23
жоспарлау және жүзеге асыру керек пе?» деген сұрақ мазалайды. Әр сабақ
«жекелендірілген» болуы керек пе?
Бұл сұрақтарға берілетін жауап – жоқ, мұндайда ескеретін жайт:
саралау
оқу бағдарламасының әр тақырыбы әр білім алушыға бейімделген мазмұн
арқылы ұсынылуы керек дегенді білдірмейді.
Білім алу процесіне шынайы қосылу барлық білім алушыларды бірдей оқу
бағдарламасына қосуды, сондай-ақ олардың бір сыныпқа физикалық қосылуын
білдіруі керек. Инклюзивті ортаны саралау білім алушыларға арналған көптеген
жеке
бағдарламаларды құру емес, жалпы оқу бағдарламасын орындау үшін
қосымша қолдау көрсету болуы керек [15].
Соңғы жылдары ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім
алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көптеген
инновациялар пайда болды.
Мұғалім өз білімімен бөлісетін әмбебап тәсілдемені
пайдалану орнына
мектептер білім алушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған сараланған оқытуға бағдарлана бастады. Мысалы, британдық
ғалымдар ЕБҚ бар балаларды оқыту кезінде саралау мәселесін шешуге қатысты
келесі ұсыныстарды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: