Методические рекомендации по составлению дифференцированных сор и соч по учебным предметам


-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, Әбілқайыр ханның шешіміне Кіші



Pdf көрінісі
бет70/156
Дата29.11.2022
өлшемі5.93 Mb.
#466041
түріМетодические рекомендации
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   156
по составлению дифференцированных СОР и СОЧ по учебным предметам ОГН 5-9 классов в условиях инклюзии

4-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, Әбілқайыр ханның шешіміне Кіші 
жүз ақсүйектері не себепті қарсы тұрғандығын анықтайтын 3 себептің 
астын сызыңыз. 
 
«Тевкелевтiң Ордаға келуi, қулығы күштi Әбiлқайырдың билiкке құштар 
ойларын түгелдей ашып бердi.Қырғыздар (қазақтар) өздерiнiң табиғи 
бостандығын жоғалтып алатыны жөнiнде ойланған кезде ашу-ызаға булықты
орталарына келген орыстарды көрiп, кенеттен қатты толқыды.Кейбiреулерi 
ханның өзiне қол салып, бұлардың ешқайсысының келiсiмiнсiз шетелдiк 
мемлекетпен неге келiсiм жасасқаны, оған бас иiп, бағынуға өз атынан ғана 
емес, бүкiл орданың атынан уәде еткенi туралы есеп берудi талап 
еттi.Әбiлқайырдың өзiнiң елшiлерiн Ресейге жөнелтерде азғана қырғыз-қайсақ 
жиналысын келiсiм беруге мәжбүр еткенiн естiгеннен кейiн мұндай 
қарсылықтың болмай қоймайтынын күтпеу тiптi де мүмкiн емес едi. Сол бiр 
қулыққа толы батылдық оның өз өмiрiне де қауiп төндiрген болатын...». 
5-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, Абылай ханның саясатына 
маңыздылық критерилері бойынша баға беріңіз.
 
1. Ол бiр орталықтан басқарылатын мемлекет құрды,1771 жылы ол 
Түркiстан қаласында қазақтың бүкiл үш жүзiнiң ханы болып жарияланды. 2. Ол 
қазақтардың егiншiлiкпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына 
қолдау көрсеттi. 3. Қазақ даласындағы керуен саудасын дамытуға күш салды. 
Абылай ханның қиын-қыстау кезеңде ақын-жырау, әншi-күйшiлер мен дiни 
қайраткерлерге, өнер мен мәдениетке қамқорлық жасады. 4. Сот билiгiн 
күшейте түстi. 5. Өз қызметiнде белгiлi қазақ билерiнiң, сондай-ақ атақты қазақ 
батырларының беделiне арқа сүйедi. 6. Абылайдың iшкi саяси қызметi бiр 
орталықтан басқарылатын, тәуелсiз 
мемлекет құруға бағытталды. 7. Ол
рубасылар мен сұлтандардың үстемдiгiне тыйым салды.8. Абылайдың 
күш жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды. 
9. «Ол қалыптсқан нақты жағдайларға қарй бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді 
бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де 
бас иген жоқ». 
Талдау сұрақтары 
№ 
Ерекше оқиға 

Өзгеріске әкелген саясаты 
4,7 
Ішкі саясатындағы аса маңызды іс 
1,2,3 
Ішкі саясатының бүгінгі күндегі маңызы 
6.,8 
Мені таңғалдырған оқиға



123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   156




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет