100
кесілген бөліктердің бүкіл суретін салу міндеті қойылады, бірақ жұмыс кезінде
жұптың қатысушыларына оның басындағы «тәжде» жазылғандай жүгіну керек.
5-7 минуттан кейін барлығы «тәжді» шешпей тұрып, келесі сұраққа жауап
береді:
- Осындай деңгейде сөйлескен сізге ұнады ма?
Барлығы ойларын білдіріп болғаннан соң, психолог «тәждерді» шешуді
ұсынады.
Талқылау:
- Шынайы өмірде «тәждер» қандай болуы мүмкін?
- Мұндай заттаңбалардың болуы қарым-қатынасқа қалай әсер етеді?
- Біз заттаңбаларды іліп қою жағдайларымен қаншалықты жиі кезігеміз?
- Бала заттаңбаны қалай қабылдайды?
- Адамның сіз туралы ойын қалайша өзгертуге болады?
- Заттаңбадан арылу оңай ма? Оны қалай жасауға болады?
4. «Менің түсінігімдегі бала және ақиқат» жаттығуы
Ата-аналарға «ата-ананың жауабы»
бағанын толтыруды, ал үйде балаға
бірдей
сұрақтар қойып, «баланың жауабы» бағанын толтыруды сұрайтын
кестелер беріледі. Содан кейін салыстыру қажет етіледі (1-қосымша).
Талқылау:
- Сұрақтарға жауап беру қиындық туғызды ма?
- Сіздің жауаптарыңыз балаларыңыздың жауабымен сәйкес келеді деп
ойлайсыз ба?
- Қай сұрақ сіз үшін жеңіл болды, ал қайсысы қиындық туғызды?
5. «Мінсіз емес» әңгімесі
Бір су тасушының екі үлкен саз құмырасы болды.
Олардың бірі жарық
болды, сол себепті ішіндегі судың жартысы бұлақтан ауылға барар жолда ағып
кететін, ал екіншісі мінсіз болатын.
Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына тек
бір жарым құмыра су жеткізіп жүрді. Әлбетте мінсіз құмыра өзін мақтан
тұтатын. Жарық құмыра болса
өзінің кемшіліктерінен ұялып, өзін бақытсыз
санайтын. Себебі өзінің жасай алатын дүниесінің тек жартысын ған орындайтын.
Бір күні ол су тасушыға былай дейді:
– Мен сенің алдында ұяттымын. Және сенен кешірім сұрағым келеді.
– Не үшін? Неден ұяласың?
– Мендегі жарықтан судың көп бөлігі далаға ағып кетеді.
Сен өз
жұмысыңды жасайсың, алайда менің кемшін тұсым үшін тек жартылай нәтижеге
қол жеткізесің.
Су тасушы оған не деп жауап берді?
– Жол бойындағы гүлдерді қарашы. Ол гүлдер тек сенің жолында өсетінін
байқадың ба? Сенің кемшілігін маған аян.
Күн сайын сен бұлақтан ауылға жеткенше гүлдерді суаратынсың.
101
Екі жыл бойы мен сол гүлдерге қызығып қарап жүремін. Сен болмасаң, дәл
осы әдемілік болмас еді!
Талқылау:
- Бұл әңгіменің астарында не жатыр?
Балалар да дәл осындай: әртүрлі, әрқайсының өзіндік жарықтары бар. Тек
соны сезініп, түсіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: