Методические рекомендации по составлению дифференцированных сор и соч по учебным предметам


ИНКЛЮЗИЯ ЖАҒДАЙЫНДА 5-9-СЫНЫПТАРДА ҚОҒАМДЫҚ-



Pdf көрінісі
бет3/156
Дата29.11.2022
өлшемі5.93 Mb.
#466041
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
по составлению дифференцированных СОР и СОЧ по учебным предметам ОГН 5-9 классов в условиях инклюзии

1 ИНКЛЮЗИЯ ЖАҒДАЙЫНДА 5-9-СЫНЫПТАРДА ҚОҒАМДЫҚ-
ГУМАНИТАРЛЫҚ 
БАҒЫТТАҒЫ 
ПӘНДЕРДІ 
ОҚЫТУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Бүгінгі мектептің негізгі міндеті – баланың даралығын айқындау, оның 
өзін-өзі тануына, дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына, әлеуметтік әсерлерді 
талғап, төтеп бере білуге көмектесу. Мұндай білім берудің мақсаты – 
психологиялық-педагогикалық жағдайдағы жүйені құру. Ол өз алдына бірыңғай 
сынып ұжымында білімі орта оқушыға ғана бейімделмей, әрбір оқушының жеке 
танымдық мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескерумен 
жеке жұмыс жасауға бағытталған. 
Қазіргі мектептегі білім беру процесін жетілдіру тек оқытылатын 
пәндердің мазмұнын өзгертуді ғана емес, сонымен қатар оқыту әдістеріне 
көзқарасты өзгертуді, оқыту әдістерін түрлерін көбейтуді, сабақ барысында 
білім алушылардың қызметін жандандыруды қамтиды. Білім алушының 
пассивті әсер ету объектісі болмауы өте маңызды. Сол себепті білім 
алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, дүниетанымын және жалпы 
мәдениетін кеңейту үшін сабақта қолданылатын оқытудың ең оңтайлы 
формаларын, әдістері мен тәсілдерін, технологияларды анықтау қажет.
Жаңартылған білім беру мазмұны педагогке де, білім алушыларға да оқу 
мақсатына жету үшін әдістер мен құралдарды таңдауға еркіндік беру негізінде 
білім беру процесінің барлық қатысушыларының әлеуетін танытуға 
бағытталған.
Жаңартылған білім беру мазмұнының педагогикалық тұғырлары кең 
ауқымды дағдыларды дарытуға бағытталған, бұл еліміздегі білім алушылардың 
жеке мүмкіндіктерін де, ерекше қажеттіліктерін де ескеруге мүмкіндік береді.
Инклюзивті ортада балаларды оқытуды ұйымдастыру процесінде жалпы 
білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде екі аспектіні назарға алған жөн. 
Олардың біріншісі, ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес келетін, білім алуды 
жалғастыруға және мамандық иеленуге тең құқықтарға кепілдік беретін ерекше 
білім берілуіне қажеттіліктері бар (ақыл-ой кемістігі бар балаларды қоспағанда) 
білім алушылардың мектепте білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін базалық 
білім беру бірлігін сақтау талабымен байланысты. Екінші аспект, ерекше білім 
берілуіне қажеттіліктері бар балалар (бұдан әрі – ЕБҚ) әлеуетінің 
мүмкіндіктерін дамыту үшін білім беру жағдайларының бейімделуінің 
өзектілігіне, олардың жеке-типологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды 
оқыту мен тәрбиелеудің сапасына әсер ететін әлеуметтік-мәдени факторларды 
есепке алу қажеттілігіне негізделеді.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім берудің жалпы 
білім берумен мақсаты бір – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыру, тез 
өзгеретін әлемде өмір сүре білу, өмір бойы білім алу.
«Барлығына арналған білім» парадигмасының құрамдас бөлігі болып 
табылатын инклюзивті білім беру барлық балалардың жалпы білім беретін 
мектепке баруына және олардың зияткерлік немесе физикалық қабілетіне, 
мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни қатыстылығына қарамастан 



құрдастарымен бірге оқытуға мүмкіндік теңдігін көздейтін тұғыр болып 
табылады.
Демек, инклюзивті білім беру барлық білім алушылардың білім алуының 
әртүрлі қажеттіліктерін адекватты түрде қанағаттандырудан тұратын білім беру 
ұйымының миссиясын кеңейтуді көздейді [1]. 
Жаңартылған 
оқу 
бағдарламаларының 
мазмұндық 
ерекшеліктері 
инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін бейімді екенін атап өту қажет, 
оларға: 
- пән мазмұнын жобалаудың күрделілік прицнипі, яғни білім мен 
біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп 
кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды 
түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген 
Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 
мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды 
жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына 
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар 
түрінде технологияландыру болып табылады.
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта 
мерзімді мақсаттары жүйесін құра отырып, әрбір бөлім бойынша нақты оқу 
пәнін оқыту мақсатында нақтыланады. Оқу бағдарламаларына қоса берілетін 
пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсынымдық сипатта болады, демек, 
мұғалімнің алдында сыныптағы барлық білім алушылардың қажеттіліктерін 
ескере отырып, оқу мақсаттарын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар 
екендігін көрсетеді [1]. 
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арасында өте 
тығыз өзара байланыс бар, өйткені жоспарлаудың жалпы мақсаттары 
келесілерден тұрады [2, 12 б.]:
- жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
- оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;
- әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
- оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
- осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу 
жаттығуларын көрсету; 
- оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің 
болуын қамтамасыз ету;
- барлық білім алушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау. 
Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаларының тағы бір 
артықшылығы «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдемелері» 
бөлімін қосу болып табылады, онда мұғалімге оқу мақсаттарына табысты қол 



жеткізу үшін түрлі әдістерді, технологиялар мен стратегияларды пайдалану 
бойынша ұсыныстар ұсынылады. 
Олардың негізгілеріне тоқталайық:
1) стратегиялар: өзін-өзі басқару, эксперименттік, сыни, коммуникативтік, 
контекстік;
2) технологиялар: шағын топтарда (командада) жұмыс істеу, кейс-стади 
(нақты жағдайларды талдау), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту;
3) әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық оқыту, тәжірибе 
негізінде оқыту, жобалық әдіс. 
Педагогке оқытуда педагогикалық міндеттерді шешуге, жетілдіруге, 
өзіндік, тұлғалық, кәсіби қасиеттеріне және ұмтылуға қажетті стереотиптерді 
жеңу болып табылады [2]. 
Жоспарлау – бұл нақты және шынайы мақсаттарды қою және 
мүмкіндіктерді (жеке, ол тәуелді адамдарға) және объективті жағдайларды 
ескере отырып, оны жүзеге асыру қадамдарын анықтау. Объективті жағдайлар 
немесе мүмкіндіктер өзгерген кезде жоспарды түзету жүргізіледі [3, 5 б.]. 
Сабақты жоспарлау мұғалімдердің: бірізді сабақтар сериясы «Кім үшін 
жоспарланады?», «Неге үйрету қажет?» және «Бағалаудың қандай әдісін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет