Сабақ №30
ТҰМАР - ҚУЫРШАҚ
Мақсаты: қорқынышты жою, «Мен» концепциясын дамыту, «Мен» болашақта кейпін қалыптастыру.
Міндеттері:
— өзін-өзі бағалауды көтеру;
— өзін қабылдау;
— жеке адамның қауіпсіздігін күшейту.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Жұмыстың барысы:
Кіріспе: Қуыршақ – осы уақыттағы сіздердің жақсы қасиеттеріңіздің бейнесі. Ол тұмар болып дайындалады және сіздің жеке бой тұмарыңыз болады.
Негізгі бөлім
Қажетті құралдар: Ақ түсті мақта матасының қиындысы немесе зығыр матасы, түрлі-түсті шыттың 3-4 қиындысы, түрлі-түсті жіптер, мақта, ирис жіп.
Осы қиындыларды кесуге қайшы және жәй жіптерді пайдаланамыз. Ақ мата қиындының ортасына (шамамен 15х15 см) шағын кесек мақта кесінділер және жіптердің үзінділерін қойыңыз. Тығындыны қиындының ортасымен қаптап және жіппен қатты орап тастаңдар. Енді қолдарын жасаңдар. Ол үшін матаның екі жағынан ұштарын түзеп, қолдарының ұзындығын белгілейміз. Аз ғана матаның ішкі жағының қолын қайырамыз. Шетінен қуыршақтың алақанының мөлшерін өлшейміз және матаны жіппен тартып тастаймыз. Екі қиындыдан (10х10см) тұмар-қуыршақтың кеудесін ораймыз, мақтамен толтырып, 2 шарик жасау керек. Шариктерді бір – бірімен байлаңыз. Қуыршақтың басының астынан төмен қарайтын құйрықтар қылып байлаңыз, қолдан төмен. Қуыршақтың басына орамал тартыңыз. (тағы басқа қиынды) Ұшбұрышты мата қиындысымен. Қуыршақтың басымен төмен айналдырыңыз және юбка қиындысымен айналдырып, (бетін ішке қаратып) қуыршақтың кеудесінің астынан жіппен қатты байлап тастаңыз. Енді юбканы сыртына қарай айналдырыңыз. Бүршелерін жазып түйеміз, бөлек байлап, қуыршақтың бетіне қайырып, белдемшемен қатты байлап аударыңыз (төмен тартыңыз). Артық жіптерді кесіп тастаңдар. Тұмар- қуыршақ дайын! Осындай сақтаушы қуыршақ енді сізде бар! Сақтаңдар, күтіңдер, ешкімге бермеңдер. Ол өз алдына сендерді қорғайды.
Қорытынды: Осы қуыршақты дайындауда өзіне деген жауапкершілігін арттырады және қауіпсіздік сезімін күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |