Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи



Pdf көрінісі
бет44/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

 
№1 тапсырма 
Ата-аналардың қатысуымен «Түсін мені» тренингі 
 
Мақсаты – баланың ерекшеліктерін және оның өмір сүру жағдайларын 
ескерумен байланысты балаларды тәрбиелеу мәселелерін шешу, баланың «өзі 
болу» құқығын тану. 
 
Міндеттері: 
1. Мектеп жасына дейінгі баланың ішкі күйзелістері мен қажеттіліктерінің 
табиғатын түсінуде ата-ана құзыреттілігін арттыру. 
2. Ата-аналардың бойында әлемге баланың көзімен қарау қабілетін 
қалыптастыру. 
3. Ата-аналарға өздерінің тәрбиелік ұстанымдарын түсінуге көмектесу. 


99 
Тренинг барысы
1. Шеңбер бойынша танысу 
Қатысушылар шеңберге тұрады, әрқайсысы кезекпен мимика, ым-ишарат 
арқылы тренингке қатысушылармен амандасады, басқалары бір-бірлеп 
қайталайды. Жаттығу барлық қатысушылар бір-бірімен амандасқан кезде 
аяқталады. 
 
Талқылау: 
Өзіңіздің сәлемдесуіңізді ойлап табу және жеткізу оңай болды ма? 
Біреудің сәлемін қайта жасау қиын болды ма? 
Бір-біріңіздің сәлемдесулеріңізді жеткізгенде не сезіндіңіз? 
 
2. «Балалық шақ естеліктері» психогимнастикалық жаттығуы 
 
Релаксация музыкасы қосылып, келесі сөздер баяу айтылады: «Ыңғайлы 
отырыңыз: аяғыңыз тіректі сезінетіндей еденге қойыңыз, арқаңызбен 
орындықтың артына шалқайыңыз.
Көзіңізді жұмып, тынысыңызды тыңдаңыз - ол тегіс әрі тыныш. Қол мен 
аяқтағы ауырлықты сезініңіз. Ауа ағыны сізді балалық шаққа апарады. Өзіңізді 
бес, алты, жеті жаста елестетіп көріңіз. Өзіңіздің есіңізде жақсы сақталған жасты 
елестетіп көріңіз. Сіз өзіңіздің сүйікті ойыншығыңызбен ойнап отырсыз. 
Енді осы бөлмеге қайта оралатын уақыт келді. Дайын болған кезде көзіңізді 
ашыңыз». 
Талқылау: 
Тренингке қатысушыларға өздерінің қандай сезімде болғаны туралы айту 
ұсынылады. Сұраққа бірінші болып психолог жауап береді: «мен кішкентай 
кезімде ...» әрі қарай шеңбер бойымен: 
- «Балалық шақ» сөзімен ассоциацияны атаңыз 
- Балалық шақтағы ең бақытты күніңізді еске түсіріңіз 
- Ең қатты толқыған күніңізді еске түсіріңіз 
- Неден ұялғаныңызды еске түсіріңіз 
- Өзіңізді балалық шақтағы өзіңізбен салыстыра аласыз ба? 
- Осындай жағдайларда сезінетін эмоциялар өзгерді ме? 
- Жағдайларға қатысты іс-әрекетіңіз өзгерді ме? 
Ата-ана мен бала - әртүрлі адамдар, жас санаттары да әртүрлі, бірақ сіз 
өзара түсіністікке ұмтылуыңыз керек. Психолог өзін және баласын түсінудің 
маңыздылығы туралы айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет