2 ИНКЛЮЗИЯ ЖАҒДАЙЫНДА 5-9-СЫНЫПТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-
ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ БЖБ ЖӘНЕ
ТЖБ САРАЛАНҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Инклюзивті білім беру ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды
жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, оларды бірдей қызметке кірістіруді,
оқытудың ұжымдық формаларын және жеке дара міндеттерді шешуді
көздейді, сонымен қатар ұжымдық қатысудың стратегиясын, яғни ойын,
бірлесіп жобаларды орындау, зертханалық, далалық зерттеулер жүргізуді т.б.
талап етеді. Сонымен қатар педагог жұмысының ең негізгі бағыты әр
баланың психикалық даму ерекшеліктері мен денсаулығын есепке ала
отырып, жеке тіл табыса білу болып табылады.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалау – белгілі бір оқу
кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді
(ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі.
3-тарау.
Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібіне сәйкес:
14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім
(ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын
меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында
педагогтер жүргізеді.
Жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап 1-сыныптарда, бірінші
тоқсаннан бастап 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі.
14-1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ)
нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау
кезінде ескерілетін балдар қойылады.
14.2. БЖБ үшін максималды балды, БЖБ өткізу нысаны (бақылау,
практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен
сабағын және БЖБ орындау уақыты реттелмейді.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан
артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес
болуы керек.
14-3. БЖБ және тоқсандық жұмыс үшін жиынтық бағалауға (бұдан
әрі – ТЖБ) қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер,
сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеу сапасы
есептелмейді.
14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған
жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық
жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
13
14-5. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ
тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ
тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін
және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі
кезеңде өткізуге болады.
14-6. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде
үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні
өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді.
14-7. Үйде оқитын білім алушыларды бағалау кезінде педагог үйде
оқитын білім алушылардың оқу жүктемесін және олардың оқып-зерделеген
оқу
материалын
ескере
отырып,
сараланған
және/немесе
жеке
тапсырмаларды әзірлейді.
14-8. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды
бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды
қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып,
оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау
критерийлеріне өзгерістер енгізеді.
14-9. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында
ТЖБ өткізіледі.
15-2. Қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын
таңдаған жағдайда БЖБ саны 14-4-тармаққа сәйкес жүргізіледі.
16. Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылармен орындалады
және «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін
пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген)
оқу бағдарламасына сәйкес олар өткен материалдарды қамтиды.
17. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог
өзі дайындайды.
18. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі
бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым).
Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды
өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.
19. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері
бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және
ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.
Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге
жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі.
Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы
жоғарылатылып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.
20. Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын
туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты,
14
барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және
ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық
бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.
20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру
технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады.
21. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау
қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан
өтпеген болып есептеледі.
22. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары
мектепте күнтізбелік бір оқу жылы сақталады.
23. Білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде
(қағаз/электрондық) журналға қойылады және осы Қағидаға 1-қосымшаға
сәйкес балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық
бағаға ауыстырылады.
24. Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға
және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе
электронды нұсқада беріледі.
25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша
жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық
арақатынаста қойылады.
27. 2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық
бағалары жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы тоқсандық бағалар
жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және
қорытынды баға болып табылады.
Оқу
жылының
қорытындысы
бойынша
аралық
аттестаттау
жүргізілмейді.
28. Бір немесе екі пәннен «2» бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып
білім алушылары үшін мектеп жасаған кестеге сәйкес жүргізілетін оқу
жылындағы материал мазмұнын қамтитын жиынтық бағалау оқу жылына
ұйымдастырылады.
Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға
мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқалы
қойылады.
Үш немесе одан да көп пәннен «2» бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11)
сынып білім алушылары қайта оқуға орнында қалдырылады.
«3», «4», «5» бағаларын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім
алушылары келесі сыныпқа көшіріледі.
29. Бір немесе екі оқу пәнінен қайта «2» бағасын алған 2-8 (9) және 10
(11) сыныптардың білім алушылары, осы пәндерден қосымша жиынтық
бағалаудан өткізіледі.
Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға
мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқалы
қойылады.
Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылының басына дейін өткізіледі.
15
Қосымша жиынтық бағалаудан «2» деген баға алған жағдайда, білім
алушы сол сыныпта оқуға орнында қалдырылады.
30. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға
рұқсат берілмейді.
31. Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы
көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және
тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім
алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба
арқылы ресімделіп, директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының
жеке іс қағазымен беріледі [8].
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби дамуы
тұлғалық талаптарды қалыптастыруды және оны ұйымдастырудың
әлеуметтік маңыздылығын көздейтін педагогикалық құндылықтарға
негізделуі тиіс, бұл инклюзивті білім берумен байланысты іс-әрекетті жүзеге
асыруға педагогтердің жеке-кәсіби дамуы мен мотивациялық-құндылық
дайындығының көрсеткішін көрсетеді [9].
Қазақстанның білім беру жүйесі жоғары білікті, бәсекеге қабілетті,
позитивті, коммуникативті, логикалық ойлау қабілетіне ие шығармашылық
тұлғаны қалыптастыруға, рухани байлықты, моральдық әдептілік пен
толеранттылықты үйлестіруге бағытталған. Қоғамдық қатынастарды
гуманизациялау өз кезегінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім
алушыларының (ЕБҚ) жоғары сапалы білім алу құқығын қабылдау мен
жүзеге асырусыз мүмкін еместігін көрсетеді [10].
Кеңейтілген білім беру кеңістігінде ЕБҚ бар бала – дамушы тұлға
ретінде білім алу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі ретінде
қарастырылады. Бұл ретте білім берудегі теңдік идеяларының қалыптасуы
мен дамуындағы маңызды орын стратегиялық сипатқа ие білім берудің
барлық жүйесін қозғайтын инклюзивті білім берудің қалыптасқан жүйесі
болып табылады, сондай-ақ білім беру идеологиясының ізгілендіру жағына
қарай өзгеруін болжайды [9].
«Инклюзия» ұғымының таралуы қоғамдық сананы демократияландыру
процестерімен, әрбір адамның лайықты өмірі мен білім алу құқығын
халықаралық деңгейде дамуымен байланысты.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды емес, қоғам мен оған деген қарым-
қатынасын өзгерту қажеттілігі – инклюзивті білім беру моделінің әлеуметтік
тұғырнамасы негізінде құрылады. Инклюзия барлық балалар үшін барынша
дамыған, гуманистік және тиімді жүйе болып танылады. Ол әрбір адамға,
оның дәстүрлі мектеп жүйесінің өлшемдеріне сәйкес келу дәрежесіне
қарамастан білім алуға құқық береді. Олардың әрқайсысының даралығын
құрметтеу және қабылдау арқылы жеке тұлға қалыптастырады. Сонымен
қатар балалар ұжымда бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға, педагогпен
бірге білім беру мәселелерін шығармашылықпен шешуге үйренеді.
16
Инклюзивті білім беру барлық балалардың жеке мүмкіндіктерін
кеңейтеді, адамгершілікті, толеранттылықты дамытуға, құрдастарына
көмектесуге дайын болуға көмектеседі.
Деректерді
талдау
негізінде
келесі
қорытындылар
жасалды.
Педагогтердің білім деңгейі арасында білім алушының ЕБҚ және мүгедектігі
бар білім алушылардың даму ерекшеліктері мен олармен өзара қарым-
қатынас кезінде эмоциялық қиындықтар деңгейі туралы тікелей байланыс
байқалады. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар туралы
педагогтердің білім деңгейі жоғары болған сайын, олармен қарым-қатынас
кезінде эмоциялық қиындықтар деңгейі соғұрлым аз болады. Осындай
байланыс педагогтердің ЕБҚ бар балаларды сабақта өзара оқу іс-әрекетке
қосуға дайындығына қатысты байқалады. Аталған оқу құралы «барлығына
арналған білім» қағидатын іске асыруда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
пәндерді оқытатын мұғалімдерге теориялық материалдар мен еліміздің
педагогтерінің практикалық тәжірибесінің мысалдарын ұсыну негізінде
әдістемелік қолдау көрсетуге арналған.
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі маңызды компонент мұғалім болып
табылады, өйткені оның жауапкершілігінде ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар білім алушының белгіленген оқу траекториясын қадағалауы
болады. Бұл траекторияны мұғалім оқыту процесінде білім алушыда пайда
болатын жетістіктерден немесе қиындықтардан ынталандырып түзете алады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы оқыту процесін жүзеге асыру
үшін оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жайлы, оң көңіл күй
және сенімді болуы тиіс. Бұл кезде мұғалім рөлінің маңыздылығын көруге
болады [9].
Позитивті психо-әлеуметтік мектеп ортасы қатысушылардың мінез-
құлқына, олардың психикалық денсаулығы мен эмоционалдық жағдайына,
сондай-ақ оқыту нәтижелеріне әсер етеді. Психологиялық қолайлы орта
мейіріммен қарау, қолайлы атмосфераны құру, білім беру процесінің әрбір
қатысушысы үшін тең мүмкіндіктер беру, мектепте зорлық-зомбылықтың,
қорлаудың кез келген түріне тыйым салу арқылы құрылуы мүмкін.
Л.С. Выготский дамуында қиындықтары бар баланы тәрбиелеудің
міндеттері ретінде олардың өмірге кірігуі мен қиындықтарды қандай да бір
жолмен шешуді жүзеге асыру болып табылады деп санады. Сонымен қатар
өтемақыны биологиялық емес, әлеуметтік аспектіде қарастырып, дамуында
қиындықтары бар балалармен жұмыс жасау кезінде педагогке биологиялық
фактілермен ғана емес, олардың әлеуметтік салдарымен де байланысты
екендігіне тоқталып, барынша бағдар беру арнайы білім беруді қайта
қараудың бастапқы нүктесі болуы керектігін Л.С. Выготский қалыпты дамып
келе жатқан балалармен бірлесуді ұсынады. Қажеттілікті жоққа шығармай,
арнайы білім мен оқытуды жалпы тәрбие мен оқытуға бағдарлау керектігін
зерделейді [11].
Әртүрлі балалар білімді, іскерлікті және дағдыларды түрлі меңгереді.
Бұл айырмашылықтар әрбір баланың өзіне тән сыртқы, ішкі де даму
жағдайларына байланысты жеке ерекшеліктеріне ие болуына байланысты.
17
Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, олардың ақыл-ой
қабілеттерінің әртүрлі деңгейлері әр баланың немесе балалар тобының
оқытудың түрлі жағдайларын тиімді оқытуды қамтамасыз ету үшін заңды
түрде талап етеді. Мектеп жағдайында оқытуды дараландыру және саралау
кезінде жүзеге асуы мүмкін.
«Дифференциация» ұғымының заманауи анықтамасы – жеке оқыту үшін
қандай да бір ерекшеліктер негізінде балалар топтасқан формадағы
балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу.
Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі дифференциалды тәсілдеме жеке,
топтық және фронталды жұмыстармен ұштастыра отырып ұйымдастырылады
[12]. Бұл тәсілдемені оқытудың барлық кезеңдерінде қажет етеді.
Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін сабақтардың
ажырамас бөлігі – білім беру іс-әрекетінің шарттарын оңтайландыру. ЕБҚ
бар балалармен оқу сабақтарын өткізу кезінде келесі ережелерді ұстану
қажет:
- сабақтарда балалардың әрқайсысына жеке тәсілдемені жүзеге асыру;
- әртүрлі құралдарды (зияткерлік және практикалық (ойын) ісәрекеттерді
кезектестіру, материалды шағын мөлшермен жеткізу, сәйкестелген көмек
көрсету, қызықты дидактикалық материал және т.б. қолдану арқылы
шаршаудың алдын алу);
- оқыту барысында балалардың танымдық іс-әрекетін барынша
жандандыруға, олардың тілін дамытуға және қажетті оқу дағдыларын
қалыптастыруға болатын әдістерді қолдану қажет;
- оқу процесінде балаларды оқу бағдарламаларының әртүрлі бөлімдерін
меңгеруге, сондай-ақ олардың қоршаған орта туралы білімдерін байытуға
дайындауды қамтамасыз ететін сабақтар өткізуді қарастыру қажет;
- ЕБҚ бар балалармен жұмыс кезінде педагог ерекше такт көрсетуі тиіс.
Тұрақты балалардың жеткен жетістіктеріне аңғарғыштық білдіру және
ынталандыру, әрбір баланы дамытуда уақыттылық және сыпайы көмектесу,
оған деген өз күші мен мүмкіндіктері бар екендігін сезіндіру өте маңызды
болып саналады.
Осылайша, қоғамның кепілдіктерді анықтау және барлық балалардың
қабілетін барынша дамыту үшін оңтайлы жағдай жасауға қызығушылығы
оқытуды дифференциалдық қажеттігіне алып келеді [13].
Сараланған
тәсіл
оқу
бағдарламаларының
мазмұнын
нақты
оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді, әр білім
алушының «жақын даму аймағына» педагогикалық технологияны дамытуға
көмектеседі, бұл өз кезегінде әр білім алушының жеке басының дамуына,
оқытудың жағымды уәжін қалыптастыруға және өзін-өзі бағалаудың
барабарлығына қолайлы жағдай жасайды.
Оқу материалының мазмұнын саралау қиындық деңгейіне сәйкес жүзеге
асырылады.
Оқу жұмысын саралау әдістері мыналарды қамтиды:
- оқу тапсырмаларының мазмұнын саралау (шығармашылық деңгейі
бойынша, қиындық деңгейі бойынша, көлемі бойынша);
18
- балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін қолдану,
бұл ретте тапсырмалардың мазмұны бірыңғай болып табылады, ал жұмыс
сараланады (дербестік дәрежесі бойынша, білім алушыларға көрсетілетін
көмектің дәрежесі мен сипаты бойынша, оқу іс-әрекетінің сипаты бойынша).
Оқу іс-әрекетіне мотивацияны қалай арттыруға болады? Ол үшін келесі
әрекеттерді орындау қажет:
- оқытудың «айналып өту жолдарын» іске асыруды қамтамасыз ететін
оқытудың жеке әдістерін, тәсілдерін және құралдарын (оның ішінде
мамандандырылған компьютерлік технологиялар) пайдалану;
- оқытуды қалыпты дамып келе жатқан балаға қажет етілетін шамадан
тыс дараландыру;
- білім беру ортасының ерекше кеңістік және уақыт бойынша
ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- білім беру кеңістігін білім беру ұйымынан тыс жерлерге барынша
жылжыту.
Оқу процесін ұйымдастыру мәселелерімен қатар келесі міндеттерді
шешу қажет:
- білім алушының өзін-өзі бағалауын арттыру;
- білім алушының жалпы әлем туралы түсініктерін кеңейту;
- оқу қызметіне деген оң көзқарасты күшейту.
ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасауда оқытудың көп деңгейлі саралануы
қажет. Ол оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде кеңінен қолданылады:
- жаңа материалды зерттеу;
- сараланған үй жұмысы;
- сабақта білімді есепке алу;
- қалыптастырушы бағалау;
- бөлім және тоқсан үшін жиынтық бағалау;
- қателіктер бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- бекіту сабақтары.
Білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескеру қажет. Тапсырмалар
білім алушы жасаған ақыл-ой әрекеттері материалдың сипатына сәйкес
келетіндей және олардың орындалуы әртүрлі танымдық іс-әрекеттерді,
әсіресе ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыруға ықпал ететіндей жасалады.
Оқытуды саралау –
әртүрлі қабілеттері бар балаларды бір сыныпта
оқыту технологиясы, білім алушының жеке тұлға ретінде дамуына қолайлы
жағдай жасау.
Топтарға бөлу кезінде педагогикалық әдептілікті сақтау маңызды.
Сараланған тапсырмалармен жұмыс істеу кезінде өзекті және жақын даму
аймағын ескеру қажет. Ол үшін әр тақырыпты зерттегеннен кейін және
тақырыпты зерттеу барысында жұмыс нәтижелеріне, диагностикаға үнемі
бақылау жүргізу маңызды. Сараланған тапсырмалардың түрлері бағдарламаның
оқу мақсатына байланысты. Егер мұғалімді балалардың дамуы, әр білім
алушыны оқытудағы жетістік мазалайтын болса, онда ол міндетті түрде
оқытуда жеке және сараланған тәсілді жүзеге асыратын болады.
19
Жоғарыда аталған қағидаттарды инклюзивті білім беру жағдайында
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ
сараланған тапсырмаларын дайындау кезінде сақтау қажет.
Есту қабілеті нашар білім алушыға тек есту қабілетіне сүйенбейтіндей
ақпарат қажет болады; зерттелетін материалды түсіну үшін дыбысты
күшейту қажет болуы мүмкін.
Аутист білім алушыға күн ішінде іске асырылатын оқу шаралары нақты
көрсетілген суреттер кестесі қажет болуы мүмкін.
Физиологиялық бұзушылықтары бар білім алушыға манипуляциялық
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін оқу материалдарын бейімдеу қажет
болуы мүмкін.
Білім алушылардың белгілі бір сабақ басталған уақытта білімдерінің
деңгейі әртүрлі болуы мүмкін.
Барлық білім алушылар есту, көру және ұстау құралдарын қолдана
отырып, оқу тәсілдерін қажет ететін оқу артықшылықтарына ие.
Кейбір білім алушылардың тілдік ерекшеліктері болады, олар сыныпта
рецептивті және экспрессивті тілді қолдана отырып, олардың күшті және
әлсіз жақтарын ескеретін оқытуды қажет етеді.
Қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу кезінде мұғалім барлық білім
алушыларды проактивті тәсілмен оқытуда олардың әртүрлі қажеттіліктері мен
артықшылықтарын
ескеруі
тиіс.
Мұғалім
материалдардың
көп
варианттылығын және икемді нұсқаларын қамтамасыз етсе, сондай-ақ оқу
материалдарын таңдау мүмкіндігі берілсе, сыныптағы барлық білім алушылар
тиімді білім алады. Барлық білім алушылардың оқытудағы қажеттіліктерін
ескеру оқу кедергілерін едәуір азайтады және әр білім алушының оқуға
қолжетімділігіне және дағдылар мен білімді сәтті игеруіне мүмкіндік береді.
Білім алушылардың өз білімдерін білдіру мүмкіндігі мұғалімдердің
олардың мазмұнды қаншалықты жақсы түсінетінін, оқу мақсаттарын
қаншалықты жақсы меңгеретінін бақылау үшін маңызды. Кейбір білім
алушылар қолдау маңызды. Білім алушыларға ауызша және жазбаша сөйлеу,
суреттер, ым-ишаралар немесе заттарды пайдалану негізінде қарым-қатынас
жасап, оқу процесіне қатысуға болады.
Білім алушыларға білім алуға және ақпаратты басқаруға қолдауды
модельдеу, үлгілер, нақты нұсқаулар, жеке құрылғылар, қолжетімді
ресурстарды немесе Ғаламтор көздері арқылы алынған ресурстарды пайдалану
арқылы қамтамасыз етуге болады.
Төмендегі кестеде (Кесте 1) Қазақстандағы БҰҰ-ның балалар қоры
(ЮНИСЕФ) брошюрасынан өз білімдерін көрсетудің кейбір әдістерінің
мысалдары келтірілген [14].
Достарыңызбен бөлісу: |