Методические рекомендации по составлению дифференцированных сор и соч по учебным предметам



Pdf көрінісі
бет2/156
Дата29.11.2022
өлшемі5.93 Mb.
#466041
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
по составлению дифференцированных СОР и СОЧ по учебным предметам ОГН 5-9 классов в условиях инклюзии

Кіріспе 
 
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде 
инклюзивті білім берудің медициналық моделінен әлеуметтік-педагогикалық 
модельге көшу процесі жүруде. Үздіксіз инклюзивті білім беру адамның кейінгі 
барлық қол жеткізетін жетістіктері оған тәуелді болатындай негізгі қадам 
болуы тиіс. Ол ұлттық мәдениетті сақтаудың іргетасы және баланың жеке тұлға 
ретінде қалыптасуының, оның әлеуметтік бейімделуінің маңызды шарты болып 
табылады. 
Инклюзивті білім беру білім беру вертикалінің әртүрлі сатыларында 
бастапқы мүмкіндіктері әртүрлі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. Бұл процестер қазіргі білім беру ұйымдарындағы 
білім беру процесінің дамуына да күшті әсер етеді, мұндайда оның 
қатысушылары арасындағы қатынасты айтарлықтай өзгертеді. ЕБҚ бар 
балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру және 
қолдау технологиялары білім беру процесіне қатысушылардың барлығының 
құқықтары мен ерекшеліктерін құрметтеу негізінде қарым-қатынас орнатуға 
мүмкіндік береді. Барлық аталған процестердің жиынтығы білім беруді 
ізгілендіруді одан әрі дамытуға және жаңа типтегі кәсіби педагогикалық 
қоғамдастық құруды қамтамасыз етуге арналған. 
Мұғалімнің әр оқушыны жеке тұлға ретінде тануы жеке тұлғаға 
бағытталған оқыту жүйесінің маңызды позициясы болып табылады. Баланың 
даралығы білім алушының оқу ақпаратын қабылдау мен өңдеудің өзіндік 
ерекшелігі арқылы көрініс табады. Сол себепті мұғалім оқу материалының 
көмегімен білім алушының жеке дамуы үшін қажетті жағдайларды жасауы 
керек.
Білім алушы оқу мазмұнын іс-әрекетте игереді. Осындай жағдайда оқыту 
негізінде білім алушы білімді саналы және берік игереді әрі дамиды. Білім 
алушы өзі оқуы керек, ал мұғалім оның оқуын басқаруы тиіс, яғни оқу әрекетін 
ынталандыруы, ұйымдастыруы, кеңес беруі, бақылауы тиіс. Оқытуды субъект-
субъектілі негізге ауыстыру білім алушының білім алуға мотивациясын
интеллектісін, бейімділігін, тәуелсіздігін, оқу-танымдық іс-әрекетті өзін-өзі 
басқаруды жүзеге асыра білуін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны 
қажет етеді.
Қазіргі жағдайда мұғалімге жеке тұлғаға бағытталған білім берудің 
тұжырымдамалық 
ережелерін 
білу, 
білім 
алушының 
жеке 
басын 
қалыптастырудағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің рөлін қайта 
қарастыру, білім беру сапасын жақсарту жөніндегі қызметтің негізгі 
бағыттарын бөліп көрсету, оқу процесін ұйымдастырудың технологияларын
білім алушыларды жиынтық бағалау рәсімдерін қарастырудың жаңа тәсілін 
түсіну маңызды.
Бұл әдістемелік құралдың мақсаты білім алушылардың ерекше 
қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырмаларды саралау 
әдістерін анықтау, инклюзивті білім беру жағдайында қоғамдық-гуманитарлық 



бағыттағы пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын 
дайындау бойынша тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Бұл ұсынымдарды әзірлеу міндеттеріне білім алушылар үшін, оның ішінде 
ЕБҚ бар балалар үшін тапсырмаларды саралау ерекшеліктерін түсіндіру, 
инклюзивті білім беру жағдайында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер 
бойынша БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау бойынша 
әдістемелік ұсынымдар әзірлеу кіреді.
Аталған оқу құралы инклюзивті практиканы жүзеге асыратын білім беру 
басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандарына, жалпы білім 
беретін мектептердің мұғалімдеріне ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау 
процесінде пәрменді әдістемелік көмек көрсетуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет