Сабақ №31
Социометрия әдісі бойынша сынып оқушыларының қарым-қатынас зерттеу жұмысының сараптамасы
Мақсаты: сынып оқушыларының арасында лидер және шеттеп қалған оқушыны, шағын топтарды анықтау.
Зерттеу барысы:
Оқушыларға мынадай сауалнама үлестіріледі:
1. Кіммен бір партада отырғың келеді?
2. Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?
3. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?
Таңдау матрицасы
№Кім таңдайды Кімді таңдайды
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1
2
3
4
Қанша рет таңдалды:
Өзара (бірін-бірі)
қанша адам таңдады
«Таңдау матрицасындағы» мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады.
І. дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі; ( 2 есе көп таңдалғандар)
ІІ дөңгелекке-орташа таңдалғандар
ІІІ дөңгелекке-елеусіз(менсінбейтін) балалар-орташа саннан төмен
ІҮ дөңгелекке-оқшау қалған, шеттелген балалар бірде-бір рет таңдалынбаған.
Социограмманы толтырғанда, оң жағында-ұлдар ( ), сол жағында – қыздар (
белгілейді.
Нәтижесінде: Сараптама нәтижесі бойынша оқшауланған (елеусіз немесе шеттеп қалған ) оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Сабақ №32
І. Г. Н. Казанцеваның «Өзін-өзі бағалау» тесті.
Нұсқау: «Сізге бірнеше тұжырымдамалар оқылады. Сіз сол тұжырымдаманың реттік санын жазып, жанына берілген үш жауаптың біреуін жазасыз. Жауаптар «иә» немесе «+», «жоқ»- «-», «білмеймін»-«?». Тез, ойланбай жауап беріңіз».
Сауалнама тексті:
1. Өз ісімде мен әрқашан табысқа сенемін.
2. Мен ұзақ уақыт көңілсіз күйдемін.
3. Балалардың көбі меннен ақыл-кеңес сұрайды.
4. Өзіме деген сенім менде мүлде жоқ.
5. Басқа балалар сияқты менде тапқыр, қабілеттімін.
6. Кейде мен өзімді ешкімге керек емеспін деп сезінемін.
7. Мен әр істі жақсы істеймін.
8. Болашақта (мектеп бітіргеннен кейін) мен ештеңеге қол жеткізе алмайтын сияқтымын.
9. Әр істе мен өзімді алдамын деп есептеймін.
10. Келешекте өкінейтіндей істерді мен көп жасаймын.
11. Мен жақсы танитын біреулердің табысы, менің жеңілуім деп ойлаймын.
12. Меніңше, айналамдағы адамдар маған айыптаумен қарайды.
13. Мені мүмкін болатын сәтсіздік мазаламайды.
14. Меніңше, маған тапсырылған істі сәтті орындау үшін әртүрлі кедергілер бөгет жасайды.
15. Болған іске мен өкінбеймін.
16. Менің айналамдағылар менен гөрі сүйкімді.
17. Менің ойымша, менің көмегім басқаларға жиі қажет сияқты.
18. Меніңше, мен басқалардан гөрі нашар оқимын.
19. Сәтсіздіктен гөрі менде табыстар көп.
20. Өмірде мен әлденеден әрқашанда қорқамын.
Нәтижені өндеу.
— Тақ сандардағы сұрақтардың «иә» жауаптар саны;
— Жұп сандардағы сұрақтардың «иә» жауаптар саны;
— Бірінші нәтижеден екінші нәтижені алыңыз. Ең соңғы нәтиже – 10-нан +10-ға дейін болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |