Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет18/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Арт терапия

Барысы:
Нұсқау: Қатысушыларға мата, жіп, қайшы, мақта таратылады. Осы заттарды пайданала отырып, өзіңізді сүйкімді қуыршақ ретінде жасаңыз. Мысалы: Қыз немесе ер бала. Ол туралы мәлімет жинайсыз. Сіз кімсіз? т. б.
2 тапсырма.
Шарты: Сіз ержеттіңіз, отбасыңыз үшін сіз сүйкімді қуыршақсыз. Әр баланың орны ерекше, әрбіреуінің мінезі, болмысы өзінше бір қызық. Өз ерекшелігіңізді айтып беріңіз? Қуыршақты пайдалана отырып, өз мінез-құлқыңызды, іс-әрекетіңізді сипаттап айтыңыз.
3 тапсырма.
Сіз әлі бала қуыршақсыз. Қуыршақ болып сөйлейсіз? Ата-анаңызбен болған бір қызықты, ұмытылмайтын оқиғаны айтып беріңіз?
4 тапсырма.
Сіздің туған күніңіз. Ата-анаңыз сізге берген әдемі, осы уақытқа дейін ұмытылмайтын сыйлығын есіңізге түсіріңіз. Оны мына таратылған заттарды пайдалана отырып жасаңыз. Суретін салуыңызға да болады. Орындап болған жұмысыңызды баяндаңыз. Сыйлық қашан, қай уақытта берілді және Сіз үшін несімен құнды?.
Рефлекия:
Өз жұмысыңызұнады ма?
Өзгенің жұмысынан не алдыңыз?
Жасаған жұмысыңызды үйіңізге барғаннан соң, ата-анаңызбен бөлісіп, оларға жақсы көңіл-күй сыйлаңыз.
Сабақ №27
ЖАНҰЯДАҒЫ ҚУЫРШАҚ
Мақсаты: қатысушының ішкі жан-дүниесін жеңілдеттіру.
Қажетті құралдар: Сурет салуға арналған қағаз, қарындаш, фломастер, түрлі-түсті бояулар, (қатысушының қалауынша) өшіргіш, желім, қайшы, жіп.
Өткізілу уақыты: 45 сағат.
I бөлім
ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Кішкентай қағазға тікбұрышты пішінде қуыршақтың суретін салыңыз. Қағазды цилиндр түрінде жабыстырыңыз. Өз қалауыңызбен қуыршаққа киім жасап, керекті құралдарды қосыңыз (әшекейлер).
II бөлім
Қуыршақтардың театрлық қойлымдары
Саусаққа жасалынған қуыршақты киіңіз. Қуыршақ туралы әңгіме ойлап табыңыз. Әңгімені былай бастаймыз. «Ерте де бір қуыршақ болыпты маған ұқсайтын. . . », «Ерте де бір (қыз, ұл) болыпты мен сияқты».
Осы жұмыстың әсері жоғарылайды. Ішкі жан-дүниені жеңілдетеді. Әрі қарай барлық қатысушылар дөңгелене отырып, әрқайсысы өздері туралы әңгімелейді.
Оқушылар қуыршаққа ат қойып, әңгіме құрастырады. Оқушылар өздерінің қалауымен қуыршақтарды көрсетеді. Әрі қарай топпен әңгіме құрастырады. (ҚУЫРШАҚТАР)
Мүмкін, кейбір оқушылар өзінің мәселелерін, ата-аналарымен қарым-қатынасында бөліседі. Кейбір оқушылар өздерінің ата-анасымен қарым-қатынас тәжірибесінде бөліседі. Барлық әңгіме қуыршақ арқылы айтылады. (әңгімелесу керек)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет