Түйін. Шылбыр ~ шынжыр т‰бірлес сµздер. Шынжырдыњ о бастаѓы маѓынасы (ж‰н // шын + жіп) шынжыр деп (мыќты беріктігін) айтып, ќосалќы маѓынаѓа ие болѓан сыњайлы. Шынжыр > жіп > шыжым жіп.
Жіп. Шыжым жіп. Ќ±р айыл, жіп ќ±йысќан таѓып алып, Т±лпармен Тайкµк деген іздеп кетті (ЌКБС, 42); Қамшыдай қылдың қарасын Жіптей қылдың жиренін (М-Ж., 47); Көрінгеннен бажылдап жіп, су сұрап (М-Ж., 87); Бір түлеген жүнін Қозының қарын жүні дейді (Мәшһүр-Жүсіп., 100). Түте-түте әр жерде жатады жүн (М-Ж., 87);
Жіп - ійбъ 1) нитка, веревка, снурокъ (Будагов, 347). Жіп – нитка (ЭСТЯ, 28). Академик Є. Ќайдаров плеоназм шыжым жіп – «веревка, свитая из шерсти». …слова шыжым – вполне конкретную разновидность веревки, свитой из шерсти деп монѓол тіліндегі шижим «шнурок»; «бечевка, шпагат, веревочка»; шижмийн морь – «пристяжная лошадь»; шийн шижим – «леска у удочки, рыболовная леска»; шижимлэх – «делать шнурок, веревочку, бечевку, шпагат», шижимнэх – «запрягать пристяжную лошадь» – дейді (МРС, 650) [66, б.281]. Шыжым – бау, жіп (Жанпейісов, 101). Біздіњ ойымызша, шыжым жіп пен шылбыр сµздерініњ шыѓу тегі бір «ж‰н жіп» - деп ойлаймыз. Шыжым-бау, жіп. Жанжіп – басқа мағынада қолданылған [37, б.101-111]. Ш. Уәлиханов: Шыжым – ұзын шылбыр. Оны көбінесе қыран құстарды баулағанда, не асау үйреткенде пайдаланған [81, б.290]. Кендір жіп деген бар. Кендір – дағыс. Канатъ (Л. Будагов, 1871: II т. 140).
Түйін. Шылбыр, шынжыр, шыжым жіп, жіп шыѓу этимологиясы бір > ж‰н деп есептейміз. Жіп <> жүн < арқан.
Арқан. Арқан есіп, жүн түтіп, Адамшылық құра берер (М-Ж., 25); Қисайған құс секілді жалғыз қара, Ауылдан арқан бойы тұрды дара (С. Торайғыров); Қырық арқан бойы зынданда Жеті жыл жатым болып аш (Алпамыс, 267); Ею свиты все веревки Из бараньей мягкой шерести, С конским волосом сплетенной. Ею сотканы из шия* (ҚКБС, 1935. 103 б.)7
Аркан* – веревка из овечьей шерести, заплетенная конским волосом – дейді Тверитин. В.В. Радлов аркан 1) толстая веревка, канать; 2) веревка изъ конскихъ волось – дейді (Том I. Часть 1. 1893: 288) Аркан – толстая веревка, канать (Будагов, 30). Кемэндь п. Укрюкъ (құрық – А. Қ.) силокъ, арканъ съ крючкомъ на концъ, накинуть на конц, накинуть арканъ, поймать силькомъ (Будагов, 138).
Түйін. Арқан бойы ұзындық өлшемі болған. Арқан, қайыс, шыжым жіпті, шылбырларды желі мен керме тартуға пайдаланады. Бұлар ат әбзелдеріне жатпағанмен жасалу жолы, тәсілі бар. Ұлттық өнер, салт-дәстүрдің түрік жұрты ойлап тапқан бір түрі. Тазалық үшін мәні зор. Арқан > желі мағынасы бір сөзер. Тұрмысқа қатысты заттың атына ауысып кеткен.
Желі. Атпенен желі тарттырдым кереге бойы шалғынға (Мәшһүр-Жүсіп, 35). Қазаныма қақпағым желі бір қағар тоқпағым (М-Ж., 37); Бөкейліктің биесін байлайтын деп Өрмекшінің он құлаш желісі бар (М-Ж., 58);
Іелинъ يلين дж. тат. (кир. جلين) вымя (домашн. животныхъ (Будагов, 365). Желі جليверевка, прибитая кольями къ земл; къ ней привязывають жеребять, когда доять кобылъ (т.е. въ Ма, и жеребята такъ остаются на цлый мсяцъ и боле, чтобы не высасывали своихъ матерей и чтобы кобылы давали доить) Такъ какъ обычай не позволяеть перешагнуть черезъ джели, то этимъ словомъ выражется всякое доброе желаніе, пущешнная стрла да не долетитъ отъ одного конца твоего джели до. другаго (Будагов, 1 том: 440).
Желі мен желін сөзі арқылы желі сөзінің этимологиясын шығаруға болар еді. М. Рэсэнен желе сөзін монғолдың Zеле/зел `жіп, жерде жату, мүйізді ірі қараны байлау, ұзын жіп`. Одноко с монг. Версией трудно связать форму jаlu или jelü в словаре Махмуда Кашгарского, которая вместе с желе и жели позволяет рассматривать -е, -и, и -ү (или -у) в качестве приглагольных словообразовательных афф. Существительных от глагола йел- ~ жел-, пока остающегося гипотетической величиной. Желе сөзін сол сияқты `лента, ленты, завязки` деген мағына беретін жала уйг., йала тат., чала шор. Жалау сөзімен байланысты қарастырады. Олар бұл арада желі сөзінің түбірі жел де, жалау да емес «жалау» (емшекті жалау) етістігі екендігін ескермеген сияқты. Жели – веревочная привязь, натянутая между кольев; к ней привязывают жеребят, чтобы не мешали доить кобылиц (Потанин, 342). Желін > жел формасына байланысты алынған. Жас төлдің желінді жалау, ему уақыты болса керек. Желбау - веревка которою привязывають къ шаныраку тяжесть, чтобы кибитку не снесло втромъ (Будагов, 360). Бұл сөз «арқан» семасынан алыстап, Ақтау, Ойыл жерлерінде су жүретін кішкене арықтарды желі десе, Гурьев, Мағыстау аймағында қара қармақты байлайтын жіпті желі - деп атайды (ҚТДС, 40). IELY ИЕЛҮ: Құлын, тайларды байлау үшін тартылған арқан (МҚ: 38). Б. Базылхан: «дже» - > же // джелі > желі (қазақша); «дже» -> ээ // джеле > ээл (монғолша) (Қазақ және монғол тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. 1999, 128); Л.С. Левитская: «желе» и жели позволяет рассматривать -е, -и и -ү (или -у) в качестве прилагательных словообразавательных афф. Существительных от глагола *йел- ~ *жел- пока оставщегося гипотической велечиной - дейді (ЭСТЯ, М, Наук; 1959, 21-22).
Түйін. Біз бұдан мынадай қорытынды шығардық: желін (емшек) > жалау (ему) = желі. Арқан > желі > керме мағынасы жағынан бір-бірімен тығыз байланысты. О баста шығу тегі де бір болған. Желі <> керме.
Керме. Мылтықпенен бір атып кермеге құлын байлатып (М-Ж., 48); Үйірі қысырақтың ақтан керме Құдайым енді маған иман берші (М-Ж., 51); Шабатұғын жағына, Керме ұстай қалыңыз, Кермелеп ұстап алыңыз (М-Ж., 212);
Въ алт. Произносится керъ, натянуть, поперекъ положить, распять (что также керэ тартъ) керім атта широко шагать (можеть быт оть этого корня керімата) керелети или керелти книіа Евангеліе, т.е. книга о распятіи, янкі кирметі – А.Қ. новый азвть (Будагов, 1871: 175). Керме 1) веревка, петля, растянуть веревку чтобы загородить путь или поймать 2) коновязъ, столбь (Будагов, 412). Кулэ – веревка, которою притягиваютъ заднюю ногу кобылы къ ше, когда ее доять (Будагов, 160).
Түйін. Кер+ме -ме жұрнақ (көрме, көмбе) екіге бөліп қарастыруға болатын сияқты. Керме > малды бөгеп, шалып ұстайтын үй бұйымы (арқан т.б.).
Тұсамыс. Тұсаулы атқа жармасып, Мәстегіне тармасып (М-Ж., 196); Біліп қой ақымақ, Тұзаққа түсіп өледі (М-Ж., 251); Көп бала қыл мен жіптен тұзақ байлап (М-Ж., 172); Тұзақ тастап, тірідей біз ұсталық, Балаға үстіндегі қылмай залал (М-Ж., 186).
Тұсамыс пен тұзақ сөзін салыстырып барып, түбір тұлғасын табуға болады. Тозақ//тұзақ мағынасы бір сияқты: Түсерсің сегіз тозақ жайған торға (М-Ж., 42); Тұзақ-петля, силокъ, стъ, приманка (Будагов, 393); Тұсау – каз. М. Рэсэнен tuzak сөзінің морфемалық құрамын ұйғыр тіліндегі tuz `ау` байланыстырады. Tuz лексемасы А.фон Габеннің көнетүркі грамматикасында байқалған. Дж. Клосон мен С.Е. Маловтың этимологиялық сөздігінде бұл сөз жоқ. Бірақ, tuz, tоr-дың фонетикалық коррелят мүмкіндігін естен шығармау керек. Tuzak `қақпан, `аң мен құсқа құрылған тұзақ`, `ұсақ аңдар мен құстарға құрылған тұзақ` алғашқы мағынасы `тұзақ` (Севортян, 290 бет). Тұz // тоr шығу генетикасы бір сияқты. Көрсек те торға түсіп жатқан құсты (М-Ж., 161); Ақсұңқар құтылар ма жайған тордан (М-Ж., 109); Зерек құстай жаңылып түстің торға (М-Ж., 126); Даярлап алдыңнан қақпан – торын (М-Ж., 61); Тұсы дж, тат. (ÿ), кир. тосы (ö), тур. ад. досы дöшъ, 1) грудъ, грудина, передняя часть тла, перёдъ, противъ, всрча, у, при, около, тұсақ нагрудникъ, подбрюшникъ (у упряжи); т.б. тұсауық удобное мсто, выгодная сторона – А.Қ. (Будагов, 394-395). Каз. тұсам произносять тшавъ, алт. тұсақ, дж. тұсағ, тұсақ, кир. тұсау путы, тренокъ (для лошадей), петли (въ силк), оковы, гл. тұсауламақ опутать, связать путами (лошадь), алт. тұсаған или тұсамысын спутанный, окованный, кир. тұсамық связать путами передія ноги лошади съ одною заднею тұсам кисем=ала жіп кесем (тұсымыс кесу=ала жіп кесу – А.Қ.) разрзать путы, веревку (по древнему обычаю киргизовъ, посл произнесенія приговора біемъ (бием – А.Қ.), двое тяжущихся брали за концы веревку, а третій, посторонній человкъ, разрзывалъ ее; что и служило знакомъ удовлетворительнаго ршенія тяжбы) тұсұқ тур. дүсік спущенный, падшій, выкидышь т.б. транскрипция жасаған және араб графикасынан аударма жасаған – А.Қ. (Будагов, 396).
Біздің ойымызша, тұсамыс сөзі тұса етістігі мен -мыс (салс.: Тоқтамыс) қосымшасынан құралған болуы мүмкін -а етістік тудыратын аффикс -а (е) – етістік жасайтын байырғы тұлғалардың бірі (Томанов, 312). Қазақ тілінде -мыш формантына тән барлық мән-мағына -ған формантына ауысқан кезде -мыш реликт есебінде қазіргідей позицияда қалып қойған деп қарауға әбден дәлел бар [109, б.273].
Түйін. Демек, тарамыс, тұсамыс, дегендегі -мыс; жазымыш, озымыш, бітіміш дегендегі етістіктен сын есім тудыратын көне жұрнақпен тең емес, жекелеген сөздердің құрамында ғана сақталған архаикалық жұрнақ. Тұсамыс <> шідер.
Шідер. Есенаман, Жарқынның моласы Шідертінің бойында, Қараайғыр шатында... (М-Ж., 61); Сөзді сөз түртіп айдап шығарады, Шідердей ағытылса сөз тиегі (М-Ж., 100); Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек, Шідерімнің бағасы қырық қысырақ (Б.Қожағұлұлы, Өлеңдері, 1967: 169-175).
Шідäр теножникъ (путы для лошадей) (Радлов, 1081). Шідер - треножник возник первоначально в лексиконе животноводов и охотников для характеристики некоторых диких, хищных птиц и строптивых лошадей, которые разоряют гнезда др. птиц и не могут долго ходить в треножниках (*шідер) и силой своей рвет их, чтобы освободиться от них (Ұя бұзар, шідер үзер) (Ә. Қайдар, 2003: 322). Ерте уақытта билер шідер ұрлаған кісіге айып төлету үшін үш аттың аяғына шідер тағып үш жаққа айдаған. Сонымен, шідердің құнын айырып төлеткен.
Шідер сөзінің түбірі ші түркі тілінде ши – деп айтылған Шын хандықтарының сау-саламаттық сұрасқанда қолданылатын сөзі. Бұл «Тәңірі бәлекеттен сақтасын» деген мағынадағы сөз. Сонда, түркі елінде шидар деген екен (М. Қашқари, 1997, III том. 289). Ал, -дер деген қосымша якут тілінде бақы (л) дыбыстық өзгерістің нәтижесінде және дауысты дыбыстың еріндік, езулік түрлеріне қарай 16 варианты қалыптасқан Осы -дер қосымшасы -лар, -лер қосымшасының варианты болып саналады (М. Томанов, 1992: 103). Осы мәліметке байланысты шиеле етістігі есім негізі екендігі -ла аффиксінен көрінеді: ол түгрек чығды – ол түйін түйді, йүкін барча өзі чығды – барлық жүгін өзі буды (ДТС, 147). Сондай-ақ, «чіген – узда, недоуздок» (ДТС, 145). Бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі етістіктің бастапқы түбірі шій (-ығ//-іг//ій), соңғы -е қосымша, шійе негізі мағыналық жағынан «көнерген» де, оның үстіне барып -ла жалғанған (Томанов, 142). Шідäрlí – спутанный на три ноги (Радлов, 1081); Шідер парсы тілінде чедар деп айтылады (Бекмұхаметов, 1977: 194) Говорларда -дар, -дер жұрнақты туындының сөз тудырушы негіздері де көбінесе араб-парсы сөздері. Оның бірқатары қазір жеке қолданылмайды, мағыналары да көмескіленген, әдеби тілде белгісіз. Мысалы: мұштар, мұғдар, шілдер (шілтер) (Г. Қалиев. 1985:159).
Шідер сөзінен *Шідерті сөзі туындағанын -ты, -ті көне жұрнақтар екендігі туралы жазылған (Томанов, 1988:100; Айдаров, 1986: 154). Өлеңті, *Шідертіні елім жайлар, Көгарай шалғынына бие байлар (М-Ж., 119). М. Фасмер шідер сөзін тренога, треножить деп аударып алып, оның түбірі трь и нога деп талдайды. Латыннан sfrindo, -ере «привязывать sfrick «веревка» деген (ЭС. 1973, 98). Осы орайда: «Подобный обычай, несколько видоизменившись, соблюдался монголами почти до последних лет. Если в юрте имеется больной, то перед юртой втыкается в землю палка, к которой привязана веревка, другой конец которой привязывается к юрте. Обычай этот называется «седер», что значит «запрет», или «запрещение». Согласно этому обычаю никто посторонний не должен входить в юрту, чтобы не навредить больному» (Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Рубрука. М., 1857. С. 200).
Түйін. Отсюда нетрудно видеть этнографическую основу происхождения казахского слова шідер, которое у нас употребляются обычно в том же приблизительно значении, в каком, скажем, вышеупомянутое седер (Е. Жанпейісов, 58). Килÿртекъ, узы, оковы для ногь (Буд. 180). Седер > шідер (тиым салу, тежеу) мағыналас лексика ол – бұғау.
Бұғау. Темір бұғау шынжыр шоқ бастарында, Жүзі қара көздері шағыр емес (М-Ж., 371). Буыршыл атқа – бұғау бар, Бұғауды кесер егеу бар (Мәшһүр-Жүсіп., 58); Желбауды бұғалықтап қояды жайлап (Шәкәрім, 326);
Бұғау мен бұғалық сөздерінің шығу тегі бір сияқты. Бұғау – М. Қашқари ВИҚАҒИ, Бұқғұ: (бұғау) ұрыларға салынатын бұғау - деп жазған (1997: 505). Кандалы (бұғау) В. И. Даль: 308 бет; М. Фасмер: 1967, 178; Цепь – деп берілген – С. И. Ожегов, 777; Бұғауын бұзды (үзді) (І. Кеңесбаев, 127). Қылмысты адамның екі қолына, мойнына, аяғына салынатын шынжыр, металл, шеңбер – ҚТС, 1999: 113. Фасмер бұғау сөзі орыс тіліне түркі тілі арқылы, ал түркі тіліне араб тілінен енген дейді. Бұғау (бұ+ғау) түбір және қосымшадан тұрады. Бұ түбір тұлға болатын себебі қорғау (қор+ғау) -ғау қосымша екендігі салыстыру барысында айқындалады. Бұғ (бұқ)// -бұл салыстырсақ, қырғыз -бұл, башқұрт -был, өзбек түркімен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде -бу, тува тілінде -бо, хакас -пу, шор -по. Бұған қарағанда, түркі тілдерінің басым көпшілігінде соңғы -л-сіз айтылады, яғни қазақ тіліндегі осындай құбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде пайда болған. Көне ескерткіштер тілінде де бу түрінде ұшырасады. Бұл факт о баста байырғы түбір құрамында -л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі (Томанов, 255).
Түйін. Демек, бұғау сөзінің түбірі бұ -ғау қосымша болуы мүмкін. Тағ, бағ, бұғ сияқты сөздер қазақ тілінде тау, бу болып айтылады (Қ. Жұбанов, 121). Бұғау сөзінің мағынасының ұласуы негізінде бұғалық сөзі пайда болған. Бұғау мен егеу сөздерінің қалыптасу формасы бір сияқты. IGEDI: ігеді, қышырлатты, ОL пішек іgеdі: Ол пішек ігеді – ол пышақ егеді. Вuғra tышын іgеdі: Бұғра тышын ігеді – Бура тісін қышырлатты (МҚ, 3 т. 342). Іге сөзі дыбыстық мағына берген. Көне түркі тілінде қышырлатты деген мағынасы да болған. Іге~еге фонетикалық өзгерістерден өткені байқалады. Қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі е дыбысы басқа түркі тілдеріндегі сондай дыбыстан дифтонгіге ұқсастығымен ерекшеленеді. Қазақ, қарақалпақ тілдерінде бұл ерекшелік әсіресе тұйық буында анық көрінеді. Сөздің абсолют болудағы е дыбысының алдынан і қысаң дауысты анық көрінеді іле, іекі т.б. (Томанов, 42). Яғни іге і дыбысы е дыбысына ауысып еге болған. Алдымен іеге деп айтылып, і түсіп қалып еге қалған. У жұрнағы жіңішке, жуан сыңарынан акустикалық ерекшелігі оның жұмсақ естілуінде. Яғни жұмсақ варианты тек екінші буында ғана мүмкін. Жіңішке у қазақ тілінде байырғы түбір құрамында емес, қосымша құрамда айтылады (Томанов). Егеу – еде bileді tаsі (Кенан Коч. Аябек Байниязов. Вехби Башкапан қазақша-түрікше сөздік, 110) IGEME – қобызға ұқсас аспап (167). Демек, дыбыс бір затты үйкеген кезде шығады. Аспаптың аты да дыбысқа байланысты шыққан. Іге/еге дыбысқа байланысты қалыптасқан заттың аты. Іге>іеге>еге>егеу. Шідер > бұғау сияқты қолданылу мақсаты бір ат әбзелі ол – кісен.
Кісен. Салғанмен қанша кісен арыстанға (Мәшһүр-Жүсіп., 68); Кісендеулі жүргенің кемдігіңде (М-Ж., 124); Байлаулы атқа пышағым Матаулы атқа кісенім (М-Ж., 38);
Кир. كسانксенъ желзн. Путы для лошадей, закавать въ желзн. Окова. (Будагов, 127) Кисен (кісен) – путы для лощадей (Потанин, 304). Кісен (кіс+ен) -ен жұрнақ (бүйен, жүген, жиен) қалыптасқан.
Түйін. Кісен, тұсамыс, шідер қолданылуы бірдей заттық бұйымдар қатарына жатады. Кісен мен кісе түбір тұлғалы сөздер. Кісен мен кісе~кісі шығу генезистері бір сияқты. Жалпы, кіс түбір тұлғасы негізінде пайда болған сөздер екендігі байқалады. Кіс пен мешін белгісіз. Дегенмен, кіс (кіс-кіс – деп мысықты шақырғанда қолданылады. Ақ кіс (аң). Кісен мен кісе, кісі түбірлес сөздер. Мәшһүр-Жүсіп кісен лексемасын тұсамыс, шідер сияқты қолданған. Кісен > бұғау > бұғалық > құрық.
Құрық. Жылқы ұстауға құрығым, Үй тіреген сырығым (М-Ж., 38); Үйде бақан, сырығым ат ұстайтын құрығым (М-Ж., 92); Сүп-сүйкімді кезінде құрық салды (М-Ж., 232); Жақай ахунды қоянға құрық жіберген жаман Рамазаннан осындай бала тууышы ме еді? Бұл Қойсары Балтабай төренің баласы ғой, – деуші еді (М-Ж., 59).
Кир. каз. құрық крючокъ, укрюкъ для ловли лошадей (длинный шестъ, на конц котораго сдлана петли изъ веревки; всадникъ – пастухъ догнавъ лошадь которую хочетъ поймать, ловко накидываеть ей на шею петлю, закручиваетъ ее и такимъ образомъ задержавъ коня, налагаетъ путы) Нын въ Персіи курукъ называется выздь шаха съ женами на охоту, во время котораго вс вблизи живущіе жители должны оставить свой дома; такъ-же называется на пути, при прозд женъ шаха (Будагов, 1871: 53).
Урукъ اوروق петля, укрюкъ, которымъ ловять коней (монг. уруга, құрық. Құрық) (Будагов, 798). *Курук (құрық – «длинный шест с веревочной петлей на конце, приспособленный для ловли неприрученных, строптивых лошадей»), либо-шея (Ә. Қайдар, 253 және қараңыз. 2003: 235). Құрық // құрсақ // күрен // күрке // шалаш (сал//тал) сөздерінің шығу тегі > ағаш бір сияқты. Құр – құру, жасау, бір нәрсенің негізі сияқты ұғымды береді. Мысалы, Қызыңыз құрсақты болды (М-Ж., 92); Құрық лексемасын құр түбір тұлғасы және -ық жұрнақ. Бұл туралы тобық, қасық деген сөздерді талдағанда айтылды. Осы құр мен құрмалдық, құрсақ құрамындағы құр түбірлес сияқты. М. Қашқари «уқруқ» тұлғасын қолданған (ДТС, 613). Кейде арқаннан жасалған ілгекке де «уқруқ» сөзінің атау болып көшкенін маньчжур тіліндегі «хурка» (ілгек), монғол тіліндегі «һурақа» (тұзақ) тұлғаларынан білеміз (ССТМЯ, II, 353).
Түркі тілдеріндегі «арқан» мағынасын беретін «уқруқ» – қырғыз тілінде қазіргі кездегі құрық мағынасында қолданылғанын көреміз, «курку», «укрук» қалпында жарыса айтылады (К. Юд., КРС, 450, 801) (Нұрмағамбетовті қараңыз). Куругъ, қрұқ 1) мсто, запрещенное для постороннихъ, назначенное собственно для царскихъ особъ съ семействомъ; занятіе мстности для лтней кочевки хановъ, құрықшы сторожъ, часовой поставленный у выхода въ женское отд леніе хановъ., курукмиши – положить запретъ (Будагов, 1871: 52). Немесе, кÿрÿх – треть фарсанга, т.е. пространство въ 3000, а по другимъ въ 4000 арш (Будагов, 125); Нұрмағамбетов түркі тілдерінде арқаннан жасалған ілмекті – һурка дейді. Бұл да арқанның алғашқы атауы уқруқ сөзінен шыққан дейді (Нұрм., 1990, 27). (Қараңыз: күрен, қорамсақ бөлімін – А.Қ.)
Достарыңызбен бөлісу: |