы жағын жабады]? – дейді (ЭСТЯ - I, с. 625). Үзік ~ үзүк пен М.Қ. ašug `құлақшын, дулыға` (ДТС, с. 641), аз. Китаби Дэдэ Горгут уšук `құлақшын` (Асланов В. И. Сов. Тюрк. 1972; 65). Үзік қазақ тілінде үздік түрінде кездеседі: үйдің сүйгене ақ киізден туырлық, үздік, түндік жауып ... (Отарбаев Р. ҚӘ. 1988, 29 июнь). Узюк – войлока, покрывающие верхнюю часть юрты (Потанин, 138). Көне түркілік эпитет үзүк әйелдерге қатысты айтылады: алтун үзүк – олтин қаби тоза, пок хотин (МҚ. I, 101). Қырғыз. Түндүгүн түшүр `қыздығын алу` салыстырыңыз (ЮСл, с. 781). Сонымен, үзік ~ үзүк ~ үзик негізгі түбір үз `жоғары, жоғарғы бөлігі` деген жеткілікті негізделген деп ойлаймыз. Сондықтан да, үзік ~ үзүк ~ үзик`жоғарыға негізделген (киіз үйдің жоғарғы бөлігі үшін)`. М. Қашқари үзік сөзін «шлем» мағынасында келтіреді. Л. Будагов уйг. тұқамға (у) шлемъ, шишакъ (=тұлға) (1869: 400 б.). Қазақ тіліндегі үзіктің мағынасы жаңағы Қашқари көрсеткен жамылғы «шлем» мағынасына келеді. Үзік деп, әдетте, үйдің уықтарын жауып тұратын, уықтың үстін бастыра жапқан киізді айтады. Будаговтың сөздігінен киіз үйдің жабдығына байланысты жазғандарын жалғастырамыз: Тесьмы таңғыш, басқұр, которою привязыавется одно полотно ршетки къ другому, басқұр широкая тесьма какъ кушакъ, идущая вокрукъ всей ршетки и скрпляющая ее, бауы белду, веревка опаясывающая туырлық снаружи, туырлық бауы тесьмы пришитыя къ каждой кошм турылыка, он проходять поверхъ унинъ и держатьь кошмы на всу аузык бауы (үзік бауы) ею привязываютъ ауызук (үзік) къ бауы въ богатыхъ кибиткахъ по низу аууызук (үзік) нашиваются изъ блой кошмы петли – (дөдеге) дÿдэіэ и сквозь нихъ проходить широкая, красная тесьма – жапсар, күлдүреуіш мсто снутри кибитки, гд аузук (үзік) налегаетъ на туырлық. Въ кибиткъ противуположно двери, почетное мсто называется төр (ö), а близь двери – босаға (о) порогъ. При кибиткахъ находится бақан шесть, которымъ поднимается и поправляется түңілік. И другой сырық толстый шесть, которымъ во время втра снутри потпирается шанаракъ. Въ хорошихъ кибиткахъ между ршеткою и кошмою стелится родъ цыновки изъ полочника, перетканнаго разноцвтными шерестями, въ красивые узоры – эта цыновка называется ши, – ауы тігуі поставить кибитку, ауы жығуы снять, собюрать кибитку, ауы көтереру перевести ее съ одного мста на другое не разбирая, а цликомъ, ауы бастыру прикрпить кибитку веревками во время втра, чтобы не снесло (Ильм.) [8, б.164-165]. Транскрипциясын және арабша графикадан аударған – А.Қ. Әркімнің қолына түсе бермейтін тарихи мәліметті толық жазып беруге ынта қылдық Үзік > үзеңгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет