15
- оңалту жоспарының орындалуын жүйелі
бақылау және оны уақытылы
қайта қарау;
- оңалту іс-шараларында мультидисциплинарлық тәсілді дәйекті қолдану;
- кеңес беру, ақпараттық-ағарту жұмыстары, психотерапиялық құралдар
арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтенуі
мен қарым-қатынас
дағдыларын дамытуды ынталандыру;
- мүгедектерді өзара көмек топтарына, бірлестіктерге, қызығушылықтары
бар қауымдастықтарға қосу арқылы әлеуметтік инклюзияны кеңейту жөніндегі
практикалық іс-шаралар;
- әлеуметтік тәртіп және әлеуметтік әріптестік
тетіктерінің көмегімен
оңалту қызметіне қоғамдық бірлестіктер мен жеке сектор ұйымдарының
қатысуын ынталандыру;
- әлеуметтік капиталды арттыру (мүгедектердің қоғам қызметіне қосқан
үлесінің құндылығын тану) [8].
Испанияда ЕБҚ бар балалары бар отбасылар тікелей қолданатын
қызметтердің 80%-дан астамын (күндізгі орталықтарда,
әлеуметтік оңалту
орталықтарында және қолдау түрінде) қоғамдық ұйымдардың өздері
келісімшарт формуласы – жергілікті әкімшілік қаржыгер болып табылатын
бағдарлама түрінде ұсынады; ол сонымен қатар қоғамдардың жұмысын жалпы
жоспарлау және тексеру функцияларын, сондай-ақ
оларды жедел басқару
функцияларын сақтайды [9].
Күрделі моторлық шектеулері және жеке автономия шектеулері бар
балалары бар отбасыларға арнайы көлік қызметтері ұсынылады. Бұл – «Есіктен
есікке» деп аталатын қызмет, мұндайда пайдаланушының өзі қозғалыс орны мен
бағытын анықтайды, сонымен қатар оның уақытын келіседі. Тапсырыс алдын
ала, оны орындағанға дейін бір тәулік бұрын жүзеге асырылады.
ЕБҚ бар балалары бар отбасылар қауымдастығының үш қалада үш оңалту
орталығы бар. Олардың мақсаты – «ерекше» балалардың дербестігінің
жоғарылату. Оңалту орталықтары ұсынатын негізгі қызметтер:
физиотерапия,
гидротерапия және еңбек терапиясы.
Бұл оңалту орталықтарына күніне 60 отбасы хабарласады және бұл
көрсеткіш жылына 7500 қызметті құрайды [9].
ЕБҚ бар балалары бар отбасылар қауымдастығы Басктер еліндегі алғашқы
бейімделген телематика орталығына ие. Ауыр мүгедек балаларды Интернетке
және ақпараттық технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін техникалық
құралдарға бағдарлайды. Мұндай баланың қажеттіліктеріне сәйкес келетін
өнімді таңдағаннан кейін, ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар балаға сол
құралды пайдалануды үйрету жүргізіледі.
Бұл – ЕБҚ бар баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің негізгі құралы,
ал кейбір жағдайларда балаларды физикалық-психологиялық оңалтудың құралы.
Бағдарлама аталған отбасыларға қызметтердің келесі түрлерін ұсынады:
көлік қызметтері, үй қызметтері, қолдау (жеке көмекші).
Бағдарламаға қатысушылардың қоғамдық
көлікті арзан бағамен
пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы картадан басқа (барлық метро және
16
қалалық және қалааралық автобустардың 80%), «Есіктен есікке» қызметін шексіз
пайдалануға мүмкіндіктері бар.
Жеке көмекшінің көмегі тәулігіне 24 сағат
және аптаның барлық жеті
күнінде көрсетіледі. Бұл негізінен ЕБҚ бар балаларға қозғалыс кезінде, олардың
жеке гигиенасы мен тамақтануында көмектеседі. Қызметтерге тапсырыс беру
ұялы телефон, интерфон немесе мессенджер арқылы жүзеге асырылады [9].
Үйінде «ерекше» баласы бар отбасына әдеттегі көмекті (осы жоба аясында
көрсетілетін көмектен айырмашылығы) әлеуметтік қызметкерлер жүзеге
асырады, олардың негізгі функциялары – үй-жайларды тазарту, кір жуу және
кейде тамақ дайындау. Бұл көмекті муниципалды әлеуметтік қызметтер ұсынады
және мерзімі аптасына шамамен 14 сағатты құрайды.
Мүгедек бала ата-ана отбасында болмаған жағдайда көмек дербес
көмекшімен көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: