Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи



Pdf көрінісі
бет10/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

Ұлыбританияда мүгедектігі бар баласы бар отбасын қолдау жүйесіне 
мынадай қызметтер кіреді: 
- жергілікті билік органдары жанындағы әлеуметтік қызмет және білім беру 
қызметі департаменті; 
- Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (ҰДСҚ); 


19 
- Ерікті ұйымдар және қолдау топтары
- Жұмыс және зейнетақы департаменті. 
ЕБҚ бар баламен отбасын қолдау жүйесінің негізгі принциптері: 
- серіктестік / пәнаралық тәсіл – бірлескен жоспарлау және бірлесіп қызмет 
көрсету; 
- әр баланың жеке қамқорлық жоспары бар; 
- қызмет фрагменттелген емес, үйлестірілген сипатқа ие; 
- жұмыстың басты бағыты – баланың/отбасының қажеттіліктеріне 
бағытталған [10]. 
Ұлыбританиядағы серіктестік ұйымы бірлескен жоспарлау қызметтері, 
интеграцияланған денсаулық сақтау қызметтері, бірлескен ресурстар, көп салалы 
бригадалар мен серіктестік басқармалар, жетекші маман және ЕБҚ бар балалар 
және олардың отбасылары кіретін барлық балалар қызметтерін бір ауданда 
біріктіретін балалар қызметтеріне/директораттарына сүйенеді. 
Бұл жүйенің белсенді қатысушылары: 
- отбасы; 
- дәрігер (педиатр, отбасылық дәрігер және т.б.); 
- балалар учаскелік мейірбикелер командасы; 
- мұғалім; 
- әлеуметтік қызметкер; 
- физиотерапевт; 
- логопед; 
- педагог-психолог; 
- клиникалық психолог; 
- КЕҰ және ата-аналарды қолдау топтары. 
Осы қызметтердің барлығы әр уақытта ерекше білім берілуіне қажеттілігі 
бар баланы бағалауды және идентификациялауды жүзеге асырады, оған: 
диагностикалық бағалау, тұрақты медициналық бағалау, білімін бағалау, 
отбасының қаржылық жағдайын бағалау, баланың жағдайын және әлеуметтік 
қызметтер мен отбасы қарым-қатынасын бағалау, ата-ананы немесе ЕБҚ бар 
балаға күтім жасайтын адамды бағалау кіреді [10]. 
Әлеуметтік қызмет департаменттері бала мен оның отбасына көмек пен 
қолдау көрсетуді ұйымдастыру мақсатында баланың мұқтаждығына бағалау 
жүргізуге міндетті. Жергілікті билік органдары заң бойынша мүгедек балалары 
бар отбасыларға белгілі бір қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілетін 
қызметтердің түрлері келесілерді қамтуы мүмкін: 
- үйде практикалық көмек көрсету/тамақтану; 
- жол/көлік және өзге де көмек; 
- үйлерді бейімдеу; 
- отбасы демалысын ұйымдастыру; 
- байланыс құралдарын сатып алу немесе сатып алуға көмек көрсету, 
кітапханаға және ұқсас мәдени мекемелерге кіруді ұйымдастыру. 
ЕБҚ бар баласы бар отбасыларға қаржылық көмек жәрдемақыдан, ақысыз 
қызмет көрсетуден, тікелей төлемдерден тұрады. Отбасылық дәрігер мен 
аурухананың маманы тек емдеп қана қоймай, қажетті ақпарат, кеңес, қолдау 


20 
көрсете алады. Олар сонымен қатар баланы әртүрлі мамандандырылған 
мекемелер мен қызметтерге бағыттай алады. 
Ұлыбританияда бес жасқа дейінгі мүгедек балалар мен олардың 
отбасыларына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында 
мемлекеттік бастама болып табылатын «Ерте қолдау бағдарламасы» заңнамалық 
түрде бекітілген. Бұл – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер 
сияқты түрлі ведомстволар арасындағы жұмыстың жаңа әдістері бар көпбейінді 
басшылық топ және комитет. Топ жұмысы туғаннан бастап бес жасқа дейінгі 
«ерекше» балалары бар отбасыларға бағытталған, топта бағалауды үйлестіру, 
отбасының жағдайын, орын алған проблемаларды бағалау жүргізіледі [10]. 
Британдық «Білім туралы заңда» баланың ерекше білім берілуіне 
қажеттіліктері «оқытуда білім беруге қатысты ерекше қамтамасыз ету шаралары 
қажет болатындай қиындықтар болған жағдайда» болады деп көрсетілген. 
Мұндай шаралар келесі жағдайларда қажет етіледі: 
- өз жасындағы балалардың көбіне қарағанда оқытуда айтарлықтай 
қиындықтарға ие; 
- өз жасындағы балалар үшін мектеп жергілікті билік территориясында 
ұсынатын оқу жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей мүгедектікке 
ие; 
- бес жастан кіші және алдағы уақытта білім берілуіне қатысты ерекше 
қамтамасыз ету шаралары орындалмаса, жоғарыда аталған категорияларға 
қосылу ықтималдығы жоғары балалар.
«Білім туралы заңда», егер ата-аналар мұны қаласа және басқа балалардың 
мүдделері қорғалса, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, мүмкіндігінше, 
қарапайым мектептердегі басқа балалармен тең дәрежеде білім берілуіне баса 
назар аударылады [10]. Қарапайым мектептерде көрсетілмейтін арнайы көмекке 
мұқтаж балалар үшін мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкіндік берілуі 
мүмкін. 
Англиядағы қоғамдық ұйымдар мен қолдау топтары ЕБҚ бар балалары бар 
отбасыларға келесідей көмектесе алады: 
- ұқсас жағдайдағы басқа ата-аналармен байланысуға; 
- баланың ауруы туралы ақпарат пен кеңес беруге; 
- практикалық кеңестер беруге, мысалы, оқу құралдары, арнайы жабдықтар, 
білім алу туралы ақпаратпен бөлісуге; 
- психологиялық қолдау, үйге бару немесе ЕБҚ бар баланы күтуге көмек 
көрсетуге; 
- қосымша қызметтер, мысалы, көлік, арнайы медициналық құрылғылар
жабдықтармен қамтамасыз етуге; 
- онлайн кеңес беру, қолдау орталықтары, қаржылық көмек және тағы 
басқалар [10]. 
Уақыт өте келе қауымдастықтың белгілі бір өкілеттіктерге ие болуы үшін 
дамып келе жатқан жергілікті деңгейдегі өзара әрекеттесудің керемет мысалы 
ретінде Уругвайдағы есту қабілеті нашар адамдар қауымдастығын атай аламыз. 
Оны ұзақ уақыт бойы әртүрлі адамдар мен ұйымдар құрды және дамытты, олар 
есту қабілеті нашар уругвайлықтардың қоғамның қалған бөлігі қамтамасыз 


21 
етілетін білім беру секілді қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін 
кедергілерді жеңу үшін бірге жұмыс істеді [11]. 
Қозғалыс 1920 жылдары білім беру және жұмыспен қамту үшін күресті 
бастау үшін есту қиындықтары бар Уругвайлық қауымдастықтың (AZUR) 
құрылуымен басталды. Бірнеше жылдан кейін қозғалыс күшейіп, жариялылыққа 
ие болғаннан кейін, қауымдастық Уругвайлық ым тілінің жергілікті институтын 
(LSU) ашты. Институт есту қабілеті нашар адамдар оқытатын ымдау тілі 
курстарын қолдайды, мұндайда есту қабілеті нашар адамдар қоғамдастығына 
жұмысқа орналасуға қосымша мүмкіндік береді. 
Уругвайлық есту қабілеті нашар адамдар қауымдастығының табысты
дамуындағы тағы бір маңызды қадам – азаматтарға толықтай тәуелсіз және 
толықтай қоғамға ену үшін қажетті қызметтер мен қолдаудың жоқтығын 
мойындау. Жағдайдың өзгеруі үшін есту қабілеті нашар уругвайлықтардың ғана 
емес, олардың мұғалімдерінің, ата-аналарының, отбасы мүшелерінің және 
достарының да бастамалары бар ұжымдық күш қажет болды. Бұл ұжымдық күш-
жігер қоғамның Уругвайда есту қабілеті нашар азаматтардың өмір сүруін одан 
әрі тану үшін іс-шаралар мен бағдарламалардағы қоғамның тиімді өзара 
әрекеттесуінің жалпы көзқарасына негізделуі тиіс еді. 
Осы мақсатта есту қабілеті бұзушылықтары бар балалардың ата-аналарын 
жергілікті мектепте біріктіру үшін ата-аналар мен есту қабілеті нашар адамдар 
қауымдастығы құрылды, олар есту қабілеті бұзушылықтары бар балалар 
мектептерінің балаларды қоғамға өз бетінше қатысуға дайындау қабілетіне 
алаңдаушылық білдірді [11]. 
Оңтүстік Африкада Inclusion International ұйымымен байланысты ата-
аналар әлеуметтік оқшауланған білім алушыларға қатысты саясат жөніндегі 
ұлттық форумдарда ресми түрде таныстырылды. Ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар балалардың ата-аналар қауымдастығы (PACSEN), мүмкіндігі 
шектеулі балалардың бастамашыл тобы (DICAG) және Даун синдромы бар 
адамдар қауымдастығы сияқты ұйымдар мүмкіндігі шектеулі білім 
алушылардың атынан науқанды белсенді жүргізді. Мүгедектер ұйымдарымен 
жұмыс істей отырып, олар инклюзивті білім беру бойынша көпшілік кездесулер 
мен семинарлар өткізді. ЮНЕСКО және басқа да донор-ұйымдар тарапынан 
қолдауды жұмылдыра отырып, олар елге халықаралық консультанттарды алып 
келді және оларды педагогикалық білім беру және қоғамды ақпараттандыру 
науқандарында кеңінен қолданды, бұл саясатты әзірлеуге оң әсер етті [12]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет