Қазақстандағы демократиялық өзгерістер.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін саяси реформалар қолға алынып, заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын ажыратуға бағытталған шаралар жасалды. 1993 жылдың қаңтарында тәуелсіз қазақстанның тұңғыш конституциясы қабылданды. Қазақстан унитарлық, зайырлы және демократиялық республика деп жарияланды. Саяси жүйені онан әрі реформалау 1995ж. 30 тамызда жаңа Конституция қабылдауға алып келді. Заң шығару билігі екі палатадан, Сенат және Мәжілістен тұратын парламентке берілді. 1995ж. 29 көкегінде болған референдум президент Н.Назарбаевтың өклеттігін 2000ж. 1 желтоқсанына дейін ұзартты.
1998ж. соңында президент өз өклеттігінен бас тартатынын жариялап, жаңа сайлау белгіледі. 1999ж. 10 қаңтарында өткен сайлауда Қазақстан халқының көпшілігі реформаларды онан әрі жалғастыруға бағытталған саясатты қолдайтынын көрсетіп, Н.Назарбаевті қайта президент етіп сайлады. Сайлау қазақстан тарихында тұңғыш рет баламалы түрде өтті.
1995ж. наурыз айында Қазақстан халықтарының Асамблеясы құрылды. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан Асамблея осы ұлттардың мүддесін білдіріп, олардың ынтымағын, бірлігін сақтайтын кеңесші орган. Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын дамытуға ұлттық мәдени орталықтар көмектеседі.
Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы.
Қазақстан КСРО-ның терең саяси-экономикалық дағдарысы жағдайында тәуелсіздік алды. Сондықтан басты мақсат финанс және кредит жүйелерін тұрақтандырып, өндіріс деңгейінің құлдырауын азайтатын рыноктык механизмдер құру болды. Экономикалық реформаның басты бағыты экономикалық қатынастарды либераландыру, жекешелендіру негізінде меншіктің түрлерін өзгерту, кәсіпкерлікті дамыту, шетел инвестициясын көптеп тарту болды. Финанас жүйесін тұрақтандыру 1993ж. қараша айында ұлттық валюта-теңгені енгізу арқылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 1995ж инфляция деңгйін айына 4 процентке дейін төмендетуге қол жетті.
Алайда басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, әсіресе Ресейдегі дағдарыс Қазақстан экономикасына да кері әсер етті. Ресей рублінің қатты құнсызданып кетуі Қазақстан рыногын арзан Ресей таурларына толтырып, жергілікті тауар өндірушілерге зиянын тигізді. Екінші жағынан дүниежүзілік мұнай бағасының күрт арзандауы да көп зиян әкелді. Осындай қолайсыз жағдайларды бастан кешірген Қазақстан экономикасы енді-ендң ғана тұрақтанып, есін жия бастады, соңғы кезде өндірістің өсуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |