Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар


II бөлім «Қуыршақтар мұражайы»



бет16/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Арт терапия

II бөлім «Қуыршақтар мұражайы»
Өз қуыршақтарын таныстырып, қалай пайда болғаны туралы әңгімелейді. Кейін қуыршақтарын талға іліп, «қуыршақтар мұражайын» тамашалап, бір-бірінің қуыршақтарына мақтаулар айтады.
Рефлексия: Өз әсерлерін ортаға салады.
Сабақ №23
ӘЛЕМДЕГІ ҚУЫРШАҚТАР
Мақсаты: мазасыздықды төмендетуге, ұлттар арасындағы қарым- қатынасты түсіне білуге, толеранттылықты сезінуге көмектесу.
Керекті құралдар: Түрлі -түсті ермексаз және моншақтар, майда заттар.
Өткізілу уақыты: 45 минут 
Барысы:
I бөлім
Психолог әлем халықтарының салт-дәстүрлерімен, әдеп-ғұрыптарымен, мәдениеттерімен таныстырып, ол жақтағы адамдардың қалай өмір сүріп жатқандарын, бір-бірімен қарым-қатынастарын әңгімелейді. Сондай-ақ, дүние жүзіндегі сүйкімді қуыршақтардың қалай пайда болғаны туралы және олар әртүрлі болатынын айтады. Психологтың нұсқауы бойынша әрбір қатысушы әлемдегі қуыршақтар қалай болатынын елестете отырып, ермексаздан қуыршақ жасайды. Қуыршақты түрлі-түсті қылып жасауға немесе әшекейлермен безендіруге болады.
II бөлім
Әрбір қатысушы өз қуыршақтарын таныстырады.
- Ол қайда тұрады? (мыс: Менің қуыршағым Англияда тұрады)
- Оны қалай жасадыңыз?
Рефлексия: Сабақты талдау.
Сабақ №24
АДАМДАР ЖӘНЕ ҚУЫРШАҚТАР
Мақсаты: өзін-өзі бағалауды жоғарылату, жағымды Мен - тұжырымдамасын дамыту.
Міндеттері:
- өзіне деген қызығушылығын дамыту;
- өзін-өзі басқара алу қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: 50х50 мөлшерінде екі бөлек мата. Басы үшін киндер-сюрприздің футляры. 4-5 ұсақ заттар: моншақтар, кнопкалар. Моншақтарды киндер-сюрприздің футлярына орналастырады. Мата басы мен қолы үшін қажет. Қуыршақтың қозғалуына ұсақ заттарды сондай-ақ, футляр дыбыс шығаруы үшін қолданады. Жіп, жөке, лента, иірілген жіп, шашын дайындау үшін. Шұлық қолы мен басы үшін.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Жұмыс барысы: Сендер өз қуыршағыңды жасауың керек. Суреттің ұқсауы міндетті емес, қуыршақты кім жасады, соның болмысын берсе болғаны. Ары қарай, қуыршақ- марионетканы жасайды. Марионетканы әдемілеп, әшекейлейді.
Талқылау: Қатысушылар дөңгелене отырады. Әрқайсысының қолында өзінің марионеткасы. Оған есім береді, оның мінез-құлқы жайында айтады және т. б. Қатысушылардың барлығы өз марионеткасымен таныстырып шығуы өте маңызды. Жеткіншектер өздерінің және марионетканың сезімдерін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет