Қорытынды бөлім
Жұмысты талдау:
Оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Көңіл-күйлерін ортаға салады.
Қағаздан жасалынған саусақ қуыршағынан бөлек, үй жағдайында матадан тез дайындауға болады. Төртбұрышты кез келген түстегі матадан 5Х5 см өлшеммен аламыз. Мата орамал түрінде саусаққа киіледі, резеңкемен бекітіледі. Өз қалауымен бет бейнесін сопақша немесе дөңгелек қағазға салуға болады және саусаққа матаның арасына қоямыз. Бұл қуыршақтар қағаз түрінде де қолданылады.
Сабақ №28
ҚАҒАЗ - МАЙЛЫҚ ҚУЫРШАҚТАРЫ
Мақсаты: өзіне жағымды қарым-қатынас туғызу.
Міндеттері: өзін-өзі қабылдау рефлексиясы, мінез бітістері жайында елестерін қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қағаз-майлықтар (салфетка бумажная), қайшы, степлер, қарындаш клей, шарғы жіп, көңілді әуен, желім.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
I бөлім
Қағаз - майлықтан қатысушыларға белгілі-бір тақырыпқа сай қуыршақ жасау ұсынылады. Қуыршақ жасалынып болған соң «Ерте, ерте, ертеде» деп бастап өздерін сол қуыршақ негізінде таныстырады.
II бөлім
Ертедегі қаһармандардың ішінен жан-дүниеңе жақын бір кейіпкерді елестетіңіз де, соны сомдап беріңіз.
Рефлексия: Алған әсерлерін ортаға салады.
Сабақ №29
ЕРТЕДЕ МАҒАН ҰҚСАМАЙТЫН БІР ҚЫЗ (ұл) ӨМІР СҮРІПТІ
Мақсаты: өзін-өзі бағалау және қиял қабілетін дамыту. Өз қабілетін анықтау және қолдана білу.
Міндеттері:
- өз эксзистенциясын зерттеу;
- өзінің қайталанбас тұлға екендігін, әлемнің қайталанбас әлем екендігін көру мен қабылдау;
- әлемге деген оң көзқарасын дамыту;
- жеке тұлғалық қабілетін ашу.
Қажетті құралдар: Қуыршақтың сұлбасын жасауға арналған жіптер, қуыршақты әсемдеуге арналған әр түрлі жіптер, қайшы, ақ парақ қағаздар (А4), қаламдар.
Өткізілу уақыты: 1 сағат.
Кіріспе:
Жұмыс барысында қиындық тудыратын мәселелерге байланысты әрбір қатысушыларға жүргізуші пікірталасқа қатысуларын сұрайды, нәтижесінде өз экзистенциясына қатысты сауалдарға жауап алады.
Пікірталасқа арналған сұрақтар:
- өзіңізді жиі кінәлап, өзіңізден көресіз бе?
- адамдардың қандай қасиеті Сізге ұнамайды, ашу тудырады, көңіл – күйіңізді бұзады, жек көрушілік тудырады;
- басқа біреуге ұнау, сол адамның ойынан шығу дегенді қалай түсінесіз?
- «Бұл мен», «Бұны мен жасадым», «Мен шешетін», «Мен қажет етемін», «Мен ойлаймын», «Мен сенімдімін», «Мен қажет етпеймін» деген сөздерді жиі айтасыз ба?
- басқа адамның ойынан шығу дегенді қалай түсінесіз?
- сізге ұнағысы келіп, жағынып тұрғанды немесе шын жүрегімен жасалып тұрғанын ажырата аласыз ба?
- жағыну, шын ықыласпен деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіз?
Пікірталас соңына қарай жүргізуші жалпы жұмыс жоспарын енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |