Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛА



Pdf көрінісі
бет3/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

1 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛА 
ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ТӘЖІРИБЕСІ
 
Қазіргі қазақстандық білім беруде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
(бұдан әрі – ЕБҚ) балаларды оқыту мәселелеріне көбірек көңіл бөлінуде. Соңғы 
онжылдықтарда қоғамның ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамға деген 
көзқарасы түбегейлі өзгере бастады, оны өзінің қосымша қажеттіліктері бар 
қоғамның тең құқылы және лайықты мүшесі деп тани бастады. 
Ерекше қажеттіліктері бар баланың дүниеге келуі отбасын «ерекше» етеді. 
Даму қиындықтары бар баласы бар отбасының өмірлік жағдайы мүлдем өзгеше 
болғандықтан көптеген ерекшеліктерге ие, оның қоғамдағы орны қарапайым 
отбасына қарағанда басқаша. Бұл өз кезегінде отбасылық тәрбие түрлеріне және 
ата-ана мен отбасы мүшелеріне психологиялық тұрғыда ықпал етеді. 
Отбасында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың пайда болуымен, 
әдетте, материалдық-тұрмыстық, қаржылық, тұрғын-үй проблемалары арта 
түседі. Отбасындағы психологиялық ахуал ата-аналар мен туыстардың 
тұлғааралық қатынастарына, моральдық-психологиялық ресурстарына, сондай-
ақ отбасының материалдық және тұрғын-үй жағдайларына байланысты орын 
алады, бұл, әрине, тәрбие, оқыту және медициналық-әлеуметтік оңалту 
жағдайларын анықтайды.
Зерттеушілер мүгедектігі бар баланың пайда болуына ата-аналардың 
реакциясы бойынша отбасының 3 түрін ажыратып көрсетеді:
1. орын алған мәселені толығуымен түсінбеуіне байланысты пассивті 
реакцияға ие отбасы;
2. баланы қарқында түрде емдеп, озық дәрігерлерге, жетекші клиникаларға 
көрсетіп, қымбат дәрі-дәрмек алып беретін гиперактивті реакцияға ие отбасы; 
3. орта рационалды позицияға ие отбасы: дәрігерлер мен психологтардың 
барлық нұсқаулары мен кеңестерін жүйелі орындайтын отбасы [4].
Отбасында ЕБҚ бар баланың пайда болуы кез келген отбасының барлық 
мүшелері үшін ауыр психологиялық стресс болып табылады. Мұндайда көбіне 
отбасылық қарым-қатынас әлсірейді, науқас бала үшін үнемі алаңдаушылық 
сезімі пайда болады, абыржу, жабырқау сезімдері шаңырақтың шайқалуына 
алып келеді, сирек жағдайларда ғана отбасы орын алған мәселені жұмыла 
көтереді. 
Мүгедек баланың болуы кейде отбасындағы басқа балаларға теріс әсер етуі 
мүмкін, өйткені оларға көңіл аз бөлінеді, мәдени демалыс мүмкіндіктері азаяды, 
ата-аналары аз көңіл бөлгендіктен оқудағы үлгерімдері төмендейді, жиі ауыра 
бастайды. 
Көбінесе мұндай отбасы өздерін қоршаған ортаның, әсіресе көршілердің 
жағымсыз қарым-қатынасын сезінеді. Себебі көршілерге тыныштықты бұзатын,
мінез-құлық тәртібі өзгеше және де басқа себептерге байланысты қолайсыздық 
тудыратын жағдайлар ұнамайды. Айналасындағылар жиі қарым-қатынасқа 
түсуден қашуы мүмкін, сондықтан ЕБҚ бар балалар іс жүзінде толыққанды 
әлеуметтік қарым-қатынасқа, жеткілікті әлеуметтік шеңберге, әсіресе дені сау 



қатарластарымен жеткілікті қарым-қатынасқа ие болмайды. Қоғам мұндай 
отбасылардың проблемаларын әрдайым дұрыс түсіне бермейді және олардың 
кейбіреулері ғана басқалардың қолдауын сезінеді. Осыған байланысты ата-
аналар ЕБҚ бар балаларды театрға, киноға және басқа да ойын-сауық іс-
шараларына апармайды, мұндайда оларды туғанынан бастап қоғамнан 
толыққанды оқшаулайды. Соңғы жылдары ЕБҚ бар балалардың ата-аналары 
азаматтық белсенділік танытып, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да қоғамдық 
бірлестіктер құрып, өзекті мәселелерді талқылай отырып, әртүрлі алаңдарда 
көпшілік алдында сөз сөйлеуде. 
Ата-аналар өз баласына тиісті білім, алдағы өміріне кәсіби бағдар бере 
отырып, невротизациядан, эгоцентризмнен, әлеуметтік және психикалық 
инфантилизмнен аулақ қылуға тырысады. Алайда нәтижелер ата-аналардың 
педагогикалық, психологиялық, медициналық білім деңгейіне байланысты 
болады, өйткені баланың әлеуметтік бейімделуі және өзін-өзі тануы үшін арнайы 
білім қажет. 
ЕБҚ бар баланың дамуы көбінесе отбасының әл-ауқатына, ата-аналардың 
балаларының физикалық және рухани қалыптасуына қатысуына, тәрбиелік 
әсердің алуан түріне байланысты болады. Қолайлы жағдайларда бала өзінің 
ептілігі, алғырлығы және т.б. себептерге байланысты ата-анасына өзі мотивация 
болады. ЕБҚ бар бала – өз тәрбиешісі үшін стимулдардың сарқылмас көзі, бірақ 
оның сапасы өзгешелеу. Себебі мүгедектігі бар бала механикалық жұмыстың көп 
болуын, бірсарынды күтімді қажет етеді, ал баланың тарапынан жауап
қуанышты реакция аз болуы мүмкін, бұл біржақты қажуға алып келеді.
Сондықтан отбасындағы міндеттерді бөліп орындауға тырысу керек, қоғам 
да өз тарапынан баланың дамуына өз үлесін қосуы керек [4]. Дәстүр бойынша 
ата-аналармен жұмыс баланы дамыту мен оқыту бойынша кеңес берумен 
шектеледі, бірақ ата-аналардың эмоционалды жағдайы секілді маңызды аспект 
назардан тыс қалып жатады. ЕБҚ бар балалардың ата-аналарының көбіне ерекше 
осалдық және өзін-өзі қоғамнан аластатылу сезімін сезіну тән. 
Өкінішке орай, қоршаған адамдар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
балалардың өздеріне ғана емес, олардың туыстарына да әрдайым толерантты 
бола бермейді. Сол себепті оларға өз проблемаларын түсінетін, айыптамайтын, 
керісінше қолдайтын, оларға қамқорлықпен қарайтын адамдарды табу маңызды. 
Әрине, балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері осындай ата-аналардың 
басым мәселелерінің бірі болып табылады. 
Соңғы уақытта ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен 
тәрбиелеуге инновациялық тәсілдер көптеп ұсынылуда. Әлеуметтік жағдайына, 
нәсіліне немесе діни көзқарасына, физикалық және ақыл-ой қабілеттеріне 
қарамастан, инклюзивті білім беру әр балаға өзінің даму қажеттілігін және оның 
даму деңгейіне сәйкес білім алуы үшін тең құқықты қанағаттандыруға мүмкіндік 
береді. 
Инклюзивті білім беру принципі келесіге негізделеді: қарапайым 
мектептердің әкімшілігі мен педагогтері ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
балаларды олардың әлеуметтік жағдайына, физикалық, эмоционалды және 
интеллектуалдық дамуына қарамастан қабылдайды және осы балалардың 



қажеттіліктеріне бағытталған психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде 
оларға жағдай жасайды [4]. 
Бүгінгі таңда Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі тек ата-
аналар мен педагогикалық қоғамдастықтардың ғана емес, бүкіл қоғамның жіті 
назарында. 
Дамуында қиындықтары бар балаларды оқытудың ондаған жылдар бойы 
әдістемесі қалыптасқан арнайы білім берудің қалыптасқан жүйесінде нақты 
әлемдегі ЕБҚ бар баланы әлеуметтік бейімдеу нашар дамыған – бала қоғамнан 
оқшауланған.
Әрине, ерекше қажеттіліктері бар балалар өмірге арнайы 
ұйымдарға қарағанда жалпы білім беретін мектептерде жақсы бейімделеді. 
Әлеуметтік тәжірибені игерудегі айырмашылық әсіресе байқалады. Қалыпты 
балаларға келетін болсақ, олардың оқу мүмкіндіктері жақсарады, 
толеранттылық, белсенділік және дербестік қасиеттері дамиды. 
Сонымен қатар жалпы білім беретін мектепте психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру мәселесі ашық күйде қалуда. Бұл 
мектеп әкімшілігінің әлсіз ұстанымына, кадрлардың даярланбауына, 
мамандардың жетіспеуіне және басқа да объективті және субъективті себептерге 
байланысты. 
Біз ЕБҚ бар баланың отбасымен жұмыс істеудің шетелдік және отандық оң 
тәжірибесінің үлгілерін қарастыруды ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет