1822-1824ж.ж. Әкімшілік реформалар. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс.
1801ж. І Павел патшаның жарлығымен Еділ мен Жайық арасында Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы құрылды. Оның ханы болып Нұралының ұлы Бөкей тағайындалды. Ол бүтіндей Ресей үкіметіне тәуелді болды.
Сырым Датұлының көтерілісі хан үкіметі Ресей империясының Қазақстандағы орталық саясатын толығымен қамтамассыз ете алмайтындығын көрсетті. Сондықтан Қазақстанды Ресей мүддесіне сай басқару жүйесін енгізу мақсатымен Сібір генерал-губернаторы М.Сперанский жасағын “Сібір қазақтары туралы ереже” 1822 жылы қабылдады. Сперанскийдің реформасы бойынша Сібір екі бөлікке Шығыс (орталығы Иркутск) және Батыс (орталығы Тобольск, 1839 жылдың Омск) Сібір болып бөлінді. Батыс Сібірге Орта жүз және Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі мекендеген територияға қарады. Ол “Сібір қазақтарының облысы” деп аталды.
Ережеге сәйкес Сібір қазақтарының облысы окруктерге, окруктер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Сөз жүзінде окрукті аға сұлтан, болысты болыс, ауылды старшын басқарды, ал іс жүзінде олар Ресей әкімшілігіне толық тәуелді болды. Сол жүйесі ресей мүддесіне сәйкестендірілді. Хан өкіметі жойылды.
1824ж. Ресей үкметі “Орынбор қазақтары туралы ереже” қабылдады. Кіші жүз бірнеше бөліктерге бөлініп, оларды Орынбор генерал-губернаторы тағайындаған сұлтандар басқарды. Бұл бөліктер дистанциялардан, дистанциялар ауылдардан тұрды. Оларды басқарушылардың бәрін де шекаралық комиссия тағайындады.
Орта жүзбен кіші жүзде хандық биліктің жойылуы қазақ халқының саяси тәуелсіздігінің жойылуы еді. Ресейдің отарлық саясатының барған сайын күшеюі халықтың қарсылығын туғызып, 1836-1838ж.ж. Бөкей Ордасында жаңа көтеріліске алып келді. Бұл ұлт-азаттық көтерілісті Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Көтерілісшілерге қарсы тұрақты әскер отрядтары мен қазақ әскерлері жіберілді. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында негізгі шайқастар 1837 жылы Тастөбе, 1838 жылы Ақбұлақ деген жерлерде болды.
Достарыңызбен бөлісу: |